Файл: Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оыту дістемесі педагогикалы ылым.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 611
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Физика курсына қажетті биофизикалық материалдарды негізгі үш бағыт бойынша іріктеуге болады:
Оқушыларға табиғат заңдарының бірлігін, жанды организмдерге физика заңдарын қолданатындығын көрсетуге мүмкіндік туғызатын материалдар;
Биология мен медицинада кеңінен қолданылатын, организмге әсер етудің және оны зерттеудің физикалық әдістерін көрсетуге мүмкіндік туғызатын материалдар;
Оқушыларды биониканың кейбір бағыттарымен, зерттеу нәтижелерімен таныстыратын оқу материалдары.
Оқушылардың білімге қызығушылығын қалыптастыру, оқудың өмірмен байланысын күшейту үшін физика мен биологияның пәнаралық байланысының маңызы зор екенін атап айту қажет.
Физика және математика курстарының байланысы. Ғылыми әдіс ретінде математиканың маңызы кең және елеулі түрде физиканы оқытуда байқалады: физикалық заңдар математикалық формулалармен өрнектеледі; математикалық формулалар мен амалдар физикалық заңдардың салдарын есептегенде, олардың кейбір қағидаларын дәлелдегенде, есептер шығарғанда, зертханалық жұмыстар орындағанда қолданылады.
Бұл жерде келесі мәселелерді қарастырғанның әдістемелік маңызы бар:
-
өтілетін тақырыптарды оқып-үйренудің уақыт бойынша үйлесілуі; -
функцияналдық тәуелділік түсінігі; -
есептер шығару.
Физиканы оқытуда алдын енгізілген математикалық білімдер қолданылады:
Жуықтап есептеу ережесін білу 7 сыныптан ақ талап етіледі, өлшеу қатеріктерін есептеу тек 9 сыныпта лабораториялық жұмыстарды орындау барысында ұсынылады;
Механиканы оқып-үйренгенде тригонометриялық функциялар, Пифагор теоремасы, квадраттық теңдеулер, ұқсастық түсініктері туралы білімдерді қолдану қажет болады;
Газ заңдарын оқығанда газ күйінің өзгеру процесінің графиктерін талдауға үлкен мән беріледі, деформация түрлерін, газдаға электр тогын, диодтың құрылысын т.б.тақырыптарды оқыту графикалық әдіс негізінде жүргізіледі.
Түрлі физикалық табиғаттағы тербелістер мен толқындарды оқытуға бірдей заңдылықтарды қолдану идеясы математикалық аппаратты қолдану негізінде іске асырылған.
Мектеп математика курсында функционалдық тәуелділіктерді оқыту үлкен орын алады. Физиканы оқыту процесінде функциялар жайлы білімдерді пайдалану елеулі педагогикалық эффект беруі мүмкін. Оқушылар өздері кинематикалық формулаларда қай шамалар аргумент, қайсысы функция болатындығын, графиктің түрі сандық коэффициенттің мәнінен калай тәуелді болатынын анықтай алады. Ол үшін тек математикада өтілген тәуелділіктермен аналогия жасау керек:
y=kx, y=ax+b, y=ax2.
Физикалық есептерді шығару жолдарын рационалдау, оларды интерпретпциялау, алынған жауаптың физикалық мағынасын талдау үшін математикалық білімдерді кеңінен қолдану мүмкіндігі болады.
Аталған пәнаралық байланыстар оқушылардың математика пәнінен алатын білімдеріне әсер ететінін атап айту керек. Математика пәні, математикалық ғылымның өзі сияқты, басқа пәндерден жоғары дәрежеде абстракцияланғанымен ерекшеленеді. Абстракциялау арқылы табиғаттағы объективті заңдылықтарды толығырақ, тереңірек және нақтырақ оқып-үйренуге, тиімдірек және үнемдеп өрнектеуге болады. Математикалық қағидалар нақты заңдылықтарды сипаттайтынын оқушылар жаратылыстану пәндерін оқығанда ғана түсінеді.
Физика курсының жаратылыстанумен байланысы.Физикамен байланысты кейбір сұрақтар жаратылыстану курсында оқытылады. Мұнда өтілетін сұрақтарға дұрыс түсіндірулер берілгені өте маңызды. Мысалы, желдің пайда болуы, табиғаттағы судың айналуы т.б.
Оқушыларды еңбекке баулу және физика пәндерінің арасындағы байланыс. Физика мен еңбекке баулу пәндерінің арасындағы байланыстың ерекшелігі – еңбекке баулу курсы оқушылардың физика сабақтарында алған білімдерінің практикалық қолданбасы болады. Физика курсының және еңбекке баулу пәндерінің байланысын қолданудың екі жолын ұсынуға болады:
1. Физика сабақтарында жаңа тақырыпты түсіндірер алдында оқушылардың еңбек сабақтарында алған білімдері мен практикалық дағдыларын анықтап алуға болады. Олар физика сабақтарында үйкеліс, қысым, жұмыс, энергия сияқты ұғымдарды меңгеруге негіз бола алады.
2. Еңбек сабақтарында физикамен байланысты арнайы тапсырмаларды орындау.
Тәрбиелік мақсатта қозғалыс кезінде, жұмыс істегенде энергияны үнемдеу, еңбек еткенде қауіпсіздік ережесін сақтау қажет екендігіне оқушылардың назарын аударған пайдалы болады.
5.Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық мағынасы.
Физиканы оқыту тек алдын алған физикалық білімдерге ғана емес, жаратылыстану ғылымдарынан білгендеріне де сүйенуді талап етеді.
Физика курсының басқа оқу пәндерімен байланыста болуы келесі мақсаттарды көздейді:
-
Жаратылыстану білімдердің диалектикалық бірлігінің негізінде табиғат туралы тұтас қөзқарасты қалыптастыру; -
Білімнің жүйелілігін қамтамасыз ету; -
Құбылыстар, түсініктер, теориялар арасындағы жан-жақты байланыстарды орнату білу дағдыларын оқушыларда қалыптастыру; -
Оқытудың политехникалық бағытталуын күшейту – оқушыларда практикалық мәселелерді теориялық жағынан дұрыс және техникалық жағынан тиімді, түрлі оқу пәндерін меңгеру барысында алған білімдері мен біліктері негізінде техникалық-экономикалық мәселелерді шеше алатын дағдыларды қалыптастыру.
Бақылау сұрақтары:
-
Пәнаралық байланыс. -
Пәнаралық байланыс түрлері -
Физика және басқа оқу пәндерінің байланысы. -
Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың негізгі кезеңдерін көрсетіңдер.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.
2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.
3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.
4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.
5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.
6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.
7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.
8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. П/р С.Е.Каменецкого, Л.А.Ивановой-М.: Просвещение, 1987. -336 с.
Лекция 4. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары
Жоспар:
1.Физика сабақтарының жүйесі.
2. Күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау.
3. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс уақытта өз бетінше орындайтын жұмыстары.
Дәріс мақсаты: Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формаларымен таныстыру.
Дәріс мазмұны.
1.Физика сабақтарының жүйесі.
Орта мектепте оқу сабақтары сыныптық-сабақтық жүйе негізінде ұйымдастырылады. Сабақтар нақты кесте бойынша жүргізіледі.
Физикадан сабақтар жүйесіне, оқу сабақтарынан басқа, экскурсиялар, үйдегі жеке сабақтар, факультативтік сабақтар, сыныптан тыс сабақтардың алуан түрлі формалары, өз бетінше білім алу сабақтары т.б. Оқу жұмысын жоспарлағанда оқу сабақтарының барлық түрлерін ескеру қажет, бірақ негізгі роль сыныптағы сабақтарға беріледі. Сабақтардың формасын таңдау оқу-тәрбиелік міндеттермен және оқу материалының мазмұнымен анықталады.
Сабақ оқу-тәрбиелік процестің негізгі бөлігі болып табылады. Негізгі дидактикалық мақсат бойынша физика сабақтарын келесі типтерге бөлуге болады:
-
Жаңа материалды оқып-үйрену сабағы; -
Білімдерді бекіту және практикалық дағдыларды қалыптастыру; -
Білімді жалпыламалау, жүйелеу және тереңдету; -
Білімді тексеру және есепке алу; -
Аралас сабақ.
Аталған соңғы типке қандай да бір дидактикалық мақсатты бөліп айту қиын сабақтар жатады. Мұндай сабақтарда қойылған міндеттердің маңыздылығы шамамен бірдей болады. Типтес сабақтардың дидактикалық мақсаттары ғана емес, құрылымы да бірдей болады.
2. Күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау.
Физика пәнінің мұғалімі оқу жұмысына дайындықты жылдық, жартыжылдық жоспардан және әр сабақты өткізуге арналған жоспар түзуден бастайды. Оқу жұмысының тиімділігі және реттілігі, сабақтардың жүйелілігі, бағдарламаны орындау сапасы, соңында, оқушылар білімінің тереңдігі және беріктігі жоспарлаудың нақтылығына байланысты болады.
Физика сабақтарына дайындықтың ерекшелігі мұғалімнің физикалық эксперимент дайындауы: көрсетілімді таңдау, құрал-жабдықтарды дайындау және қондырғыны жинақтау, жаппай орындалатын зертханалық жұмыстарға, тәжірибелерге және эксперименталдық есептерге қажетті приборларды жинақтау, тақырыптарға қатысты виртуалды эксперименттер дайындау.
Жоспар түзуге қажетті құжаттар: оқу стандарты, мектептің оқу жоспары және үлгілік оқу бағдарламалары. Жоспарлаудың екі түрі бар: күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарлары.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда тақырыптарды сабақтарға б-ліп жазу керек, онда жоспарланатын негізгі сабақтар мен бірге жаппай орындалатын лабораториялық жүмыстар, есептер шығару сабақтары, білімді тексеру сабақтары, экскурсиялар, қайталау сабақтары т.б. қамтылуы тиіс. Жоспарда мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері нақты формаларға келтіріліп жазылады. Сабаққа дайындықтың соңғы кезеңі – сабақ жоспарын түзу, яғни өтілетін әр сабақты бөлек жоспарлау.
Мұндай жоспарлар мұғалімге сабақтың барлық элементтерін қөз алдына нақты келтіруге көмектеседі: мазмұнын, ретін, сабақ элементтеріне бөлінген уақытты (хронометраж), сабақтың бөлшектерін т.б. Сабақ үстінде жасайтын, айтатын, ұйымдастыратын нәрселерді ойластыру мен жазуға мұғалім өте көп күш және уақыт жұмсайды, басқа айтқанда, оның барлық еңбекпен өткен өмірі кетеді. Сондықтан, оқытушылық іс-әрекетті бастағаннан ақ сабақтарды жоспарлаудың тиімді тәсілдерін меңгеріп алған дұрыс болады. Практиканттар мен жас мұғалімдерге сабақтың жоспар-конспектін түзген пайдалы, кейіннен оны екіге бөлуге болады: сабақ жоспары және конспекті. Біріншісі жыл сайын басынан жазылады, ал екіншісі нақты сабаққа қатысты жаңа әдістемелік нұсқаулармен, ғылым және техниканың жетістіктері
жайлы материалдармен, қызықты есептермен, жаңа электрондық нұсқадағы материалдармен т.б. толықтырып отырады.
Сабақ жоспарының бірыңғай жазу формасы жоқ, бірақ онда келесі мәселелер орын алуы тиіс: сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, үй тапсырмасының орындалуын тексереру, оқушылардың алған білімдерін актуалдандыру құралдары мен әдістері, жаңа материалды өту реті мен әдістері, өтілген жаңа тақырыптарды бекіту және оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру, үй тапсырмасы және оған түсіндірмелер, қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекілік құралдар, сладтар, видеофильмдер, компьютерлік бағдарламалар т.б. Түрлі типті сабақтарды өткізу жоспарлары өзгеше болады.
Түзілген жоспар мұғалімнің сабақ үстіндегі әрекеттерін шектемеуі керек, жағдайға байланысты жорпардан кейбір ауытқулар болуы мүмкін. Сабақтар кейін жоспардың жетілген жерлері мен кемшіліктерін талдап берілген жаңа ақпараттар қөлемінің, қолданылған әдіс-тәлісдер тиімділігінің, көрсетілімдердің, виртуалды оқу материалдарының оптималды түрін таңдау жайлы өз ескертпелерін жазып қойған жөн болады. Бұл әрекеттер келешекте жұмыс істеу әдістерін жетілдіруге, осы тақырыптағы сабақтарға дайындық уақытын үнемдеуге көмектеседі.
3. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс уақытта өз бетінше орындайтын жұмыстары.
Физикадан оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру екі өзара байланысқан мендеттерді атқаруға бағытталуы керек:
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін өз беттерінше оқып-үйрену арқылы дамыту, яғни оларды өз бетінше білім алуға үйрету.
Алған білімдерін өздігінен оқуда және практикалық іс-әрекеттерінде қолдана білуді үйрету.
Өз бетенше жұмыс істеуге дағдыланған оқушы оқу материалын белсенділікпен және терңірек меңгереді, шығармашылық еңбекке, өздігінен білім алуға дайын болады.
Физика пәнін оқуда оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарының келесі түрлері бар:
- Оқулықпен, анықтамалық, ғылыми-көпшілік кітаптармен, мерзімдік басылымдармен және интернет-ресурстармен жұмыс жасау, конспекттер түзу;
- Есептер шығару және жаттығулар орындау;
- Лабораториялық жұмыстар және фронтал эксперимент жасау;
- үлестірмелі материалдармен жұмыс;
- Сыныптастарының жауаптары мен баяндамаларына сын пікір ауту, оларды толықтыру;
- Рефераттар мен мәлімдемелер дайындау;
- Үй жағдайында кейбір қарапайым тәжірибелер мен бақылаулар жүргізу.