Файл: Тсіндірме жазба Оу ралыны баыты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 84

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Алғыс айту мерекесі
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.

1-наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мерекені алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.

Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.

«Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн, яғни  1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», - деген болатын Назарбаев Ассамблея сессиясында.

Алғыс айту күнінің тарихына келсек, кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге этнос өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартты, бір үзім нанымен бөлісті.

Столыпин реформасы кезінде елге тұтас этностар депортацияланды. Түрлі этнос өкілдерін вагондармен ашық далаға әкеп тастады. Онсыз да күнін әрең көріп отырған қазақ отбасылары оларды үйіне кіргізіп, қамқорлық танытты. XX ғасырдың басында Қазақстанға Беларусь, Ресей және Украинадан 1,1 миллион адам қоныс аударды, ал 1930 жылдары ұжымдастыру барысында 250 мың шаруа жер аударылып, тағы 1,2 миллионға тарта адам өнеркәсіп нысандарын тұрғызуға келген. Олардың бәрі Қазақстанда орнығып, қиын кезеңдерді қазақ халқымен бірге еңсерді. Сондықтан елдегі мерекелер қатарының Алғыс айту күнімен толығуы игілікті іс болды. Бұл күннің астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр (300 сөз).



1-тапсырма

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Мейрам– ___________________________________________________ [1]

Елбасы– ___________________________________________________ [1]

Жолдастық– _________________________________________________[1]

Кісі– _______________________________________________________ [1]

Ел– ________________________________________________________ [1]

Барлығы: [5 балл]
2-тапсырма

Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз. Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.

1. 1-наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні.

Алғыс айту күні ____________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.

Қазақстандықтар ___________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.

Мереке __________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Қазақстан халқы бұл мерекені алғаш рет 2016 жылы атап өтті.

2016 жылы ________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

5. 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.

Нұрсұлтан Назарбаев _______________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Басты мақсаты______________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

7. Алғыс айту күнінің тарихына келсек, кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге этнос өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартты, бір үзім нанымен бөлісті.

Мереке тарихы__________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

8. Столыпин реформасы кезінде елге тұтас этностар депортацияланды.

Елге тұтас этностар _________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

9. Елдегі мерекелер қатарының Алғыс айту күнімен толығуы игілікті іс болды.

Игілікті іс ________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________



10. Бұл күннің астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр.

Ризашылық білдіру _________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________Барлығы: [10+5=15 балл]

3-тапсырма

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз. Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.
1.1-наурызда тойланатын Алғыс айту күні қазақстандықтар неліктен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні болып табылады? [1]
2. Мерекенің басты мақсатының өскелең ұрпақты қандай қасиеттерге тәрбиелеу және Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуда қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр? [2]
3. Столыпин реформасы кезінде елге тұтас этностар депортациялаудың себебі неде және бұл этностарды қазақ халқы қалай қарсы алды? Неге? [2]
Барлығы: [5+5=10 балл]

Нақты балл қою кестесі


Тап

сырма

Сұрақ

Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

1

1

Мереке

1

Ұсынылған сөздерге балама сөздер дұрыс жауапқа қабылданбайды. Сөздерде жіберілген орфографиялық қателер үшін балл саны шегерілмейді

2

Мемлекет басшысы

1

3

Достық

1

4

Адам

1

5

Халық

1

2

1

Алғыс айту күні /мерекесі – 1-наурызда тойланатын/ мерекеленетін жалпыхалықтық/ жалпықазақстандық мереке/ мейрам.

1

Білім алушы сөздердің орнын ықтимал жауаптардан бөлек өзгерте алады, бастысы ой мен сөйлем құрылымы сақталуы қажет. Жауаптардың ұсынылған жауаптарға жуық болуын ескеру қажет.

2

Қазақстандықтар бұл күні/мерекеде бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді/алғыс айтады.

1

3

Мереке/мейрам қазақстандық патриотизмнің, бірлік/ынтымақ пен достықтың/татулықтың мерекесі.

1

4

2016 жылы алғаш рет/бірінші рет Қазақстан халқы/қазақстандықтар бұл мерекені атап өтті/тойлады.

1

5

Нұрсұлтан Назарбаев/елбасы 2016 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, 1 наурызды Алғыс айту күні етіп/ деп жариялады/ хабарлады.

1

6

Басты/негізгі мақсаты өскелең /болашақ ұрпақты достық/татулық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

1

7

Мереке тарихы кешегі/өткен қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге/басқа этнос өкілдерімен бір үзім нанымен бөлісіп, кең құшағын жайып, бауырына тартты/өзіне тартты.

1

8

Елге тұтас этностар Столыпин реформасы кезінде/уақытында депортацияланды/жер аударылды.

1

9

Игілікті іс елдегі мерекелер/мейрамдар қатарының/ санының Алғыс айту күнімен толығуы/енгізілуі болып отыр.

1

10

Ризашылық білдіру/ ризашылық айту, қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігі/ мейірбандығы – бұл күннің астарында жатыр.

1

Тіл сапасы үшін қосымша бес балл беріледі.

5

3

1

1-наурызда тойланатын Алғыс айту күні қазақстандықтар үшін ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні болып табылады, себебі алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.

1

Білім алушының мәтін ақпаратын қолданып өз сөзімен жазған жауаптары қабылданады. Бірақ жауаптар ұсынылған жауаптарға жуық болуын ескеру қажет.

2

Өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу басты назарда және Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуда «Қазақстан халқы ассамблеясы» құрылған. 1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтіледі.

2

3

Столыпин реформасы кезінде елге тұтас этностар депортацияланды. Онсыз да күнін әрең көріп отырған қазақ отбасылары оларды үйіне кіргізіп, қамқорлық танытты. Олардың бәрі Қазақстанда орнығып, қиын кезеңдерді қазақ халқымен бірге еңсердіБұл қазақ халқының қонақжай, мейірімді және ұлтына қарамай адам баласына деген мейірбандығын көрсетеді.

2

Тіл сапасы үшін қосымша бес балл беріледі.

5

Барлығы

30



«Алаш» партиясы

«Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданды. Оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында қолға алды. Төрағасы — Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 

1917 жылы Қазақ съездері Орынбор (Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық), Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) т.б. қалаларында болды. Қазақ съездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті.

Орал облыстық қазақтардың 1-ші съезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтті. Съезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашты.

Съез төрт күнге созылды. Съездің соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және т.б. мәселелер қаралды. 1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз: мемлекет билеу түрі, қазақ облыстарында автономия, жер мәселесі, оқу мәселесі және т.б.

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде:

- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;

- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;

- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;

- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;

- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;

- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;

- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.

- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..

Бұл съезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады.