Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі Білім жне ылым саласындаы сапаны амтамасыз ету Комитетіні Білім саласындаы сапаны амтамасыз ету департаменті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 64
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
Көкшетау қаласы-2022 жыл
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
Көкшетау қаласы 16 қараша 2022 жыл,
18 сағат 30 минут
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығын (бұдан әрі-Бағалау өлшемшарттары) басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2022 жылғы 06 мамырда 168 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай-Мектеп) 2022 жылдың 14 қарашадан 16 қараша аралығында мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
Мемлекеттік аттестаттауды Департаменттің «11» қарашадағы 2022 жылғы №17-17-11-01-08/368 бұйрығымен бекітілген аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі-комиссия) өткізді. Комиссия құрамында:
1. Жанәділ Анаргүл Базарқызы - Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы, комиссия төрайымы;
2. Распек Асхат Нұралыұлы - «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «№ 21 мектеп-лицей» КММ оқу ісі жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі;
3. Айдарова Лаззат Көкеновна - «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «№ 21 мектеп-лицей» КММ қазақ тілі пәні мұғалімі, комиссия мүшесі;
4. Кутербекова Гаухар Талгатовна - «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «№ 17 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі пәнінің мұғалімі, комиссия мүшесі;
5. Сабитова Индира Жақсылыққызы - «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі, комиссия мүшесі;
6. Макпанова Динара Маратовна - «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «Әсел» бөбекжайы МКҚК тәрбиеші, комиссия мүшесі.
Комиссия бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім беру ұйымдарына бағалау жүргізу кезінде сараптамадан өткізілетін негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері бойынша дайындалған. Өзін-өзі бағалау материалдарына қарап, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары сәйкестігіне талдау жүргізді.
Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп және оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беру мектебі» КММ-і қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және егжей-тегжейлі талдау жүргізді.
1. Білім беру ұйымы туралы жалпы мәлімет | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1) | білім беру ұйымының толық атауы «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2) | білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы және нақты орналасқан жерінің мекенжайы) Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Өркен ауылы, Школьная көшесі, 19 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3) | заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web-сайт) Телефон 8-(716-32) 33-6-40 ; электронды мекен-жайы kuropat.ssh@mail.ru, мектептің сайты http://sc0021.zerenda.aqmoedu.kz | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4) | заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә., лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) Талдин Жандос Серикович «Ақмола білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры «Зеренді аудандық білім бөлімі» ММ 2021 жылғы 21 қаңтарда №37 бұйрығымен тағайындалған, байланыс телефоны: 87024874148 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5) | құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің және Жарғының көшірмесі қоса беріледі). Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама Ақмола облысының әділет департаменті Бурабай ауданаралық Әділет басқармасымен 2021 жылғы 19 қаңтарда берілген. Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 28.01.2021 жыл, БСН: 970240003933. «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы Ақмола облысы әкімінің 2021 жылғы 05 қаңтардағы №А-1/3 қаулысымен бекітілген. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ-і 2014 жылы 28 тамыз №KZ69LAA00020687 мемлекеттік лицензия және бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымша берілген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2022 жылғы 11 наурызда № KZ71RVK00039076 хабарлама берілген. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1) | Білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – МДТО ҮОЖ) сәйкестігі. Бағаланатын кезеңге талдау жасау үшін құжаттар: білім беру ұйымының басшысы әзірлеген және бекіткен оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері, ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі және мектепалды даярлық сыныбының циклограммасы,мониторинг және сауалнама. Талдау нәтижелері: Осы өлшем бойынша талдау үшін 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарының ұсынылған құжаттарды зерделенді. «Айналайын» шағын орталығы ашылғаны туралы №KZ71RVK00039076 хабарландыру 2022 жылдың 15 наурызында берілген. Ұсынылған өзін-өзі бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына» сәйкес келмейді. 2021-2022 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспары «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданының білім бөлімі» ММ басшысының м.а. Д.Ш.Нуровамен келісіліп, мектеп директоры Ж.С.Талдинмен бекітілген, бірақ мерзімі 2022 жыл қазан айы деп бекітілген. 2021-2022 оқу жылдарында шағын орталықтың кіші, ортаңғы және ересек жас топтарының оқу жұмыс жоспары, қорытынды мониторинг, сауалнама және мектепалды даярлық сыныбының циклограммасы қарастырылды. 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында кіші, ортаңғы, ересек топтары және мектепалды даярлық сыныптары бар. 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарының перспективалық жоспары, күн тәртібі және кіші, ортаңғы, ересек топтарының циклограммалары, жеке даму карталары, әр жас тобының бастапқы және аралық мониторингтері берілмеген. Бекітілген шағын орталықтың кіші топта - 14 бала, ортаңғы топта– 13 бала, мемелекеттік тілде оқытылатын ересек топта -10 бала, орыс тілінде оқытылатын ересек топта – 10 бала, мектепалды даярлық қазақ тыныбында - 6 бала, мектепалды даярлық орыс сыныбында -11 бала бар. Әр түрлі жастағы принцип бойынша жинақталған топтардың оқу жұмыс жоспары жас кезеңдеріне сәйкес көрсетілген. 2021-2022, 2022-2023 оқу жылына бекітілген «Айналайын» шағын орталығының ортаңғы және ересек жас мемлекеттік тілде оқытатын топтарының және орыс тілінде оқытатын кіші және ересек топтарының оқу жұмыс жоспарының білім беру салалары МЖМБС талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары негізінде құрылған. 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарына арналған мектепалды даярлық сыныбының оқу жұмыс жоспары, күн тәртібі, перспективалық жоспары, жеке даму картасы, ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі ұсынылмаған. 2021-2022 оқу жылы бойынша: Шағын орталықтағы мемлекеттік тілінде оқытылатын ортаңғы тобында 12 сағат: инвариантты оқу жүктемесінің көлемі 11 сағат, вариативтік компонент 1 сағат, ересек тобында апталық оқу жүктемесінің көлемі - 14 сағат, инвариантты оқу жүктемесінің көлемі 12 сағат, вариативті компонент 2 сағат, мектепалды даярлық сыныбында оқу жұмыс жоспары ұсынылмағандықтан апталық оқу жүктемесі анықталмады. Орыс тілінде оқытылатын кіші тобында 9: инвариантты оқу жүктемесінің көлемі 9 сағат, вариативтік компонент жоқ, ересек тобында апталық оқу жүктемесінің көлемі - 14 сағат, инвариантты оқу жүктемесінің көлемі 12,5 сағат, вариативті компонент 1,5 сағат, мектепалды даярлық сыныбында оқу жұмыс жоспары ұсынылмағандықтан апталық оқу жүктемесін анықталмады. Кіші топтың оқу жоспарында оқу қызметінің ұзақтығы – 10-15 минут, ортаңғы топтың оқу жоспарында оқу қызметінің ұзақтығы 15-20 минут, ересек топтың оқу жоспарында оқу қызметінің ұзақтығы – 20-25 минут. Әр түрлі жастағы принцип бойынша жинақталған топтардың оқу жұмыс жоспары жас кезеңдеріне сәйкес ұсынылған. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды: ҚР ОМ 03.08.2022 ж. № 348 бұйрығы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту МЖМББС 4-тармағы 3-тармақшасына сәйкес келмейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2) | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі – МДТО үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру, соның ішінде: оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу; қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыру; тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау; мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету; тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындау; креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру; "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт- дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша (бағаланатын кезеңде ұйымдастырылған оқу қызметінің (арнайы түзету оқу қызметі) бөлінуін растайтын құжаттардың, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, оның ішінде жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі); Бағаланатын кезеңге талдау жасау үшін құжаттар: арнайы түзету оқу қызметі) бөлінуін растайтын құжаттардың, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, оның ішінде жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері жоқ Талдау нәтижелері: Осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделенді. 2020-2021, 2021-2022 оқу жылындағы шағын орталықтың, мектепалды даярлық сыныбының күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, оның ішінде жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері жоқ. 2020-2021 оқу жылы бойынша «Айналайын» шағын орталығының және мектепалды даярлық сыныбының құжаттары өзін-өзі бағалау материалында ұсынылмаған. Ұсынылған өзін-өзі бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына» сәйкес келмейді. Креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни тұрғыдан ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жұмыстары, яғни ұйымдастырылған оқу қызметінде 4К моделі бойынша бағытталған жұмыстарын мектепалды тобының циклограммасынан көруге болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруын анықтауды растайтын құжаттардың, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, оның ішінде жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері берілмеді. Осылайша, мектепке дейінгі топтар бойынша педагог-психологтың жұмыс жоспары, перспективалық жоспары, өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері берілмегені анықталды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» 14, 16-тармақтарына сәйкес келмейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 | МДТО үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құру Бағаланатын кезеңге талдау жасау үшін құжаттар: жалпы білім беру ұйымы бойынша мектеп жасына дейінгі баланың жеке, тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау туралы бейнематериалдар, сондай-ақ жабдықтар мен жиһазға жүкқұжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдар тізбесінің көшірмелері. Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеуде жалпы білім беру ұйымы бойынша мектеп жасына дейінгі баланың жеке, тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау туралы бейнематериалдар, сондай-ақ жабдықтар мен жиһазға жүкқұжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдар тізбесінің көшірмелері ұсынылмаған. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» 3.2-тармақтарына сәйкес келмейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4 | МЖМБС және МДТО үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын орындауды қамтамасыз ететін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бар педагогтердің болуы. Начало формыКонец формы Бағаланатын кезеңге талдау жасау үшін құжаттар: тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтер дипломдарының көшірмелері, штаттық кесте.Конец формы Талдау нәтижелері: «Айналайын» шағын орталығының тәрбиешілері Гиздетдинова Галия Аяпбергеновна – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша дипломының, 2020 жылы берілген «Педагог-сарапшы» біліктілік санатының аттестаттау куәлігінің көшірмесі ұсынылды. Жасугунова Жанар Койшабаевна – Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекетік университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша дипломының, 2021 жылы берілген «Педагог-модератор» біліктілік санаттының аттестаттау куәлігінің көшірмелері ұсынылды. Мишурова Оксана Ивановна – «Көкше» академиясының «Педагогика және психология» мамандығы бойынша, Мурсалимова Жайнагул Наурызбаевна – «Көкше» академиясының «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша дипломының, Рамазанова Динагуль Жумашевна – «Көкшетау» университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша көшірмелері ұсынылды. Какеш Жанар – Көкшетау қаласы Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша дипломының көшірмесі ұсынылды. Жамухамбетова Гулим Кенжебаевна - Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Бастауыш сыныптарының педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша дипломының көшірмесі ұсынылды. 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдары бойынша мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісін анықтау мүмкін болмады. Мектепке дейінгі топ және шағын орталық бойынша штаттық кесте ұсынылмаған. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды: Педагогтермен жасақтауда білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес келмейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 | жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды әзірлеу кезінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру талаптарын орындау Конец формы Начало формы Бағаланатын кезеңге талдау жасау үшін құжаттар: жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламалардың көшірмелері, оның ішінде OOP бар балаларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің орындалғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, жас құрамы бойынша топтардың тізімі. Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеуде шағын орталықта және мектепалды даярлық сыныбында ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушілердің жоқ екендігі анықталды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды: талдау нысаны жоқ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6 | баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын оқыту нәтижелерінің болуы Бағаланатын кезеңге талдау жасау үшін құжаттар: мектепалды жасындағы тәрбиеленушілердің жеке даму жоспарларының (карталарының) көшірмелері, олар болмаған жағдайда, ересек жастағы тәрбиеленушілер жоспарларының (карталарының) көшірмелері, мектепалды даярлық топтарының тізімі. Конец формыТалдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеуде 2021-2022 оқу жылында баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын оқыту нәтижелерінің, яғни ересек және мектепалды жасындағы тәрбиеленушілердің жеке даму карталарының көшірмелері ұсынылған жоқ. 2021-2022 оқу жылында мектепалды даярлық тобында 47 тәрбиеленуші білім мен тәрбие алуда. Мектепалды даярлық топтарының тізімі жоқ, түзету жұмыстарын жүргізу қорытындылары бойынша аралық диагностиканың көшірмесі ұсынылмады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» 21-тармақмағына сәйкес келмейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7 | «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асыру Бағаланатын кезеңге талдау жасау үшін құжаттар: білім беру ұйымының басшысы әзірлеген және бекіткен жұмыс оқу жоспарларының көшірмелері, ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, оның ішінде бағаланатын кезеңдегі зияткерлік, спорттық, шығармашылық және көркем конкурстарға қатысу нәтижелері. Конец формы Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу кезінде білім беру ұйымының басшысы әзірлеген және бекіткен 2021-2022, 2022-2023 оқу жылына арналған «Айналайын» шағын орталығының, кіші, орта, ересек топтарының және мектепалды даярлық сыныбының оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері ұсынылды. Онда, кіші топтың апталық жүктемесі – 9 сағат, ортаңғы топтың апталық жүктемесі – 11 сағат, вариативтік компонент есебінен – 1 сағат, барлығы – 12 сағат, ересек топтың апталық жүктемесі -12 сағат, вариатив компонент есебінен – 2 сағат, барлығы – 14 сағатты құрайды. 2021-2022, 2022-2023 оқу жылына арналған шағын орталықтың және мектепалды даярлық сыныбының перспективалық жоспарлары мен циклограмма құрастыруға негіз болатын өтпелі тақырыптардың көшірмелері берілмеген. Ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, оның ішінде бағаланатын кезеңдегі зияткерлік, спорттық, шығармашылық және көркем конкурстарға қатысу нәтижелері ұсынылмады.Конец формы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМББС талаптарына сәйкес келтіру, ҚР ОМ 03.08.2022 ж. № 348 бұйрығы, Білім беру салалары алынып тасталды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8 | Тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің (бастапқы мониторинг) болуы Бағаланатын кезеңге талдау жасау үшін құжаттар:білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілерінің жеке даму мониторингінің, жоспарларының (карталарының) көшірмелері. Талдау нәтижелері: жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдарында жүргізілген баланың даму мониторингісі бойынша біліктері мен дағдыларының диагностикасы ұсынылмағаны анықталды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» 20-тармағына сәйкес келмейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
9 | Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1) | МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы Начало формы Конец формы Бағаланатын кезеңге талдау жасау үшін құжаттар: білім беру ұйымының басшысы әзірлеген және бекіткен оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері, ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар. Талдау нәтижелері: талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті. 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылының мектепалды даярлық сыныбының оқу жұмыс жоспары берілмеген. 2021-2022 оқу жылының мектепалды сыныбының циклограммасы сәуір айына дейін берілген. Ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес циклограммалар мен перспективалық жоспарлары ұсынылмаған. Осылайша, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталмады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» 22-23 тармақтарына сәйкес келмейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2) | Оқыту тілдері бойынша апталық оқу жүктемесінің сақталуы. Бағаланатын кезеңге талдау жасау үшін құжаттар: білім беру ұйымының басшысы әзірлеген және бекіткен оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері, ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар. Талдау нәтижелері: 2021-2022 оқу жылы бойынша: Шағын орталықтағы мемлекеттік тілінде оқытылатын ортаңғы тобында 12 сағат, ересек тобында апталық оқу жүктемесінің көлемі - 14 сағат, мектепалды даярлық сыныбында оқу жұмыс жоспары ұсынылмағандықтан апталық оқу жүктемесі анықталмады. Орыс тілінде оқытылатын кіші тобында 9 сағат, ересек тобында апталық оқу жүктемесінің көлемі - 14 сағат, мектепалды даярлық сыныбында оқу жұмыс жоспары ұсынылмағандықтан апталық оқу жүктемесін анықталмады. Кіші топтың оқу жоспарында оқу қызметінің ұзақтығы – 10-15 минут, ортаңғы топтың оқу жоспарында оқу қызметінің ұзақтығы 15-20 минут, ересек топтың оқу жоспарында оқу қызметінің ұзақтығы – 20-25 минут. Әр түрлі жастағы принцип бойынша жинақталған топтардың оқу жұмыс жоспары жас кезеңдеріне сәйкес ұсынылған. Осылайша, оқыту тілдері бойынша апталық оқу жүктемесінің сақталатыны анықталды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» 22-тармағына сәйкес келмейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 | Оқыту нәтижелерін бағалауға қойылатын талаптар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖБС 2-қосымшасына сәйкес туғаннан бастап 1-сыныпқа қабылдауға дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесін игеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалауға қойылатын талаптар. Бағаланатын кезеңге талдау жасау үшін құжаттар: тәрбиеленушілерінің жеке даму жоспарлары (карталары), мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналары немесе заңды өкілдерін, олар болмаған жағдайда, ересек жастағы тәрбиеленушілерді сауалнамалау нәтижелерін талдау, білім беру ұйымдарын бағалау критерийлеріне 6 немесе 7-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнамалардың көшірмелері, жас кезеңіне сәйкес тәрбиеленушінің жетістіктеріне мониторинг жүргізу. Талдау нәтижелері: балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің сауалнамаларының нәтижелерін зерттеу жүргізілді. Балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесін игеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау үшін мектепалды даярлық топтары тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен сауалнама жүргізілген. Мектепалды даярлық сыныптарында барлығы 17 бала тәрбиеленіп, оқытылады, сауалнамаға қатысқаны мектепалды даярлық сыныбы бойынша 17 баланың ата-анасы қатысқан. Мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мектепалды даярлық сыныптарының ата-аналарының нәтижесі
|
Сауалнамаға барлығы 2 мектепалды даярлық сынып бойынша, 17 ата-ана қатысқан (%), қатыспаған ата-аналар саны – 0. Ата-аналар толтырған сауалнамалардың түп нұсқалары алынып, талдау жасалды. Сауалнаманы ата-ана өз қолымен толтырғанын растап, толтыру кезінде ұйым тарапынан қысым көрсетілмегендігін растаған.
Сауалнаманың нәтижесінде: Қатысқан 2 мектепалды даярлық сынып бойынша ата-аналардың арасында сауалнамадағы жалпы сұрақтар санынан «Толығымен келіспеймін» -2%, «Келіспеймін» - 0%, «Жауап беруге қиналамын» 6%, «Келісемін» - 44 %, «Толығымен келісемін» -48% жауаптар болды.
Сауалнама нәтижелері барлық мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарымен оқыту нәтижиелеріне, балалардың игерген білім-білік дағдыларына қанағаттанатынын көрсетіп отыр.
Қорытынды: Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (2 қосымшасы) 3-тарау 28,29 параграфына, «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» (3 қосымшасы) 3 тарау 40,41 параграфына, «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (4 қосымша) 3 тарау 30,31 параграфына сәйкес келеді.
Ескерту: 2020-2021 оқу жылының жұмыс оқу жоспарының түсініктеме хатында 1 «А» сыныбында «Көркем жазу» деп көрсетілген. Факультативтік сабақтар кестесінде «Қызықты математика» деп жызылған. 2 «А» сыныбында оқу жоспарында «Мәнерлеп оқу» деп көрсетілген, сабақ кестесінде «Қызықты математика» деп жазылған. 4 «А» сыныбында оқу жоспарының түісініктеме хатында «Сөз мерген» көрсетілген, сабақ кестесінде бұл пән атауы жазылмаған.6 «Б» сыныпта оқу жоспарында «Рукодельница», «Умелые ручки» деп жазылған, ал сабақ кестесінде «Маленьки мастер», «Очумелые ручки» деп жазылған. Жұмыс оқу жоспары мен факультативтік сабақтар кестесі сәйкес келмейді.