Файл: 1.азастан аумаындаы тас асырыныархеологиялыескерткіштері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 286

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырыныңархеологиялықескерткіштері.

Қазақстанда тас дәуірі кезеңінің 600 – ден астам археологиялық ескерткіштері белгілі. Мұндай тұрақтар Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қараүңгір деп аталатын өзен мен ауылдың солтүстігіндегі тұрақ, Батыс Қазақстанда Атырау облысы, Құлсары қалашығының маңындағы Құлсары тұрағы, Шығыс Қазақстанда Белокаменка ауылы маңында Қызылсу өзенінің жағасындағы Қызылсу тұрағы, Солтүстік Қазақстанда Пеньки тұрақтары, сонымен бірге бұл аймақтардан бірнеше неолиттік молалар табылған. Жергілікті неолит Маңғыстауда да қалыптасқан, мәлесен, Сенек тұрағы, Бозащы түбегіндегі – Шебір тұрағы, Ботай. Мысалдар: Бөріқазған, Тәңірқазған, Обалысай, Жаманайбат, Құдайкөл. Бұлар тұрақтар!

2. Қазақстан территориясындағы ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.

Қазақстан аумағында адамның болған іздері, тастан жасалған еңбек құралдары – кескіш, қырғыш, тескіш. Өзінің даму барысында бұл адам “homo erectus” – “бойы түзеген адам” деңгейінде тұрған еді. Ол от жағуды әрі, оны қолдануды білді, аңшылықпен, терімшілікпен айналысқан. Қоғамдық қатынастар рулық қауымның құрылуымен басталып, қоғамдық ұйым ретінде рулар пайда болды. Әйелдің үй шаруашылығындағы белсенділігі мен ұрпақ жалғастырушы ретіндегі қасиетіне байланысты қауымдағы басшылық орынды әйел иеленді. Құралдар шыққан соң, мына шаруашылықтар пайда болды: аңшылық, терімшілік, малшылық пен егіншілік, тоқымашылық, керамика жасау.

3. Қазақстан аумағындағы ежелгі темір өңдеу техникасы.

Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Ежелгі металлургия орталықтары — Орталық және Шығыс Қазақстанда болды.

Темір өндірісі біздің заманымызға дейін VIII—VII ғасырларда пайда болған. Металлургияның дамуы мыс пен полиметалл, алтын мен күміс кен орындарын игеру кезінде кендерден металдарды балқытып алу шеберлігіне байланысты алынған. Металлургия өндірісін жетілдіру қорытпаларды алуға мүмкіндік берді, бірінші кезекте қола қорытпасы алынды.
 Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. 

4. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Далалық аймақатғы энеолит Көкшетау облысындағы Ботай бекетінің жанындағы елді мекеннің атымен аталған – Ботай мәдениетімен ерешеленді. Ботай тұрағынан жылқы малының сүйектері көптеп табылған. Ғалымдар тарихи деректерді негізге ала отырып, “б.з.д. 3 мыңжылдықта Солтүстік және Орталық Қазақстан далаларында жылқының бірінші болып қолға үйреткен адамдар тұрған” деген тұжырым жасады. Ботайдан 158 тұрғын үйдің қалдықтары табылған. Баспаналардың ауданы 20-120 шаршы метр аралығында үшбұрыш немесе төртбұрыш түрінде салынған. Төбесі күмбез тәріздес, бөренелермен немесе шыммен жабылған.

5. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі. Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. 

6. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андроново ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.  Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан.

 Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып зерттелген. 

7. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар. Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Л.Н.Гумилев: «Халықтар дамуында, олардың қалыптасуында, шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің пайда болуында географиялық, экологиялық фактор үлкен рөл атқарады» деп санады. Сонымен, Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті. 

8. Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Мал шаруашылығы – көшпенді қазақ халқының негізгі кәсібі саналды. Сондай-ақ азық-түлік және ішіп-жеммен қамтамасыз ететін негізгі тіршілік көзіне айналды десек те болады. Қазақстанның тым континентті климаты, жыл мезгілдеріндегі жауын-шашынның әрқилылығы, ауа-райының аумалы-төкпелілігі, яғни, табиғи-климаттық ерекшеліктері қазақ халқының шаруашылық құрылымы мен материалдық өндіріс жүйесінің негізгі бағыттары мен сипатын анықтап берді. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қазақ халқының үш мың жыл ішіндегі табиғатты пайдалану мен шаруашылық әрекеті көшпелі мал шаруашылығы болып келді. Тіршілік ортасына бейімделу мен өмір сүрудің ерекше әлеуметтік-мәдени типіне жататын мұндай ортада көшпелі мал шаруашылығы қарқынды дамыды, халықтың басым көпшілігі жыл мезгілдеріне қарай ауысып отыратын көшпелі өмір салтын ұстанды.Көшпелі шаруашылыққа қажетті су шығару үшін малшылар терең құдықтар қазып, шыңыраудан су шығарды. Малға азық-түлік пен судың жетіспеушілігі оларды тез арада қоныс аударып отыруға мәжбүр етті, сөйтіп көш жолдарының шиырлана түсуіне алып келді. Соның нәтижесінде мұндай жерлерде төрт түліктің ішінен тек шыдамдылары ғана,
 атап айтқанда, қой мен түйе қалды, ал материалдық мәдениеттің барша белгілері – киіз үй мен үй жабдықтары мен үйдің тұрмыс-тіршілігіне қажетті дүниелердің барлығы да ұдайғы көшпелі өмір салты мен мал шаруашылығына толықтай сай келді. 
Мал шаруашылығының тағы бір түрі топырағы құнарлы, азық-түлік, жем-шөбі мол, жауын-шашыны тұрақты, табиғи су көздері жеткілікті аудандарда дамыды. Бұлардың қатарына дала және орманды өңірлердегі өзен-көлдер атырабтары, тау бөктерлері мен таулы аймақтар жатады. Мал азығы мен судың жеткілікті болуы бұл жерлерге ұзағырақ қоныстанып, азырақ көшуге мүмкіндік берді. Шаруашылықтың мұндай түрінде түйе мен уақ малдарға қарағанда жылқы мен сиыр көбірек бағылды.  

9. Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы. Сақтар туралы жазба деректер: Парсы пашаларынын жартастаны жазулары (Дарий, Ксеркс). 
Грек-рим авторларынын шыгармалары (Геродот, Страбон жане т.б.). 

Ұлы II Кир – патша, Ахеменидтер мемлекетінің негізін салушы. Кир Еуропаны басып алу үшін, массагеттерді бағындыру керек болды. Масагаттерді басып алудың оңай жолы сақ патшайымы Томириске үйленбекші болды. Томирис ол ұсыныстан үзілді- кесілді бас тартады. Осыны естіген Кир ашумен шабуыл бастап, халықты айла – тәсілмен жаулап, Томиристің ұлы Спаргаписті тұтқынға түсіріп, өлтіреді. Томирис бұған шыдамай, Кирге: «Ұлымды өлтіріп, халқымның 3/1 тұтқандағаның үшін, сені қанмен тойдырамын» деп шабуыл бастайды. Осы шабуылда Томирис өз айтқанын жасап, Кирдің басын қанға толтырылған торсыққа салады.

10. Сармат тайпалық одағы. Сарматтар — б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын және Тобый мен Дунай аралығын мекендеді. Мәдениеті: 1. Ерте сармат мәдениеті. 2. Орта сармат мәд., 3. Кейінгі сармат мәд. Сарматтар қыш ыдыстaр, caқина, білезік cияқты әшекей заттар жaсаған. Б. з. II-IV ғғ. Сaрматтаpдың аса ірі археологиялық ескерткіші - жерлеу орындары Қaбіpге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген. зергерлік өнерде «полихpомдық стиль» кeң тарaды. Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір cүріп егіншілікпен айналыcты. Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген;   Қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған; 

11. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.
Шығу тегі – б.з.б IV-III ғасырларда Орталық Азияда Қытайдың солтүстік шекараларымен шектесе орналасқан ғұн тайпаларының (сюнну мен хунну) бірігу процесі жүрді. Ғұндаралтай тілдер тобының бір тармағы болып табылатын түркі тілдес моңғолдық нәсілге жататын тайпалар болды. Бүкіл Еуразия құрлығындағы этносаяси дамудың түбірлі өзгерістері көшпенді әрі жауынгер ғұн тайпаларымен байланысты.

12. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз және т.б.) саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. 

13. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі. Қазақстан және оған көршілес аймақтарда ерте темір дәуірі б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында басталып, б.з. 1 мыңжылдығының орта шеніне дейін жалғасады. Ерте темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді. Сақтар мен сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтаҚазақстан жерінде мекендеген. Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. 

14. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.