Файл: Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оыту дістемесі педагогикалы ылым.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 616

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.

8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под/ред.С.Е.Каменецкого,Л.А.Ивановой -М.: Просвещение,1987.-336 с.
Лекция 13. Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістері

Жоспар:

  1. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар

  2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен формалары

Дәріс мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен, оны ұйымдастырурдың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Дәріс мазмұны:

Мектеп физикасы бағдарламасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта ықыласын көтеріп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы- физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім төмендегідей мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

Оқушылардың физикалық-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-жігерін, шығармашылық қабілеттерңн арттыру.

Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Жас жеткіншектерге саяси, ғылыми, эстетикалық тәрбие беру.

Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың өзі екі үлкен топқа бөлінеді:

1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін кластан тыс жұмыстар. Бұған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады:

  • бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу.

  • физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, эмтиханға дайындау).

  • физиканы қызыға оқитын оқушылармен қиын және қызықты есептер шығару, физикалық экспериментті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекті құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу.

  • оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектесу (консультация, реферат- баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және өлшеулер жүргізу).


Жалпы мұндай жұмыстар физикадан оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде қалыптасуына, класс оқушыларының үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді.

2.Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі бойынша ұйымдастырылуы керек. Бұл мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады:

  • оқушылардың арнаулы физикалық білімдерін тереңдету;

  • қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы және т.б.) оқу;

  • физикалық приборлардың модельдерін жасау және т.б.

Бұларды ұйымдастырудың формалары да әртүрлі, мысалы: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздыру, физикалық кеш өткізу,тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жеке, топ және жаппай қатыстырылуымен орындалатын болып 3-ке бөлінеді.

Сыныптан тыс жұмыстар көбіне үйірме түрінде өткізіледі.Үйірмелер физикалық және физика-техникалық болып бөлінеді.Үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 10-15-тен аспауы керек.Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Физика үйірмесінің күнтізбелік (календарлық) жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс.

Жалпы үйірмелер мынадай талаптарға сай ұйымдастырылады:

1.Үйірмені ұйымдастыру туралы ұсынысты оқушылардың өздері бергені дұрыс. Ол үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастыратынын, оларды кімдер жүргізетінін және әдебиеттер тізімін, үйірме естесін жазып, кабинетке хабарландыру іліп қоюы керек. 2.Үйірмеге оқушылар өз еріктерімен қатысқаны дұрыс. 3.Төменгі және жоғарғы сыныптар үшін бөлек-бөлек топтардың болғаны дұрыс. 4. Үйірмеге қатысқан оқушылардың жұмыстарын барлық мектеп оқушыларына таныстыру үшін көрме ұйымдастырған жөн. 5. Үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндеттерін орындауға болмайды.

Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. мәселелер жатады. Жалпы физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады:

I. Дайындық кезеңі (1-1,5 ай )

а) мұғалім мен кешті өткізетін оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы;

ә) баяндамашыларды бөлу;

б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау;

в) конкурс пен викторинаға есеп сұрақтар таңдау;

г) көрнекіліктер жасау;

е) кештің бағдарламасыкөрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою.



II. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5 сағат)

а) кеш өтетін бөлмені безендіру;

ә) кешті жүргізу, өткізу;

б) кештің материалдарын жинау;

III. Кештің өтілуін талдау, қорытындылау:

а) оқушылардың сұрақтарына жауап беру;

ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау;

б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашу;

в) кешті қорытындылап, баға беру.

Физика және техника бойынша үйірмелер

Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Информатика», «Техникалық моделдер» тәріздес болады.

Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан интенсивті, қызғылықты түрлері бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш. Викторина, шығармашылық кеш, т.с.с.

Бақылау сұрақтары:

  1. Физикалық үйірме деген не?

  2. Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың түрлері қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.

2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.

3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.

4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.

5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.

6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.

7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.

8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под/ред.С.Е.Каменецкого,Л.А.Ивановой -М.: Просвещение,1987.-336 с.
Лекция 14
Физиканы проблемалық оқыту.

Жоспар:

  1. Программаланған оқыту.

  2. Компьютер қолданылатын физикалық білім беруге арналған – оқыту, анықтамалық, моделдеу бағдарламалары.

  3. Физиканы а мектептерде оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты: Білім беру үрдісінде проблемалық оқытудың маңызы, құрылымын және артықшылықтарын түсіндіру.

Дәрістің мазмұны

Оқытушы проблемалық мәселені қою арқылы оқытушыларды проблемалық жағдайға алып келеді. Бұл жерде бұрынғы меңгерілген білім мен жаңадан пайда болған мәселе арасында қарама-қайшылық пайда болады да, оқушы оқытушының көмегімен осы мәселеге байланысты пайда болатын құбылыс немесе процеске талдау жасау арқылы оны түсінуге, игеруге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау қабілетінің белсенділігші артады. Сондықтан да проблемелы оқытудың дүниетанымдық маңызы зор, Өйткені, ол құбылыстар мен процестердің бір-бірімен байланысын көре білуге үйретеді, жеке тұлғада диалектикалық ойлау қабілетінің қалыптасуынна әсер етеді. Солай дегенмен де, проблемалы оқыту білім беру мен тәрбиелеудің барлық мәселелерін шешіп бере алмайды. Оқу жүйесінде білім беру мен тәрбиелеудің әр түрлі әдістері мен қалыптары болуға тиіс. Проблемелы оқыту әдісін біртұтас дамыта оқыту жүйесінің қажетті бір бөлімі есебінде қарастырған жөн және оны проблемалық жағдайды жасаудың әр түрлі арнайы әдістері мен тәсілдерін кең қолдана отырып, сонымен бірге оқушылардың есте сақтағыштық, шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып дамыту қажет.

Проблемалы оқытудың теориялық мәселелерін М.И.Махмудов, А.М.Матющкин, И.Я.Лернер, Ю.Н.Бабанский және т.б. ене зерттеген еді. Проблемалы оқытуға арнап жазылған жұмыстардың саны біршама баршылық. Бірақ, соңғы кезде, елімізде бұл әдісті оқу процесінде қолданудың жағдайы қанағаттанрлықтай болмай отыр. Бұған негізгі себептердің бірі әдебиетте проблемалы оқыту жайында біртұтас оң пікірдің болиауында және оның мән жайын жақсы білетін оқытушылардың аздығында.

Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тәрбие жұиыстарында қолданбаса болмайды. Проблемалы оқытуды игеруге бағышталған біз ұйымдастырған ізденіс жұмыстары проблемалы оқыту сабағының дәстүрлі аралас сабаққа қарағанда біршама артықшылықтары барлығына көз жеткізеді.

Проблемалы оқыту сабағының құрылымы мен артықшылықтары


Рет саны

Сабақ кезеңдері

Қойылған мақсаты

Жұмсалған уақыт мөлшері

Іске асырудың жолдары

Байқалған артықшылықтар

1

Өткен материалдарды пысықтау

Меңгерілген білімді реттеей отырып, оны қолдана білуге үйрету. Кезекті сабаққа қажетті білімді жинақтап дайындау

10-15

Барлық оқушыларға қысқа ғана жұмыс жаздыру

Оқушылар түгелдей өз білімін көрсетеді

2

Пысықтауды қорытындылау

Өтілген материалдардың қажеттілерін жинақтап, оларды байланыстыра отырып келесі тақырыпқа көшу

12-15

Оқушылардың жеке жұмыстарына қысқаша шолу жасау

Оқушылар өз жұмысының нәтижесін көре отырып, келесі тақырыпқа ынталы болады

3

Проблемалы жағдай туғызып, оның негізгі мәселелерін көрсету

Оқушыларды ойлауға, талдауға, ізденіске ынталандыру

15-20

Проблемалы мәселені баяндап беру

Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады

4

Порблеманы шешу жолдарын қарастырып, болжам жасау

Бұрынғы білімдерді пысықтай отырып, жаңа материалды баяндау және оны талдауға үйрету

15-20

Оқушылармен эвристикалы түрде әңгімелесу

Оқушылардың ойлау қабілетін қоздырады

5

Болжамды дәлелдеу

Жаңа материалды талдауды тереңдете түсу

10-12

Әңгімелесу, мысал келтіру және оны оқушылар көмегімен шешу

Мәселеге сын көзбен қарауға, талдау жасай білуге үйретеді

6

Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру

Алынған білімді бекіту және іскерлікті қалыптастыру

8-10

Қателіктерді пысықтау, шешімді қорытындылау, есептер шығару

Оқушылардың өз біліміне, іскерлігіне деген сенімін нығайтады