Файл: ВИРУСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ, ҚҰРЫЛЫСЫ.docx

Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 2083

Скачиваний: 11

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Клеткалар культурасының төмендегідей жіктелуі қолданылады:

А) тіршілігін сақтайтын тіндердің культурасы

Б) өсуші тіндердің культурасы, олардың өзі:

1.айқындалған тіндер бөлігінің культурасы – тіннің ұсақталған бөлімі тауық плазмасымен араластырылады, пайда болған қою бөліктерді бекітеді.

2.суспензияланған клетка культурасы – клетка суспензиясы үнемі магниттелген араластырғышпен немесе барабанмен, болмаса арнайы реактормен араластырып тұрады.

3. бір қабатты клетка культурасы. Клетка әсері алдында шынының бетіне бекітіледі

(пробирканың, матрацтың қабырғаларына) содан кейін қалыңдығы бір клеткадай қабат құрал

өседі, соның арқасында болып жатқан өзгерістерді байқауға болады. Бірыңғай қабат культу

радан біркелкі өмір сүргіштігі жақсы көп дәрежелі клеткалар алуға болады.




ВИРУСТАРҒА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ

Макроорганизмдегі қорғаныштық иммундық жауап вирусспецификалық антигендерге дамиды. Антигендерге структуралы және структуралы емес вирус белоктары және олардың нуклеин қышқылдарымен көмірсутегімен және липидтер комплекстері жатады. Вирусты антигендер беткейлік немесе түрлі спецификалық және тереңдегі немесе топты спецификалық болып бөлінеді. Мысалы: тұмау вирусының гемагглютининдері мен нейраминидазалары түрлі спецификалық антигендерге жатады, ал нуклеокапсидтер – топты спецификалыққа, ЖИТС вирусының беткейлік антигендері др120 және др41 белоктарымен, сондай-ақ Т4 рецептордың структуралық компоненттерімен көрсетілген. Ал, тереңдік антигендер ішкі белоктық қабатындағы р12 және р24 белоктарымен көрсетілген.

Иммундық жауаптың күші мен ерекшелігі көбінесе түрлі-спецификалық антигендердің қасиетімен байланысты. Мысалы: тұмау вирусының гемагглютининдері бір жағынан нейтралдайтын антиденелердің синтезіне себеп болады, екінші жағынан олар цитотоксикалық Т-лимфоцит үшін зақымдалған клетканың бетіндегі нысана ретінде саналады.

Вирустарға қарсы иммунитет гуморальды және клеткалы иммундық жауаптан, сондай-ақ спецификалық емес қорғаныш факторлардан құралады. Вирусты инфекцияларда гуморальдық иммунитет вирус нейтралдаушы антиденелер пайда болуымен байқалады. Қандағы антиденелердің мөлшері көптеген вирустық инфекцияның резистенттілігінің көрсеткіші немесе иммундық қорғаныштық қаншалықты жоғары екендігінің көрсеткіші болып бағаланады (қызылша, полимиелит, эпидемиялық паротит инфекциялары). Ұтымдылығы төмендегі көрсетілген себептерге байланысты:

А) антиденелер вирустардың рецепторларымен байланысады және осы байланыс арқылы сезімтал клетка рецепторларына вирустардың адсорбциялануын тоқтатады:

Б) антиденелердің липопротеидті қабаты бар вирус бөлшектерімен комплементтердің қатысуына әрекеттесуі және вирустардың ыдырауына әкеп соқтырады:

В) вирустық бөлшектердің IgC қатарына жататын антиденелермен қосылуы олардың мононуклеарлы клеткаларымен және полиморфты лейкоциттермен фагоцитозына әкеп соғады. IgC, М кластарына жататын вируснейтралдаушы антиденелер қанның сарысуында ұтымды, ал Ig А класына жататын антиденелер – шырышты қабатта тиімді.


Г) антиденелер вирустық бөлшектердің нейтралдауынан басқа жойылуымен аггрегациясына мүмкіндік береді.

Иммундық қорғаныштың клеткалық формасы вирусты инфекцияларда басты орын алады. Зақымданған клетканың қабығына вирустар өздерінің белоктарын орналастырады, сонан соң зақымданған клеткалар иммундық қорғаныштық клеткалық механизмі туғызатын ыдырау процесіне сезімтал келеді.

Осылардың ішіндегі маңыздысы цитотоксикалық Т-лимфоциттердің индукциясы (Т-киллер). Олар вирустық антиегндерді клетка антигенінің комплексінің арасынан ажыратылады және зақымдалған клетканы, вирусты бөлшектеп бірге ыдыратады.

Спецификалық емес вирустардан қорғаушы факторға интерферондардың индукциясы жатады. Интерферондар – макроорганизм клеткаларында түзілетін белоктар. Интерферондардың 3 класы бар: лейкоцитарлы – альфа-интерферон, фибробластта түзілетін – бета-интерферон, және интерферондар лейкоциттерде түзілетін – гамма-интерферон. Интерферондардың синтезінің индукциясы әртүрлі факторлардың – интерферондардың - әсеріне байланысты. Олардың біріншісі болып вирусты инфекция, әсіресе РНҚ құрамды вирустар жатады. Интерферон клеткалық рибосомалардағы вирус спецификалық белоктардың трансляциясына әсер етеді, оларды тежейді. Интерферонның талғамдылығы вирустың иесіне байланысты. Интерферон клетка бетіндегі рецепторлармен талғамды әрекеттеседі. Мысалы: тышқанның интерфероны адам ағзасы үшін оншалықты пайдалы емес. Ал кейде интерферон басқаша әрекеттесуі мүмкін. Мысалы: адам интерфероны өгіздің клеткасын, өгіз интерферонына қарағанда жақсы қорғайды. Интерферон спецификалық емес, ол вирустардың көп түрінде тиімді қолданылады. Вирустарға қарсы спецификалық емес факторлардың арасында макрофагтардың және комплементтің рольдері маңызды. Макрофагтар вирус спецификалық антиегндерді Т-лимфоциттерге дайындайды, вируспен зақымдалған клетканы ыдыратуға қатысады. Альтернативтік және классикалық жолымен комплемент жүйесі антиденелермен байланысқан вируспен зақымдалған клеткалардың комплексін ыдыратады. Комплементтің спецификалық антиденелері жоқ болса да кейбір күрделі құрылысы вирустарды ыдырататындығы белгілі.

Вирустық инфекцияны бастан кешіргеннен кейін күшті және ұзаққа созылатын иммунитет пайда болады (қызылша, полимиелит, эпидемиялық паротит, шешек), бірақ ол тұрақсыз немесе қысқа мерзімді болып келеді (тұмау, синциальдық вирусты инфекция) жәневирустардың персистенциясы болуы мүмкін (адено-, ұшық вирустық инфекциялары). Иммунокомпетентті клеткаларда кейбір вирустар көбейеді және персистенцияланады. Мысалы: қызылша вирусы макрофагтарда, ЖИТС вирусы Т-хелперде.


ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ ЛАБОРАТОРЛЫҚ

ДИАГНОСТИКАСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

Зерттеу әдістері.

  1. Вирусологиялық әдіс – патологиялық материалдағы вирусты анықтау.

  2. Серологиялық әдіс – аурудың қан сарысуынан вирусқа қарсы антиденелерді анықтау.

  3. Вирустық инфекциялардың экспресс-диагностикасы: жылдамдатылған серологиялық және вирусоскопиялық әдіс.



Әдістер

Зерттеу мақсаты

Вирусологиялық әдіс

Вирусты биологиялық сезімтал обьектілерден НР, РТГА, РТГ, ИФА, РИФ, РИА, РСК және басқа да реакциялар арқылы анықтайды.

Серодиагностика

Вирустарға қарсы қан сарысуындағы антиденелер титрін НР, РТГА, РИФ, ИФА, РИА, РСК реакциялары арқылы анықтайды.

Экспресс-диагностика

Клиникалық материалда вирус бөлшектерін немесе вирус спецификалық антигендерді РИФ, ИФА, РИА, ЭМ, ИЭМ және басқа да реакциялар арқылы анықтайды.


Вирусологиялық зерттеу әдісі 2 кезеңнен тұрады:

А) клиникалық материалдан вирустарды бөліп шығару.

Б) бөлінген вирустардың түрлерін анықтау немесе салыстыру.


Вирусты анықтау үшін алынатын зерттеу материалы әртүрлі болады, ол инфекциялық процестің динамикасына және вирустың тропизміне байланысты. Мысалы: тұмау немесе ұшық болса жұтқыншақтан бөлінетін шырыш, везикуладан қырып алынған материал, жұлын сұйығы, ЖИТС инфекциясында Т-лимфоциттердің субпопуляциясы, қан сарысуы, сперма; құтыру ауруында зақымдалған адамның сілекейі және өлгендердің ми тіндері, сілекейдегі бөлінділері зерттеледі.

Вирусты анықтау мақсатында патологиялық материалмен сезімтал лабораториялық жануарларды, тауық эмбриондарын және торша өсіндісіне жұқтырады: Мысалы: тұмау инфекциясында вирус бар материалды торша өсіндісіне егіп немесе күзендер мен тышқандардың мұрын қуысы арқылы жұқтыруға болады. Ол тауық эмбрионының аллантоис немесе амнион қуыстарына енгізу арқылы жұқтыруы ең тиімдісі. ЖИТС кезінде тек қана торша өсіндісінің яғни Т-хелпер пайдаланылады. Вирус лимфоциттер және макрофагтар сирек қолданылады, бұл торшалардың ішінде вирус репродукциясының активтілігі төмен; ұшық инфекциясы кезінде вирусты өсіру үшін торша өсіндісі немесе лабораториялық жануарлар қолданылады. Үй қоянын және тышқандарды құтыру инфекциясын дәлелдеу үшін де қолданылады.

Вирусологиялық зерттеуде біркелкі жануарларды пайдаланған дұрыс. Өйткені олардың генотиптік және фенотиптік қасиеттері ұқсас инфекцияға өте сезімтал.

Патологиялық материалда вирус болған кезде жануарларда инфекциялық аурулардың клиникалық белгілері мен өзгерістері пайда болады. Мысалы: ұшық инфекциясымен құрсақ ішіне зақымдалған тышқандар 3-4 күннен кейін өледі. Егер материалды үй қоянының немесе теңіз шошқысының көзінің мөлдір қабатына жұқтырса, онда қабыну процесі – кератоконьюктивит пайда болады. Құтыру вирусымен зақымдалған тышқандардың аяқ-қолдары жансызданады да өледі. Тауық эмбрионының қабықтарын, аллантоис, амнион қуыстарында вирустың көбейгенінен эмбрион тұқымы зақымданып одан әрі өсуі тоқтатылады. Зақымдалған эмбрионда мынадай өзгерістер байқалады:

  1. ақ дақтар – хорион-аллантоистық қабықтағы төмпешіктердің пішіні мен мөлшері өзгереді (тұмау, шешек вирустары), амнион қабығында патоморфологиялық өзгерістер және эмбрионның өлуі.

  2. көзге көрінетін өзгерістер болмаса вирусты анықтау үшін тауық эмбрионының аллантоис немесе амнион қуыстарының сұйығымен гемагглютинация реакциясы –РГА қойылады. Көбінесе ажырасқан аллантоис қуысындағы сұйықтарға бірдей көлемде 1% тауық эритроциттері қосылады. Аллантоис қуысындағы сұйықтағы вирустар әсерімен байланысты эритроциттердің агглютинациясы микропланшеттер лункасының түбінде «қол шатыр (зонтик)» тәрізді анықталады. Агглютинация жоқ кезде – эритроциттер лунка түбінде – «түйме» тәрізді орналасады.


Торша өсіндісіндегі патоморфологиялық өзгерістері мынадай: вирустар репродукциясы ядроның немесе цитоплазманың құрылымдарын зақымдап өзгертеді немесе торшаны жансыздандырады. Сондықтан, микроскоп арқылы вирус зақымданған торшада мына өзгерістерді анықтауға болады:

  1. Торша ішіне тән патоморфологиялық өзгерістер. Мысалға, құтыру ауруында нейрондардың цитоплазмасында Бабеш-Негри денешіктері анықталады, шешек ауруында – көздің мөлдір қабығының эпителиальдық торшаларының цитоплазмасында – Гварниери денелері, аденовирустық және ұшық инфекцияларында зақымдалған торшалардың ядросында қосындылар анықталады. Бұл қосындылар вирус бөліктері жинақталуы немесе оның компоненттерінің торша материалдарымен жиналуы;

  2. вирустың цитопатиялық әсерінен торшаның ісінуі, солуы немесе торшаның дегенеративті өзгеруі қабығының деструкциясымен байқалады. Өлген торшалар адгезивтік қасиетінен айырылып шынының бетінен түсіп қалады. Сондықтан бір қабатты торша өсіндісінде біркелкі торшалардың арасында «алаңдар» немесе бос орындар көрінеді. Симпластар (синцитий) – көп ядролық аз өмір сүретін торшалар вирустардың цитопатиялық әсерінің ерекше белгісі деп саналады, олар ЖИТС, қызылша инфекцияларына тән.

  3. зақымдалған торша ішіндегі вирустар гемадсорбция – Ргадс реакциясы арқылы анықталады. Вирустық компоненттер, оның ішінде эритроциттерді агглютинациялайтын гемагглютининдер зақымдалған торшаның мембранасына бекінеді. Сондықтан вирустармен зақымдалған торшалық суспензияға қосылған эритроциттердің 1% қоспасы торша мембранасына адсорбцияланады. Мұндай құбылыс тұмау, қызылша, шешек, аденовирустық және басқа инфекцияларда байқалады. Вирустармен зақымдалған торшалардың гемадсорбциялық қасиеті цитопатиялық өзгерістерден бұрын пайда болады, сондықтангемадсорбция реакциясын вирусты ерте анықтау үшін пайдалануға болады:

  4. бляшкалар әдісі, бұл вирустың цитопатиялық әсерін байқау модификациясы. Вирус әсерімен байланысты бір қабатты торша өсіндісінің дөңгелек сияқты бүліншегін бляшкалар деп атайды. Бұл әдісте бір қабатты торшаларды вирустардың аз концентрациясымен зақымдайды және торша бетіндегі вирустық бөлшектерін агармен ұстатады (фиксация), ал агарға витальді бояғыш – нейтральды қызыл қосылған. Бұл жағдайда вирустардың цитопатиялық әсері бір жерге топталған, ал өлген торшалар бояуды ұстау қасиетін жоғалтып түссізденеді. Соның әсерінен бір қабатты торшалардың мөлдір емес қызғылт фонында айқын бляшкалар пайда болады. Олар мөлдір, түссіз дөңгелек таңба сияқты болады. Полимиелит, шешек, қызылша және басқа да инфекцияларды анықтау үшін осы әдіс қолданылады:

  5. түрлі-түсті сынама тіндік торшаларды өсіру үшін қолданылады Игла, 199 орталар құрамында қоректік заттармен қатар индикатор – фенолрот болады, егер рН-7,4-7,6 дәрежесінде болса қызыл түсті береді. Қоректік ортада ұлғайып көбейген торшалар зат алмасуы нәтижесінде қышқыл заттарды бөліп шығарады. Бөл себептен қоректік ортаның рН 6,9-7,0 дейін төмендегеннен кейін индикатордың яғни қоректік ортаның түсі қызылдан сарыға өзгереді. Егер қоректік ортадағы торша өсіндісі және вирус – құрайтын материал бір мезгілде кіргізілсе вирустар торшаны зақымдап, дегенеративтік өзгеріс туғызады немесе торшалар жансызданады. Сондықтан метоболиттік процестер тоқталып рН өзгермейді және орта түсі қызыл болып қалады, яғни түрлі-түсті сынама нәтижелі болды деп саналады.



САЛЫСТЫРУ (ИДЕНТИФИКАЦИЯ)

Вирус түрін салыстырып анықтау жолы лаборатория жануарларында нейтралдау реакциясы арқылы жүреді, бірақ бұл әдіс сирек қолданылады. Бұл үшін экспериментальді жануар ағзасына зерттелетін вирус және вирус нейтралдайтын антиденелер бар түрлі спецификалық сарысу қоспасы әртүрлі әдісімен енгізеді. Егер жануарлар ауырмаса, онда вирустардың антиденелермен нейтралдауын байқатады. Белгілі спецификалық антиденелер арқылы вирустың типі анықталады.

Вирустың нозологиялық тәндігі, тауық эмбрионында бөлінген және РГА реакциясында білінген гемагглютинацияны тежеу реакциясымен (РГТА) анықталады. Гемагглютининдердің эритроциттерді агглютинациялау қасиетіне РГА реакциясы негізделген. Бірақ вирусты, құрамында вирусқа бекітілген белоктарды нейтралдайтын антиденелер бар иммунды сарысуымен алдын-ала қосып, кейін эритроциттерді қосса гемагглютинация реакциясы байқалмайды – эритроциттер «түйме» тәрізденіп шұңқыр түбіне тұнады. Бұл жағдай гемагглютинацияны тежеу реакциясын (РТГА) нәтижелі деп саналады. РГА – бұл физика-химиялық реакция, ал РТГА – иммунологиялық реакцияның бір түрі – нейтралдау реакциясы. РТГА реакциясын тек қана вирустың түрін анықтағанда емес, сондай-ақ вирус спецификалық антиденелерді және олардың титрін қан сарысуында айқындауға қолданылады.

Нейтралдау реакциясы торша өсіндісіндегі вирустың идентификациясын өткізгенде қолданылады:

  1. нейтралдау реакциясында түрлі-түсті сынама қолданылады. Түрлі-түсті сынаманы өткізу үшін белгілі компонент – торша өсіндісіне (Игла немесе 199 қоректік орта) және вирусты материал түріне спецификалық сарысу қолданылады. Вирустың бөліктері антиденелермен нейтралданса бұл реакция нәтижелі деп саналады. Тіндік торшалар вирустармен зақымданбай өмір сүруге бейім қалпында қалса, олардың зат алмасуынан қышқыл заттар пайда болады. Сондықтан қоректік ортада рН төмендейді және оның қызыл түсі сарыға ауысады:

  2. цитопатиялық әсерге байланысты нейтралдау реакциясы. Реакция компоненттері: бір қабатты торша өсіндісі, вирус құрайтын материал және белгілі түрге спецификалық сарысу. Вирустық антигендер антиденелермен нейтрализациялағанда тіндік торшалары бұзылмай қалады. Сондықтан, микроскопта цитопатиялық өзгеріс жоқ, мұндай реакция нәтижелі деп саналады.

  3. вирустарда «бляшка» әдісімен үқсастыру және оларды анықтау. Бұл әдіс цитопатиялық әсерлі нейтрализация реакциясының модификациясы болып табылады. Реакция нәтижелі болғанда – дегенеративтік өзгерістер – бляшкалар бір қабатты торшаларда болмайды:

  4. гемадсорбцияны тежеу реакциясында вирус нейтралдау антиденелер арқылы вирус түрлерін анықауға болады. Егер бір қабатты торшаларға зерттелетін вирус құрайтын материалды және белгілі түрге спецификалық сарысу енгізгеннен кейін қосылған эритроциттер тіндік торшалар бетіне адсорбцияланбаса, онда реакция нәтижелі деп саналады. Себебі, антиденелер вирустық бөліктерді нейтралдайды, тіндік торшалар зақымдалмайды және олардың сыртқы мембранасында вирустық гемагглютининдер жоқ. Сондықтан эритроциттер тіндік торшалардың мембранасында жиналмайды, гемадсорбция тежеледі. Теріс реакция кезінде антигендермен антиденелердің сәйкестігі болмағанда вирустар тіндік өсіндіні зақымдайды, торшалы мембранаға гемагглютининдер бекітіліп эритроциттер торша маңына жиналады.