Файл: 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 782
Скачиваний: 13
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Дулат-қазақтың ұлы ақыны,ұлылықтың бастауы.» (Р.Сыздықова)
Туған жері : Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Аягөз ауданы.
Шығармашылығы: «Бірінші сөз», «Бараққа», «Ақтанға», «Сүлейменге», «Айтқызбасымды айтқыздың», «Алладан сұрап иманды», «атаны бала алдады», «тегімді менің сұрасаң», «Ата қоныс арқадан», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Сауыр жерден айрылып»(Аягөз қайда барасың?), «О,Сарыарқа , Сарыарқа»,т,б өлеңдері , «Еспембет» поэмасы .
Дулат Бабатайұлы –қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті өткір сынаған реалистік бағыттағы ақын. Өлеңдері ,негізінен, саяси әлеуметтік лирикаға жатады.
Өлеңдерінде ақыл-нақылдық сарын көптеп кездеседі, шыншылдық,сыншылдық , өткір сатира астасып жатады.
Д.Бабатайұлы қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын: «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық », «Қара қарға » т.б.
Д.Бабатайұлы өлеңдері «Өсиетнама » деген атпен Қазанда 1880 ж басылыпшыққан. Дулаттың бүгінге жеткен жыр мұрасы шамамен 1500 жолдай делінеді.
-
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілі, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған ақын: (Дулат) -
Абай өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттысы кім деп көрсеткен?
Дулат Бабатайұлы)
-
Дулат Бабатайұлының өмір сүрген уақыты: (1802-1871(кей деректе 1874); ( 10 сынып .Қазақ әдебиеті.ЖМБ. 1871;ҚГБ.1874) -
Дулат ақынның әкесі (Бабатай ) -
Семей облысы Аягөз ауданында туған, орыс отаршылардың зымияндық счаясатын әшкерелеген ақын: (Дулат) -
Д.Бабатайұлының өлеңдері ,негізінен, қай лирикаға жатады? ( Саяси-әлеуметтік лирикаға ) -
Дулат поэзиясының алтын өзегі : (Отарлық езгіге қарсы күрес) -
Дулаттың автомінездемесі берілген өлеңі: (Айтқызбасымды айтқыздың); Дулат ақынның автопортретін берген өлеңі: (Айтқызбасымды айтқыздың); -
Д.Бабатайұлының туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қимас сезімін шабыттана жырлаған өлеңі: («Бірінші сөз») -
«Ел бүлдірген бегіңді ,
Улы тілмен улаттым,»-деп жырға қосқан зар заман ақыны: (Дулат)
-
Бытырап ,азып-тозған ел,
Бөдене емей немене?-деп береке-бірлікті сақтауға шақырған ақын: (Дулат Бабатайұлы)
-
Д.Бабатайұлының ел әкімдерін уытты тілмен өлтіре сынаған өлеңі: («Тегімді менің сұрасаң») -
«Менің атым-Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ»,- деп жырлаған ақын: (Дулат Бабатайұлы
Айтқызбасымды айтқыздың);
-
Барақ,Кеңесбай ,Сүлеймен сияқтыел әкімдеріне арнап өлең жазған ақын : (Дулат) -
О,Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы-
Өз елін жаудай таламас...Үзінді авторы: (Дулат)
-
Дулат Бабатайұлының би болыстарға ,әкімдерге арналған өлеңдер тізбесі :
( «Кеңесбайға», «Сүлейменге»)
-
Д.Бабатайұлының ел әкімдерін өлтіре сынайтын өлеңі: («Сүлейменге») -
«Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнің өлең жаттаса,
Сөз -жібек жіп,жыр –кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз тігіп, баттаса...» Осы үзіндінің авторы: (Дулат , «Сүлейменге» өлеңінде)
-
Дулат Бабатайұлының қожа-молдаларды сынаған өлеңі: («Ешенге») -
«Жер кімдікі?»дегенде
Аға сұлтан, қазылар
Не деп жауап береді?- деген жолдардағы Дулаттың ойы: (Орыс пересендеріне қазақ жерін беруге қарсылығын көрсеткен)
-
«Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.» Дулаттың осы өлең жолдарындағы дат,майыр деген сөздердің анықтамасы : (Майор және өтініш)
-
«Еркін жатқан қайран ел,
Дәулетің бейне шалқар көл...
Енді келіп қамалдың
Орыс салған қамалға...»- деген өлең шумағының авторы: (Дулат)
-
«Жерге қарай мал бітіп,
Малға қарай құт болмақ.
Қонысынан мал тайса,
Құты кетіп жұт болмақ.»-деген шумақтарының авторы: (Дулат)
-
Д.Бабатайұлының Ресейдің қазақ даласын отарлау саясатын әшкерелеген өлеңі : («Аягөз,қайда барасың ?») -
«Аягөз, сенің бойыңда
Несібе ырыс тегіс қой.
Сай-салаң толған жеміс қой.
Қырың –малдың кіндігі,
Ойың-өнім жеміс қой,»-деп жырлаған ақын : (Дулат)
-
Тауды екіге жарасың
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
...,қайда барасың?»- деп Дулат жырлаған өзен аты : (Аягөз)
-
«Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын,»-деген жолдар Д.Бабатайұлының қай өлеңінде кездеседі? («Аягөз»)
-
«Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түісіп,
Ақтың төмен жосылып...» - деген үзінді алынған өлең : («Аягөз, қайда барасың?»)
-
Дулат Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» өлеңіндегі «сауыр» сөзінің мағынасы : ( Шөбі мол,шұрайлы жер) -
Дулаттың өлеңі: ( Ақжайлау мен Сандықтас) -
«Қаларсың бір күн,Сандықтас,
Құлан жортпас бел болып.» Осы үзіндінің авторы: (Дулат)
-
«Аққан бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау ,кең алаң,
Атам қонған кең далам!» -деген үзінді алынған Дулаттың шығармасы :
( Ақжайлау мен Сандықтас)
-
Дулат Бабатайұлының «Ата қоныс арқада» толғауында қандай тарихи тұлғалар кездесетіні : (Ақсак Темір, Әбілпейіз, Абылай) -
Дулат Бабатайұлының Ақсак Темір, Әбілпейіз, Абылай есімдері кездесетін туындысы: («Ата қоныс Арқада») -
Дулат Бабатайұлының өлеңі : («О,Ақтан жас, Ақтан жас» ) -
Жетім бала Ақтанның болашағын қатты толғанып,оның қатарға қосылатынынына ,жетілетініне сенім артып,ел қорғаны болуын аңсайтын өлеңі: («Ақтанға») -
«Сен де жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай ...»- деген үзінді авторы мен өлең жолдарындағы көркемдік тәсіл: (Дулат , риторикалық сұрау)
-
Ел қорғаны болар ер туса деген идеяны ел зердесіне құю үшін жазылған дастанның авторы : ( Дулат Бабатайұлы «Еспембет») -
Дулат Бабатайұлының жетім бала туралы дастаны: («Еспембет») -
Еспенбет батыр жас кезінен жетім қалып, кімнің қолында тірбиеленген?
(Нағашысы Қосай)
-
Д.Бабатайұлы жырға қосқан Еспенбет батырдың тұлпары : (Ақбөрте) -
Ақбөрте қай жарыста оза шауып, бас бәйгені алды? (Сәтімқұл бидің ас берген тойында ) -
«Ер Еспенбет кешегі
Ерекше ер деседі
Тіл біткеннің шешені,
-
Топта бермес есені,» -деген үзінді қай ақынның поэмасынан алынған?
( Дулат Бабатайұлы «Еспембет»)
-
«Ер Қабанбай ту байлап,
Ерекше ер деседі.
Тіл біткеннің шешені,
Топта бермес есені,»- деген үзінді қай ақынның поэмасынан алынған?
( Дулат Бабатайұлы «Еспембет»)
-
«Ер Қабанбай ту байлап,
Арқартаң атты борбайлап,
Қалмақтарға лап қойды.» Үзінді алынған шығарма: ( Дулат Бабатайұлы «Еспенбет»)
-
Қабанбай батыр, Ақтанберді Дулат ақынның қай шығармасында кездеседі? («Еспенбет» поэмасында ) -
Дулаттың «Еспенбет » дастанындағы Еспенбет бейнесі : (Елінің жауын жеңуді мақсат етеді; Опасыз дүние-мүлікке қызықпайды) -
Д.Бабатайұлының «Еспенбет» дастаны кейіпкеріне жатпайтын қатар: (Қарасай) : (Жататын кейіпкерлер : Ер Қосай, Ақтамберді, Қабанбай , Еспенбет) -
Дулаттың тұңғыш өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?
( «Өсиетнама» 1880 ж. Қазанда)
-
Жетім баланың бойынан ел тілегін ақтайтын батырды көргісі келетін ақын(дар): (Д.Бабатайұлы «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінде) -
Дулаттың арнау өлеңдері: ( «Бараққа» , «Ешенге », «Кеңесбайға», «Бараққа» -
Д.Бабатайұлының шаршы топ алдында атқамінерлердің теріс қылықтарын бетіне басатын өлеңдері: («Ешенге», «Кеңесбайға», «Бараққа»
-
Д.Бабатайұлының өлеңдері : ( Ақжайлау мен Сандықтас, «О,Ақтан жас, Ақтан жас» , «Тегімді менің сұрасаң ») -
Д.Бабатайұлының туған жер тақырыбындағы өлеңдері: ( «Ақжайлау мен Сандықтас», «Аягөз, қайда барасың?», «О. Сарыарқа ,Сарыарқа» -
Дулаттың өлеңдері : («Аягөз», «Тегімді менің сұрасаң », «Бірінші сөз») -
Дулаттың өзін таныстыратын өлеңі : («Тегімді менің сұрасаң ») -
Дулаттың атақонысты жырлаған өлеңдері: («Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқада») -
Д.Бабатайұлы поэзиясындағы эпитеттер : («Тұнық жырмен жуынам», «Улы тілмен улаттым»)
Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы,Қаратау-Қарнақ жері.
Қайтыс болған жері: Қарағанды облысы, Шет ауданы.
Шығармалары: «Зар заман», «Тар заман», «Бала зары», «Опасыз жалған», «Заман қайтіп оңалсын?», «Замана» , «Келер заман сипаты », «Осынша азды ел неден?», «Байды құдай атқаны», «Қалықтаған сұңқар ем», «Атамыз адам пайғамбар», «Жарлының жаны берік-ті», «Насихат»,т.б.
-
Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген жылдары: (1818-1881)
Шортанбай Қанайұлының туған жері : (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы,Қаратау-Қарнақ жері).
-
Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарын: (Қазақ даласына келген сауданы айыптау,елдің ақшаға құнығуын сынау) -
Шортанбай Қанайұлы қазақ халқын тәуелсіздіктен айыра келген қай саясатқа қарсылық білдірген? (Отаршылдыққа ) -
Шортанбай Қанайұлының шығармаларында қатты сынға ұшырайтындар: (Орыс патшасы,жандарлар,майырлар) -
Шортанбай Қанайұлының билікке таласқан ағайындас адамдарды теңеген: (Бірін-бері талаған ұялас қасқырға) -
«Атамыз адам Пайғамбар» толғауының авторы: (Ш.Қанайұлы) -
«Опасыз жалған» өлеңінің авторы : : (Ш.Қанайұлы) -
Ш.Қанайұлының өлеңі: («Жарлының жаны берік-ті») -
«Келер заман сипаты» толғауының авторы: (Ш.Қанайұлы) -
Ш.Қанайұлының ең танымал туындысы: («Келер заман сипаты») -
«Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторы:(Шортанбай) -
«Бір насихат айтайын» өлеңінің авторы: (Шортанбай) -
«Арқадан дәурен кеткен соң