Файл: 1.азастан аумаындаы тас асырыныархеологиялыескерткіштері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 290
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұлы Жібек жолы ежелгі заманның басты сауда-экономикалықкүретамырына айналса, көшпелі- номадтардың мемлекеттік құрылым дары симбиоздың, түрлі мәдениеттер мен діндер бірлестіктерінің
(одағының) үйлесімді үлгілеріне жатады
«Ұлы Жібек Жолы» - Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,Шыңжаң, Азия арқылы Таяу Шығысқабаратын керуендік жол бағыты. Батыс пен Шығыс мәдениетін байланыстырған жол.
Орхон ескерткіштері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
23. Шығыс Түркістан мен Жетісу: моңғол шапқыншылығы кезеңі. XIII ғасырда Шыңғыс хан империясыныңқұрылуына байланысты Қазақстандағыэтностық жағдай елеулі өзгерістерге ұшырады. Шыңғыс хан жаулап алған кез, әсіресе алғашқы онжылдықтар жерді, елді, қала мәдениетін қатты күйзеліске ұшыратты.
Қазақстан жерін мекендеген түркі тектес тайпалардың біртұтас халық болып бірігуі моңғол шапқыншылығына дейін аяқталуға жақын еді. Бұл үдерісті моңғол шапқыншылығы бірнеше ғасырға баяулатып, шегеріп тастады.
Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы Қазақстанның және көрші аймақтардың этностық құрамына едәуір өзгерістер енгізді, этностық шекараларды өзгертті.
Шыңғыс хан жорығына дейінгі кезеңде Қазақстан жеріне найман, керей, меркіт, жалайыр тайпалары шығыстан келіп қоныстанса, моңғолдарды жаулап алған кезеңде мұнда маңғыт, қиат, барлас, қоңырат, татар, т.б. тайпалар қоныс аударды.
Қазақстан жеріне басып кірген Шыңғыс хан әскерінің құрамында болған моңғолдардың саны туралы нақты мәлімет жоқ. Шыңғыс хан жорығына, оған сол кезде бағынышты болған ұйғырлардың, қарлұқтардың әскерін қосқанда, Орталық Азияға басып кірген әскердің жалпы саны 150 мыңдай адам болған. Жаулап алу барысында бұл әскер моңғолдардың өз есебінен және де Оңтүстік Сібірдің, Алтайдың, Батыс Моңғолияның түркі тілдес тайпаларының есебінен толығып отырды. Алтай мен Ертіс өңірінен ауған талас, төлеңгіт, барын, т.б. түркі тайпалары Жетісуғақоныстанды. Жаулап алу барысында моңғол жауынгерлерінің, моңғол әскері құрамындағы түркі тілдес жауынгерлердің бір бөлігі жергілікті жерлерді басқару, күзет қызметі үшін қалдырылып отырды. Бірақ олар жергілікті халықтан қыз алып, бірте-бірте тұрғылықты елмен сіңісіп кетті.
24. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз. 1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 ж. басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып,
монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 ж. күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды. Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қол астына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейінгі жерлер қарайлды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі жағында Алтын Орда атты моңғол мемлекетін құрды. Территориялық аймағы – Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан, Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, жаңадан жаулап алынған жерлер енді. Бату -1243-1255 жж., Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші
Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 ж. Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді [2; 79 б.]. Зерттеушілір монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдетті деп есептейді. Әрине, кез-келген сырттан таңылған әскери іс-қимыл басқыншылық (агрессивті) соғыс болып саналады. Оны еш сылтаумен ақтауға болмайды. Шыңғысханның батысқа жорықтары да ғылымда өзінің тиісті бағасын алған.
Солай бола тұра, тарихтан белгілі мына бір жағдайларды да естен шығармағанымыз жөн. Империялар тарихына шолу мынаны дәлелдеп отыр. Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде, ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Империя саясаты осыған итермелейді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары жүзеге асырған Монғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Соның бір көрінісі Қазақстан аумағындағы XІV-XV ғғ. құрылған феодалдық мемлекеттер (Шыңғысхан ұрпақтарының құрған мемлекеттері), Қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының (қазақ хандары Шыңғыс-Жошы-Орда Ежен ұрпақтары) құрылуы болды.
25. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын оның өзіне жақын жатқан бөлігі Ақ Орданы әлсіретуді көздейді. Оған себеп те табылады.
Ақ Орданың ханы Ұрұс Алтын Орданың астанасы Сарай қаласын басып алуға көмектеспегені үшін Жошы ұрпағы Түй Қожаны жазалайды. Ал оның баласы Тоқтамыс Ақ Ордадан Темірге қашып барады. Бұл жағдайды дер кезінде пайдаланған Темір Тоқтамысқа өскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Алайда Тоқтамыс Сауран түбіндегі 1374-1375 жылдардагы шайқаста жеңіліске ұшырайды. Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордаға қайта аттандырады. Ұрұс ханның үлкен үлы Тоқтақиядан жеңіліп, Әмір Темірге қайта қашып келеді.
1375 жылдың басында Ұрұс ханнан Әмір Темірге Тоқтамысты қайтаруды талап еткен және өз әскерінің Түркістан жеріне таяп қалғанын ескерткен елші келеді. Әмір Темір бұған жауап ретінде Тоқтамысты үшінші рет қаруландырып, енді өзі бірге аттанады. 1376 жылы Ұрұс ханның дүние салуы, көп ұзамай оның үлкен ұлы Тоқтақияның қаза болуы Ақ Орданың жеңілуіне әкеліп соғады. Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызып, оған Жошы ұлысының қалған жерлерін жаулап алуды тапсырған соң, өзі Мауараннахрға қайтады.
Ақ Орданың жаңа ханы, Ұрұс ханның ұлы Темір-Мәліктің 1377 жылы Сауранда Тоқтамысты жеңіліске ұшыратқанын өткен параграфта айтып өттік. Әмір Темір бұл жолы да өзінің әскербасыларымен бірге Тоқтамысты Ақ Ордаға қарсы аттандырады. Тоқтамыс Ак Орданың астанасы Сығанақты басып алады. Әмір Темір мұнымен қанағаттанып қоймай, Темір-Мәлікті біржола талқандауды тапсырады. Әмір Темірдің тапсырмасын жүзеге асырған Тоқтамыс өзін Ақ Орданың билеушісі деп жариялайды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін - Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алады. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ак Орданын бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады.
Тоқтамысты жазалау үшін Әмір Темір 1391 жылы 200 мын әскерімен оған қарсы жорыққа аттанады. Құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскерін қуып жетіп, қирата жеңеді. Алайда ұрыс алаңынан Тоқтамыс хан қашып құтылады. Әмір Темір көп олжамен қайтады.
Тоқтамыс 1393 жылдан бастап Алтын Орданы қайта қалпына келтіруге тырысып, өзініің билігін күшейте түседі. Әмір Темір 1395 жылы Тоқтамысқа қарсы тағы да жорыққа шығады. Бұл жолғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өткен. Тоқтамыс күйрей жеңіліп, Темір әскерлері Еділ бойынан – Алтын Орданың астанасы Сарай-Беркеден бір-ақ шығады. Қаланың байлығын тонап, бала-шаға, ер-әйел демей, көптеген адамдарды құлдыққа айдап әкетеді. Еділ бойындағы басқа да көптеген қалалар тоналып, оларға өрт қойылды, Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұқсан келтірілді.
26. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы. Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң, Моғол хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратып қайтады.
Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
27. Әбілқайыр хан мемлекеті. Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы - өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтанбасқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады.
Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. ХҮІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарынң билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.
28. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Саяси және экономикалық қарым-қатынас
ХV ғ-дың аяғында Ноғай Ордасы орыс мемлекетімен саяси және
сауда-экономикалық байланыстар орнатып, ноғай билеушілері
Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой
өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан
хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Ноғай ордасы әлсіреп,
бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солтүстік Кавказда Кіші
Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы
құрылды.
Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын
құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының
шабуылынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп,
Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды.
Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ
хандығы құрамына енді. Ноғай ордасы түркі халықтары тарихында
үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б.