ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 1593
Скачиваний: 8
Цензурирлеу термині алғаш рет 1949 ж. қолданылған.
Бұл әдістерде –өмір уақыты, өміршеңдік функциясы,өмір уақытының кестесі,өміршеңдік қисығы,Каплан-Мейер процедурасы сияқты ұғымдар қолданылады.
Цензурирленген бақылау
Өмір уақыты – бұл қандай да бір оқиға пайда болғанға дейінгі уақыт.
Оқиға: ауру симптомының дамуы, ауру ағзаның емге реакциясы,аурудың қайталануы (рецидив) немесе өлім.
Өмір уақыты: аурудың дамуына дейінгі уақыт, емнің басталуы мен оған реакция болғанға дейінгі уақыт, ремиссия(денсаулықтың жақсара бастауы мен рецидивке дейінгі) уақыты, өлімге дейінгі уақыт.
Зерттеушілер тәжірибенің ұзақтығын - 30 апта деп анықтаған.
Өміршеңдікті талдау үшін алынған деректер төмендегідей: 10, 15, 30+, 25, 30+, 19+.
Қосу таңбасы цензурирленген деректерді білдіреді.
Цензурирленген деректер жоқ болса, онда зерттеу толық деп аталады.
Өміршеңдік функциясы – бұл нысанның бақылаудың басталу мезетінен бастап t дан үлкен уақыт өмір сүру ықтималдығы:
S(t) = P(T>t), немесе S(t) = 1 - P(T<t),
мұндағы P(T<t) – t уақытына дейін оқиғаның (апат болу) пайда болу ықтималдығы.
S(t) функциясының қасиеттері : S(t) = 1 егер t=0; S(t) = 0 егер t=∞.
Өміршеңдіктің толық сипаттамасы – бұл өміршеңдік қисығы.
Жалпыланған көрсеткіші – өміршеңдік медианасы.
Өміршеңдік медианасы – бұл өміршеңдік 0,5 тен кіші болатын ең аз уақыт.
Егер зерттеу цензурирленген болса, онда бөлшектің алымы әркезде анықтала бермейді,және бұл формула қате нәтиже беруі мүмкін.
Мұндай жағдайда Каплан-Мейердің мезеттік әдісі қолданылады.
мұндағы dt – t мезетіндегі оқиғалар (қайтыс болғандар ) саны, nt - t мезетіндегі бақыланғандар саны. П (гректің бас әрпі «пи») — көбейту белгісі.
Өмір уақыты кестесін құрудың екі жолы:
-
бірінші – Катлер –Эдерер тәсілі деректер құрамы үлкен болған жағдайда қолданылады,
-
екінші– Каплан – Мейер тәсілі тексерушілер саны аз болған жағдайда қолданылады.
Катлер – Эдерер тәсілі
Уақыт интервалдары |
Бақылана-тын нысандар-дың интервал-дың басындағы саны |
Уақыттың осы интервалында болған оқиғалар саны |
Уақыттың осы интервалында шығып қалушылар саны |
Интервалда оқиғаның пайда болу үлесі |
Интервалдағы тірі қалғандар үлесі |
Тірі қалғандар-дың кумулятив-тік үлесі |
i |
ni |
di |
wi |
qi |
pi=1-qi |
Si= pipi-1…p1 |
Каплан – Мейер тәсілі
Уақыт мезеті |
Уақыт мезетінде бақыланған нысандар саны |
Уақыт мезетінде болып өткен оқиғалар саны |
Уақыт мезетінде қатардан шығып қалғандар саны |
Оқиғаның пайда болу үлесі |
Тірі қалғандар үлесі |
Тірі қалғандар-дың кумулятив-тік үлесі |
i |
ni |
di |
wi |
qi |
pi=1-qi |
Si= pipi-1…p1 |
Өміршеңдіктің стандарттық қатесі
- сенімділік интервалы
Мысал.
уақыт |
12 |
15 |
16+ |
21 |
22+ |
24 |
26 |
28+ |
30 |
30+ |
Өлгендер немесе шығып |
1 |
2 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
3 |
1 |
10 |
n=1+2+1+1+2+1+1+3+1+10=23
ti |
ni |
di |
qi=di/ni |
pi=1-qi |
SE |
zαSE |
Si- zαSE |
Si-+zαSE |
|
12 |
23 |
1 |
1/23=0.04 |
1-0.04=0.96 |
0.96 |
0.04 |
0.08 |
0.96- -0.08=0.88 |
0.96+0.08==1.04≈1 |
15 |
22 |
2 |
0.09 |
0.91 |
0.96*0.91=0.87 |
0.07 |
0.14 |
0.87-0.14= =0.73 |
0.87+0.14= =1.01≈1 |
21 |
19 |
1 |
0.05 |
0.95 |
0.96*0.91*0.95= =0.82 |
0.08 |
0.16 |
0.82-0.16= =0.66 |
0.82+0.16= =0.98 |
24 |
16 |
1 |
0.06 |
0.94 |
0.77 |
0.09 |
0.18 |
0.59 |
0.95 |
26 |
15 |
1 |
0.07 |
0.93 |
0.72 |
0.098 |
0.19 |
0.53 |
0.91 |
30 |
11 |
1 |
0.09 |
0.91 |
0.66 |
0.109 |
0.21 |
0.45 |
0.87 |
t=12→,
t=15→,
t=21→,
t=24→ ,
t=26→ ,
t=30→
.
Тапсырма. Қарт адамдарды амбулаторлық емдеу стационарлық емдеуге қарағанда арзан. Алайда амбулаторлық бақылау госпитальдауды қажет ететін адамдарды жеткілікті айқындауға мүмкіндік бере ме? Қарт адамдың жалпы жағдайын бағалау үшін күнделікті үй жұмысының шкаласы деп аталатын ұғым енгізілген. Осы шкаланың болжамдық бағасын білу үшін жас мөлшерлері шамамен бірдей адамдарға зерттеу жүргізілген. Орта жасы 78,4 жыл, стандартты ауытқу 7,2 жыл. 4 жылдық бақылаудан кейін төмендегідей нәтижелер алынды:
Уақыт, ай |
6 |
12 |
18 |
24 |
26+ |
28 |
32 |
34+ |
36 |
38+ |
42 |
46+ |
47 |
48 |
48+ |
Өлгендер немесе шығып |
2 |
2 |
4 |
1 |
1 |
4 |
4 |
2 |
4 |
3 |
3 |
2 |
3 |
2 |
23 |
Топтың өміршендігінің айырмашылығының статитикалық мәнділігін бағаландар. Өміршеңдік қисығын тұрғызыңыз және оның 95% сенім аралығын табыңыз.