Файл: 1.азастан аумаындаы тас асырыныархеологиялыескерткіштері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 287
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады. Отырар алқабында Отырар–Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіштер көп шоғырланған. Арыс өз-нің сол жағалауындағы Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітман төбе, Ақайтөбе, Шалтөбе сияқты 20 шақты қалашықтар негізі осы қаңлылар кезінде қаланған. Олардың көбін 1969 – 70 ж. Отырар археол. экспед. (жетек. К.Ақышев) тапқан. Ең үлкені – Көкмардан. Онда 1977, 1978 – 83 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. К.Ақышев) қазба жұмыстарын жүргізген. Мұнда негізінен 6 – 7 ғ-ларға жататын 10 махалла қазылды.
15. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Түрік қағанатының құрылуы.Қытай деректері бойынша түркілер алғашында Қытай шегарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрді. Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті. Батыс Қытай билеушісі жақын қоныстанған түркілер жайлы дерек жинай бастайды. Бұл деректер түрік тарихының ерте кезеңі туралы негізгі білім көзіне айналды. Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мәліметтер 542 жылданбастап кездеседі. Түркілер жужан қағанына салықты темір түрінде төлеген. Түрік мемлекетінде қарапайым халық бұдун(мемлекеттің қатардағы құрамы) аталды. Үстем тап, яғни «бектер» ақсүйектер билік тобын құрады. Қаған ашина руынан шыққан түркі еліндегі ақсүйек қауымының ең таңдаулы өкілі саналды. Зерттеушілер «ашина» терминін әрқилы саралайды, біреулері бұл сөзді «текті қасқыр», ал басқалары «аспаннан жаратылған» деп түсіндіреді.
16. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Батыс Түрікқағанаты (Көне түркілік: Он оқ бұдун) — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 – 704). Қағанатта қайшылықтар болғаннан соң, Батыс және Шығыс қағанаттары құрылды. Батыс Түрік қағанатының негізін Тардуш (Дато) қаған қалаған. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды
17. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы. Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және арабәскерлерінің арасында болды. Қазақстан жерінде құрылған ежелгі түрік мемлекеттерінің бірі Түргеш қағандығы еді. Түргештер, негізінен, Жетісуды жайлаған. VIII ғасырдың ортасында Түргеш мемлекеті ыдырау кезеңін бастан кешірді. Алғашында осы сәтті қарлұқтар пайдаланды. Бірақ түргештер мен Жетісудағы өзге түркі тайпаларына қытайлар мен арабтар да айтарлықтай қатер төндірген еді. 751 жылы Жетісуға шығыстан Қытайдың Тан империясы әскері баса көктеп кірді. Олар Түргеш астаналарының бірі - Суябты басып алып, қиратты. Осы кезде оңтүстіктен арабтар да жорық бастады. Осылайша Жетісуда Қытай мен Араб халифатының мүдделері тоғысты. Қытай мен араб әскерлері Талас өзені алқабында түргештердің шағын қаласы Атлахтың маңында кездесті. Екі жақтан соғыс майданына 100 мыңнан жауынгер қатысты. Бес күнге созылған ұлы шайқастың тағдырын қарлұқтар шешті. Соғыстың шешуші кезеңінде олар көтеріліс жасап, қытайларға қарсы шықты. Қиян-кескі шайқаста арабтар жеңіске жетті.
Бұл тарихи жеңіс болды. Өйткені осы шайқастан соң талай жүз жылға дейін Қытай басып алмақ ойынан түңіле бас тартты. Арабтар бұл жерде ұзақ тұрақтай алмады. Шамалы уақыттан соң олар Жетісу жерінен кетіп, түрік тайпалары қайтадан осы жердің иесіне айналды
18. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары. 766 жылы Түргеш қағандығы қүлап, оның орнына Жетісуда Қарлұқ қағандығықұрылады Қарлұқ қағанатының алып жатқан жері сары және қара түргештердің жері. Ол негізінен Онтүстік шығыс Қазақстанның жері. Астанасы Баласағұн қаласы болған. Қағандық халқының этникалық құрамы түрік тілдес тайпалар болған. Қарлұқтар қаған атағын 742 жылда үйғырлар және басмыл тайпаларымен одақтас бола отырып, Шығыс Түрік қағандығын құлатқан кезде алған. IX ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлай түседі. Орта Азиялық саманий әулетінің шабуылдары жиілейді. Сөйтіп саманийлер мен қарлұқ қағандығының арасында, әсіресе, Онтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған күрес басталады. Сондай күрестердің нәтижесінде Испиджаб қаласы саманийлерге бағынған. Саманийлердің тегеурінді шапқыншылығы 893 жылы Тараз қаласына жасалған
. қағанаттың біржола құлауына саманийлер шешуші роль атқармаған, олардың қулауының басты себебі Шығыс Түркістандағы Ұйғыр қағанатының күшеюі, Қашқар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Шығыс Қазақстан жеріне жылжыды, олардың 940 жылы Испиджабты жаулап алуы қарлұқтарды құлатып, Қарахани әулетінің үстемдігін орнатады.
19. Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. Оғыз мемлекеті немесе Оғыз Жабғу мемлекеті (766 жыл – 1055 жыл) — IX ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Алайда "оғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер жоқ емес. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен шықты десе, екінші біреулері "садақтың оғы" деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Махмуд Қашқари, әл-Марвази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — боз оқ және үш оқ (учук).
VIII ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия>> деп аталатын ордасы болды. IX ғасырдың бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, кангар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдарияныңтөменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. IX ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қол астына қаратады.
20. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.
Қарахан мемлекетінің қалыптасуы
-
Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын. Қарахан мемлекетінде жер иеленуді “Иқта”, ал иеленушілерді “иқтадар” (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды
Мәдениеті мен шаруашылығы
-
Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды.
Өнер
-
Қарахан мемлекеті кезеңінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері. 10 – 12 ғ-да Жетісу, Сырдария алқаптарында қала, мешіт, монша, кесене (Айша бибі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Бабажы қатын кесенесі, Жошы хан күмбезі, т.б.) тас көпір салу ісі өркендеді.
Қарахан кесенесі
-
Қарахан кесенесі-ортағасырлық сәулет ескерткіші. Қараханидтер әулеті өкілдерінің біреуінің бейіті үстінде салынған. Кесене Қазақстан аумағындағы ортағасырлық сәулет өнерінің әсем үлгісі. Шамамен ХІ ғасырда салынған.Ол Тараз қаласында орналасқҚан.
Қарахан мемлекеті құлдырауы
-
Қарахандықтардың екі бөлігі арасындағы өзара қырқыстар мен орталық биліктің әлсіреуін көшпелі қарақытай (қидан) тайпалары пайдаланды. Он екінші ғасырдың бас кезінен бастап Жетісу үнемі қидандардың шапқыншылығына ұшырап отырды. 1141-інші жылы Жетісудың негізгі аумағындағы саяси билік қарақытайлар қолына өтіп, олар қарахандық билеушілерді өздеріне тәуелді етті. Алайда қарақытайлар тек салық алумен шектелді. Олар өз бодандарының мемлекеттік құрылымына, дініне, мәдениетіне тиіспей, мұрагерлік қаған билігін де сақтады. Соған қарамастан қарақытайлардың үстемдігі қарахандардың саяси құлдырауының бастамасы болды.
21. Қыпшақтардың саяси гегемониясының Қазақстан аумағына таралуы. Қимақтардың басшылығындағы тайпалар одағының өзегін 656-інші жылы Батыс Түркі қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар құрады. Мақмұд Қашқари еңбегі бойынша тоғызыншы ғасырдағы қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, тағы басқа рулар мен тайпалар енген.
Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер он бірінші ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ мемлекеті құрылуының басты себептері: он бірінші ғасырдағы Оғыз мемлекетімен соғыстар; Хорезм шахымен және Қарахан әулетімен күрес; сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қыпшақ хандары оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өңірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шегарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді.
22. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. Түркі өркениеті
-
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. -
Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь- Шань өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі" терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). -
Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандығы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедегі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлұмат алуға болады. -
-
Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі. -
Ұлы жібек жолы