ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 1363
Скачиваний: 3
5.6. Жергiлiктi
атқарушы органдардың ақпараттық
ресурстары
мен жүйелерiн құру және дамыту
Азаматтар мен ұйымдардың
мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылы
да жергілiктi атқарушы органдар деңгейiнде
жүзеге асырылады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық
жүйелерi өңiрдiң тыныс-тiршiлiк мәселелерi,
мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша
жедел ақпарат беруге, азаматтардың
өтiнiштерiн қарау және қадағалау үшiн
"мүмкiн қабылдау" функцияларын
iске асыруға, электрондық нысандағы
құжаттарға қолжетiмділiктi қамтамасыз
етуге, сондай-ақ жолаушы тасымалдау
қызметiн лицензиялау, қаланы абаттандыру
және тағы басқалары сияқты e-қызметтер
көрсетуге тиiс.
Өңiрлерде e-Үкiметтiң бiрыңғай сәулетiнiң
талаптарына сәйкес келетiн әрi
ақпараттандыру және байланыс саласындағы
уәкiлеттi органмен келiсiлген ақпараттандыру
жөнiнде бағдарламалар әзiрлеу қажет.
E-Үкiметтiң бiрыңғай аймақтық саясатын
жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi
атқарушы органдардың қаржылық ресурстарын
бiрiктiру жолымен бiрқатар үлгiлiк жобалық
шешiмдер әзiрлеу орынды.
Бiрыңғай көлiктiк ортаны iске асыру
жағдайында азаматтар мен ұйымдардың
жергiлiктi атқарушы органдармен өзара
электрондық iс-қимылдары e-Үкiметтiң
бiрыңғай порталы мен шлюзi арқылы жүзеге
асырылады. Жергiлiктi атқарушы органдардың
мiндеттерi өздерiнiң ақпараттық ресурстары
мен жүйелерiн қалыптастыру және дамыту
базасында e-қызмет көрсетулер ұсыну
болып табылады.
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн
e-қызмет көрсетулер ведомстволық
ақпараттық жүйелердiң даму деңгейiне
байланысты. Осыған орай, жергілiктi
атқарушы органдардың ведомстволық
ақпараттық жүйелермен өзара iс-қимыл
жасасу регламентiн әзiрлеу орынды.
Ақпараттандыру және АКТ-ны кеңiнен
қолдануға жергiлiктi атқару органдарын
ынталандыру жөнiндегі аймақтық
бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн
бағалау мақсатында e-Үкiмет iс-шараларын
iске асыру, аймақ тұрғындарының
компьютерлiк сауаттылығын арттыру
жөнiндегi ең үздiк аймақты анықтауға
конкурстар өткiзiлетiн болады.
5.7. Е-Үкiметтің
ақпараттық инфрақұрылымын
қорғауды
қамтамасыз ету
Мемлекеттiк органдардың
e-қызмет көрсетулер ұсынуы ақпаратты
қорғау үшiн белгiленген талаптарға
сәйкес жүзеге асырылатын болады, ол
ақпараттың жоғары деңгейде қорғалуын
және e-қызмет көрсетулердi пайдаланушылардың
сенiмiн қамтамасыз етедi.
Осы мақсатта базалық құрамдас бөлiктерге,
сондай-ақ мемлекеттiк органдардың
ақпараттық жүйелерiне қойылатын
техникалық талаптар ескерiлетiн e-Үкiмет
инфрақұрылымының ақпараттық қауiпсiздiгi
тұжырымдамасы әзiрленетiн болады.
Тұжырымдамада құрылымды жетiлдiру,
мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйелер қауiпсiздiгін материалдық-техникалық
және кадрлық қамтамасыз ету мәселелерi
көрiнiс табатын болады.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде
ақпаратты қорғау саласындағы ұлттық
стандарттар әзiрленедi және/немесе
халықаралық стандарттар қабылданатын
болады, оларға сәйкес e-Үкiметтiң ақпараттық
инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту
кезiнде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз
ету жөнiндегi талаптар айқындалатын
болады. E-Үкiмет инфрақұрылымының құрамдас
бөлiктерiн қалыптастыру аяқталуына
қарай олардың әрқайсысы үшiн қауiпсiздiк
саясатын айқындайтын нормативтiк құжат
әзiрленедi.
Ақпараттық
ресурстар мен жүйелердi қорғау жөнiндегi
үлгiлiк жобалық шешiмдер әзiрленетiн
болады, олар e-қызмет көрсетулердi жобалау
сатысында ақпараттардың қорғалуын
қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
"Open source" (бағдарламалық қамтамасыз
етудi түрлендiруге және еркiн пайдалануға
құқық берушi, компьютерлiк бағдарламаларды
лицензиялауды әзiрлеу әдiстемесi)
технологиясы базасында қорғалған ұлттық
операциялық жүйенi құру жөнiндегi
iс-шараларды жүргiзу жоспарланып
отыр.
E-Үкiмет
инфрақұрылымының сапалы әрi сенiмдi
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында
нормативтiк актiлерге, тұжырымдама
талаптарына және ақпараттық қауiпсiздiк
саясатына сәйкестiгiн сертификаттау
жүйесi құрылатын болады. Мемлекеттiк
ақпараттық жүйелердiң ақпараттық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған
техникалық тапсырмаларды келiсудiң
бiрыңғай тәртiбi айқындалатын болады.
Интернеттiң қазақстандық сегментiнiң
домен кеңiстiк мемлекеттiк реттеу
домендердi бөлудiң бiрыңғай тәртiбiн
белгілеу және kz доменiн басқару орталығын
құру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу арқылы
қамтамасыз етiлетiн болады.
5.8. Бағдарламаны
орындауда қоғамдық
қолдауды
қамтамасыз ету
E-Үкiметтiң бастамаларын
iске асыруға қоғамдық мүдденi қалыптастыру
мақсатында Бағдарлама бұқаралық ақпарат
құралдарында және Интернетте кең
жарнамалық-насихаттық қолдауға ие
болуға тиiс.
Осы
бағыт шеңберiнде iске асырылатын негiзгi
мiндеттерге мыналар жатады:
мемлекеттiк органдардың e-қызмет
көрсетулерiн дамыту мен қолдау үшiн
ынталандыруға жағдай жасау;
e-қызмет көрсетулердi пайдалануға
азаматтар мен ұйымдардың тұрақты
қызығушылығын қалыптастыру.
Бағдарламаға қоғамның назарын аудару,
оны iске асыруда мемлекеттiк органдар
тарапынан қолдау көрсетiлуiн жүзеге
асыру АКТ бойынша көрмелер өткiзу мен
оларға қатысуды қоса, мемлекеттiк
органдар, бизнес және ғылым өкiлдерiнiң
көпшiлiк алдында сөз сөйлеуiн ұйымдастыруды,
талдама шолуларды жариялауды, сондай-ақ
жарнама материалдарын таратуды қоса
алғанда, кеңiнен ақпараттық сҮйемелдеу
есебiнен қамтамасыз етілетiн болады.
Бағдарламаны iске асыру мәселелерi
бойынша жыл сайынғы ғылыми-практикалық
конференциялар, iске асырылатын
iс-шаралардың алға қойылған мiндеттерге
сәйкестігіне салалар бойынша түрлi
конкурстар өткiзу жоспарланып отыр.
Бағдарламаны iске асыру барысын жариялап
отыратын сайт құрылады және оған тұрақты
қолдау көрсетiледi.
Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiн,
сондай-ақ жаңа е-қызмет көрсетулердi
пайдаланушылардың бейiмделу дәрежесiн
талдау Бағдарлама шеңберiнде өткiзiлетiн
iс-шаралар мониторингi арқылы жүзеге
асырылатын болады.
5.9. Бағдарламаны iске асыру тетiгі
Бағдарламаны орындау
iс-шаралар жоспарын және салалық, өңiрлiк
ақпараттандыру бағдарламаларын iске
асыру жолымен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыру жөніндегі
жұмыстарды үйлестiрудi Қазақстан
Республикасы Yкiметінiң тиiстi қаулысымен
құрылған ведомствоаралық комиссия
жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаны бақылау мен iске асыруды
ақпараттандыру және байланыс саласындағы
уәкілеттi орган, ал салалық және өңiрлiк
ақпараттандыру бағдарламаларын бақылау
мен iске асыруды тиiстi мемлекеттiк
органдар жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаның iс-шараларын орындау
кезiнде бiрыңғай техникалық саясатты
iске асыру мақсатында ақпараттандыру
саласындағы ұлттық операторға e-Үкiмет
инфрақұрылымының жүйелiк ықпалдастырушысының
функциялары, сондай-ақ ведомствоаралық
ақпараттық жүйелер, мемлекеттiк
органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасы
жобаларын басқару және техникалық
сҮйемелдеу функциялары жүктелетiн
болады.
Ақпараттандыру
және байланыс саласындағы уәкiлетті
органның жанында ұйымдастыру мен
әдiстемелiк мiндеттердiң шешiлуiн қамтамасыз
ететiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық
қызметтерi басшыларының кеңесi
ұйымдастырылатын болады.
Жеке ақпараттандыру қызметтерi жоқ
мемлекеттiк органдарда АКТ-ны енгізу
процестерiнiң сапалы түрде жоспарлануын
қамтамасыз ету үшiн ақпараттандыру
саласындағы ұлттық оператордың
өкiлдерiнен тұратын тиiсті бөлiмшелер
құрылатын болады. Бұл бөлiмшелердiң
негiзгi мiндетi мемлекеттік органды
ақпараттандыру кезiнде бiрыңғай техникалық
саясатты жүргiзу, ал қажет болған жағдайда
қолданыстағы жүйелердi әкiмшілендiру
және жүйелiк-техникалық қызмет көрсету
болып табылады.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру
республикалық және жергілiктi бюджеттер
қаражаты, сондай-ақ бюджеттен тыс көздер
есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Жоспарланып отырған iс-шаралар бойынша
сараптамалық бағалардың және мемлекеттiк
секторда iске асырылатын ақпараттық
жүйелер бойынша есептердiң негiзiнде
қаржы ресурстарының жалпы көлемi:
республикалық бюджет қаражатынан - 51,9
млрд. теңгенi құрайды (31,9 млрд. теңге
сомасындағы мемлекеттiк органдардың
бiрыңғай көлiктiк ортасын құруға арналған
шығындарды қоса алғанда), оның iшiнде
2005 жылға - 4,5 млрд. теңге, 2006 жылға - 25,3
млрд. теңге, 2007 жылға - 22,1 млрд. теңге;
жергiлiктi бюджет қаражатынан - жылына
150 млн. теңге;
сондай-ақ
жекеше инвестициялар, халықаралық және
отандық қаржы ұйымдарының гранттары.
Бұдан басқа, 2005 жылы Астана қаласының
аймағында бiрыңғай көлiктiк ортаны құру
бойынша пилоттық жобаны iске асыруға
1,060 млрд. теңге соммасында қосымша
қаржыландыру көзделедi.
Iс-шаралар бойынша бөлігінде қаржыландыру
көлемi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
қаулысымен бекiтiлген осы Бағдарламаны
iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында
көрсетiлетiн болады.
Тиiстi бюджеттен қаржыландыру көлемiн
өзгерту бөлiгiнде Бағдарламаға түзетулер
енгiзу Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге
асырылатын болады.
7. Бағдарламаны
iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
және
оның индикаторлары
Бағдарлама іс-шараларын
орындау шеңберiнде азаматтар мен
ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге
жылдам әрі сапалы қолжеткiзiлiмiн
қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау
және АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы
мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу
тиiмдiлiгiн арттыру көзделіп отыр.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк
рәсiмдерiн оңтайландыру үшiн жағдайлар
жасалатын болады және мемлекеттiк
органдардың ақпараттық жүйелерi мен
мемлекеттiк ресурстарын ықпалдастыру
жүзеге асырылады;
мемлекеттiк органдардың бiрыңғай
қорғалған мультисервистiк көлiктiк
ортасы ұйымдастырылатын болады. Жоба
iске асырылғаннан кейiнгі 8 жылдың iшiнде
бюджеттiк қаражатты үнемдеу есебiнен
инвестицияларды қайтару болжанады;
мемлекеттiк органдарды ақпараттандыруға
арналған шығыстар оңтайландырылатын
болады;
2005 жыл iшiнде
мемлекеттік органдар ұсынатын қызмет
көрсетулердің 15 %-ы электрондық нысанда
iске асырылатын болады;
мемлекеттiк қызмет көрсетулер уақыты
қысқартылады;
2006
жылы мемлекеттік органдардың электрондық
құжат айналымының бiрыңғай жүйесiн
енгізу аяқталады;
2007 жылдың соңына қарай:
"электрондық үкiметтiң" базалық
құрамдас бөлiктерi құрылатын болады,
оларға е-Үкiметтiң порталы мен шлюзі,
"төлем шлюзi", ұлттық сәйкестендiру
жүйесi, мемлекеттік органдардың бiрыңғай
көліктік ортасы, жүйеқұраушы деректер
базасы жатады;
ұлттық
сәйкестендiру жүйесiнiң шеңберiнде
азаматтың жекебас куәлiгiнiң нөмiрiн,
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн, азаматтың
әлеуметтiк жеке кодын және басқаларын
бiрiктiретiн сәйкестендiру нөмiрлерi
жүйесін жүргiзуге көшу жүзеге асырылатын
болады;
мемлекеттiк
органдардың электрондық қызмет
көрсетулерiне неғұрлым кең қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз ету мақсатында кемiнде 50
қоғамдық қолжетiмдi пункт құрылатын
болады;
кемiнде 25
интерактивтi қызмет көрсетулер ұсынылып,
сондай-ақ транзакциялық қызмет
көрсетулердi iске асыру үшін жағдайлар
жасалатын болады, мемлекеттiк органдардың
электрондық қызмет көрсетулерiн
пайдаланатын азаматтар мен ұйымдардың
үлесi 2-3 eceгe ұлғайтылады;
ұлттық сәйкестендiру жүйесi құрылатын
болады, Қазақстан Республикасының
экономикалық белсендi халқының 15-18%-ы
смарт-технологиялар негiзiнде жаңа
үлгiдегі жеке куәлiктер алады;
мемлекеттiк органдардың ақпараттық
жүйелерi мен ресурстарын тиiмдi қорғау
қамтамасыз етiлетiн болады;
салық төлеушiлер мен фискалды органдардың
өзара iс-қимылы рәсімдерін жеңiлдету
есебiнен салықтар мен бюджетке төленетін
өзге де мiндеттi төлемдер жинауды ұлғайту
жоспарланып отыр;
пайдаланушылардың компьютерлiк білімдiлiк
деңгейiн 2004 жылмен салыстырғанда
Қазақстанның кәмелетке толған жұртшылығы
санының 26,5 %-ына көтеру жоспарланып
отыр;
iске асыру
шеңберiнде Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N
168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасының телекоммуникациялар
саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасымен бiрге қоғамдық қолжетiмдi
пункттер үшiн арнайы тарифтер белгiленiп,
оны одан әрi 2 есеге төмендету үшiн
жағдайлар жасау жоспарлануда;
тұрғыны 50 адамнан асатын 7523 ауылдық
елдi мекеннiң барлығына телефон орнатып,
телефонның жиiлігін 100 тұрғынға шаққанда
9 телефонға дейiн жеткiзу жоспарлануда;
2007 жылдың аяғына қарай Интернетке
қосылған мектептер санын 100 %-ға жеткiзу
жоспарланып отыр;
АКТ саласындағы бiлiм деңгейiн көтеру
шеңберiнде мектептердегi 1 компьютерге
шаққанда оқушылар санын 54-тен 36-ға дейiн
төмендету, қашықтан оқыту спутниктiк
арнасына қосылған мектептер санын
8,7%-дан 20,8%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2004
жылғы 10 қарашадағы N 1471
Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан
Республикасында
"электрондық
үкімет"
қалыптастырудың 2005-2007
жылдарға
арналған
мемлекеттік бағдарламасына
ҚОСЫМША
Азаматтардың
тыныс-тiршiлiгi мен ұйымдардың жұмыс
iстеуiнiң
негiзгi салаларына сәйкес е-Үкiметтiң
базалық
қызмет көрсетулерiнің
ТIЗБЕСI
1. Салықтық және кедендiк мiндеттемелер
1. Уәкілеттi органдардың
деректерi негiзiнде салық салу объектiлерi
және салық салумен байланысты объектiлер
туралы ақпарат ұсыну (Салық төлеушiлер
мен салық салу объектiлерiнiң тiзiлiмi).
2. Салық органдарында тiркеу есебiнде
тұрған салық төлеушiлер, қосылған құн
салығын төлеушiлер туралы ақпарат
ұсыну.
3. Қосылған
құн салығын төлеушiлердi тiркеу, салық
төлеушiнiң дербес тiркеу деректерiн
өзгерту.
4. Электрондық
салық есептерiн қабылдау мен өңдеу,
электрондық салық есептерiн салық
төлеушiнiң терминалы арқылы салық
органдарының офистерiнен жөнелту жөнiнде
қызмет көрсетулер ұсыну.
5. Бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi
туралы ақпарат ұсыну.
6. Қазақстан Республикасының салық
заңнамаларын түсiндiру, электрондық
"қызу желілердi" өткiзу.
7. Қазақстан Республикасының Салық
кодексiне өзгерiстер енгiзудi жұртшылықтың
қашықтықтан талқылауы.
8. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк
органдарға бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң және
салық төлеушiлердiң кемалымдарының
жай-күйi туралы ақпарат ұсыну.
9. Қазақстан Республикасының кеден
заңдарына сәйкес құжаттардың және есеп
берудiң электрондық нысандарын
қабылдау.
10. Сыртқы
экономикалық қызметке қатысушыларға
кеңес беру мен ақпараттық қолдау
көрсетудi қамтамасыз ету.
11. Азаматтар мен ұйымдар кедендiк
операциялар жасаған кезде мәлiметтер
ұсыну көзделедi.
2. Кәсiпкерлiк және бизнес
12. Заңды тұлғаларды
тiркеу (қайта тiркеу, тарату) жөнiнде
ақпараттар ұcыну.
13. Электрондық мемлекеттiк сатып алуды
ұйымдастыру.
14.
Жылжымалы және жылжымайтын мүлiкке
құқықтарды мемлекеттiк тiркеу және
ресiмдеу туралы ақпарат.
15. Мүлiктi бағалауға лицензиаттардың
мемлекеттiк тiзiлiмiнен мәліметтер
ұсыну.
16. Тауарлар
мен қызмет көрсетулер нарығындағы баға
туралы ақпараттар ұсыну.
17. Инвестициялық (инновациялық) жобалар
("мүмкiндiктi технопарк") туралы
ақпараттар ұсыну.
18. Кәсiпкерлiк және бизнес мәселелерi
бойынша азаматтар мен ұйымдардың
арыздарын қабылдау.
3. Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту
19. Жұмыссыз азаматтардың
жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және
бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жұмыс
берушiлердiң тапсырысы бойынша мамандар
iздестiру.
20. Жинақтаушы
зейнетақы қорларымен байланысты
өтiнiштер мен құжаттарды, шарттарды
ресiмдеу.
21. Салымшылар
қаражатының түсуi мен қозғалысы туралы
ақпарат беру, зейнетақы жинақтарын беру
жөніндегі өтiнiштердi ресiмдеу.
22. Зейнетақымен қамсыздандыру және
жұмыспен қамту мәселелерi бойынша
азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау.
23. Шетелдiк жұмыс күшiн тартудың ережелерi
туралы ақпарат бepу, шетелдiк жұмыс күшiн
тартумен және Қазақстан Республикасынан
жұмыс күшiн әкетумен байланысты
лицензиялар ұсыну.
4. Бiлiм, ғылым және денсаулық сақтау
24. Қазақстан Республикасы
халқының денсаулығы мен медициналық
ұйымдар қызметiнiң негiзгі көрсеткiштерi
бойынша ақпарат ұсыну.
25. Тiркелген дәрiлiк заттар, дезинфекция
және дератизация құралдары бойынша,
Қазақстан Республикасына әкелуге және
қолдануға тыйым салынатын заттар мен
өнiмдер бойынша ақпарат ұсыну.
26. Бiлiм, ғылым және денсаулық сақтау
салаларында қызмет көрсетулерге
лицензиясы бар ұйымдар бойынша ақпарат
ұсыну.
27. Медициналық
көмек көрсетудiң барлық деңгейiнде
ауруларды диагностикалау және емдеу
мәселелерi бойынша ақпарат ұсыну.
28. Жоғарғы оқу орындарының, ғылыми және
медициналық ұйымдардың сапалық және
сандық құрамы бойынша ақпарат ұсыну.
29. Бiлiм және ғылым ұйымдары қызметiнiң
негiзгi көрсеткiштерi бойынша ақпарат
ұсыну.
30. Бiлiм беру
және медициналық қызмет көрсетулер
мәселелерi бойынша азаматтардың
өтінiштерiн қабылдау көзделедi.
5. Заңдылық және құқық тәртiбi
31. Мемлекеттiк тiзiлiмге
және Қазақстан Республикасы нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң үлгілi бақылау
банкiсiне қолжетiмдiлiктi ұсыну.
32. Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi
бойынша ақпарат ұсыну.
33. Құқық тәртiбiн сақтау мәселелерi
бойынша азаматтардың арыздарын
қабылдау.
34. Құқық
тәртiбiн қамтамасыз ету органдарына
қызметке кiру туралы ақпарат ұсыну.
35. Құқық тәртiбi органдарының оқу
орындарына түсу үшiн өтінiмдер қабылдау
мен тiркеу және қажеттi мәлiметтер жинау.
6. Экономика және сауда
36. Мемлекеттiк бюджеттi
қалыптастырудың мәселесi бойынша,
әлеуметтік-экономикалық және фискалды
саясатты iске асыру, Қазақстанның
әлеуметтiк-экономикалық дамуының
жай-күйi мен болжамдары туралы ақпарат
ұсыну.
37. Елдiң
көлiк-коммуникация кешенi: автомобиль
жолдары, азаматтық авиация, аэроғарыш
кешендерi туралы ақпарат ұсыну.
38. Ауыл шаруашылығындағы әлеуметтік-экономикалық
жағдай жөнінде, сондай-ақ өсiмдiктердi
қорғау және карантин саласы бойынша
ақпарат ұсыну.
39.
Өнертабыстарды және инновациялық
жобаларды енгiзудi қаржыландыру жөнiндегi
құжаттар қабылдау.
40. Жер қойнауын пайдалануға лицензия
алу үшiн құжаттар қабылдау.
41. Жер қойнауын пайдаланудың барлық
объектілерi, оның iшiнде жер қойнауын
пайдалану құқықтарын алу үшiн конкурсқа
шығарылатындары туралы ақпарат
ұсыну.
42. Жер қойнауын
пайдалану құқықтарын алу үшiн конкурстар
мен келiсiм-шарттар туралы ақпарат
ұсыну.
43. Коммуналдық
қызмет көрсетулер тарифтерiн қалыптастыру
мен бекiтудiң тәртiбi туралы ақпарат
ұсыну.
44. Қазақстан
Республикасының әртүрлi өңiрлерiнде
қолданылып отырған коммуналдық тарифтер
туралы мәлiметтер ұсыну.
45. Коммуналдық қызмет көрсететiн жеткiзушi
мекемелердiң осындай қызмет көрсету
үшiн көпшiлiк шарттарын жасасуы жөнiнде
заң кеңестерiн ұсыну.
46. Электр және жылу энергиясын өндiруге,
беруге және сатуға, сумен жабдықтаумен,
кәрiзбен, телефон байланысы қызметiн
көрсетумен қамтамасыз етуге мемлекеттiк
лицензиялары бар ұйымдар бойынша ақпарат
ұсыну.
47. Экономика,
сауда және коммуналдық қызмет көрсетулермен
қамтамасыз ету мәселелерi бойынша
азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау.
48. Жердi санаты мен алқаптары, сандық,
сапалық ерекшелiктерi бойынша бөлу
туралы ақпарат ұсыну.
49. Қазақстан Республикасының сыртқы
сауда статистикасы бойынша ақпарат
ұсыну.
50. Кедендiк
құжаттарды қалыптастыру және қабылдау.