Файл: ВИРУСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ, ҚҰРЫЛЫСЫ.docx

Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 2082

Скачиваний: 11

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Серологиялық зерттеу кезінде антиденелердің титрін анықтау үшін сырқаттың қан сарысуы екі рет 7-10 күн аралығында қайталап тексереді. Қайталап қан сарысуын зерттеудің қажеттілігі мынау: Вирусқа қарсы антиденелердің титрі бірінші рет зерттелген қанда вакцинация немесе ертеде болған жүқпалы аурумен байланысты болуы мүмкін. Егер инфекция динамикасында антиденелердің титрі жоғарыласа ол айтарлықтай дәлел. Антиденелердің титрін 4 есе жоғарылағаны вирустық инфекцияны дәлелдейді.

Серологиялық зерттеу жабдықтары: 1. зерттелетін қан сарысуы, яғни онда вирус нейтралдайтын антиденелерді анықтау; 2. белгілі вирус спецификалық антигендер немесе вирус бөліктері; 3. бұл биологиялық обьект одан жоғарыда көрсеткен зерттелетін қан сарысуының және белгілі вирус бөліктерінің өзара қатынасуын, яғни нейтрализация реакциясының нәтижесін көреміз. Обьект ретінде лабораториялық жануарлар, тауық эмбриондары және торша өсінділері болуы мүмкін. Оң реакция кезінде түрге спецификалық антиденелер, зерттелетін қан сарысуындағы вирустарды нейтралдайды, сондықтан:

    1. лабораториялық жануарлар ауырмайды, әрі өлмейді.

    2. тауық эмбриондары да патологиялық өзгеріссіз болмайды;

    3. бір қабатты торша өсіндісінде ЦПӘ, бляшкалар, гемадсорбция байқалмайды. Торша тіндік өсіндісінде интактілі болып қалады. Түрлі-түсті сынама торша суспензиясының өмір сүру бейімділігін дәлелдейді (қоректік ортаның түсі сары), зерттелген сарысуда табылған антиденелер вирустарды нейтралдайды.

Экспресс-диагностика. Бұл әдіс клиникалық материалды алғаннан кейін бірнеше сағат арасында жауап алуға мүмкіндік береді. Аурулардан алынған материалдан вирусты анықтауға болады. Экспресс әдістің негізі - клиникалық материалды зерттеу. Науқастан алынған материалдағы (қан, шырышты қабықтың жағындысы, үлкен және кіші дәрет) вирустарды сезімтал биологиялық жүйелер арқылы (торша өсіндісі, тайық эмбрионы, лабораториялық жануарлар) өсіріп көбейтудің қажеті жоқ.

  1. Электронды-микроскопиялық зерттеу (ЭМ). Бұл әдісті әдетті тәсілдермен өсіруге келмейтін (коронавирустар, ротавирустар, А және В гепатит вирустары) немесе типтік морфологиядағы (шешек вирусы) вирустарды анықтаған кезде ерекше бағалы. ЭМ пайдалануы мынадай жағдайлармен шектеледі, егер клиникалық материалда вирус бөлшектерінің концентрациясы 104-105 мл кем болмау керек. Ұқсас вирустарды ажыратып анықтауға электронды-микроскопиялық әдіс қолданылмайды.

  2. Иммунды электронды-микроскопиялық әдіс (ИЭМ). Вирус бөлшектерімен антиденелердің байланысқанында иммунды комплекстер пайда болады. Оларды центрифуга арқылы тұнбаға түсіреді. Электронды-микроскоппен зерттегенде вирустардың жиынтығы көрінеді, ал антиденелер айқын көрініп тұрмаған соң байқалмайды. Белгілі түрге спецификалық антиденелер арқылы иммунды комплекстегі вирустарды анықтауға болады.

  3. Жарықты микроскоппен зерттеу. Бұл әдіс басқалар мен салыстырғанда сирек қолданады. Ірі шешек вирусын Морозов әдісімен боялған микропрепаратта көруге болады. Бұл әдіспен Романовскии-Гимзе және басқа әдістермен боялған гиспопрепаратты клетка ішіндегі қосындылар анықталады. Мысалы: зақымдалған нейрондарда Бабеш-Негри денешіктерін осы әдістермен бояғанда байқалады.

  4. Иммунофлюоресценция реакциясы – РИФ көптеген вирус инфекцияларының экспресс-диагностикасының бірден бір әдісі. Себебі, люминесцентті микроскоптың кең қолдануы, реакция техникасының қиын еместігі, әдістің жоғары сезімталдығы. РИФ немесе Кунс реакциясының негізін флюоресцентиоционат (ФИТЦ) немесе басқа флюорохромдардың антиденелерімен химиялық комплекс байланысуы, ФИТЦ-пен химиялық байланысқан антиденелер (иммунды сарысулардың құрамында) иммунологиялық ерекшелігін сақтайды және белгілі антигендермен өзара байланысқа түседі. Антигендер мен антиденелердің комплекстерін микропрепаратты сары-жасыл жарық арқылы люминесценттік микроскоппен өте оңай анықтауға болады.


А) иммунофлюоресценцияның түзу реакциясы – зерттелген антигендерге қарсы иммунофлюоресценттік сарысулар пайдаланылады

Б) РИФ түзу емес реакциясы – екі түрлі сарысулар пайдалануға негізделген. Басында зерттелетін антигенге қарсы флюоресценттік емес антиденелер қолданады, ал реакцияның екінші кезеңінде пайда болған антиген – антиденелер комплексін ФИТЦ-пен байланысқан антисары су қосылады. Бұл ФИТЦ-пен байланысқан сарысу (түрге қарсы сарысу) құрамында реакцияның бірінші кезеңінде қолданған флюоресценттік емес антиденелерге немесе гамма-глобулиндерге қарсы анти-антиденелер болады.

Егер, РИФ бірінші кезеңінде қолданған антисары су қойлардан иммунизация арқылы алынса, екінші кезеңінде қолданатын түрге қарсы сарысу дайындау үшін қойдың гаммаглобулиндерімен басқа түрді ажыратады (үй қояны, есек және т.б.) иммунизациялайды. Түрге қарсы сарысу құрамындағы антиденелер ФИТЦ-пен химиялық байланысқан. Сонымен зерттелген антигендерді екінші қабатпен антиглобулиндер жабады (бірінші қабат - флюоресценттік емес антиденелер, олар антиглобулиндері бар сарысуға антиген ретінде болады). Реакция нәтижесінде люминесценттік микроскопта антиген-антидене-анти-антиденелер комплекстері көрінеді. Егер иммунофлюоресценцияның түзу реакциясында әрбір вирус антигендеріне қарсы дереу антисарысуларды ФИТЦ-пен химиялық байланыстыру керек болса, ал түзу емес реакциясында флюорохром тек түрге қарсы сарысумен байланысқан.

РИФ техникасы:

А) реакцияның түзу варианты. Мысалға, респираторлы вирус инфекциясында вируспен зақымдалған торшаларды назофарингиальді секреттен алуға болады. Назофарингиальді секреттегі торшаларды сұйықтан бөліп алып фосфатты буферлі ерітіндімен шаяды. Торша тұнбасына фосфатты буферлі ерітіндісінің бірнеше тамшысы қосылады содан 3-4 жұғын-препаратты дайындайды. Жұғындыларды ауада кептіреді әрі ацетонмен бекітеді. ФИТЦ-пен бекітілген құрамында вирусқа қарсы антиденелер бар сарысудың жұмысты ерітіндісімен препаратты бояйды. Термостатта 30мин. экспозициядан кейін препаратты 3 рет фуцермен, содан соң бір рет дистилденген сумен шаяды. Препарат люминесцентті микроскоппен зерттеледі. Оң реакцияда препарат сары-жасылмен жарқырайды, теріс реакцияда жарқырамайды.

Б) түзу емес реакция варианты. Дайындалған жұңынға құрамында вирустарға қарсы антиденелері бар сарысу тамызады, 30 мин соң экспозиция, ФБР-мен және дистилденген сумен шаяды, оның үстіне ФИТЦ-пен байланысқан антисарысу тамызады.

  1. Иммуноферментті анализ – ИФА, антигендер мен спецификалық антиденелердің қатынасына негізделген. Реакцияда ферменттермен белгіленген вирустарға қарсы немесе түрге қарсы антиденелер пайдаланылады. Антигендер және ферменттер байланысқан антиденелер комплекстері спецификалық субстрат (хромоген) арқылы анықталады. Түссіз хромоген ферментпен байланысып бояулы жағдайда өтеді.




Антигендер+ антиденелер (фермент)+ хромоген= бояу.

Антигендер+ антиденелер комплекстерінің саны материалдың боялуының дәрежесіне тура пропорциональді.

Реакцияның бірінші компоненті – антиген, қатты фазаға тұнады. Полистирольды пластинкалардың тегіс түбін қатты фаза деп атайды. Арнайы буфер ерітінділерді инкубациялағанда антиген электростатикалық күш әсерімен қатты фазаға адсорбцияланады.

Пероксидаза, сілтілі фосфатаза, цитохром С және басқа ферменттер антиденелерді белгілеу үшін пайдаланылады. Ферменттер байланыстын субстрат ретінде хромогендер – ортофенилендиамин, ортотолуидин, бензидин және басқа түрлері қолданылады.

ИФА әдістерінің ішінде түзу және түзу емес РИФреакцияларына ұқсас варианттар жиі пайдаланылады.

ИФА-ның тура вариантында белгісіз зерттелетін антигендерге қарсы ферментпен байланысқан антиденелер қолданылады:

зерттелетін антигендер+ антиденелер(фермент)+ хромоген.

ИФА-ның түзу емес вариантында, керісінше, белгілі антигендер, белгілі ферментпен байланысқан түрге қарсы сарысу және зерттелетін сарысу (бұдан вирус нейтралдау антиденелер анықталады);



Белгілі анти- науқастың зерттелетін ферментпен белгіленген

гендер + сарысуы + иммуноглобулиндеріне + хромоген

қарсы антиденелер (түрге

қарсы антиденелер)



ЖИТС диагностикасында қолданылатын ИФА-ның техникасы (түзу емес вариант);

Реакция компоненттері:

  1. аурудың зерттелетін сарысу

  2. полистиролдық микропланшеттер, олардың шұңқырларында алдын-ала вирусты антигендер адсорбцияланған.

  3. пероксидазамен белгіленген антиглобулиндық (түрге қарсы) сарысу құрамында АИВ-ге қарсы антиденелер бар және құрамында АИВ-ке қарсы антиденелері жоқ сарысулар.

  4. ортофенилдиамин

  5. фосфатты буферлі ерітінділер, твин-20 – шұңқырды шаю үшін керек.



Реакция өткізу техникасы:

  1. Полистиролдық микропланшеттің шұңқырларына аурудың зерттелетін сарысуы құйылады. Экспозиция 1-2 сағат 370С.

  2. Иммунологиялық реакцияда байланыспаған зерттелетін сарысудағы антиденелерден шұңқырларды шайып алу.

  3. Пероксидазамен байланысқан адамның гаммаглобулиндеріне қарсы, түрге қарсы сарысу құрамындағы антиденелерді енгізу.

Экспозиция 2 сағат 370С.

  1. Байланыспаған конъюгатты шаю.

  2. Ортофенилдің ерітіндісін енгізу, инкубация 30 мин. қараңғыда, 18-200С. Инкубация процесі кезінде пероксидазаның химиялық әсерінен ортофенилдиамин қоңыр түске боялады.

Нәтижесі оң сарысу қосылған ерітінді осы сияқты болады.

Нәтижесі теріс сарысу қосылған ерітінді боялмайды.

6. РИА – радиоиммунды анализ. Антиденелерді, антигендерді радиоактивтік изотоптармен таңбалайды (йод131, 135, сутегі – Н3, көміртегі – С14). Радиоактивті таңбалы антигендер-антиденелер комплекстері арнайы радиоактивті есептегіш арқылы анықталады. Клиникалық сынақта зерттелетін антигендердің немесе антиденелердің мөлшері радиоактивтікке тура пропорцианальді. Радиоиммунды анализді РИФ-пен салыстырғанда жоғары, ал ИФА реакциясымен тең түседі. Ал бұл реакцияның (РИА) кемшілігі белгіленген компоненттердің тұрақсыздығы, биологиялық қауіптілігіне және радиоактивті есептегіш қолдану керектігіне байланысты.




Иллюстративті материал

Бактериофагтың бактерияның жасуша қабырғасымен байланысы

Бактериофагтың бактерияның жасуша қабырғасымен байланысу кезеңдері



17