Файл: Курсты жмыс Таырыбы Мектеп жасына дейінгі балаларды танымды процесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 81

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мектепке дейінгі тәрбие – қазіргі заманның ағымына тез бейімделетін, баланың жеке тұлға болып қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын жүйенің алғашқы деңгейі. Мектепке дейінгі баланың дамуы ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты, сонымен қатар мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Рухани-адамгершілік тәрбие – баланың жеке тұлға болып қалыптасуының негізгі бағыттарының бірі. Ғасырлар бойы рухани-адамгершілік тәрбие жоғары бағаланған.   ХХІ ғасырда адамның рухани байлығы, оның шығармашылық қабілеттілігі қоғамның негізгі қоры ретінде  саналады.

Қазіргі таңда ҚР білім беру жүйесі адамгершілік және рухани дамуға, жеке тұлғаның, халықтық мәдениет, ұлттық, жалпы халықтық құндылықтардың үйлесімділігіне сүйенеді. Сара Алпысқызы Назарбаева өз сөзінде: «Әрбір адам өзінің туа біткен қабілетін қолдана алып, біздің мемлекетімізге ғана емес, сонымен қатар Жер бетіндегі барлық адамдарға өз көмектерін ұсына алса, біз білім беру арқылы ғана қоғамымыздағы  рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңартамыз» – деген.

Рухани-адамгершілік тәрбие мен болашақ ұрпақты дамыту  – педагогтар мен ата-аналардың бірлескен жұмысымен шешілетін, қазіргі таңдағы ең күрделі, ең өзекті мәселе болып отыр. Рухани-адамгершілік тәрбие әртүрлі ситуацияда, сонымен қатар балалардың бір-бірімен  қарым-қатынас жасай алу жағдайындағы үлкендердің балаларға тұтастай тәрбиелік ықпал жасай алуы болып табылады.

Рухани-адамгершілік тәрбие деген заманауи қоғамда қабылданған белгілі бір адамгершілік қасиеттерді бала бойына дарыту. Заман өзгерген сайын адамдардың да материалдық құндылыққа деген көзқарастары өзгере бастайды, алайда адамгершілік нормалары еш өзгеріссіз қалады. Сондықтан бала жанына қайырымдылық нұрын себе отырып, оларды қоғамның толыққанды мүшесі етуге бар күшімізді саламыз.

Мектепке дейінгі шақ – адамгершілік нормаларды қабылдауға бейім, мейлінше ашық кезең. Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі тәрбиесі баланың қоғамда тәртіп ережелерін ұстану процесі болып табылады. Дәл осы тәртіп ережелі уақыт өте бала үшін қозғаушы күш болып табылады. Баланың өзін-өзі ортада саналы ұстай алуы үлкендердің мақұлдауынан немесе құрметтеуінен болмайды, бала басқаша өзін-өзі ұстауы мүмкін емес, өйткені бала осыған дейін үйренген ережесін көрсетеді. Бала үшін бірінші орында тәртіп сақтау қажеттілігі, қоғамда қалыптасқан адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас ережесі тұрады.

Мектеп жасына дейінгі шақта балада алғашқы эстетикалық ұғым қалыптасып, адамгершілік негіздері салынады. Қоғамдық өмірдің құбылыстарына деген қызығушылығы пайда бола бастайды. Балалар өз Отаны, өлкесі, өздерінің туған жерлері жайлы көп білгісі келіп педагогтарға, ата-аналарына сұрақ қояды. Жас ұрпақты рухани-адамгершіліксіз тірек, идеясыз тәрбиелеу мүмкін емес. Олай болса, жеткіншек ұрпақты қандай құндылықтар негізінде тәрбиелеуіміз қажет?


Заманауи педагогика баланы ерте жастан өз халқымен, өз халқының салт-дәстүрлерімен, тұрмыс-тіршілігімен таныстыру өте қажет деп санайды. Ал бұл бағыттағы негізгі міндет – баланы халық шығармашылығына, өнеріне, туған өлкесімен байланысты тарихи оқиғаларға қызықтыру, сонымен қатар бұл қызығушылықты ерте жастан мектеп жасына дейін сақтау қажет.

Адамда өз Отанын мақтан тұтып, құрметтеу сезімі балалық шақтан қалыптасады. Өз еліміздің табиғаты, тарихы, пайдалы қазбалары, мәдени орындары, белгілі адамдары туралы мәліметтер жинақтау, өз еліміздің намысын қорғайтын патриоттар дайындау, балаларда өзінің кіші Отанына деген эмоционалды-құнды қатынасты дамыту, әрбір мектепке дейінгі балаларда Қарағанды қаласының бүгінгі өмірі мен бұрынғы өміріне деген қызығушылықты қалыптастыру, өзін қоршаған ортадан тарих сырын көруге үйрету (өзі тұратын үйі, шағын аудан атауынан), бала бойында мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеу рухани-адамгершілік тәрбие арқылы балалық шақтан қалыптасады.

Балабақшада рухани-адамгершілік тәрбиені бала бойына қалыптастыру әртүрлі формаларда: әңгіме, ситуацияларды шешу, ойын барысында, иллюстрацияларды қарастыру, телебағдарламаларды көру және т.б. жағдайларда жүзеге асырылады. Ең бастысы балалар адамгершілік нормалары туралы білім  алып қана қоймай, сонымен қатар осы нормаларды күнделікті өмірде қолдана алып, құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынаста басшылыққа алуға үйренуілері қажет.

Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиенің міндеттері мектеп жасына дейінгі кіші, ортаңғы және ересек жас топтары кезеңдеріне сай құрылуы керек. Сондықтан балаларға адамгершілік-рухани тәрбие беру мәселелері бойынша жұмыс жүйесі баланың жас ерекшеліктеріне сай болуы қажет.

Атап айтсақ, мектеп жасына дейінгі кіші жас топтарында адамгершілік-рухани тәрбие алғашқы оң әсер мен іс-әрекет негізінде үлкендермен, құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасай алуын дамытуға бағытталады [11].

Мектеп жасына дейінгі ортаңғы топтарда адамгершілік-рухани тәрбие өзін қоршаған адамдарды танып-білуге үйрету, олармен жақсы тіл табыса білуге, олармен қарым-қатынас жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл үрдісте ең маңыздысы үлкендер мен балалар, адамдар туралы ұғымының кеңеюі, қарым-қатынаста және тәртіп мәдениетінің ережелері мен нормалары аясында әлеуметтік бағдарлауды қалыптастыру, эмоционалдық қайырымдылығы, қоршаған ортаға қызығушылығы ең маңызды болып табылады.



Мектеп жасына дейінгі ересек топтарда тәрбиеші балалардың адамгершілік-рухани бағдарын және балалардың сезімін барынша кеңейте түседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың адамдар туралы, олардың өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін молайтады. Бала зейіні адамның физикалық және эмоционалдық жағдайына ауады. Балалар ым-ишара, сөз, дауыс ырғағына назар аударып, оны «оқуға» тырысады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгi күн ұрпақтың жан — жақты бiлiм алуын, белсендi, шығармашыл болуын талап етедi. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрiн, әдiсiн таңдай бiлу қажеттiгi туады. Оқу-тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы пайдалану, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiн баланың жас ерекшелiктерiне қарай пайдалана бiлу тәрбиешінің үлкен бiлiктiлiгін, шеберлігін талап етедi. Мектепке дейінгі мекемеден бастап баланы өмiрге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылады. Бұл ретте балабақшаның маңызы зор. Халықтың жазу-сызуды бiлмеген, ғылым мен мәдениетiнiң баспаға түспеген дәуiрiнiң өзiнде де өсер ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу отбасының, бүкiл қоғам мүшелерiнiң бiрлесе атқарған iсi болған. Мiне, осы тәрбие жөнiндегi халықтың ой-тұжырымын, тәжiрибесiнiң жиынтығын халық педагогикасы деймiз.

Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында ғасырлар бойы жинақталған бай тәжiрибесi, бала, ұрпақ, балалар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр. Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмiрде, отбасында, тұрмыс, тiршiлiкте батылдық пен батырлыққа, әдiлдiк пен адамдыққа, инабат пен iзгiлiкке, иба мен иманға үздiксiз тәрбиелеп отырған. Халықтың ұлттық салт-дәстүрлерi қаншама уақыт өтсе де өмiрден өшiрiлмей, керiсiнше, қазiргi уақытта қайта жарқырай түскенін күнделiктi өмiр көрсетiп отыр. Қазақ баласы да қоршаған ортаның iшкi сырларын үлкендерден сұрап, елiктеп, байқап бiлгiсi келген. Адамгершiлiк қасиет, еңбекке, өнерге, тәрбиенiң басқа түрлерiне ойын, той, қонақ, сауық сияқты жерлерде тәрбиелеп, баулып отырған. Қазақта баланы отбасы ғана емес, бүкiл ауыл болып тәрбиелеген. Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол,
Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол» — деп, ұл — қыз тәрбиесiне түгел қатысқан.
«Үлкеннiң алдын кесiп өтпе», «үлкенге сәлемдес», «аттылының алдын кеспе» деп жолды кеспеуге баулыған. «Ат атандырма», «сағымды сындырма», «сүйек жасытпа», «сөз тасыма» деген жүйелi сөз тағы бар. Осы арқылы ата-ананың балаға деген мейрiмен, ықыласын түсiндiру, оның қазақтың тұрмыс тiршiлiгiмен астасып жатқандығын айтады. Осыншалық мейрiмiн, шуағын төге отырып, қазақ баланы еңбекке үйреткен, төзiмдiлiк, ептiлiк, шеберлiк, шыншылдық, ар, ұят, әдеп, үлкендi сыйлау секiлдi қасиеттердi ұрпақ зердесiне сiңiре бiлген. Мысалы: «Сiз деген — сыпайылық, бiз деген — көмек», «Сыйға — сый, сыраға бал», «Сөзiң тәттi болса, жұмысың қатты болсын» деген мақал — мәтелдер де сол игiлiктi iстерге бастап отырған. «Жақсы сөз — жарым ырыс» екенiн ұқтырған. Қонақтарға тапсырма: Үш санына байланысты халықтың ой — тұжырымдарын еске түсiру. «Адам туа бiлмейдi, жүре бiледi». Олай болса өмiрге келген әрбiр баланың болашағын алғашқы күн, айларынан бастап қалыптастырған.

Атамыз қазақ iлiм-бiлiмдi үйрете отырып «бiлiм ауысады, ырыс жұғысады» деп, татулыққа, достыққа бiлiмдiлiкке, өнерпаздыққа баули отырып, барлық тағлымды өз отбасынан бастап, балабақшаға, мектепке жалғастырған.
Мектепке дейінгі жастағы балалар не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған ауады. Алайда бұл аталған қасиеттер өзінен-өзі қалыптаспайды. Білім беруде қазақи ұлттық ерекшеліктерімізді кеңінен қолдану арқылы балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жөнінде арнаулы, нысаналы жұмыстың қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ол жұмыстың әдістемелігін әзірлеу мен тәжірибелік — педагогикалық жұмыстың әсерлілігін тексеру үшін мынадай міндеттерді орындау қажет деп білеміз:
Қазақ этнопедагогикасының мазмұны арқылы адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үлгісін анықтау. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде балалардың адамгершілік сезімін қалыптастыру қарқынын қадағалау. Балалардың адамгершілігін қалыптастыру қазақ этнопедагаогикасының мазмұнына негізделуі тиіс;
Адамгершілік, ұлттық құндылықтарға бағдарлау;
Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін бағалайтын көзқарас туғызу;
Балабақшадағы оқу іс-әрекетінде халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиесін қолданып, оның балаларға білім мен тәрбие берудегі пайдасын жүзеге асыру әрбір тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. Алған білімдерін өмір тәрбиесінде іске асыру арқылы ұлттық саналығын, этномәдениетін дамытады. Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі — балаға ақыл-өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Бұл әдісті мақал-мәтелден, нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым салу сөздерінен айқын көрініс тапқан. Өмірден көргені мен түйгені мол, білікті адамдардың ақыл-өсиетін баланың санасына сіңіріп, үлкен ой салған. Ырымдар мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп-қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді. Мәселен, халқымыз көкті жұлма; құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба; жалғыз ағашты жұлма; малды теппе; ақты төкпе; төгілген сүтті аяқпен баспа; т.б. көптеген мысалдар келтіре кетуге болады. Балаларды жақсы дәстүрлерді сыйлай білуге, әдемі де жүйрік сөйлеуге, ата-салтын үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында, оқу іс-әрекеттерінде шешендер мен билердің, ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне үлкен мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні сөзсіз.


Қолданылған әдебиеттер тізімі 

  1. 1.     Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»
    // «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.

  2. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 2001г.

  3. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.
    Б. А. Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.

  4. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, «Мектеп», 2004 ж.

  5. .О. Омар. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер: Қалыптасуы және дамуы.- Алматы: Рауан, 2003, 297 б.

  6. Е.О. Омар. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. – Түркістан; 2004, 248 б.

  7. Дополнительное образование детей. – М.: Изд. Центр ВЛАДОС, 2006. 320 с.

  8. От внешкольной работы к дополнительному образованию детей, – М.: Просвешение, 2003. 112 с.

9. Зинина С.М. Роль педагога-психолога в развитии коммуникативной компетенции детей дошкольного возраста. //Актуальные проблемы психологии образования: Материалы научно-практической конференции 3-4 ноября 1999 г. – Н.Новгородский гуманитарный центр, 1999. – 35–37 с.

10. Нысанбаев Ә., Есім Ғ., Изотов М., Жүкешев К. Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

11. Ембергенова Ә.С. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар