Файл: 100сурак жауабы рыты жрек соысы алыпты жадайда болатын аралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 553
Скачиваний: 29
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
A.Әрбір 4 сағатта;
B.Әрбір 3 сағатта;
C.Әрбір 2 сағатта;
D.Әрбір 5 сағатта;
E.Әрбір 6 сағатта.
53.Мезгіліне дейін жеткен жүктілік үшін перзентхана бөлімшелерінде ұстанатын температура қандай?
A. 25 градус;
B.20-22 градус;
C.22-24 градус;
D. 17-18 градус;
E.28 градус.
54.Партограмманы толтыруды қашан бастау қажет?
A. Ретті түрдегі толғақпен босану бөлімшесіне түскенде;
B. 15-20 минуттық реттілікпен жатыр жиырылуы басталғанда;
C.Шарана маңы су кеткенде;
D.Тек мезгілі жеткен жүктілікте;
E.Толғақ күшенісі басталғанда.
55.Алғаш жүкті болушы Л., 29 жаста, жүктілік мерзімі 38 апта, жүкті әйелді 6 сағаттан бері іштің төменгі жағының ауыруына мазасыздандырған, ауыру жиілігі, ұзақтығы және қарқындылығы бойынша ретті емес. Қынапты тексергенде: жатыр мойны "жетілмеген". Диагноз қойыңыз?
A. Жалған толғақ.
B.Белсенді фазаның ұзаруы;
C.Босанудың алғы белгілері;
D.Босанудың бірінші кезеңі;
E. Латентті фазаның ұзаруы;
56.Госпитальды инфекцияның төмендеуі үшін жасалатын алғашқы іс-шаралар?
A. Қолды мұқият жуу және бір реттік сүлгілерді қолдану;
B.Қызметкер мен келушілердің киімдері мен аяқ киімдерін ауыстыру;
C. Мекемені циклді түрде дезинфекциялау;
D.Палатаны кварцтау;
E.Маскалық тәртіпті қолдану.
57.RW, АИВ-қа жүкті әйелдің қаның міндетті зертханалық зерттеу уақыты:
A.Дәрігерге бірінші рет тексерілгенде және 30-шы аптада;
B.Дәрігерге екінші рет қаралғанда 16-20 аптада;
C.Дәрігерге үшінші рет қаралғанда 24-25 аптада;
D.Дәрігерге бірінші рет қаралғанда және 36-шы аптада;
E.Жүктіліктің 38-40 аптасында.
58.Физиологиялық босануда нәрестенің қалыпты келуі саналады:
A.Шүйдемен келудің алдыңғы түрі;
B.Шүйдемен келудің артқы түрі;
C.Бастың алдымен келуі;
D.Төбесімен келуі;
E.Маңдайымен келуі.
59.Босану барысында ұрықтың гипоксиясын анықтауда қолданады:
A. Кардиотокография;
B. Амниоскопия;
C.Амниоцентез;
D.Плацентосцинтиграфия;
E.Допплерометрия.
60.Мезгілі жеткен жүктілікте нәресте көлденең орналасқанда көрсетіледі:
A. Жоспарлы кесар тілігі;
B. Босануды табиғи босану жолы арқылы жүргізу;
C.Толғақ басталғаннан соң кесар тілігін жасау;
D.Шарана маңы су кеткеннен соң кесар тілігін жасау;
E.Босану табиғи босану жолы арқылы, әрі қарай нәрестені жамбасынан бастап шығару.
61.Босанудың екінші кезеңінде қынапты тексергенде нәрестенің баспен келуі анықталды, жатыр ернеуі толық ашылған, маңдай, көз алмасы, үлкен еңбектің алдыңғы бұрышы пальпацияланады. Бастың осылай келуі қалай аталады?
A. Маңдаймен келу;
B. Төбесімен келу;
C.Бетімен келу, алдыңғы түр;
D.Бетімен келу, артқы түр;
E.Шүйдемен келудің артқы түрі.
62.Көлденең орналасу мен нәресте өлі болғанда жасалынады:
A. Ұрықты бөлшектеу операциясы;
B.Нәрестені аяғына қарай классикалық ауыстыру;
C.Нәрестені жамбасымен шығару;
D. Кесар тілігі;
E.Акушерлік қысқыштарды салу.
63.Жатыр пішіні шар тәрізді, алдыңғы артқы бағытта қусырылған, жатыр түбі биіктігі қасағадан 15-16 см жоғары, қуыс қабырғасының қатпарлығы өай кезеңге сәйкес келеді?
A.Босанудан кейінгі ерте кезеңге;
B.Босанудан кейінгі екінші тәулікке;
C.Босанудан кейінгі үшінші тәулікке;
D.Босанудан кейінгі төртінші тәулікке;
E.Босанудан кейінгі бесінші тәулікке.
64.Жатыр тығыз, ауырмайды, түбі қасаға деңгейінде, лохия түсі сарғыш-ақшыл, осындай сипаттама қай кезеңге сәйес келеді:
A. Босанудан кейінгі оныншы тәулікке.
B.Босанудан кейінгі екінші тәулікке;
C.Босанудан кейінгі үшінші тәулікке;
D.Босанудан кейінгі төртінші тәулікке;
E. Босанудан кейінгі ерте кезеңге;
65.Ана сүтімен емізу ережелеріне жатады:
A.Бала қанша емгісі келсе сонша емізу;
B.Белгілі уақыт аралығында ғана емшекпен емізу;
C.Егер бірінші емізуден кейін нәресте тағы емгісі келсе, оған емшек беруге болмайды;
D.Баланы мензурка арқылы тамақтандыру керек;
E.Түнгі уақытта анасы баласын емізуін шектеу керек.
66.Сазонов-Бартельстің жіктелуі бойынша босанғаннан кейінгі сепсистің 1-ші кезеңі:
A.Босанғаннан кейінгі ойық жара, эндометрит;
B.Метротромбофлебит;
C.Тромбофлебит;
D.Параметрит;
E.Перитонит.
67.Мезгілі жеткен нәресте түсінігі анықталады:
A. Жаңа туылған нәресте салмағы 2,5 кг-нан астам болса;
B. Нәрестенің жүрек қызметінің жағдайымен;
C.Жүктілік мерзімімен;
D.Нәрестенің физикалық даму белгілерімен;
E.Бойы 46 см және одан кіші болса.
68.Физиологиялық сарғаюдың пайда болуы себебі:
A. Бауырдың ферменттік белсенділігінің жеткіліксіздігі.
B.Резус-келісімсіз жүктілік;
C.Туа біткен гепатит;
D.Өт шығару жолдарының механикалық бітелуі;
E. Нәрестедегі гемолитикалық ауру;
69.Қанының Rh факторы теріс анадан тері жабындары сары түске боялған нәресте туылды, қан тобы В (III) Rh (+), гемоглобин 150 г/л, билирубин 75 ммоль/л. Диагноз қойыңыз:
A. Гемолитикалық ауру, сарғаю түрі;
B.Гемолитикалық ауру, анемия түрі;
C. Физиологиялық сарғаю;
D.Гемолитикалық ауру, ісіну түрі;
E.Гемолитикалық ауру, ауыр дәрежесі.
70.Егер жыныстық қатынас кезінде презерватив жыртылып кеткенде жасалатын іс-әрекет:
A. Әйел адам неғұрлым тезірек дәрігерге қаралып жедел контрацепция әдісі туралы кеңес алуы керек;
B.Жыртылған презервативті жылдам арада жаңасына ауыстыру керек;
C. Жүктілік туралы уаймдамауға болады, өйткені презерватив сперманың көп бөлігін ұстап қалады;
D.Егер бірден өзінің жыныс ағзаларын мұқият жуатын болса әйел жүктілікті болдырмауы мүмкін;
E.Оральды контрацепцияны қабылдауды бастау керек.
71.Спермицидтер жеткіліксіздігінің бірі:
A.Қолдану кезінде қынаптың ашуы немесе қышу болу мүмкіндігі;
B.Эстрогенмен байланысты кері әсерлердің болуы;
C.Ана сүтімен емізуге әсері;
D.Қолдануға дейін жамбасты қарау қажеттілігі;
E.Менструальды циклге әсері.
72.Босану жоларындағы жұмсақ тіндерінің жыртылуымен қамтамасыз етілген қан кетудің клиникасы:
A.Нәресте туыла салысымен бірден қан кету;
B.Босанудың I кезеңінде қан кету;
C.Плацента ажырағаннан кейін қан кету;
D.Жатыр атониясы;
E.Ұйындылармен қан кету.
73.Жатыр мойны жыртылуының 2-ші дәрежесі дегеніміз:
A. 2 см-ден үлкен жыртылу, бірақ жатыр күмбезіне жетпейді;
B.Қынап күмбезіне дейін жететін 2 см-ден үлкен жыртылу;
C.Жатырдың толық емес жыртылуы;
D. 2 см-ге дейін жыртылу;
E.Жатыр мойнындағы тіліну.
74.Босанушы әйелде бала жолдасын босанғаннан кейін қан кету басталды. Жатыр қуысына қолмен тексеру жасалынды, көктамыр ішіне утеротоникалық препарат салынды. Бірақ жатыр кезеңмен босаңсуда. Операциялық бөлме дайындалуда, операциялық бригада шақырылды. Операциялық бригада келгенше жасалынатын іс-әрекет:
A. Қызметкерлерді жұмылдыру, инфузиялық терапияны бастау, жатырға бимануальды компрессия жасау, каталкамен операциялық бөлмеге жеткізу, өмірлік маңызды ағзаларын бақылау, анализдер алу;
B.Қызметкерлерді жұмылдыру, инфузиялық терапияны бастау, каталкамен операциялық бөлмеге жеткізу, өмірлік маңызды ағзаларын бақылау, анализдер алу және операциялық бригаданы күту;
C. Қызметкерлерді жұмылдыру, каталкамен операциялық бөлмеге жеткізу, өмірлік маңызды ағзаларын бақылау, анализдер алу және операциялық бригаданы күту;
D.Қызметкерлерді жұмылдыру, инфузиялық терапияны бастау, бригаданы күту;
E.Қызметкерлерді жұмылдыру, өмірлік маңызды ағзаларын бақылау, анализдер алу және операциялық бригаданы күту.
75.Толық және толық емес плацентаның алда жатуының сараланған диагностикасы негізделеген:
A.УДЗ мәліметтеріне;
B.Сыртқы қан кету көлеміне
C.Ауырлық синдромының айқындылық дәрежесіне
D.Анемия белгілерінің айқындылық дәрежесіне
E.Нәресте жағдайына
76.Жүктілік кезіндегі плацентаның алда орналасуын анықтаудағы ақпаратты және қауіпсіз мәліметтер:
A. УДЗ
B.Сыртқы акушерлік тексеру
C.Айна арқылы қарау
D.Қынаптық тексеру
E. Анамнезі
77.Перзентханаға тексерістен өтпеген, қаралмаған 29 жастағы К. ретті түрдегі толғақпен түсті. Сыртқы акушерлік тексеруде және УДЗ мәліметтерінде плацентаның толық емес алдан келуі мен жамбаспен келуі анықталды. Босандыруды өткізу тәсілі қандай?
A. Кесар тілігі.
B.Аамниотомия және әрі қарай бақылау;
C.Амниотомия, әрі қарай кесар тілігі;
D.Амниотомия, әрі қарай босануды күшейту;
E. Консервативті-күте тұру;
78.Преэклампсия белгілеріне жатпайтын симптом:
A. Лейкоцитурия;
B.Құрысуға дайындық;
C. Жайылымды ісік;
D.Несепте белоктың пайда болуы > 0,3 г/тәулік;
E.АҚ 140/90 мм сынап бағ. дейін және одан жоғары көтерілуі.
79.Ауыр преэклампсиясы бар жүкті әйелде жүктіліктің 32 аптасында қалыпты орналасқан плацентаның мезігілінен бұрын ажырау белгілері пайда болды. Перзентханаға шұғыл түрде жеткізілді. Босандыруды өткізу тәсілі:
A. Кесар тілігі операциясы;
B.Аамниотомия, әрі қарай толғақты күшейту;
C. Интенсивті терапия және токолитикалық терапия;
D.Магнезия терапиясымен қынаптық босандыру;
E."Жетілген" жатыр мойны кезінде - толғақты күшейту, "жетілмеген" жатыр мойны кезінде - кесар тілігі операциясы.
80.Жүктілікті аяғына дейін көтеріп жүре алмау туралы не айтуға болады?
A. Анамнезінде 2 және одан көп өздігінен болған түсік;
B.Гинекологиялық анамнезнің қатысы бар;
C.Анамнезінде мезгіліне жетпей босану;
D. Анамнезінде өздігінен болған бір түсік бар;
E.Анамнезінде 4 және одан көп өздігінен болған түсік.
81. 16-17 апталық мерзімдегі жүкті әйел Н.-ға истмико-цервикальды жеткіліксіздікке екі "П"-тәрізді жібек жіппен коррекция жасалды (Любимова-Мамедалиева бойынша). Жүктіліктің қай мерзімінде жіпті алу қажет:
A.28-30 аптада
B.37-38 аптада
C.39-40 аптада
D.41 -42 аптада
E.35-36 аптада
82.Тар жамбаста нәресте басының бір жазықтықта ұзақ уақыт болуы неге қауіпті?
A. Зәр-жыныс тесіктің пайда болу қауіптілігімен;
B.Жатыр қуысына инфекция енумен;
C. Босану прогресінің қанағатсыздануымен;
D.Жатыр жыртылуымен;
E.Құрсақ қуысына қан кетумен.
83.Сыртқы акушерлік тексеруде нәрестенің жамбаспен келу сипаты:
A. Кіші жамбас кіреберіс жазықтығының үстінде келген бөліктің жұмсақ консистенциясы.
B.Сол жақтан сезілетін тығыз бөлік
C.Жатыр түбінің төмен орналасуы
D.Кіші жамбас кіреберіс жазықтығына тірелген нәресте бөлігінің тығыз келуі
E. Оң жақтан сезілетін тығыз бөлік
84.Жамбаспен келу кезінде босану биомеханизмінің бірінші сәті:
A.Кіші жамбас кіреберіс жазықтығына бөксені қою
B.Кіші жамбасқа бөксені түсіру
C.Омыртқаның бел тұсынан бүгу
D.Омыртқаның иойын-кеуде бөлігінен бүгу
E.Басты бүгу.
85.Таза бөкселі келуде Цовьянов бойынша қолмен көмек көрсетуге кіріседі:
A. Бөксесі шыққанда
B.Нәресте кіндікке дейін туылғанда