Файл: 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 778

Скачиваний: 13

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Доспамбет жырау (ХVІ ғ.)




  1. Доспамбет жыраудың туған жері: (Азау)


  2. Доспамбет жырау өмір сүрген ғасыр: (XV-XVI ғ.ғ.)


  3. Доспамбеттің жерленген жері: (Астрахань)


  4. Доспамбеттің ақындық шығармашылығын зерттеуші: (М.Мағауин)


  5. Доспамбет өз толғауларында өзін қалай таныстырып отыратындығы: (Ер Доспамбет)


  6. Доспамбеттің өміріне қатысты сипат: (Мамай бидің тұсында қол бастаған жырау)


  7. «Айналайын, Ақ Жайық» деген өлеңінде туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын жырға қосқан жырау: (Доспамбет)


  8. «Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?» - деп жырлаған жырау: (Доспамбет)


  9. Азау, Азау дегенің


Әл-Ғұсман – патша жұрты екен.

Азаудың ер Доспамбет ағасы

Дін ісләмнің кірті екен.

Азаудың ер Доспамбет ағасы

Азаудың бір бұрышындай жарты екен! – деген үзінді қай жыраудың өлеңінен алынған: (Доспамбет)




  1. «...Аймадетке оқ тиді,


Отыз екі омыртқаның буынынан.

Зырлап аққан қара нан,

Тыйылмайтын жанның уақ тамырынан...» - деген үзінді: (Доспамбеттікі)




  1. «Арғымаққа оқ тиді,


Қыл майқанның ...,

Аймадетке оқ тиді,

Отыз екі омыртқаның буынынан», - өлеңнің тармағының жалғасы: (түбінен)




  1. «Қарағайлы кәдік бойында,


Қамшым қалды ойында:

Бүлдіргесі бұлан терісі,

Өрімі құнан білдің терісі,

Өрімі құнан білдің қайысы,

Шырмауығы – алтын, сабағы – жез...» - депқамшыны сипаттағанжырау: (Доспамбет жырау)




  1. «Алғаным Әли ағаның қызы еді,


Қас арудыңөзі еді.

Маңдайы күнге тимеген,

Желге шашын үрмеген», - деген жолдардың авторы: (Доспамбет)




  1. «Арыстандай екі бұтын алшайтып,


Арғымақ мінген өкінбес...» Осы үзіндінің авторы: (Доспамбет)




  1. «Екі арыстан жау шапса,


Оң қылқандай шаншылса,

Бетегелі Сарыарқаның бойында,

Соғысып өлген өкінбес!» - деген шумақ кімнің өлеңінен алынған? (Доспамбет жырау)




  1. «Бетегелі Сарыарқаның бойында,


Соғысып өлген өкінбес!» - деп, туған жеріне деген сүйіспеншілігін жырға қосқан жырау: (Доспамбет)





  1. «Алаштан байтақ озбаса», «Күн қайда толғауларының авторы кім? (Доспамбет)


  2. «Доспамбет жыраудың өлеңі: («Айналайын, Ақ Жайық»)


  3. Доспамбет жыраудың толғауы: («Күн қайда?»)


  4. «Айналайын, Ақ Жайық» өлеңінің авторы: (Доспамбет)


  5. «Айналайын, Ақ Жайық,


Ат салмай өтер күн қайда?

Еңсесі биік боз орда,

Еңкейе кірер күн қайда?

Толғамалы ақ балта

Толғап ұстар күн қайда?» - деген шумақтың авторы: (Доспамбет)




  1. Зерттеушілердің пікірінше, Доспамбет жырау «Айнала бұлақ басы тең» толғауын шығарған мезгілі: (Өмірінен қоштасар сәтте)


  2. «Тәңірінің өзі берген күнінде


Хан ұлынан артық еді менің несібем!

Азаулыда аға болған ерлер көп еді,

Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді!» - деген шумақ қай жыраудың шығармасынан алынған? (Доспамбет)




  1. Доспамбет жырау мен Шалкиіз жыраудың аттас шығармасы: («Қоғалы көлдер, қом сулар»)


  2. «Еділдің бойынан ен жайлап, шалғынға бие біз байлап...» деп, еліне тыныштық, бейбіт күн іздеген жырау: (Доспамбет)


  3. «Озушылар, озбаңыз,


Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз.

Бізім бетке барсаңыз,

Есақай, Қосай екі ұл,

Алдыңызға жыр құнақтай,

Жылай шықса не айтарсыз?» Қай жыраудың өлең жолдарынан алынған? (Доспамбет жыраудың соңғы сөзі)




  1. *** Талай жорықтарға қатысқан жауынгер жыраулар: (Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді)


  2. *** Доспамбеттің толғаулары: («Айналайын, Ақ Жайық», «Айнала басы бұлақ тең», «Қоғалы көлдер, қом сулар»)


  3. *** Доспамбет жырау толғауынан алынған үзіндідегі көркемдік тәсіл(дер):


«Тоғай, тоғай, тоғай су,

Тоғай қондым, өкінбен.

Толғамалы ала балта қолға алып,

Топ бастадым, өкінбен...» (Аллитерация, Қайталау)

Жиембет жырау Бортағашұлы (ХVІІ ғ.)




  1. XVII ғасырда Есім ханның тұсында өмір сүрген әрі әскер басы, әрі ақын болған жырау: (Жиембет)


  2. Есім ханның жанында ұзақ уақыт кеңесші, жырау, ықпалды бидің бірі болған жырау: (Жиембет)


  3. Жиембет жырау Бортоғашұлының атқарған қызметі: (Қолбасшы, әскербасы)


  4. Жиембет жырау кім болған? (Әскербасы әрі әйгілі ақын)


  5. Жиембет жыраудың қыс жайлауы қай жерде? (Жем – Сағыз бойында)


  6. «Беріктігімді сұрасаң,



Қарағай мен қайындай», - деп өзі жайлы жырлаған ХVІІ ғасыр жырауы әрі әскербасы: (Жиембет)




  1. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүрген? (Есім ханның) Есім ханның есімі Жиембет жыраудың шығармаларында көп кездеседі.


  2. Қай ханның тұсында Жиембет айдауға жіберілген? (Есім ханның)


  3. Ханға қарсы тұрғаны үшін елінен айдалған ХVІІ ғасыр жырауы: (Жиембет)


  4. Жиембет жырау:


«Хан ие, ісің жол емес,

Жолбарыстай Жиембет,

Құрбандыққа қол емес», - деген жолдарды айтқан өлеңі: («Әмірің қатты Есім хан»)




  1. «Еңсегей бойлы Ер Есім,


Есімі сені есірткен

Есіл менің кеңесім,

Ес білгеннен Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін», - деген жолдардың авторы: (Жиембет)




  1. «Білік салып бұйырдың,


Қанын ішіп қаңбаққа,

Жанын отқа салмаққа...

Хан ие, ісің жол емес», - деп Жиембет жырау айтқан: (Есім ханға)




  1. «Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,


Соқыр бурыл байталға жайдақ мінгенсің», - деп Жиембет әшкереледі: (Есім ханды)




  1. «Бас кессе де басылмай,


Ақ ісімді жасырмай,

Атқа мінген ер едік», - деген жолдарды хан, әкімдерге бас имеген Жиембет жырау қай ханға арнаған? (Есімге)




  1. «Қайратым қанша қайтса да,


Мұныңа, ханым, шыдаман!» - деген жолдарды Жиембет кімге арнаған? (Есім ханға)




  1. «Арқаға қарай көшермін,


Алашыма ұран десермін,

Ат құйрығын кесермін», - деген өлең шумағындағы ақын ойы: (Опасыз хан қылығына қарсы үн қату)

«Арқаға қарай көшермін,

Алашыма ұран десермін», - деген жолдарды Жиембет жырау қай ханға арнаған? (Есімге)




  1. Жиембет жырау:


«Мен өлсем құнсыз кетер деме сен,

Кешегі өзің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай ...» - деген өлең шумағын айтқан: (Есім ханға)

Ақтамберді жырау Сарықлы (1675-1768)




  1. 1675-1768 жылдары өмір сүрген, әйгілі Бөгенбай батырға жыр арнаған жырау: (Ақтамберді жырау)


  2. Ақтамберді жырау қай батырдың ерлігін жырға қосқан: (Бөгенбай)


  3. Ақтамберді жырау қай соғыста өзінің ерлігімен, жалынды жырымен көзге түскен: (Ойраттармен соғыста)


  4. «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауының авторы: (Ақтамберді)


  5. Күлдір-күлдір кісінетіп,



Күреңді мінер ме екенбіз?! – деген жолдардың авторы: (Ақтамберді)




  1. Ақтамбердінің «От басар орны отаудай» өлеңі: (Жылқы малының қадір-қасиеті туралы)


  2. «Әділ туған жақсыға,


Екі даугер жүгінер.

Тізесін қисық бұрмаса,

Әділдігі білінер», - деген жолдар қай жыраудың шығармасынан алынған: (Ақтамберді)




  1. «Жапанға біткен терекпін,


Еңсемнен жел соқса да теңселмен», - деп басталатын Ақтамберді жыраудың өлеңінде не туралы баяндайтын: (Батырлық қасиеттерін, қайсар мінезін)




  1. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторы: (Ақтамберді жырау)


  2. Ақтамберді жыраудың кейінгі ұрпақты бірлікке, татулыққа шақырған өлеңі: («Балаларыма өсиет»)


  3. «Балаларыма өсиет:


Қылмаңыздар кепиет,

Бірлігіңнен айрылма,

Бірлікте бар қасиет», - деген толғаудың авторы: (Ақтамберді)




  1. «Ел шетіне жау келсе,


Алдына, сірә, дау келсе.

Батырсынған жігіттің

Күшін сонда сынаса!» - деп, Ақтамберді жырау көтерген мәселе: (Ерлік, батырлық жайлы)




  1. «Жауға шаптым ту байлап,


Шепті бұздым айғайлап...» - деп жырлаған жырау: (Ақтамберді)




  1. «Ел-жұртты қорғайлап,


Өлімге жүрміз бас байлап...» - деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынған? (Ақтамберді)




  1. «Ел-жұртты қорғалап,


Өлімге жүрміз бас байлап», - деп өз толғауларында ерлік, батырлықты жырлаған Ақтамберді жырау қай батырға жыр арнаған? (Бөгенбай батырға)




  1. «Ағайын көп болса,


Ұлы шерік қолмен тең.

Білімді туған жақсылар

Аз да болса көппен тең», - деп Ақтамберді жырау қандай мәселені айтқан? (Елдік, бірлік)


Бұқар жырау




  1. Бұқар жырау Қалқаманұлы, туған жері – Павлодар облысы Баянауыл ауданы


  2. Бұқар жырау Қалқаманұлының сүйегі Баянауылда Далба тауында


  3. Бұқар жырау Қалқаманұлының өлеңдерін қағаз бетіне түсірген ЖМәшһүр Жүсіп Көпейұлы


  4. Бұқар жырау Қалқаманұлының Абылай туралы екі өлеңін орыс тіліне Ш.Уәлиханов қағаз бетіне түсірген.


  5. Бұқар жырау Қалқаманұлының біраз өлеңдерін Потанин жинасған.


  6. Бұқар жырау Қалқаманұлы толғаулары: «Тілек», «Айналасын жер тұтқан», «Биік тауға жарасар», «Керей, Қайда барасың?», «Бұқарекең, біз келдік», «Жал-құйрығы қаба деп», «Асқар таудың өлгені», «Атам болған жиырма бес», «Жиырма деген жасыңыз», «Ей, Абылай, Абылай», «Ал тілімді алмасаң», «Қазақтың ханы Абылай», «Батырың өтті, Бөгенбай», т.б.


  7. Бұқар жырау 1668-1781 жылдар


  8. Бұқар жырау Тәуке, Абылайханға кеңесші болған.


  9. Бұқар жырау «Сен он бір жасыңда» деген өлеңі Абылай туралы.


  10. Бұқар жырау толғауларында жас Абылай қызмет еткен төре – Әбілмәмбет


  11. Бұқар жырау хан Абылайға «Абылайшам, Абылайша» деп сөйлеген.


  12. Бұқар жырау Абылайдың қалмақ батыры Қалдан серені жеңгені туралы жырлаған.


  13. Бұқар жырауға 1-10 санның мағынасын ашып берген шешен – Қазыбек би.


  14. Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңіндегі ой қорытындысы – ел бірлігі.


  15. Бұқар жыраудың батырлық, ерлік туралы шығармасы – «Батырың өтті, Бөгенбай»


  16. Бұқар жырау жоңғар қалмақтарымен күресте ерлік көрсеткен қай батырды жырға қосқан? – Бөгенбай.


  17. Бұқар жырау жырға қосқан батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек.


  18. Бұқар жыраудың жастық пен кәрілікті қарама-қарсы қойып суреттеген толғауы – «Жиырма деген жасыңыз»


  19. Айнала алмай ат өлсін,



Айыра алмай жат өлсін.

Жат бойынан түңілсін.

Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз. - Бұқар жыраудың өлең жолындағы тақырыбы – ел бірлігі.




  1. Өлмегенде не өлмейді,


Жақсының аты өлмейді.

Әкімнің хаты өлмейді, - деген шешендік сөздің авторы - Бұқар жырау




  1. Ел бастау қиын емес,


Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады,

Шаршы топта сөз бастау қиын - деген шумақтың иесі - Бұқар жырау




  1. Бұқар жыраудың ел бірлігі тақырыбына арналған толғауы: «Керей, қайда барасың?», «Садыр, қайда барасың?»


  2. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбы: елбірлігі, Абылай бейнесін сомдау.


  3. Өз тұсында «Орыспен соғыспа» деп үн қататын жырау - Бұқар жырау.


  4. «Өкпеңменен қабынба,


Өтіңменен жырлама.

Орысиенен соғысып,

Басыңа мұнша көтерген.

Жұртыңа жаулық сағынба», - деген өлең жолдарының авторы - Бұқар жырау «Абылай ханға айтқаны».




  1. «Ағайынның аразы,


Елдің сәнін кетірер.

Абысынның аразы,

Ауыл сәнін кетірер», - деген сөздің авторы - Бұқар жырау.




  1. Ханның жақсы болмағы –


Қарашаның елдігі.

Қараша халық сыйласа,

Алтыннан болар белдігі, - деген өлең шщумағы - Бұқар жырау.




  1. Жаманмен жолдас болсаңыз,


Көрінгенге күлкі етер

Жақсымен жолдас болсаңыз,

Айырылмасқа серт етер, - деген үзіндінің авторы - Бұқар жырау




  1. Бұқар жыраудың шығармасы – «Айналасын жер тұтқан»


  2. Айналасын жер тұтқан,


Айды батпас демеңіз.

Айнала ішсе таусылмас,

Көл суалмас демеңіз, - шумағының иесі - Бұқар жырау.




  1. Отының болсын жантақтан,


Қатының болсын қалмақтан.

Қосының болсын қазақтан, - деген жолдардың авторы - Бұқар жырау.




  1. Бәрін айт та, бірін айт,


Халық толқыса тұра алмайды хан тағында, - деген өлең жолдарының автры - Бұқар жырау.




  1. Найза бойы жар екен,


Түсіп кетсең түбіне.

Түбі терең көл екен,

Ел қонбайтын шөл екен, - деген Бұқар жыраудың айтқан мәселесі – Кәрілік .




  1. Жақын жерде шөп жесе,