Файл: 1 билет. Мата иіру ндірісіні технологияcын жобалау этаптары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 58
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 билет.
Мақта иіру өндірісінің технологияcын жобалау этаптары
Мақта талшықтарын және оның химиялық талшықтармен қоспасын өңдеуге арналған мақта иіру өндірісінде, иірудің төрт жүйесі қолданылады – кардты, тарақты, меланжды және аппаратты. Иірудің меланжды жүйесінде иірімжіптерді сұрып және боялған талшықтар немесе әртүрлі түсті талшықтар қоспасынан өндіреді. Иірудің аппаратты жүйесі бойынша сызықтық тығыздығы жоғары төмен сортты мақтадан және қалдықтардан иірімжіптерді өндіреді. Иірудің кардты жүйесінде талшықты материалдарды тарау, қалпақшалы кардты тарау машинасында, ал өнімнің жұқаруы – созу аспаптарында жүзеге асырылады. Иірудің тарақты жүйесінде талшықтарды тарау мерзімді қозғалыстағы қалпақшалы кардты тарау және тарақты тарау машиналарында, ал өнімнің жұқаруы – созу аспаптарында жүзеге асырылады. Таза жүн және талшықтардың жартылай жүнді қоспасын өңдеуге арналған жүн иіру өндірісінде иірудің үш жүйесін қолданады – аппаратты, тарақты және жартылай тарақты. Иірудің аппаратты жүйесінде талшықтарды тарау – білікті кардты тарау машиналарында, ал жартылай дайын өнімді жұқарту, бөлу әдісімен – кардты тарау аппараттарының созба кареткаларында және созу – иіру машиналарында жүзеге асырылады. Зығыр иіру өндірісінде шикізат қасиеттеріне және иірімжіптің белгілеуіне байланысты, оны иірудің әртүрлі жүйесі бойынша өндіріледі: ұзын зығырды иіру жүйесі, тарамды, тарамды-тарақты және аппаратты. 7 Барлық талшықтардың түріне арналған иіру өндірісінің құрылымы бірдей болып келеді. Иіру өндірісі үш негізгі кезеңнен тұрады: - иіруге текстиль талшықтарын дайындау – таспаны дайындау; - алдын-ала иіру – созбаны дайындау; - иіру – иірімжіпті дайындау. Матаның немесе трикотаж жаймаларының басты элементіне жіп жатады. Құрылымы бойынша текстиль жіптерін иірімжіпке, комплексті жіптерге және моножіптерге бөледі. Бұл жіптерді бастапқы деп айтады. Иірімжіп дегеніміз – салыстырмалы қысқа талшықтардан тұратын, ширату немесе желімдеумен байланысқан және белгілі төзімділігі мен тегістілігі бар, белгісіз үлкен ұзындықтағы және аз көлденең қималы жіптерді айтады. Иірімжіптер қарапайым, фасонды, әрмірленген болып бөлінеді.
Тоқымашылық станоктарында қолданылатын Ремизкалардың атқаратын ролі
Ремизка - тоқу станогында күзудің қалыптасуына арналған. Әр ремизка галев кигізілген рамалардан тұрады. Галев металды немесе жіпті болып келуі мүмкін. Галевтің көзшелері болады, осы көзшелер арқылы негіз жіптер өтеді. Көзшелердің өлшемдері және формасы тоқылатын матаның түріне және негізгі жіптің сызықтық тығыздығына тәуелді болып келеді. Ремизкалардың жалпы саны, мата өрімінің раппортына, сабақтау 64 түріне және негіз бойынша 1дм-гі жіптер санына байланысты болып келеді.
Мата тоқу станогында тоқылады. Негізгі жіптер, тізбеорауыштан 1 тарқатылып, оқтаудан 2 ламель 3 саңылауларынан өтіп, 5 және 6 ремизкаларға қарай бағытталады. Әр негізгі жіп бір ремизканың галева көзшелерінен 4 өтеді, одан кейін бердоның 7 екі тістерінің арасынан өтеді. Бір ремизканың көзшелері арқылы өтетін негізгі жіптердің бір бөлігі, оқтынды қозғалады немесе орнында қалады, ал екінші ремизканың көзшелерінен өтетін негізгі жіптердің екінші бір бөлігі, бұл уақытта төмен түседі. Негізгі жіптер арасында пайда болатын кеңістік, күзу деп аталады. Күзуге жеке пластиналардан 9 тұратын бағыттаушы канал бойынша жіп төсегіш 8 көмегімен арқау жібі төселеді. Батанның 15 брусына бекітілген бердо 7 көмегімен, арқау жіп мата шетіне 10 қосылады. Батан алдыға және артқа қарай тербеледі. Алынған мата, матаға арналған тіректі 11, бағыттағыш төстемір 12, вальянды 13, бағыттағыш білікті айналып, тауарлы білікке 14 оралады
Вариация коэффициентін анықтаңыз: егер мақта талшықтарының ұзындықтары (мм): У1 = 47, У2 = 45, У3 = 48, У4 = 49 болса.
2 билет.
Мақта өндірісінде пайдаланатын иірімжіп ассортименті және талшықтар түрлері
Тоқымашылық станоктарында қолданылатын Ламель қызметі
Тоқыма станогының түсіру бөлшектеріне – ламель, ремизка және бердо жатады.
Ламель – негіз жіптің үзілуі кезінде станокты тоқтатуға арналған негіздерді бақылайтын бөлшек. Ламель екі саңылауы бар болатты пластина түрінде болады. Ламельдің өлшемдері және оның салмағы негіз жіптердің сызықтық тығыздығына байланысты болып келеді.Ламель жіп үзілген жағдайда станокты автоматты түрде тоқтатады. Арқауды дайындағанда иірілген жіп пен жіптерді катоктан, орамадан немесе бобинадан арнайы арқаулық ағаш шпульге түсіреді.
Талшықтардың беріктігін анықтағанда үзу салмағы мынандай болады: 5,0; 5,3; 4,8; 4,9; 6,1; 5,7; 5,4; 5,3; 6,0; 5,5 сН. Үзу салмағының орташа мәнін және беріктігі бойынша біркелкі еместігін анықтау қажет.
3 билет.
Иіру жүйелерінің технологияларының ерекшеліктері
Иіру жүйесі иірімжіп өндірісінде қолданылатын технологиялық процестердің және машиналардың жиынтығы арқылы анықталынады. Иіру жүйесін талшықты материалдарды тарау әдісі бойынша (кардты тарау немесе тарақты тарау) және талшықтардың ағынын жұқарту әдістері бойынша (бөлу немесе созу) топтайды. Мақта талшықтарын және оның химиялық талшықтармен қоспасын өңдеуге арналған мақта иіру өндірісінде, иірудің төрт жүйесі қолданылады – кардты, тарақты, меланжды және аппаратты. Иірудің меланжды жүйесінде иірімжіптерді сұрып және боялған талшықтар немесе әртүрлі түсті талшықтар қоспасынан өндіреді. Иірудің аппаратты жүйесі бойынша сызықтық тығыздығы жоғары төмен сортты мақтадан және қалдықтардан иірімжіптерді өндіреді. Иірудің кардты жүйесінде талшықты материалдарды тарау, қалпақшалы кардты тарау машинасында, ал өнімнің жұқаруы – созу аспаптарында жүзеге асырылады. Иірудің тарақты жүйесінде талшықтарды тарау мерзімді қозғалыстағы қалпақшалы кардты тарау және тарақты тарау машиналарында, ал өнімнің жұқаруы – созу аспаптарында жүзеге асырылады. Таза жүн және талшықтардың жартылай жүнді қоспасын өңдеуге арналған жүн иіру өндірісінде иірудің үш жүйесін қолданады – аппаратты, тарақты және жартылай тарақты. Иірудің аппаратты жүйесінде талшықтарды тарау – білікті кардты тарау машиналарында, ал жартылай дайын өнімді жұқарту, бөлу әдісімен – кардты тарау аппараттарының созба кареткаларында және созу – иіру машиналарында жүзеге асырылады. Зығыр иіру өндірісінде шикізат қасиеттеріне және иірімжіптің белгілеуіне байланысты, оны иірудің әртүрлі жүйесі бойынша өндіріледі: ұзын зығырды иіру жүйесі, тарамды, тарамды-тарақты және аппаратты. 7 Барлық талшықтардың түріне арналған иіру өндірісінің құрылымы бірдей болып келеді. Иіру өндірісі үш негізгі кезеңнен тұрады: - иіруге текстиль талшықтарын дайындау – таспаны дайындау; - алдын-ала иіру – созбаны дайындау; - иіру – иірімжіпті дайындау. Матаның немесе трикотаж жаймаларының басты элементіне жіп жатады. Құрылымы бойынша текстиль жіптерін иірімжіпке, комплексті жіптерге және моножіптерге бөледі. Бұл жіптерді бастапқы деп айтады. Иірімжіп дегеніміз – салыстырмалы қысқа талшықтардан тұратын, ширату немесе желімдеумен байланысқан және белгілі төзімділігі мен тегістілігі бар, белгісіз үлкен ұзындықтағы және аз көлденең қималы жіптерді айтады. Иірімжіптер қарапайым, фасонды, әрмірленген болып бөлінеді.
Тоқу станогының батан механизмінің қызметі
Батан кайыктын кузу аркылы ушып өтуі ушін багытаушы кызметін аткарады. Сонымен катар ол бердонын кемегімен ол кузуге енгізілген аркау жіпті ондірілген мата жиегіне соккылайлы.Батан калпакшалары шылбырмен басты біліктін иінінімен байланыскан.ӘдеттеАлДЫНғЫ куйде батанды орнату барысындағыдай шылбыр узындыгын да өзгертуге болады.
Басты біліктін айналуы барысында батан шылбыр аркылы тербелмелі козгалыс алады. Батан мата жиегінен бастан козгалганда ашық кузу аркылы аркау жіпгі сала отырып кайык ушып етеді. Ал мата жиегіне карай козгалганда бердо сол багытта аркау жітті орналастырып, мата жиегіне карай согады. Кайыктын ушып отуі барысында бердо жэне батан склизі онын багьтаушысы ретінде кызмет аткарады.Батан бөренесінін ушында кайыкты тежеуші жане оны корапшада орнатуы жазык серіппе есебінде болатын клапанды кайыкты корапша орнатылган. Кайыкты корапты негіздемесі ретінде шойынды склиз, ал жанама кабыргасы ретінде – алдынғы жэне арткы щечкалар болыш табылады.Батаннын жумыс істеуі барысында келесі шарттар камтамасыз етілуі кажет:Кузу аркылы кайыктын ушуы барысындагы батан козгалысынын аса темен козгалысы; әрбір аркаушанын мата жиегіне баяу жане сол уакытта энергиялы енгізбесі;Батаннын баяу козгалысы, ягни, станоктын турактылыгына зиянды эсер етуші сілкімесіз:Станоктын кажетті онімділігін алу ушін батан соккысынын жеткілікті саны.
Батан механизмі өз кезегінде 4 буынды болып табылады: онын бір буыны - батан калакшасы, екіншісі - батан жургізбесі,ушіншісі - басты білік иіні жэне төртіншісі - станок осты. Батан механизміндегі буындар аракатынасын өзгерте отырып, белгілі жағдайда батан козгалыс сипатын бірнеше шамага езгертуге болады.
Талшықтарының ұзындықтары (мм): У1 = 43, У2 = 45, У3 = 41, У4 = 52. Анықтаңыз: орташа мәнді Уорт және стандартты ауытқуды S.
4 билет.
Мақта талшығын тарау технологиясын жобалау этаптары
Мақтаның, жүннің, таза жібектің ұзын талшықтарын тарау әдісімен өндеген ыңғайлы. Бүл жіңішке, біртекті, тығыз және тегіс иірілген жіп алуға мүмкіндік береді. Мактаның, жүннің қыска талшыктарын аппаратты әдіспен 41 өңдеп жуан, болбыр, жуандығы әртүрлі үлпілдеген жіп алады. Иіру үрдісінің негізгі операциялары талшықтарды қопсьггу және түту, тарау, тегістеп созу, иіруге дайындау және иіру. Жіп иіру фабрикаларында талшықтар нығыздалып, 170-250 кг бума болыті келеді. Талшықты копсыту және түту, иірудін, барлық үш әдісінде де жүргізіледі. Талшықтың нығыздалған массасын үлпілдек етіп қопсытады да, қиқым-қоқыстардан біршама тазартады. Металл пластинкалардың созылуы салдарынан копсытатын және түтетін машиналардың әрекетінен нығыздалған талшыктардың үлпектері босап, мамыққа айналады. Тарағанда ішіндегі қоспалардан түгелдей тазарады да үлпектер белек талшықтарға жіктеледі. Щөткелі және аппаратты әдістерде шөткемен тарағанда талшықтар өткір, жіңішке металл инелері бар екі тақта ортасынан кардотаспа өткізіліп, шөткемен тарау әдісінде талшықтың таралған жұқа қабаты воронка арқылы есілген таспа талпіықгарға айналады. Аппаратгы әдісте таралған кенеп, белдікті бөлгішпен өте көп жолақтарға ажыратылып аздап ширатылған, тегіс бұрым тәрізді есілген талшықтарға айналады. Тарақгы әдісте талшықтар тарау машиналарында тағы да таралады да, қысқаларынан ажыратылып, тек ұзын талшықгардан ғана таспа түзіледі. Бөлінген қысқа талшықтар аппаратты әдіспен иіріледі. Бұл жіп жуан, әрі бірқалыпты болмай шығады.
Тоқу станогынан шығатын матаның ақауы
Матаның беттік толтырылуын анықта, егер желі жібі 16 текс, арқау жібі 24 текс, тығыздығы желі бойынша 185, арқауы бойынша 275 болса. Жіптің көлемдік салмағы 0,9 мг/мм3.
5 билет.
Иіру өндірісінің технологиясындағы таспа алу, созба алу, иірімжіп алу процесстері
Таспа машиналары сызықтық тығыздығы және құрамы бойынша өнімді тегістеу мақсатымен созу аспабында өнімді жіңішкертуге бірнеше таспаларды қабаттауға және таспамен астауды, тікиіршікті қалыптастыруға арналған. Мақта иіру өндірісінде әртүрлі маркалы таспа машиналары қолданылады.
Созба машинасының тапсырмасы – таспадан жіңішке, жеңіл, ширатылған өнім – созбаны және собықты қалыптастыру. Созба машиналарында созу, ширату, орау және қабаттау жүзеге асырылады. Мақтаны иірудің тарақты жүйесінде жіңішке иірімжіп өндірген кезде созба машиналарының екі ауысымы қолданылады: бірінші ауысымда созба өндіреді, ал екінші ауысымда – жіңішке, тегіс, екі созбаны қабаттап созба өндіреді.
қозғалуын қамтамасыз етеді. Созу аспабынан шығатын жіңішкерген созба ширатылады және иірімжіпке 6 айналады. Иірімжіп үзілген кезде жіңішкерген созба, 14 жіңішкерген созбаны тартып алғыштық 14 саңылауына тартып жетеленеді. Машинадағы ширату және орау, бір уақытта ширату – орау механизмі арқылы жүзеге асырылады. Ширату – орау механизмі, жылдам айналатын ұршықтан 9, сақинадан 7 және жүгіртпеден 21 тұрады. Сақиналар иірімжіпті төсей отырып, собықтың конус бойымен қайтымдыүдемелі қозғалыс жасайтын сақиналы планкаға 20 бекітілген. Ұршық, жетекті 10 барабанды жанап өтетін 11 тоқыма бау арқылы қозғалысқа келеді. Бір тоқыма бауымен машинаның бір жағындағы екі ұршық қозғалысқа және басқа жағындағы да екі ұршық қозғалысқа келеді. Иірімжіп жүгіртпе астына сабақталады және собыққа оралады, осының нәтижесінде жүгіртпе сақина бойымен айналады, бірақ ұршықпен салыстырғанда төменгі жылдамдық арқылы жүгіртпенің және ұршық айналымдарының жиілік ерекшеліктері, иірімжіпті орау шарттарының бірі болып табылады. Иірудің әр жүйесінде иірімжіпті иірудің белгілі жоспары бойынша дайындайды. Иіру жоспары дегеніміз – жартылай дайын өнімнің сызықтық тығыздығы туралы мағлұматтар, созу және берілген қасиеттері 22 бар иірімжіпті өндіру кезіндегі қабаттар саны. Иіру жоспары машинаның жылдамдық режимі ширату туралы мағлұматтармен толықтырылады. Иіру жоспары иірімжіптің сызықтық тығыздығы, оның белгілеуіне және өңделетін шикізаттың қасиеттеріне байланысты бекітіледі.