ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 1360
Скачиваний: 3
5.2. Е-Үкiметтiң
қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз
ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және
АКТ
саласында бiлiм деңгейiн көтеру
жөнiнде
жұмыстар
ұйымдастыру
АКТ-ны пайдалануда
халықтың түрлi әлеуметтiк топтары
мүмкiндiктерiнiң тең болмауы e-Үкiметтiң
бастамаларын iске асырудағы негiзгi
кедергілердiң бiрi болып табылады.
Ақпараттық теңсiздiктiң жоғары дәрежелi
басымдығы бар әлеуметтiк проблема екенiн
мойындау және оны рет-ретiмен жою
стратегиясын әзiрлеу қажет.
АКТ саласындағы кәсiби бiлiмдi жетiлдiру
жолымен "адами капиталға", әсiресе
өскелең ұрпаққа инвестиция салу
әлеуметтік-экономикалық проблемаларды
еңсерудiң басты бағыты болып табылады.
АКТ саласында бiлiмдi көтеру мен
компьютерлiк сауаттылықтың бiрыңғай
саясаты iске асырылатын болады, ол
мынадай iс-шаралар орындауды көздейдi:
ақпараттық қоғамның қажеттiктерiне
байланысты жаңа мамандықтар енгiзу
мақсатында жоғары және орта арнаулы
бiлiм беру деңгейлерiнде оқу бағдарламаларын
қайта қарау;
бiлiм
берудiң барлық деңгейлерiндегi оқыту
бағдарламаларының тiзбесiне "электрондық
үкiмет" шеңберiнде оқыту курстарын
енгiзу;
ұлттық оқу
бағдарламаларына сәйкес жалпы бiлiм
беретiн мектептерге арналған электрондық
көмекшi оқу құралдары кешенiн және АКТ
бойынша оқыту бағдарламаларын
әзiрлеу;
бiлiм беру
саласын ақпараттандыру мен қашықтықтан
оқыту жүйесiн дамытудың нормативтiк
құқықтық және әдiстемелiк құжаттарының
жобаларын әзiрлеу;
e-Үкiметтiң порталы арқылы мемлекеттiк
органдармен өзара iс-қимыл негiздерiн
қашықтықтан оқыту орталығын құру.
E-Үкiметтi қалыптастыру мен қолдауды
ғылыми-әдiстемелiк, ақпараттық-талдау
және кадрмен қамтамасыз ету, мемлекеттiк
қызметшiлердiң компьютерлiк бiлiктiлiгiн
арттыру семинарлары мен курстарын
өткiзу мақсатында e-Үкiметтiң құзырет
орталығы құрылады.
Ақпараттық теңсiздiктi еңсеру мақсатында
мынадай iс-шараларды iске асыру
жоспарланады:
консультациялық орталықтарды, компьютерлiк
курстарды қоса алғанда, компьютерлiк
сауаттылыққа оқытып-үйрететiн жалпыға
қолжетiмдi пункттер құру;
жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң Интернетке
сенiмдi әрi арзан қолжетімділiгiн қамтамасыз
ету.
E-қызмет
көрсетулерге қоғамдық қолжетiмдiлiк
желiсiн дамыту қоғамдық сектордың
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын,
атап айтқанда почта байланысы
инфрақұрылымын тиiмдi пайдалану есебiнен
қамтамасыз етілетiн болады. Пайдаланушылар
санатына қарай e-қызмет көрсетулерге
ақылы, тегiн және жеңiлдiктi негiздегi
қоғамдық қолжетiмдi пункттер желiсi
құрылады, бұл халықтың неғұрлым қалың
жiгiн АКТ-ны пайдалануға тартуға мүмкiндiк
бередi. Қоғамдық қолжетімділiк пункттерiн
құру бiрiншi кезекте "Қазпочта" АҚ,
"Қазақтелеком" АҚ құрылымдарын,
сондай-ақ мектептердi, кітапханаларды,
ойын-сауық орталықтарын, Интернет-кафе
желiсiн қамтиды.
Компьютерлiк техника өндiрiсiнiң көлемiн
ұлғайтуды және компьютерлiк техника
мен лизинг, Интернетке қолжетiмдiлiк
және провайдерлердiң қызмет көрсету
тарифтерi құнын төмендетудi қамтамасыз
ету, Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығымен құрылған
"Ақпараттық технологиялар паркi"
еркiн экономикалық аймағының базасында
арзан компьютерлiк техникалар шығаруды
ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылданатын
болады.
Интернетке
қолжетімдiлiктi қамтамасыз етудiң тағы
бiр бағыты аудан орталығы деңгейiне
дейiн цифрлық көлiктiк орта құру, сондай-ақ
ауылдық байланысты қаржыландыру тетiгiн
iске асыру болып табылады. Ауыл халқы
үшiн телекоммуникациялардың сапалы
қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiкке
кепiлдiк беретiн мемлекеттiк реттеу
жүйесi iске асырылып, Үкiметтiң 2003 жылғы
18 ақпандағы N 168 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар
саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы шеңберiнде телекоммуникациялар
саласын тұрақты дамыту үшiн негiз
қаланатын болады.
Ақпараттық теңсiздiктi еңсеру де
мектептердi компьютерлiк жарақтандыруды
арттыру үшiн жағдайлар жасау, Интернетке
қосылған мектептер санын ұлғайту,
электрондық оқу құралдарымен қамтамасыз
ету, сондай-ақ мектептердi қашықтықтан
оқытудың спутниктiк арнасына қосу
жолымен бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiру
есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Бұл
ретте мемлекеттiк органдардың компьютерлiк
техникасын оларды ауыстырған кезде
мектептерге беру тәжiрибесiн енгізу
көзделедi.
Аталған
iс-шаралар Үкiметтiң 2003 жылғы 18 ақпандағы
N 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасының телекоммуникациялар
саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N
1459 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасында бiлiм берудi дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы шеңберiнде бiрлесiп жүзеге
асырылатын болады.
Ақпараттық теңсiздiкті жою жөнiндегi
орындалған iс-шаралар мониторингiн
жүзеге асыру мақсатында Қазақстан
Республикасында ақпараттық қоғамды
дамыту индикаторларының әзiрленген
жүйесi негiзiнде iрiктелiп алынған
әлеуметтiк сауал салу тұрақты
ұйымдастырылатын болады.
Халықаралық бағдарламалар шеңберiнде
ақпараттық технологияларды пайдалану
саласында тәжiрибе тарату жөнiнде
ынтымақтастық жандандырылатын болады.
5.3. Мемлекеттiк
органдардың е-қызмет көрсетулерiн
қалыптастыру
және дамыту
Е-Үкiметтің талаптары
ескеріле отырып, мемлекеттiк органдардың
қызметiн ақпараттандыру ведомствоiшiлiк
мұқтаждарға бағдарланудан азаматтардың
және ұйымдардың мұқтаждары мен
мiндеттерiне бағдарлануға көшудi
жоспарлайды. Мемлекеттiк органдардың
e-қызмет көрсетулерiн қалыптастыру және
сату ведомстволық ақпараттық жүйелердi
құру мен дамыту шеңберiнде жүзеге
асырылатын болады.
Мемлекеттiк органдардың e-қызмет
көрсетулер жүйесiн қалыптастыру
мемлекеттік қызмет көрсетулер мен
әкiмшiлiк процестердi жүзеге асыру
регламенттерiне функционалдық талдау
жүргізу негiзiнде жүзеге асырылады.
Жүргiзiлген талдау нәтижелерi бойынша
мемлекеттік басқару жүйесi мен әкiмшiлiк
рәсiмдерiн iске асыруды жаңғырту жөнiнде
ұсыныстар тұжырымдау жоспарлануда.
Осы бағыттағы iс-шараларды жүзеге асыру
шеңберiнде e-қызмет көрсетулердi сату
және e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық
құрамдас бөлiктерiмен өзара iс-қимыл
бөлiгiнде мемлекеттiк органдардың
ақпараттық жүйелерiне қойылатын талаптар
айқындалатын болады.
Бағдарламаны iске асырудың бастапқы
кезеңiнде мемлекеттiк e-қызмет көрсетулерді
әзiрлеу, қабылдап алу, сҮйемелдеу және
дамыту регламентi, сондай-ақ оларды
құжаттандырудың стандартты нысаны
анықталатын болады.
Мемлекеттік органдардың e-қызмет
көрсетулердi ұсынуы қолда бар ведомстволық
ақпараттық жүйелерге өзгерiстер енгізудi
не ақпараттық жүйелердiң өзара iс-қимылының
стандарттарын ескере отырып, е-Үкiметті
порталмен бiрiктiру үшiн жаңа ақпараттық
жүйелер әзiрлеудi қарастырады.
Бағдарлама шеңберiнде ведомстволық
ақпараттық жүйелер базасында қызмет
көрсетулердің 85 түрiн (70 ақпараттық және
15 интерактивтiк) қамтитын е-қызмет
көрсетулер жүзеге асырылатын болады.
Транзакциялық қызмет көрсетулердi iске
асыру банк жүйесiмен өзара iс-қимыл үшiн
"төлем шлюзiн" құрудан кейiн жүзеге
асырылады.
Азаматтар
тыныс-тiршілiгінiң және ұйымдар жұмысының
негiзгi салаларына сәйкес осы Бағдарламаның
қосымшасына сәйкес e-қызмет көрсетулердiң
базалық тiзбесi қалыптастырылды.
5.4. Е-Үкiмет
инфрақұрылымының базалық
құрамдас
бөлiктерiн қалыптастыру
E-Үкiмет инфрақұрылымының
жұмыс iстеуi оның базалық құрамдас
бөлiктерiн құруға негiзделетін болады,
оларға e-Үкiметтiң порталы мен шлюзi,
"төлемдік шлюз", ұлттық бiрегейлендiру
жүйесi, мемлекеттiк органдардың бiрыңғай
көлiктік ортасы жатады.
Е-Үкiметтiң бiрыңғай сәулетiн құру
мақсатында e-Үкiмет инфрақұрылымының
базалық құрамдас бөлiгін қалыптастыру
бойынша техникалық тапсырма әзiрленетiн
болады.
Ведомствоаралық
ақпараттық жүйелердiң техникалық
құралдары мен ведомстволық ақпараттық
жүйелердiң резервтiк орталықтарын
орналастыру үшін серверлiк орталық
ғимаратын салу аяқталады және оны
технологиялық жарақтандыру жүзеге
асырылатын болады.
5.4.1. Е-Үкiметтiң порталы мен шлюзiн қалыптастыру
E-Үкiметтiң
тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
мемлекеттiк органдар ақпараттық
жүйелерiнiң e-Үкiмет порталы және шлюзiмен
өзара iс-қимыл ықпалдасуын талап етедi.
Бұл ретте, ықпалдастырудың негiзгi
байланыстырушы элементi деректер алмасу
кезiнде хабарламалардың әмбебап
коммуникативтiк форматы болып
табылады.
Аталған
өзара iс-қимыл шеңберiндегi портал
e-қызмет көрсетулерiнiң жеткiзушілерi
мен тұтынушылары арасында ақпарат
алмасудың зияткерлiк байланыстырушы
бөлiгi болып табылады.
Порталдың интерфейстiк бөлiгiн құру "бiр
терезе" принципiне негiзделетiн болады,
ол e-қызмет көрсетулердi ұсынатын бiрыңғай
интерфейстi, ыңғайлы навигацияны және
барлық қолжетiмдi ақпараттық pecуpcтap
бойынша iздеу тетiктерiн қамтамасыз
етедi.
Электрондық
құжаттар түрiнде e-Үкiмет жүйелерiнде
айналымда болатын хабарламаларды
бiрегейлендiрудi қамтамасыз ету мақсатында
хабарламаларды ресiмдеу мен өңдеудiң
бiрыңғай ережелерi әзiрленетiн болады.
Осы хабарламалардың тұтастығы мен
сақталуы оларды орталықтандырылған
мұрағаттандыру, сондай-ақ резервтiк
жабдықтарды пайдалану есебiнен қамтамасыз
етiлетiн болады.
Мемлекеттiк органдардың жаңа әзiрленiп
жатқан және қолданыстағы интеграцияланатын
ақпараттық жүйелерiнiң коммуникативтiк
форматтағы хабарламалармен алмасудың
стандартты тетiктерi пайдаланылып
құрылған ықпалдардың интерфейстерi
болуы керек немесе солармен толықтырылуға
тиiс.
Мемлекеттік
органдардың ақпараттық жүйелерiнiң
ықпалдасуы мен өзара iс-қимыл қамтамасыз
ететін "Үкiметтік шлюз"
ақпараттық-технологиялық жүйесiн iске
асыру жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық
ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң
мемлекеттiк тiркелiмiн дамыту шеңберiнде
Қазақстан Республикасындағы e-қызмет
көрсетулердiң бiрыңғай тiзілiмi жасалады,
сондай-ақ тиiстi бағдарламалық қамтамасыз
етудiң қажетті пысықтамалары жүргізiлетiн
болады. Жалпымемлекеттiк жiктеуiштер
мен анықтамалықтарды жүргiзу жүйесi
құрылып, одан әрi дамытылатын болады.
Мемлекеттік органдардың e-қызмет
көрсетулерiнiң дайын болуына қарай
оларды e-Үкiметтiң порталы арқылы жүйелi
түрде iске қосу жүзеге асырылады.
5.4.2. Банк жүйесiмен
өзара іс-қимыл үшiн
"төлем
шлюзiн" қалыптастыру
E-қызмет көрсетулердi
пайдаланушылардың түрлi банктiк төлем
жүйелерiне бiрегейлендiрiлген қолжетiмдiлiгiн
қамтамасыз ету мақсатында төлеушiге
банктi таңдау және деректер берудiң ашық
желiсi арқылы қорғанған электрондық
төлемдердi жүзеге асыру мүмкiндiгiн
беретiн "төлем шлюзi" iске асырылатын
болады. Өзара iс-қимылдың мұндай тете
заңды тұлғалар үшiн де, жеке тұлғалар
үшiн де банк жүйесiнде e-банкингтi
жеделдетiп дамытуды талап етедi.
E-банкинг тетiгі арқылы электрондық
төлемдердi жүзеге асыру үшiн e-қызмет
көрсетулердi пайдаланушылардың
қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын,
неғұрлым тиiмдi төлем аспабы микропроцессорлық
технология негiзiндегi төлем карточкасы
болып табылады. Микропроцессорлық
карточкалар технологиясы екiншi деңгейдегi
банктерде карт-шоттарға салынған сомалар
шегiнде төлем транзакцияларын ашық
желiлер арқылы жүргiзудiң жеткiлiктi
деңгейде сенiмдi әрi қауiпсiз болуын
қамтамасыз етедi.
Деректердi берудiң ашық желiлерiнен
қорғалған банктiк желiлерге түсетiн
төлемдердi авторландыруға сұраныстар
берудi жүзеге асыратын "төлем шлюзi"
(маршрутизатор) Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкiнiң "Ұлттық процессингілiк
орталығы" АҚ техникалық базасында
iске асырылып, Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс
iстейтiн болады. Екiншi деңгейдегi
банктердегi өзара iс-қимыл ерiктi негiзде
жүзеге асырылатын болады.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып
Интернет арқылы мемлекеттiк органдардың
e-қызмет көрсетулерi бойынша электрондық
төлемдердi жүзеге асыру мiндетiн Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2
шiлдедегi N 713 қаулысымен бекiтiлген
Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде
Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық
жүйесiн дамыту бағдарламасы шеңберiнде
iске асыру орынды.
5.4.3. Ұлттық сәйкестендiру жүйесiн қалыптастыру
E-қызмет көрсетулердi
тұтынушыларды сәйкестендiру мен
дәлме-дәлдiкке келтiру мiндеттерiн iске
асыру е-Үкiметтің инфрақұрылымын
қалыптастырудың негізгі бағыттарының
бiрi болып табылады.
Мемлекеттік органдармен құқықтық
қатынастарда азаматтар мен ұйымдарды
сәйкестендiрудiң бiрыңғай ережелерiнiң
болмауы заңды тұлғаның тiркеу нөмiрi,
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк
жеке код және тағы басқалары сияқты
сәйкестендiрудiң өзiндiк тетiктерi бар
ведомстволық ақпараттық жүйелер құруға
әкеп соқты.
Осындай
қадамдардың салдарынан заңды тұлғалардың
әдiлет, статистика, салық органдарында
бiрнеше рет тiркелу фактiлерi және бiрнеше
тiркеу құжаттарының болу қажеттiгi орын
алды. Субъекттердiң тiркеу мәлiметтерiнiң
өзгеруiн қадағалап отыру уақытша
фактордың әсерiнен, сондай-ақ әртүрлi
тiркеу органдарының арасында тиiмдi
ақпараттық өзара iс-қимылдың болмауынан
күрделене түседi.
Аталған проблемаларды шешу үшiн жеке
тұлғаларға сәйкестендiру нөмiрiн, заңды
тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерге
бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн жинақтау
және беру негiзгі функциялары болып
табылатын "Жеке тұлғалар" және
"Заңды тұлғалар" деген мемлекеттiк
дерекқор құру жөніндегі бұған дейiн
басталған iс-шаралар аяқталатын
болады.
Қазақстан
Республикасының мекен-жай кеңiстiгiн
бiрегейлендiру және мекен-жайларды
машиналық өңдеу мүмкiндiгiн қамтамасыз
ету мақсатында әрбiр мекен-жайға
сәйкестендiру нөмiрi берiле отырып,
бiрыңғай "Мекен-жай тiркелiмi"
құрылатын болады.
Аталған жүйелердi iске асыру субъектiлердi
тiркеу рәсiмдерiн, көрсетiлетiн e-қызмет
көрсетулердiң атаулылығын, ақпараттық
жүйелердi құру мен дамыту, бiрыңғай
сәйкестендiру нөмiрлерiн қолдану негiзiнде
ведомстволық ақпараттық жүйелер
арасындағы өзара iс-қимылды жетiлдіру
жөнiнде iс-шаралар үйлестірудi жеңiлдету
мақсатында жүзеге асырылады. Жеке және
заңды тұлғалардың сәйкестендiру
(бизнес-сәйкестендiру) нөмiрлерi мен
атаулы ақпаратты қолдану саласында
нормативтiк құқықтық базаға тиiсті
өзгерiстер енгiзiлетiн болады.
E-қызмет көрсетулердi тұтынушыларды
дәлме-дәлдiкке келтiру тетiгiн құру
ақпарат алмасу кезiнде сенiмдi
қарым-қатынастар тiзбегiнiң көмегiмен
электрондық цифрлық қол қою тетігiн
пайдалануға мүмкiндiк беретiн ашық
кілттер инфрақұрылымын енгiзу есебiнен
қамтамасыз етілетiн болады.
Ашық кiлттер инфрақұрылымы пайдаланушылардың
жеке жабық кілттерiн олардың ашық
кiлттерiмен байланыстыратын тiркеу
куәлiктерiн қолдануға негiзделедi. Ашық
кiлттер инфрақұрылымын енгiзу үшiн
Қазақстан Республикасы жеке және заңды
тұлғаларының электрондық цифрлық
қолдарын арнаулы куәландыратын орталық
құру жоспарланып отыр. Сәйкестендiру
деректерiн және электрондық цифрлық
қол қоюдың кiлттерiн жинақтау, сақтау
және қолдану үшiн сенiмдi құрал ретiнде
смарт-технологияларды пайдалану
жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы жеке және заңды
тұлғаларының электрондық цифрлық
қолдарын куәландыратын орталық
сертификаттау орталығының функцияларын
жүзеге асыратын болады. Кiлттердi тiркеу
және беру үшiн тiркеу орталықтары да
құрылады.
Ұлттық
сәйкестендiру жүйесiн құру мемлекеттік
органдардың ақпараттық жүйелерi мен
ресурстарына рұқсат бойынша енудi
қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
5.4.4. Мемлекеттiк
органдардың бiрыңғай
көлiктiк
ортасын қалыптастыру
Қазiргі уақытта
мемлекеттiк органдар тек қана өз
мұқтаждарын бағдарға ала отырып,
бiр-бiрiне тәуелсiз және оқшауланған
ақпараттық-коммуникациялық жүйелерiн
құруда. Бұл ретте, едәуiр қаржылық және
материалдық қаражат шығындалады,
бiрыңғай қауiпсiздiк саясаты жоқ,
ведомствоаралық, деңгейаралық және
аймақаралық өзара iс-қимыл ұйымдастыру
проблемалары туындайды. Ведомстволық
ақпараттық-коммуникациялық жүйелер
бұқаралық байланыс желiлерiнен оқшауланып,
жекеше сектор кәсiпорындарымен, қоғамдық
ұйымдармен және халықпен тiкелей
қорғалған ақпараттық өзара iс-қимылды
көздемейдi.
Қазiргі
заманғы цифрлық технологияларды
пайдалана отырып, жоғарыда аталған
проблеманы шешу үшiн e-Үкiмет инфрақұрылымының
рұқсат етiлмеген енуден жоғары дәрежеде
қорғауды, трафиктің барлық түрлерiн
берудi және телекоммуникациялық қызмет
көрсетулердiң ауқымды спектрiн бөлiп
берудi қамтамасыз ететiн қажеттi құрамдас
бөлiгi ретiнде мемлекеттiк органдардың
бiрыңғай мультисервистiк көлiктiк ортасы
құрылатын болады.
Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк
ортасының құрылуы мен жұмыс iстеуiнiң
регламентiн айқындау тиiстi нормативтiк
құқықтық базаның әзiрленуiн талап
етедi.
Мемлекеттiк
органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасын
құру тиiмдi әрi жоғары рентабельдi
инфрақұрылым ретiнде:
ақпаратты қорғаудың бiрыңғай саясатын
жүргізудi;
мемлекеттік
органдардың қолда бар ведомстволық
ақпараттық жүйелерiн бiрiктiрудi;
мемлекеттiк органдардың қолда бар
ведомстволық телекоммуникациялық
жүйелерiнiң ықпалдасуын;
ақпарат бeру жөнiндегi сервистің кепiлдi
сапасын ұсына отырып, мемлекеттiк
органдардың қорғалған мүмкiндiктi
желiлерiн құруды;
бiрыңғай қоршалған шлюздi пайдалана
отырып, мемлекеттік органдардың Интернет
ресурстарына қолжетiмдiлігін қамтамасыз
етедi.
5.5. Ведомствоаралық
және үлгiлiк ведомстволық
ақпарат
жүйелерiн құру және дамыту
Мемлекеттiк органдардың
ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн
бiрегейлендiру және ықпалдастыру
мақсатында ведомствоаралық және үлгiлiк
ведомстволық ақпарат жүйелерiнiң жобалары
iске асырылатын болады. Мұндай жүйелерге:
ведомстволық және ведомствоаралық
электрондық құжат айналымы, құжаттарды
мұрағаттық сақтау, әкiмшiлiк-басқару
қызметiнiң ақпараттық жүйелерi, салық
төлеушiлер мен салық салынатын объектілер
тiзiлiмi, үкiметтік Интранет-портал
жатады.
Құжаттарды
дайындау және оларды жүйеге енгiзу,
тiркеу, бөлу мен тарату, редакциялау
және түрлендiру, жедел сақтау және
мұрағатқа жiберу, iздеу мен қарау,
құжаттарды алу және жаңғырту, олардың
орындалуын бақылау, қолжетiмдiлiктi
шектеу, құжаттардан ақпарат алу және
оған талдау жасауды қоса алғанда,
мемлекеттiк органдардағы құжат айналымының
технологиялық процестерiн автоматтандыру
жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады.
Мемлекеттiк органдар үшiн электрондық
цифрлық қол қоятын арнаулы куәландыратын
орталықты дамыту жөнiнде, қазiргi заманғы
ақпараттық технологияларды қолдана
отырып, Мемлекеттiк органдар арасындағы
ведомствоаралық құжат айналымы жүйесiн
құру және құжаттарды мұрағатта сақтауды
ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар
жалғастырылады.
Бағдарлама шеңберiнде мемлекеттiк
органдардың әкiмшілiк-басқару қызметiн
автоматтандырудың үлгiлiк ауқымды
ақпараттық жүйесi әзiрленетiн болады,
ол өзiне персоналды басқару, еңбекақы
есептеу, қаржылық жоспарлау мен
бухгалтерлiк есеп жүргiзу мiндеттерiн
ықпалдастырады. Мұндай жүйенi қазiргi
заманғы жобалық шешiмдердi қолдана
отырып әзiрлеу құбылмалы жағдайларға
жедел бейiмделудi қамтамасыз етуге
мүмкiндiк бередi және экономикалық
тұрғыдан мақсатқа сай болады.
Ведомствоаралық және ведомстволық
ақпараттық ресурстарда жинақталған
ақпаратты тиiмдi басқаруды, шұғыл ден
қоюды, әртүрлi ведомстволардағы
мемлекеттiк қызметшiлердiң топтасып
жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды қамтамасыз
ету үшiн мемлекеттiк органдардың
регламенттелген қолжетiмділігiн
ұйымдастыра отырып, Интернет-технологиялардың
негiзiнде құрылған Интранет-порталы
iске асырылатын болады.
Ведомстволық ақпараттық жүйелердi
дамыту шеңберiнде "Мемлекеттiк жер
кадастрының автоматтандырылған жүйесi"
мен "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi"
жүйелерiн құру және дамыту жөнiндегi
iс-шаралар жалғастырылатын болады.