Файл: 1.азастан аумаындаы тас асырыныархеологиялыескерткіштері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 288
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Ноғай ордасына
кірген тайпалардың үлесі өте мол.
-
29. Қазақ жүздерінің қалыптасуының этносаяси және шаруашылық факторлары. «Жүз» ұғымының мәні толық ашылған жоқ. Біраз зерттеуші қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз», яғни «бір нәрсенің басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен сәйкестендіреді. -
XVIII ғ. дейін жүздердің қалыптасуы аяқталды. -
Жүздерде адамдарды ру-тайпалық қауымдастыққа бөлу сақталды. -
Ұлы жүз Қазақстанның қазіргі үш облысының – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын мекендеді. -
Негізін қалаған рулар: үйсін, қаңғлы, дулат, жалайыр, албан, суан, шапырашты т.б. -
Ұлы жүз Орталық және Солтүстік-шығыс Қазақстан жерін мекендеген. -
Орта жүз – негізінен Орталық және Солтүстік-шығыс Қазақстан жерін қамтыған. Орта жүздің шегарасы Арал теңізі мен Торғай өзенінен бастап, шығыста Ертіске, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, оңтүстік шегарасы Сырдария, Шу өзендері, Балқаш көліне дейін, солтүстігі осы күнгі Омбы, Түмен облыстарына дейін барады. -
Осы кең далада Орта жүздің негізгі тайпалары – қыпшақтар, арғындар, наймандар, керейлер, қоныраттар өмір сүрді. -
Қазақ халқының пайда болуында басты рөлдің бірін қыпшақтар атқарды. -
XVI ғ. қазақ қоғамының феодализмге қарай дамуы бай және беделді ру аристократтарын (билер, батырлар) өмірге әкелді, олар аға хан мен сұлтандардың күшеюіне жол бермеуге тырысты, саяси бытыраңқылық, ұсақтық саясатын жүргізді. -
Жүздердің құрылуы осы рулық аристократияның саяси және экономикалық мақсаттарына сай келді. -
Хандықтың әскери қуатының әлсіреуі, әскери-саяси одақтың (тайпалар тарапынан) о баста-ақ нашар болуы, қазақ хандығының бірнеше бөлікке бөлінуіне, яғни жүздердің құрылуына жағдай туғызды. -
Бұл туралы елбасымыз: «Қазақ ұлысының құрылу үрдісі этникалық аумақтың қалыптасуымен және этносаяси, шаруашылық, табиғи, табиғи-географиялық жағдайларға орай үш этноаумақтық бірлестік – Ұлы, Орта, Кіші жүздердің құрылуымен қатар жүзеге асты» деп атап кеткен болатын. -
Ш.Ш. Уәлиханов: «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін үлкен одақтар құрған». -
Н.А. Аристов: «Жүздердің бірігуі жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан». -
В.В. Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық факторлар әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды». -
М.П. Вяткин В.В. Бартольдпен келісе отырып «жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың соңынды қалыптасты» дейді. -
С. Аманжолов: «Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде – X-XII ғасырларда бөлінді» деп есептейді.
30. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ НЫҒАЮЫ
• Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш
күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың
қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта
Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді
этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі
арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ
хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей
мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан
үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын
бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу
жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы себеп
болды.
1
594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім
жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ
хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді.
Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей
мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті
жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру
және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен
өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы
Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның
жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали
Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге орыс
патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда
орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын
«өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ
ататын қару» жіберетінін уәде етті.