Файл: Тсіндірме жазба Оу ралыны баыты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 80

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Түсіндірме жазба
Оқу құралының бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныптарға арналған бұл әдістемелік құрал «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша (оқыту қазақ тілінде емес) оқу бағдарламасының көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындауға бағытталған.

Мақсаты: білім алушылардың тілді меңгеру деңгейін бағалау, әрі қорытынды аттестаттауға дайындауға бағытталған. Оқушының оқу жағдайларын шешуде әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, білігін, бұрын меңгерген білімін, дағдыларын қолдануға үйрету. Көптеген оқушылар деректермен қалай жұмыс істеп, нені зерттеуді, тақырыптың түйінін табуды білмейді. Мұғалім тақырыпқа байланысты тапсырмалардың маңыздысын, орындау жолдарын  көрсетуі керек. Сондықтан оқу құралында қамтылған тақырыптар негізінде оқушылардың өз ойын еркін, әрі сауатты жеткізе білуді үйрету, дағдыландыру мақсат тұтады.

Міндеттері:

  • Күнделікті тұрмыста, әлеуметтік ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету және қазақ тілінде сауатты жазуға төсілдіру;

  • Қазақ тілінде айтылған сөздерді тыңдай білу, түсіну, үлгі бойынша мәтін құрастыру дағдыларын меңгерту.

  • Оқылым мәтіні бойынша өз сөзімен, ойын перефраздауда сауаттылығын арттыру;

  • Берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, қорытынды жасай отырып, толық жауап беруге төсілдіру.

Өзектілігі: білім мазмұны оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды тілді меңгеруге мақсатты, әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауда жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын білімі, білігі, сондай-ақ дағдыларды меңгеруде күтілетін нәтижелермен ұштастыру әдістемелік құралдың өзектілігі.

Ерекшелігі: үстіміздегі ғасыр жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімнің алдында тұрған бірден-бір мақсат – оқушылар алған білімін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана алатын, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға, азамат болып жетілуіне ықпал ету. Оқу материалдарын қарапайым тілдік құбылыстардан күрделіге қарай, дарадан жалпыға, жекеден тұтасқа, нақтыдан дерексізге қарай, сондай-ақ дедукциялық бағытта құру, жалпыға түсінікті ету мақсатында мәтіндерді ықшамдау, өзгерту, түрлендіру, екшеп сұрыптау.


Жұмыстың сипаттамасы


Оқылым

2 сағат

Көлемі 300-350 сөзден тұратын бір мәтінге негізделген міндетті үш тапсырмадан тұрады.
1-тапсырма мәтін тақырыбы бойынша арнайы лексиканы түсінуге негізделеді.

Мәтінде кездесетін 5 сөздің лексикалық мағынасына балама сөздер ұсынылады. Білім алушы ұсынылған сөздерге мағыналас сөздерді мәтіннен тауып жазуы қажет. Берілген сұрақтар білім алушылардың тілді қолдана алуы мен контексте жекелеген лексиканың мағынасын түсіну дағдыларын көрсетуін бағалайды.
2-тапсырма перифраз тәсілі арқылы орындалады.

Мәтінде кездесетін сөйлемдердің түпнұсқалық мағынасын сақтай отырып, құрылымын перифраз тәсілі арқылы өзгертіп, қайта жазу жұмысы ұсынылады. Ол үшін сөйлемдердің басы (сөз, сөз тіркесімен) ғана беріледі. Бұл жұмыс білім алушының мәтін мазмұнын тұтастай түсінуі мен грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын бағалайды.
3-тапсырма қысқа және толық жауапты қажет ететін ашық сұрақтардан тұрады.

Білім алушылар мәтін бойынша қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 ашық сұраққа жауап береді. Берілген тапсырманың сұрақтары білім алушылардың мәтін бойынша нақты сұраққа жауап беру мен тілді қолдана алуын және өз ойы мен көзқарасын жеткізе білуін, қорытынды жасай алуын, сондай-ақ грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын бағалайды.


Максималды балл

30 балл


Бағалау міндеттері


1-БМ

Коммуникативтік құзырлық

Білім алушы:

• білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас мәтіндердің мазмұнын түсінуі;

• сөздердің айқын және астарлы мағынасын, мәнін түсінуі;

• өзектілігін анықтай отырып, дереккөздерден қажетті ақпаратты алуы;

• белгіленген оқу стратегияларын пайдалануы тиіс.

2-БМ

Тілдік құзырлық

Білім алушы:

• орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтауы тиіс.


Балдардың үлестірілуі



Бағалау міндеттері бойынша балдардың бөлінуі кестеде ұсынылған.


Тапсырма

Бағалау міндеттері

Балл

1

1-БМ Коммуникативтік құзырлық

5

2

1-БМ Коммуникативтік құзырлық

2-БМ Тілдік құзырлық

10

5

3

1-БМ Коммуникативтік құзырлық

2-БМ Тілдік құзырлық

5

5

Барлығы

30


Емтиханды өткізу тілі

Емтихан қазақ тілінде өтеді.
Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі


Балдар

Балдардың % пайыздық қатынасы

Баға

0-11

0-39

2 (қанағаттанарлықсыз)

12-19

40-64

3 (қанағаттанарлық)

20-25

65-84

4 (жақсы)

26-30

85-100

5 (өте жақсы)


Бағалар сипаттамасы
Бағалар сипаттамасы оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Тәжірибеде ұсынылған баға білім алушылар жұмысының бағалау міндеттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігіне байланысты.


Баға

Сипаттама

5

Білім алушылар өздерінің жетік деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:

• түрлі дереккөздерден алынған мәтіндердің жалпы мазмұны мен контекстегі жекелеген сөздер немесе сөз тіркестерінің мағынасын толық түсінеді;

• мәтіннің негізгі ойына қатысты қажетті ақпаратты пайдаланып, жеке көзқарасын нақты, айқын білдіреді;

• нақты тақырыпқа сай лексикалық және тілдік құрылымдарды кеңінен қолданып, тілді меңгергенін нақты, орынды көрсетеді.


4

Білім алушылар жеткілікті деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:

• түрлі дереккөздерден алынған мәтіндердің жалпы мазмұнын түсінеді, бірақ контекстегі кейбір жекелеген сөздер немесе сөз тіркестерінің мағынасын шатастырады;

• мәтіннің негізгі ойына, ақпараттарға қатысты жеке көзқарасын білдіруде сенімсіздік танытады;

• нақты тақырыпқа сай лексикалық және тілдік құрылымдарды қолданып, тілді қолдануда аздаған қателер жібереді.


3

Білім алушылар қанағаттанарлық деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:

• түрлі дереккөздерден алынған мәтіндердің кейбір бөліктерін түсінеді, бірақ контекстегі көптеген жекелеген сөздер немесе сөз тіркестерінің мағынасын анықтауда қиналады;

• мәтіннің негізгі ойына қатысты ақпаратты ажырата алмайды, орынсыз қолданады;

• сөздік қоры шектеулі, лексикалық және тілдік құрылымдарды қолдануда ұсақ және ірі қателері жиі кездеседі.


2

Білім алушы базалық білімін қанағаттанарлықсыз деңгейде көрсетеді.



Жалпы балл қою кестесі


Балл

Тілдік құзырлық

5

Лексикалық сөздік қоры мол және тілдік құрылымдарды шебер қолданған. Жауабы жүйелі және нақты. Грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолданады (етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, құрмалас сөйлемдерді қолдану). Елеусіз қателер кездеседі.

4

Лексикалық сөздік қорды және тілдік құрылымдарды дұрыс қолданады. Жалпы сауаттылығы жақсы. Грамматикалық және лексикалық элементтерді жақсы білетіні көрінеді. Грамматикалық құрылымдарды көбіне дұрыс қолданады (етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, құрмалас сөйлемдерді қолдану). Жіберілген грамматикалық қателіктер мазмұнды түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Сөздік қоры мен тілдік құрылымдарды білуі қанағаттанарлық. Жауаптары жуық. Сауаттылық деңгейі жетіңкіремейді. Етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібінде қателіктер кездеседі. Оқушының тілдік қолданысы ой жүйесіздігіне әкеледі.

2

Сөздік қоры мен тілдік құрылымдарды білуі шектеулі. Қарапайым тілдік құрылымдарды қолданғанымен, әрдайым дұрыс болмайды. Етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, жай сөйлемдерді қателіктер үнемі кездеседі. Кей тұстарда оқушының тілдік қолданысы оның ойын түсінуге кедергі келтіреді.


Биотехнологияның бүгіні мен болашағы
Қазіргі уақытта жиі кездесетін және қысқа мерзімді міндеттерді шешуден басқа, биотехнология ұзақ мерзімді проблемаларды шешудің, дәлірек айтқанда, орны толмас қорларды пайдаланудан гөрі жаңартылған шикізатты пайдалануға көшуді қамтамасыз етудің құралы. Бұл уақыт талабына сай, табиғи минералдық қорлардың азаюына, жершары ауа райының өзгеруіне және халық санының өсуінен туындаған жаһандық геосаяси міндет. Әлемдегі дамыған елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және тағы басқалар) тиісінше биотехнологияны дамытудың бағдарламаларын бекітіп үлгерді. Әлемдік қаржы орталықтары, мемлекет басшылары, атақты ғалымдар мен сарапшылар, жұртшылық биотехнологияның алдағы жүз жылдықта шешуші рөл атқаратынын мойындаған. Бұл туралы осы салаға бөлінген қомақты қар­жы салымдары, биотехнологиялық өнім­дер рыногының қар­қынды өсуі осыны растайды. Әлемде биология мен өнеркәсіптік биотехно­логияға негіз­делген «биоэкономика» («bio-based economy») термині де қа­лып­тасты. Еуроодақта жан-жақты үйлесті­рілген, жан-жақты қамтыл­ған биотехнологияны дамыту стратегиясы жүргізілуде.


2010 – 2013 жылдарға тағы да 50 млрд. қара­жат бөлу жос­­парланған. Еуро­одақ­тың биотехнологияны дамытуға келудегі аса ерек­ше­лігі – айқын түр­дегі эко­ло­гиялық бағыт­ты­лығы. 2020 жылға қарай Еуроодаққа кіретін мем­лекет­тер­дің химия өнеркәсібінің 20 пайызға дейінгі қуаттары биошикізатпен жұмыс іс­тейтін болады. Швеция 10-12 жыл ішінде биоотынға көшіп, мұнай өнім­дерін пайдаланудан толықтай бас тарт­пақшы. Қырық жылға жуық өзінің даму кезеңінде биотехнология үш кезеңнен өтіп үлгерді. Алғашқысы өткен ғасырда 70-80 жылдары бас­талды. Бұл молекулярлы биология саласы­ның (гендік инженерия, жасуша технологиясы) жетістіктеріне негізделген революциялық технологиялардың пайда болуы. Бұл кезеңде әлем алғаш рет адамзаттың ген-инженерлік инсулині, интерферондар, даму гормондары, адам өміріне аса қажетті вакциналар бар екен­дігін мойындады. Екінші кезең 90-жылдарға тап келді. Бұл био­технологиялық прогрестің жаңа толқыны болатын: трансгенді өсімдіктер ойлап табу. Іс жүзінде жаңа сала – агробиотехнология пайда болды, бұл сала соя, жүгері, күріш, мақта секіл­ді көп тараған азықтық және техникалық да­қылдар өнімінің қажет мөлшерін алуға мүмкіндік туғызды. Үшінші кезеңді қазіргі уақытта бастан кешіруде. Бұл кезең геномды дәуір технологияларын қолданысқа енгізумен, яғни тірі ағза­лардың генетикалық құрылымын дәл зерттеп білуге негізделген тәсілдерімен бай­ланысты. Жүргізіліп жатқан терең зерттеу­лердегі алға қойылған мақсат биохи­миялық алмасу процес­терін меңгеру. Ісікке қарсы дәрі-дәрмектер әзірлеп шы­ғару биотехнологиялық зерттеулердің басым бағытын ұстайды (300 сөз).

Ерлан Раманқұлов Baq.kz

1-тапсырма

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Бүгінгі– ______________________________________________________ [1]

Қолданудан–__________________________________________________ [1]

Біріншісі– ____________________________________________________ [1]

Тарта –_______________________________________________________ [1]

Тіршілік –_____________________________________________________ [1]

Барлығы: [5 балл]
2-тапсырма

Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз. Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.
1.Әлемдегі дамыған елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және тағы басқалар) тиісінше биотехнологияны дамытудың бағдарламаларын бекітіп үлгерді. 

Биотехнологияны дамыту бағдарламасы әлемдегі дамыған елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және тағы басқалар) тиісінше бекітіп үлгерді.