Файл: 1 ндірістік практиканы мазмны 6 2 студентті шыармашылы Жмысы 10.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 62
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ 6
2 СТУДЕНТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫ 10
2.1«Тармақталу және таңдау операторлары» тақырыбында ашық сабақ 10
2.2 Ашық сабақ хаттамасы 12
2.3«Ауғаннығ от жалыны» тақырыбында ашық тәрбие сағат 18
2.4 Ашық тәрбие сағат хаттамасы 21
3 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАПСЫРМА 26
3.1 Сыныпқа психологиялық мінездеме 26
4 СТУДЕНТТІҢ ЖЕКЕ ТАПСЫРМАСЫ 27
4.1 Информатика пәнінде шығармашылық жұмыстардың маңыздылығы. 27
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
КІРІСПЕ
Болашақ мамандарды тәрбиелеуде педагогикалық практиканың маңызы зор. Қоғамның дамуы барысында болашақ жас педагог мамандарды, өз ісінің шебері мамандарын дайындау білім беру саласындағы өте жауапты міндеттердің бірі. Әуелден-ақ осы жауапты міндет жоғары оқу орындарының еншісінде. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық практика кезінде мамандықшеберлігінің іргетасы қаланып және сабақ берудің алғашқы қадамы жасалады. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.
Сабақ берудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, білім берудің сапасын көтеру өте маңызды.Болашақ мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен оның сабақберу үрдісіндегі кемшіліктері, әрине мамандық даярлау барысында қалыптасады. Сондықтан да мектептегі педагогикалық практика студенттер үшін де тәлімгер ұстаздар үшін де өте жауапты.
Оқу бағдарламасына сәйкес студенттер мектептерде педагогикалық практикадан өтуі тиісті. Жұмыстың бұл ерекше де жауапты түрі студенттердің жоғары оқу орындарында алған теориялық білімдерін практика жүзінде тікелей қолдануға мүмкіндік береді.Өндiрiстiк педагогикалық практика келешек мұғалiмнiң кәсiби әзiрлiгiнiң жүйесiнде маңызды рөлдi ойнайды.
Практика барысында әр сабақтың типтік схемаларымен танысу, сабақ тақырыбы бойынша теориялық материалды, ұсыныстар мен тілектерді, жұмыс дәптерін түсіндіре білу, үйге практикалық тапсырма беруге үйрету жүзеге асырылады.Өндiрiстiк педагогикалық практика мұғалімдердің сабақ беру әдістерін тәжірибеде қолдану, жақсы ұстаз болу үшін олардың күшті жақтарын сіңіру процесі болып табылады. Сонымен қатар, әрбір оқушының мінез-құлқын қадағалап, мұғалімдердің оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра алатынын білу маңызды. Жалпы, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге, болашақта ұлағатты ұстаз болуға қажетті материалдар жинағын көру маңыздылығы орасан.
Өндірістік практиканың мақсаты:кәсіби педагогикалық қызметін ұйымдастырудың ғылыми негізімен таныстыру, толықтай педагогикалық үдерісі, оның субъектілері жайлы көрініс қалыптастыру және қызығушылығын дамыту; студенттерді оқушылардың танымдық іс-әрекетін, белсенділігін әртүрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып түрлі сабақтар өткізуге дайындау және сынып оқушыларымен тәрбиелік жұмыстар жүргізе білуді үйрету; орта мектептің оқу үрдісіндегі жұмыс түрлерімен етене жақын танысу; сабақ беру барысында жаңа әдіс-тәсілдермен танысу, игеру, жетілдіру, қолдану; оқушылардың жас ерекшеліктерін және психологиялық жеке тұлғалықерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақта қолдану.
Өндірістік практиканың міндеттері:сынып жетекшісінің қызметін атқару; сыныпқа психологиялық сипаттама беру; ашық сабақтар; ашық тәрбие сағатын өту;Информатика және математика мұғалімінің функцияларын орындау; студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастырып дамыту; студенттің педагогикалық ұйымдастырушылық, коммуникативтік қабілетін қалыптастырып дамыту; жоспарлау, болждамдау, оқыту мен тәрбие процесінің негізгі компоненттерін талдау;қолданылатын әдістеменің деңгейін және оқытудың дидактикалық мақсаты мен міндетін анықтау; оқушыларды тәрбиелеу кезеңінде оқу-таныстық, еңбектік, қоғамдық, табиғатты қорғау мен денсаулықты жетілдіруге бейімделген және т.б. әртүрлі формалары мен әдістерінің қолдану; оқу-тәрбие барысында оқушының жеке басының дамуын ескере отырып қалыптастыру; педагогикалық диагностиканы педагогикалық процесске қалыптастырып дамыту; оқушылардың, педагогтардың және өз жетістіктерін бағалау; толық педагогикалық процесті басқаруға студенттердің дайындығын қалыптастыру.
1 ӨНДІРІСТІКПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ
Өндірістік педагогикалық практика– студенттерге таңдап алған мамандығы бойынша практикалық білім мен дағдыларды үйрету мақсатын көздейтін, арнаулы орта оқу орындарындағы мамандар даярлаудың басты құрамды бөлігі.Өндірістік педагогикалық практика студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.
27.03.23-28.04.23 ж. Аралығындағы 3-курс өндірістік педагогикалық практикасының базасы ретінде Шымкент қаласы KazTilDamu ЖШС колледжіне бекітілді. Практика кезінде 1курс студеннтеріне жетікшілік ету қызметі бекітілді. Кураторы Нышанбаева Сауле.
Топ жетекшісі тарапынан оқу-тәрбие жұмысы таныстырылды. Болашақ мұғалім ретінде оқу-тәрбие мектебінің материалдық-техникалық жобасымен, мұғалімдердіңақыл-ойлары, құқықтары, сонымен қатар, студенттердің міндеттері және құқықтары таныстырылды.
27.03.2023
Практика базасы ретінде Шымкент қаласы KazTilDamu ЖШС колледжіне тағайындалды. Колледж басшыларымен, оқытушыларымен, ережелерімен және тәртiбiмен таныстырылды. Бізді пән мұғалімдеріне және кураторларға бөлді. Маған практика нысаны ретінде 1 курс бекітілді.
28.03.2023
Практиканың өту барысы бойыншатапсырмалар және жетекшілерден нұсқау алынды.
Топ жетекшісі1курс студенттерімен таныстырды. Топ тізімі, топ туралы мәліметтердің үлгісі берілді. Сол бойынша жұмыс жасау басталды.
29.03.2023
Колледж ұжымымен және де мектеп тарихымен таныстырылды. Топ жетекшіден қажетті құжаттардың үлгісі алынды.
Сабақ басталмас бұрын сыныпты ретке келтіру жұмыстары қадағаланды. Оқушылардың барлығы білімі, жауапкершілігі мол екені байқалды.
30.03.2023
«Интернетсіз бір күн» толуына орай тәрбие сағаты өтілді. Алғашқы тәрбие сағатында студенттермен толық танысып, бірнеше сұрақтар қойып, тақырыпты талқылау жұмысы жүргізілді.
31.03.2023
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша информатика пәні мұғалімдерінің оқу жұмысын ұйымдастыруға қажетті оқу әдістемелік жұмыстары таныстырылды.
03.04.2023
Сабақ өткізудің әдістері мен формалары меңгерілді. Информатика пәні мұғалімдерінің сабаққа дидактикалық материалдардың дайындау түрлері таныстырылды.
04.04.2023
Ендірілген жаңа оқу бағдарламасымен жұмыс жасау процесін зерттеу жұмыстары сипатталды. Яғни, ҚМЖ-ның ескі форматымен салыстыру жұмыстары айтылды. Үлгілерімен талдау жасалды.
05.04.2023
Математика пән мұғалімі Ибрагимова Динара апайдың бірнеше сабағына кіріп, оқу процесінің қалай жүргені, қандай әдіс тәсілдерді қолданғаны туралы зерделеу процесі жүргізілді. Алгебра сабағы өтілді, Функцияның графигін салу тақырыбында есептер шығарылды.
06.04.2023
Тобыма«Else циклын басқару» тақырыбында ашық сабақ және “Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам”тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатында тақырыпқа байланысты олардың ойын білу мақсатында қысқа эссе алынды. Эссе үлгілерін қолдана отырып, оқушылардың сабақтан түйгені және болашаққа қандай көзқарасы бар екені анықталды.
07.04.2023
Топпен бірге өтіліп жатқан сабақтарға қатысып, мұғалімдердің сабақ өту методикасы бақыланды.
Жеке тапсырмалардың орындалған бөлiмi бойынша талдау жасалынды.
10.04.2023
Бұл күні тобыма “Салауатты өмір салты” тақырыбында ашық тәрбие сағаты және Информатика пәнінен “Кірістірілген циклдерді ұйымдастыру” тақырыбында сабақ өтілді.
11.04.2023
2 курстардың сабағына қатыстым танысып өтілді. Оның маңыздылығы, үлгерімге әсер етуі, оның өзіндік ережелері, критерийлері деген сияқты құрылымына мән берілді.
Алгебра және Геометрия сабақтарынан өтіліп жатқан тақырыптар бойынша есептер шығарылды.
12.04.2023
“Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл”толуына орай тәрбие сағаты өтілді. Сабақтың мақсаты – ақын-жазушы арқылы оқушының оқуға деген құштарлығын ашу. Олардың ойын білу мақсатында қысқа эссе алынды. Және Информатика пәнінен “Continue циклін басқару ”тақырыбында сабақ өтілді.
13.04.2023
Студенттердің бос уақытын пайдаланып, болашағын қалай елестетеді, ата-анасымен байланысы қандай, жеткілікті түрде қолдау ала алама деген секілді сұрақтар арқылы сараптама жүргізілді. Сұрақтар арқылы өзін қалай ұстауы, эмоциясы арқылы ортаға қалай бейімделгенін анықтауға болады.
14.04.2023
“Әлем бесігін тербететін жан-Ана”тақырыбында тәрбие сағатыжүргізілді. Сергізу сәті бойынша Ана туралы жырды хормен айтып, жақсы деңгейде толықтырылды. Ананың жылу лебін еске алу мақсатында кішігірім ойын ойнатылды. Және Информатика пәнінен “Else циклін басқару”тақырыбында сабақ өтілді.
17.04.2023
Топтың жалпы білімін жоғарылату бойынша жұмыстар жасалынды.Ол үшін өтілген бөлімдер бойынша тест тапсырмаларын құрастырылып, студенттердің білім деңгейі тексерілді.Төмен балл жинаған оқушылармен жеке жұмыстар жасалынды.
18.04.2023
Үй тапсырмасын тексеру әдістері үйренілді,сол бойынша жұмыс жасап,студенттердің орындаған үй тапсырмалары тексерілді және мектеп психологиясының тапсырмасы бойынша 1 курс студенттерімен психологиялық тест алынды.
20.04.2023
Пән мұғалімі, сынып жетекшіден құжаттардың ережеге сай жасалғаны, кем жерлерін түзейту процесі жүргізілді. Қорытынды ретінде қандай қателіктер жібергендігім, оқушымен тағы қандай деңгейлерді қозғай отырып жұмыс жасау керегі жайында және көрсеткен жақсы қырларымды, қолданған әдістерімді атап өтті.
23.04.2023
Басқа да студенттердің ашық сабағына қатысып өзімнің кемшіліктерімді, қандай мәліметті қалай жеткізуге болатыны күнделікке түртіп алынды. Қарапайым әдістермен қоса электронды ойындардың бірізділігімен балаға тереңірек білім беруге болатыны байқалды.
27.04.2023
Тоқсан аяқталып жатқандықтан сынып оқушылары Информатика пәні бойынша сұрақтар жазды.Сабақ соңында Айжан апаймен бірге тексеріліп,бағаланды.
28.04.2023
Практиканың соңғы күні болғандықтан құжаттар толтырылды.Сыныпқа “Ауыл өмірі”, “Қала өмірі” тақырыбында пікірталас өткізілді, Информатика пәнінен “Алгоритмнің трассировкасы” тақырыбында сабақ өтілді.
2.СТУДЕНТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫ
2.1 «Тармақталу және таңдау операторлары.»тақырыбында ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тармақталу және таңдау операторлары
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға тармақталу және таңдау опреаторлары н түсіндіру, алған практикада есптер шығару кезінде қалыптастыру.
Дамытушылығы: Қабілетін, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелілігі: Шапшаңдыққа , ұйымшылдыққа және нәтижелілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру.
Оқыту формасы: топтық, жұптық, жеке
Көрнекілігі : Деңгейлік тапсырма қағаздары, проектор, бағалау парағы, фишкалар.
Пәнаралық байланыс: математика
Оқушы нені білуі тиіс:Программа құрылымы,орындалу реті
Паскаль тілі операторлары
Белгілерді,айнымалыларды,тұрақтыларды сипаттау
Операторлардың орналасу реті,түрлері және міндеттері.
Нені үйренуі тиіс
Тармақталу,таңдау командалары қызметі, жазылуы.
Программа құруда операторды дұрыс пайдалану
Командаларды пайдалана отырып программа құра білу
І Ұйымдастыру
Read,Writeln,Readln,Write-файлдардан оқу және оларға жазу әректтерін орындайтын операторлар/иә/
Бағалау парагын толтырып болган сон өткен тақырып корытындыланады.
Жаңа сабақ Трек схема тұрғысынан түсінік беріледі.
Тармақталу командасы :/проекторда блок схемалары көрсетіледі/
Программадағы операторлардың орындалу ретін басқарып отыратын операторларды тармақталу командасы деп атаймыз.Бұл командалардың көмегімен құрылған программаның блок схемасы бұтақ тәрізді болады.Тармақталу командасына шартсыз GOTO , шартты IF — THEN — ELSE және таңдау CASE жатады.
GOTO шартсыз көшу операторы
Паскаль программалау тілінде операторлар программада жазылу ретімен бірінен соң бірі орындалады.Бірақ көптеген программаларды құру барысында операторлардың орындалу тәртібін бұзуға тура келеді.Мысалы программаның бір бөлігін уақытша айналып өтіп ,кейін оған қайтып келу керек болады.Осы жағдайда шартсыз көшу орындалады.
Program esep1;
Label5,10;
…………
Goto 10;
………;
5:……;
10:writeln(x);
Program esep2;