Файл: Мен шін патриотизм деген не.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 1855

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!

       Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.

  1.   1   2   3


Менің өмірлік философиям

Өмір-бұл қысқа сөз, бірақ бұл сөзде көптеген құнды ой жатыр. Пайғамбарлардың бірі: «өмір қысқа, сондықтан оны мазасыздық, қайғы мен қайғы толтырмаңыз», - деді. Менің ойымша, ең бастысы-өмірді бағалауымыз керек екенін білу. Өйткені, уақыт қайтарылмайды, сіз оны ешқашан қайтарғыңыз келсе де қайтара алмайсыз. Әр минутты бағалау қажет, бар нәрсеге ризашылық білдіру керек. Менің екі қолым, екі аяғым, төбем бар, мен аш емеспін, ата-анам тірі деген сияқты.

Мен он тоғыз жастамын. Ия, бұл көп емес және аз емес. Бірақ менің өмірлік философиям бар.Олар: "тәуекелге бар, немесе мүмкіндікті жіберіп ал!", "Өзіңе сен!». Менің сүйікті орыс жазушысы Григорий Ян: "бұл өмірде ешқашан кеш емес. Өлгенде кеш болады. Ал тірі кезде күресу керек". Бұл өмірлік ұстанымдарды мен әрдайым таңертен тұрғанда немесе үлгермей қалсам, өзімнің бос уақытымда ішімнен қайталап отырамын. Орысша айтканда аффирмация ретінде. Бұл сөздер маған күш қуат береді.

Көптеген адамдар әлемде ақша басым деп санайды және "ақша болса,, бәрі болады"қағидатын ұстанады. Мен ақша ең бастысы емес деп ойлаймын.. Егер бұл менікі болмаса және менде болмаса, онда бұл маған әзерше қажет емес, егер бұл менікі болса және бәрі маған қарсы болса, онда мен күресемін. Өткенге қайта қараудың қажеті жоқ. Өткен жолдан өзіңізбен бірге алып жүруіңіз керек нәрсе – бұл тек тәжірибе. Әр күнді өзіңіздің соңғы күніңіз сияқты өмір сүру керек. Егер бұл сіздің соңғы күніңіз болса, не істер едіңіз? Сіздің әр сағатыңыз, тіпті әр минут пен секунд та ысырап болмауы керек. Менің қымбатты ағам айтқандай,"қателіктеріңізден сабақ алыңыз және оларды ешқашан қайталамаңыз". Әркім өз қателіктерінен сабақ алуы керек. Ойлап, талдап және оларды қайталамауға тырысу керек. Маған өмір сыйлаған адам, анам: "қателіктер адамды бұзбауы керек. Әркім олардан сабақ алуы керек. Олар кейде бізді күшейтеді". Біз кез-келгеніміз қателесеміз. Бірақ біреу мәңгіге құлап кетеді, ал екіншісі тұрып, өз жолын жалғастырады. Мен екінші қатарданмын және әрдайым солай болып қалғым келеді.

Әр түннен кейін таң ататынын ұмытпауымыз керек. Алла Тағаланың бар екенін есте ұстауымыз керек, ол бізге көмектеседі, ең бастысы сену. Ол бізді әрдайым сынайды және былай дейді: "Шыдамды бол!"Шыдамдылық сізге көмектеседі. Біз шыдамды болуды үйренуіміз керек. Көбісі өз болашағын ойлайды. Бірақ әрқашан тілектері орындалмайды. Осыдан кейін олар өмірдің мағынасын жоғалтады. Бұл үлкен қателік. Алға жылжу керек. Тағдырдың бізге не дайындағанын білу өте қызықты. 

Адам таза ойлауы керек, яғни тек жақсылық туралы ойлап, адал өмір сүру керек. Мен үшін тазалық пен адалдық өте ұқсас ұғымдар. Әр адам таза және адал болуы керек, ал оның жүрегі мейірімді, жұмсақ болуы керек. Ұлы Абай айтқандай " адамның жүрегінен қымбат нәрсе бар ма?"Таза жүрек, таза ойлар адамды мейірімді, сүйіспеншілікке бөлейді. Мұндай адам өзін және басқаларды қуантады. Таза адам-дені сау адам, өйткені басындағы жаман ойлар адамға зиян тигізеді» деп айтқан болатын.

Қоршаған ортаны өзгерту үшін алдымен өзіңді өзгерту керек. Сыртқа шыққанда қоқысты көреміз. Көріп, қоқысты жинап, қоқыс жәшігіне тастау керек. Басқалардың қоқыс тастауына жол бермеу керек. Болашақ біздің қолымызда болғандықтан, біз "Мәңгілік елдің"тұрғындарымыз. Адамдарға көмектесу, жақсы сөздер айту, қарт адамға жол беру және т.б. бұл алға қадам. Мұндай принциптер өз Отанына көмектескісі келетіндердің бәрінде болуы керек.

Әр адамның мақсатты және өзіне сенімді болуына не кедергі? Біріншіден, теріс ойлар. Бұл біздің ішкі жауларымыз. Теріс ойларымызды жеңе отырып, біз бәрін жеңеміз. Екіншіден, басқалардың сыны. Сынға назар аударудың қажеті жоқ, өйткені басқалардың пікірі күн сайын өзгеріп отырады. Үшіншіден, қорқыныш. Мен қорқыныштан қорқудың қажеті жоқ екенін қосқым келеді, өйткені қорқыныштан біз жиі мүмкіндікті жіберіп аламыз немесе оны көрмей де қаламыз.

Қорытындылай келе, менің өмірімнің ең маңызды философиясы:: "Өмір мен уақытты бағалаңыз! Егер сіз әлемді өзгерткіңіз келсе - өзіңізден бастаңыз ". "Өзіңнен баста! - дейді менің ішкі дауысым. - Басқалар сенің дұрыс екеніңді көргенде сенің артыңа барады!


  1. Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім

     Бала - адам өмірінің жалғасы болғандықтан, оның дамуы мен қалыптасуы, яғни кім болатыны назардан тыс қалатын мәселе емес. К.Д. Ушинский баланы барлық жағынан танып білудің қажеттілігін көрсете келіп: «Кім де кім оқытамын десе, ол оқушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек» деп үйретті. Оқушының дамуы мен қалыптасуы тұрақты үрдіс емес. Бұл жағдай баланы үздіксіз зерттеуді талап етеді. Зерттеу жұмыстары әр уақытта баланың ойын, еңбек, оқу іс әрекеттері кезінде жүргізіледі. Осыдан келіп әр баланың өзіндік ерекше дарындары анықталады. Ұстаз әр шәкіртінің бойынан бір жарқыраған жұлдызын тауып , сол жұлдыздың жарқырауына өзіндік үлес қосу керек.


   Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет. Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім.Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты.Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.

  Ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші. Өйткені, ол шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан – жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де, шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін, әсемдік, сұлулықты түйсіндіретін эстет.

     Ұстаз бен шәкірт арасында шынайы достық қарым – қатынас орнаса бала сенімі нығайып, үй – ішінен жасырған сырын айта алатын сырлас досқа айналады. Мұғалімде оның жан сарайының кілтін тауып сезім құбылыстарын дөп басатын психолог бола алуы керек.  Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

     Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.


  1. Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Сыбайлас жемқорлық – тәуелсіз Қазақстанның, бүгінгі қоғамның өзекті де күрделі мәселелерінің бірі. Тек Қазақстан емес, бұл індет әлемнің қай-қайсы елінде болса, сол елдің қасірет шегері хақ. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдаған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек» - деп сыбайлас жемқорлықпен күрестің мән-маңызына тоқталып өткен болатын.


Негізі «сыбайлас жемқорлық», «пара» деген ұғымдардың астарын ашып, мән-мағынасына үңілер болсақ, бұл ұғымдар сонау сан ғасыр, сан мың жылдар бұрын пайда болғанын тарих дәлелдейді. Бүгінгі таңдағы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық, алыс-беріс жағдайы қандай? – деген сауалға жауап іздеп көрейік. 2020 жылдың тамыз айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізген болатын. Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айта келіп, осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар мен жұмыстар жөнінде де тілге тиек еткен-ді.

«Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан, яғни 820-дан 912-ге өскен. Transparency International ұйымының 2019 жылы өткізген сауалнамасының қорытындысы бойынша азаматтардың 28,7 пайызы мемлекеттік ауруханалар мен емханаларды сыбайлас жемқорлықтың ордасы деп атаған» - деген статистикалық деректер келтіріп, ауруханалардағы сыбайлас жемқорлықтың дендеп тұрғанын хабарлады. Ақ халатты абзал жандардың сыбайлас жемқорлық шеңберіне ең жақын маман иелері қатарынан болуы президенттің сөзінше, пандемия шарықтау шегіне жетіп, дәрі жетпей жатқаннан кейін ғана пайда болды деген көзқарас бар. Сыбайлас жемқорлықтың маңызды ошағы саналатын мекеме орындары ретінде жоғары оқу орындарын, колледждерді, сондай-ақ мектептерді атауымызға болады. Оқуға, я жұмысқа қабылдану үшін парамен ұсталып жататын қызметкерлерді екі күннің бірінде көз көріп, құлақ естіп жататыны да жасырын емес.

Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жасап жатқан барша ұйым, мекеме, т.б жұмысына жаңа серпін беруқажет. Жемқорлықпен күрестегі бейқамдық пен әрекетсіздік халық наразылығын тудырушы маңызды факторлар болып табылады. Сонымен, сыбайлас жемқорлық қоғамға тек зиянын тигізіп қана қоймай, қоғамға мүлде пайда әкелмейтінін естен шығармағанымыз абзал. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әлемнің әр түкпірінде әр түрлі деңгейде жүргізіліп отыр. Әлем кеңістігінде сыбайлас жемқорлықпен күресте барлық елдерге бірдей пайда беретін арнайы механизм жоқ. Жемқорлықпен күресте әр мемлекеттің қолданатын әдіс-тәсілдері ерекше болып келеді. Осыған орай, біздің елімізде де бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Стратегияның негізгі мақсаты – мемлекет ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін арттыру және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.