ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 14
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – тұғырым
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
- Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
- Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздік бастауы - ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну.
Сабақтың көрнекіліктері: нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, буклеттер, желтоқсан құрбандарының портреттері.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер!
Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған тарихи – әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.
Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар - намысын, ата - баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. Иә, 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы»тарихта мәңгі қалмақ.
1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.
Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне,
қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
(1минут үнсіздік жариялаймыз.)
Мұғалім сөзі: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Қандай бақыт қуаныш күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар,
Елің алды егеменді теңдігін,- деп жырлай келе тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын!
Гүлназ. Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
1986 жыл, 16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан - ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Айнұр. Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
Қайрат. 1991 жылы желтоқсанның 1 - де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым - ол.
Жансұлу. 1992 жылы 4 – маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек -
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман - қыраны.
Жалауы бұл - халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада - аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам.
Әнұран
Әнұраным - жанұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.
Шынар. 2022 жылы Қазақстан Президенті болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қайта сайлайды.
Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.
Қорытындылау: Осымен бүгінгі «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға мың алғыз. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін.