ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 1359
Скачиваний: 3
Қазақстан Республикасында "электрондық Үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығы
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрi сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ETEMIH:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң әкiмшiлiгіне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкiметiне жүктелсiн.
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 10, 108-құжат; 2003 ж., N 44, 472-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004
жылғы 10 қарашадағы
N 1471
Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында
"электрондық үкiмет"
қалыптастырудың
2005-2007 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК
БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2004 жыл
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның
Қазақстан Республикасында "электрондық
үкiмет"
атауы
қалыптастырудың
2005-2007 жылдарға арналған
мемлекеттiк
бағдарламасы
Әзiрлеу
үшiн
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Бәсекеге
негiз
қабiлеттi Қазақстан
үшiн, бәсекеге қабiлетті
экономика үшiн,
бәсекеге қабiлеттi халық
үшiн"
атты 2004 жылғы 19
наурыздағы Қазақстан
халқына Жолдауы
Әзiрлеушi
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
көрсетулерге жылдам
әрi сапалы қолжетiмдiлiгiн
қамтамасыз ету,
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды кеңiнен қолдану
жолымен
Міндеттері
Мемлекетке,
азаматтар мен ұйымдарға
ақпараттық
қоғам жағдайында жұмыс істеуге
мүмкiндiк
беретiн нормативтiк құқықтық
және әдіснамалық
база құру;
мемлекеттік органдардың
электрондық қызмет
көрсетулерiн қалыптастыру және
дамыту;
"электрондық үкіметтің"
қызмет көрсетулерiне
қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету,
ақпараттық
теңсіздікті жою және
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар саласында бiлiм
деңгейiн көтеру
жөнiнде жұмыстар
ұйымдастыру;
e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық
құрамдас
бөлiктерiн қалыптастыру және
мемлекеттiк
органдардың ақпараттық
инфрақұрылымын
оңтайландыру;
"электрондық үкiметтің"
ақпараттық
инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз
ету
Iске асыру
2005-2007 жылдар
мерзiмi
Қаржыландыру.
Бағдарламаны іске асыруға 2005-2007
жылдары
дың
қажетті
республикалық бюджеттен (мемлекеттiк
органдардың
ресурстары
мен
бірыңғай көліктік ортасын құруға
арналған 31,9
көздерi
млрд. теңге көлемiндегі шығынды қоса
алғанда),
51,9 млрд. теңге көлемiнде бөлiнетiн
қаражат
берiлетiн болады, оның iшiнде 2005 жылға
- 4,5
млрд. теңге, 2006 жылға - 25,3 млрд.
теңге,
2007 жылға - 22,1 млрд. теңге;
ақпараттандыру жөнiндегi бағдарламаларды
iске
асыратын жергiліктi бюджеттердің
жылына шамамен
150,0 млн. теңге көлемiндегi қаражаты;
жекеше
инвестициялар, халықаралық және
отандық қаржы
ұйымдарының гранттары
Күтiлетiн
Бағдарламаны iске асыру
нәтижесiнде:
нәтижелер
мемлекеттiк органдардың әкiмшілiк
рәсімдерін
оңтайландыру үшiн жағдайлар жасалатын
болады
және ақпараттық жүйелер мен
мемлекеттiк
ресурстарды ықпалдастыру жүзеге
асырылады;
мемлекеттiк органдардың бірыңғай
қорғалған
мультисервистiк көліктік ортасы
ұйымдастырылатын
болады. Жоба iске асырылғаннан
кейiнгi 8 жылдың
iшiнде бюджеттiк қаражатты үнемдеу
есебінен
инвестицияларды қайтару болжанып
отыр;
мемлекеттiк органдарды ақпараттандыруға
арналған
шығыстар оңтайландырылатын
болады;
2005 жылдың iшiнде мемлекеттiк органдар
ұсынатын
қызмет көрсетулердің 15 %-ы электрондық
нысанда
iске асырылатын болады;
мемлекеттiк қызмет көрсетулер
уақыты
қысқартылады;
2006 жылы мемлекеттiк органдардың
бiрыңғай
электрондық құжат айналымы жүйесiн
енгiзуi
аяқталады;
2007 жылдың аяғына қарай:
"электрондық үкiметтің" базалық
құрамдас
бөлiктерi құрылатын болады, оған
e-Үкiметтiң
порталы мен шлюзi, "төлем шлюзi",
ұлттық
сәйкестендiру жүйесi, мемлекеттік
органдардың
бірыңғай көлiктiк ортасы,
жүйеқұраушы
деректер базасы жатады;
ұлттық сәйкестендiру жүйесін құру
шеңберінде
азаматтың жеке басының куәлiгiнiң
нөмiрiн,
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн,
азаматтың
әлеуметтік жеке код және
басқаларын
бiрiктiретiн сәйкестендiру нөмiрлерi
жүйесін
қолданысқа енгiзуге көшу жүзеге
асырылатын
болады;
мемлекеттiк органдардың электрондық
қызмет
көрсетулеріне неғұрлым кең
қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз ету мақсатында кемiнде
50 арнаулы
пункт құрылатын болады;
25 интерактивтi қызмет көрсетулер
ұсынылатын
болады, сондай-ақ транзакциялық
қызмет
көрсетулердi iске асыру үшiн жағдай
жасалады,
мемлекеттiк органдардың электрондық
қызметтерiн
пайдаланатын азаматтар мен ұйымдардың
үлесi 2-3
есеге ұлғайтылады;
ұлттық бiрегейлендiру жүйесi құрылатын
болады,
Қазақстан Республикасының
экономикалық белсендi
халқының 15-18 %-ы
смарт-технологиялар
негiзiнде жаңа үлгiдегi жекебас
куәлiктерiн
алады;
мемлекеттiк органдардың ақпараттық
жүйелерi мен
ресурстарын тиiмдi қорғау қамтамасыз
етiлетiн
болады;
салық төлеушiлер мен фискалды
органдардың өзара
iс-қимыл рәсiмдерiн жеңiлдету есебiнен
салықтар
мен бюджетке төленетiн өзге де
мiндеттi
төлемдердi жинау
ұлғайтылады;
пайдаланушылардың компьютерлiк
бiлiмдiлiк
деңгейiн 2004 жылмен салыстырғанда
Қазақстанның
кәмелетке толған жұртшылығы санының
26,5%-ына
көтеру жоспарланып
отыр;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 18
ақпандағы N 168 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан
Республикасының телекоммуникациялар
саласын
дамытудың 2003-2005 жылдарға
арналған
бағдарламасын iске асыру шеңберiнде
қоғамдық
қолжетiмдi пункттер үшiн арнайы
тарифтер
белгiленiп, оны одан әрі 2 eceгe төмендету
үшiн
жағдайлар жасау
жоспарлануда;
тұрғыны 50 адамнан асатын 7523 ауылдық
елдi
мекеннiң барлығына телефон орнатып,
телефонның
жиiлiгiн 100 тұрғынға шаққанда 9
телефонға
дейiн жеткiзу жоспарлануда;
2007 жылдың аяғына қарай Интернетке
қосылған
мектептер санын 100 %-ға жеткiзу
жоспарланып
отыр;
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
саласындағы бiлiм деңгейін көтеру
шеңберiнде
мектептердегi 1 компьютерге шаққанда
оқушылар
санын 54-тен 36-ға дейiн төмендету,
қашықтан
оқыту спутниктiк арнасына қосылған
мектептер
санын 8,7%-дан 20,8%-ға ұлғайту
жоспарланып
отыр.
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасында
"электрондық үкiмет" қалыптастырудың
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн,
бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн,
бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты
2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан
халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8
маусымдағы отырысында N 9 хаттамамен
мақұлданған Қазақстан Республикасындағы
"электрондық үкiмет" тұжырымдамасының
ережелерi ескерiле отырып әзiрлендi.
Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық
үкiмет" арқылы - прогрессивтi ақпаратты
Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы
алынды.
Қазақстанда
"электрондық үкiметтi" қолданысқа
енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар
мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер
сапасын жақсартуға және мерзiмiн
қысқартуға, мемлекеттiк органдар
қызметiнiң ақпараттық базасына
қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта
әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып,
құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы
мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған.
"Электрондық үкiмет" құрудың басты
басымдықтары Интернет-байланысқа
қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету,
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ
мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту
жүргiзу болып табылады.
Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi
қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге
технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу
көзделетiн болғандықтан, "электрондық
үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк
басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға
мүмкiндiк бередi.
әлемдiк тәжірибенi талдауды ескере
отырып, Қазақстанда "электрондық
үкімет" құрудың ұзақ мерзiмдi болашағы
бар және ол үш кезеңде iске асырылатын
болады.
Бiрiншi кезең
"электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын
құру. Аталған кезең шеңберiнде осы
Бағдарламаны iске асыру "электрондық
үкiметтiң" шлюзi мен порталы, банк
жүйесiмен өзара iс-қимыл үшiн "төлем
шлюзi", ұлттық бiрегейлендiру жүйесi,
мемлекеттік органдардың бiрыңғай
көлiктiк ортасы, орталық және жергiлiктi
атқарушы органдардың ведомствоаралық
және үлгілiк жүйесiн құру мен дамыту,
сондай-ақ электрондық қызмет көрсетулерге
қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi
іс-шаралар жүргiзу, ақпараттық теңсiздiктi
жою және ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар саласында бiлiм көтеру
жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру сияқты
базалық құрамдас бөлiктердi құруға
бағытталатын болады.
Осы кезеңде Бағдарламаны iске асыру
шеңберiнде ақпараттық және интерактивтiк
қызмет көрсетулер жоспарлануда.
Екінші кезең - "электрондық үкiметтің"
сервисiн дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы
мен мемлекеттік органдардың жұмыс
істеуінің барлық саласын қамтитын сан
алуан сервистердi дамытуға, сондай-ақ
әкiмшiлiк процестерге кең ауқымды
технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге
бағытталатын болады. Осы кезеңде
транзакционды қызмет көрсетулер iске
асырылатын болады.
Үшiншi кезең - ақпараттық қоғам құру
e-медицина, e-бiлiм, e-мәдениет, е-демократия
және басқалары сияқты жобаларды iске
асыруды қоса алғанда мемлекеттік
органдар мен ұйымдардың қызмет
көрсетулерiн трансформациялауды,
ақпараттық қоғам құруды көздейдi.
Осы Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi
кезеңiнiң аяқталу қортындысы бойынша
Қазақстан Республикасы Үкiметi республикада
"электрондық үкiметтi" дамыту
жөніндегі бағдарламалық құжатты одан
әрi әзiрлеу туралы шешiм қабылдайтын
болады.
Осы Бағдарламада
жағдайлар жасауға және "электрондық
үкiметтiң" мүмкiндiктерiн тиiмдi
пайдалануға бағытталған шаралар
көзделедi, олар мынадай шешушi сәттерге
шоғырландырылатын болады:
1) "электрондық үкiмет" пен оны
пайдаланушылардың жұмыс iстеуiн реттейтiн
нормативтік құқықтық базаны дамыту.
Бұл тұрғыда "электрондық үкiмет"
құру мемлекеттiк қызмет көрсетулер
регламенттерiн талдауды көздейдi, мұның
өзi әкiмшiлiк рәсiмдерге технологиялық
қайта жабдықтау жүргiзу мен мемлекеттiк
басқару жүйесiн жаңғырту тетiктерiнiң
бiрi болып табылады;
2) халықты "электрондық үкiмет"
мүмкiндiктерiне тарту, яғни бiлiм алу және
ақпарат теңсiздігін еңсеруге, электрондық
iс-қимыл рәсiмдерiн орындау мен халықтың
қалың жiгі үшін "электрондық үкiмет"
қызмет көрсетулерiне қолжетiмділіктi
ұйымдастыру үшiн қоғамды қажеттi
білімдiлiк деңгейiмен қамтамасыз етуге
бағытталған iс-шараларды iске асыру
қажеттiлiгі;
3)
мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде
әкiмшiлiк процестердi стандарттау мен
нысандандыруды, сондай-ақ мемлекеттiк
органдарды ақпараттандыру мен басқарудың
бiрыңғай саясатын әзiрлеу мен iске асыруды
бiлдiретiн мемлекеттік органдарды
ақпараттандыру.
"Электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын
қалыптастыру екi өзара байланысты, бiрақ
функциялық дербес контурларды iске
асыру жағдайында мүмкiн болады.
Iшкi контур "Үкiмет-Үкiмет" үлгiсiндегі
өзара қарым-қатынастарды қамтиды және
ведомствоаралық әкiмшiлiк рәсiмдерге
қызмет көрсететiн ақпараттық жүйелердi
құрайды.
Cыртқы
контур "Үкiмет-азаматтар" және
"Үкiмет-ұйымдар" үлгiсiндегi өзара
қарым-қатынастарды қамтиды және
мемлекеттiң азаматтармен және ұйымдармен
өзара іс қимылын қамтамасыз етедi.
Бағдарламада Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N
573 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасының Ұлттық ақпараттық
инфрақұрылымын қалыптастырудың және
дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының
негiзгi ережелерi ескерiледi және салааралық
сипатта болады.
Бағдарламада мынадай ұғымдар мен
қысқартулар пайдаланылады:
e-қызмет
- ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
көрсетулер
құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет
көрсетулер;
е-Үкiмет
- мемлекеттiк органдардың
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды кеңiнен қолдану
жолымен азаматтар
мен ұйымдарға қызмет көрсетулердi
ұсынуға барынша
бағдарланған жұмыс iстеу тетiгi;
мемлекеттiк
- мемлекеттiк органдардың азаматтар
мен ұйымдарға
қызмет
көрсететiн және Қазақстан
Республикасының
көрсетулер
қолданыстағы заңнамасына
сәйкес әкiмшiлiк
рәсiмдердi атқаруға бағытталған
қызмет көрсетулер;
АКТ
- ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар;
е-банкинг
- интернет арқылы қолжетiмдiлiктi
ұйымдастыру
жолымен банк шоттарын басқару;
ақпараттық
- бiлiм мен ақпаратқа қолжетiмділігiнiң
әртүрлi
теңсiздiк
деңгейiне байланысты халықтың түрлi
әлеуметтiк
топтарының АКТ-ны пайдалану
мүмкiндiктерiнiң
теңсiздiгі;
жиынтығы.
e-қызмет
- АКТ құралдарымен қызмет көрсететiн
мемлекеттiк
көрсетулердi
органдар,
ұйымдар және өзге де шаруашылық
жеткiзушiлер
субъектiлерi;
e-қызмет
- азаматтар, мемлекеттiк органдар,
ұйымдар және
көрсетулердi
өзге де шаруашылық
субъектiлерi;
тұтынушылар
e-қызмет
- түпкi нәтижесi e-қызмет
көрсетулердi
көрсетулер
жеткiзушiлердiң функциялық
мақсаттарына қол жеткізу
регламентi
болып табылатын әкiмшiлiк және өзге
де процестердi
жүзеге асыруға бағытталған жүйелi
iс-әрекеттер
3. Мемлекеттiк
органдарды ақпараттандырудың
қазiргi
жай-күйiн талдау
Қазiргi уақытта Қазақстан
Республикасында әртүрлi қызмет салаларында
АКТ-ны дамыту мен қолдануға бағытталған
iс-шаралар кешенi кеңiнен iске асырылуда.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың
және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылданғаннан
кейiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық
жүйелерiн құру жөнiндегі жұмыстар жандана
түстi.
Мемлекеттік
органдардың автоматтандырылған
ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз
ету мақсатында бiрыңғай электрондық
құжат айналымы жүйесін енгiзу негiзiнде
мемлекеттiк органдардың ақпараттық
инфрақұрылымын құру жүзеге асырылуда.
"Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар",
"Мекенжай тiркелiмi", "Мемлекеттік
жер кадастрының автоматтандырылған
жүйесi", "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi",
"Салық төлеушілер мeн салық салынатын
объектiлер тiзілімi" деген мемлекеттiк
дерек қорларын, сондай-ақ "Электрондық
мемлекеттік сатып алу орталығы"
ақпараттық жүйесiн құру жөнiнде iс-шаралар
орындалуда.
Мемлекеттiк
органдардың Интернетте электрондық
өкiлдiктер құру жолымен ақпараттар
ұсынуын 42 мемлекеттік органның 32-сi
жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердiң 170
түрiне жүргізiлген талдау нәтижесi
бойынша е-Үкiметтiң 85 e-қызмет көрсетулерiнен
тұратын, осы Бағдарлама шеңберiнде iске
асырылатын базалық қызмет көрсетулер
тiзбесi қалыптастырылды.
Жекелеген мемлекеттiк органдар
интерактивтi қызмет көрсетулердi iске
асыруға көшуде. Қазiргi уақытта нақты
уақыт режимiнде электрондық цифрлық
қолтаңба тетіктерiн пайдалана отырып,
байланыстың электрондық арналары
бойынша барлық салық есептерiн беруге,
сондай-ақ мемлекеттiк бюджетпен өзара
есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге
болады, бұл Қазақстанды ТМД елдерi
арасында бөлiп көрсетiп отыр. әлеуметтiк
төлем алушылардың деректер банкiн құру,
әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау
және төлеу, жинақтаушы зейнетақы
жүйесiндегi есепке алу мен талдау
жөнiндегi процестердi автоматтандыру,
сондай-ақ әлеуметтiк сақтандыру және
мүгедек адамдардың дерек қорын құру
саласындағы ақпараттық жүйелер
дамуда.
Е-Үкімет
элементтерi жергiлiктi атқарушы органдардың
кейбiр ақпараттық жүйелерiнде де бар.
Алматы қаласы әкiмдігінiң жанында
азаматтарды тұрғылықты жерлерi бойынша
тiркеу, жылжымайтын мүлiк объектілерiн,
автокөлiктердi, халықтың көшi-қон жөнiндегi
деректерiн және басқаларды тiркеудi iске
асыратын ақпараттық ресурстармен және
ақпараттық жүйелермен өзара iс-әрекеттi
қамтамасыз ететiн бiрыңғай ақпараттық
жүйе құрылған.
Мемлекеттік басқаруды ақпараттандыру
бөлiгiнде белгiлi бiр проблемалар да бар,
олар:
ақпараттандыру
саласындағы нормативтiк құқықтық базаның
жетiлмегендiгi;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi
қалыптастыру жөнiндегi функциялар мен
жауапкершiлiктi бөлудi регламенттеудiң
болмауы;
көптеген
мемлекеттiк органдарда ақпараттандыру
қызметтерiнiң болмауы және ақпараттық
технологиялар саласында мемлекеттiк
қызметшiлердiң біліктілік деңгейiнiң
жеткiлiксiздiгi.
Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам
қалыптастырудағы ең басты кедергілердің
бiрi - ақпараттық теңсiздiк деп аталатын
кедергiнi жою өзекті мәселе болып
отыр.
Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16
наурыздағы N 573 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық
ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру
мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру барысында Қазақстанда
"Ақпараттандыру туралы", "Электрондық
құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" Қазақстан Республикасының
заңдарынан, басқа да заңға тәуелдi
актiлер мен жүйеқұраушы ақпарат
жүйелерiнен, атап айтқанда:
"Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар",
"Атаулы тiркелiм", "Жылжымайтын
мүлiк тiркелiмi" дерек қорларынан;
электрондық құжаттар айналымының
ақпараттық жүйелерiнен, электрондық
мұрағаттардан;
Үкiметтiң вeб-порталынан;
е-Үкiметтiң элементтері (ықпалдастырылған
салықтық ақпараттық жүйе, салық төлеушiлер
мен салық салынатын объектілер тiзiлімi,
кедендік автоматтандырылған ақпараттық
жүйе, Зейнетақылар төлеу жөнiндегi
мемлекеттiк орталықтың ақпараттық
жүйесi және басқалар) бар ведомстволық
ақпараттық жүйелерден тұратын, нормативтік
құқықтық базаны қамтитын е-Үкiмет құру
үшiн база қалыптастырылды.
Iске асырылуы Қазақстан Республикасының
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын
қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк
бағдарламасында тиiстi қаржыландыру
көлемiмен 2005 жылы көзделген iс-шаралар
олардың негiзгi мақсаты е-Үкiметтiң
негiзiн құрайтын инфрақұрылымның құрамдас
бөлiктерiн құру болып табылатындықтан,
осы Бағдарламаның шеңберiнде жүзеге
асырылатын болады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты
азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк
қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы
қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және
АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк
органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін
арттыру болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай
мiндеттердi орындау керек:
мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға
ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс
iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік
құқықтық және әдiснамалық база құру;
мемлекеттік органдардың e-қызмет
көрсетулерін қалыптастыру мен
дамыту;
e-Үкiметтiң
қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi
жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн
арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық
құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және
мемлекеттiк органдардағы ақпараттық
инфрақұрылымды оңтайландыру;
е-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын
қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаны
iске асырудың негiзгi
бағыттары
мен тетiгi
Бағдарламаны iске асыру
мынадай бағыттар бойынша жүзеге
асырылатын болады:
1) нормативтiк құқықтық және әдiснамалық
қамтамасыз етудi жетiлдiру;
2) мемлекеттiк органдардың e-қызмет
көрсетулерiн қалыптастыру мен дамыту;
3) е-Үкiметтің қызмет көрсетулерiне
қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық
теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм
деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар
ұйымдастыру;
4)
e-Үкiметтiң порталы мен шлюзiн, банк
жүйесiмен өзара iс-қимыл yшiн "төлем
шлюзiн" ұлттық бiрегейлендiру жүйесiн,
мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк
ортасын қамтитын e-Үкiмет инфрақұрылымының
базалық құрамдас бөлiктерiн
қалыптастыру;
5)
ведомствоаралық және үлгілiк ведомстволық
ақпараттық жүйелер құру және дамыту;
6) жергiлiктi атқарушы органдардың
ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн
құру және дамыту;
7) халықаралық стандарттар базасында
e-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын
қорғауды қамтамасыз ету;
8) Бағдарламаны орындауда қоғамдық
қолдауды қамтамасыз ету.
5.1. Нормативтiк
құқықтық және әдiснамалық
қамтамасыз
етудi жетілдіpу
Нормативтiк құқықтық
және әдiснамалық қамтамасыз етудi дамыту
қоғамның ақпараттық қажеттiлiктерiн
қамтамасыз ету, e-қызмет көрсетулердi
тұтынушылардың құқықтарын қорғау,
құзыретiн белгiлеу, сондай-ақ е-Үкiметтің
жұмыс iстеу жағдайларында мемлекеттiк
органдардың қызметiн үйлестіру бөлiгiнде
ақпараттандыру саласындағы қатынастарды
реттеуге бағытталатын болады.
Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық
қамтамасыз етудi жетiлдiру жөніндегі
іс-шараларды iске асыру жүйелілiк,
объективтiлiк және Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңдарының нормаларына
сәйкес принциптерi бойынша жүзеге
асырылатын болады.
Мемлекеттiк органдардың e-қызметтер
көрсетуi үшiн құқықтық негіз қалыптастыру
мақсатында ақпараттандыру саласындағы
әртүрлi аспектiлердi реттейтін Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдарына
талдау жасау жүзеге асырылатын болады
және е-Үкiметтiң жұмыс iстеу тәртiбi мен
жағдайларын айқындайтын нормативтiк
құқықтық актiлер кешенi әзiрленедi.
Мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру
мақсатында е-қызмет көрсетулерді
қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк қызмет
көрсетулер мен әкiмшiлiк процестердi
жүзеге асыру регламенттерiне талдау
жүргiзiлетiн болады, соның негiзiнде
тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер
әзiрленедi.
Базалық
құрамдас бөлiктер мен ведомстволық
ақпараттық жүйелердi құрған кезде
бiрыңғай көзқарасты жүзеге асыру және
олардың үйлесiмдiлігін қамтамасыз ету
мақсатында мемлекеттiк органдардың
ақпараттық жүйелерiнiң деректерi мен
сервистерiн ықпалдастыру бiрыңғай
тетiгiн қамтамасыз ететiн ұлттық
технологиялық стандарттар әзiрлеудi
және/немесе халықаралық технологиялық
стандарттар қабылдауды көздейтiн
e-Үкiмет инфрақұрылымының бiрыңғай
әдiснамалық базасы әзiрленетiн болады.