Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде) жиынты баалауа арналандістемелік сыныстар 6сынып 20192020 оу жылы дістемелік сыныстар малімге, 6сынып білім алушыларына аза тіліі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 81
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
жиынтық бағалауға арналғанәдістемелік ұсыныстар
6-сынып
2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тіліі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
МАЗМҰНЫ | |
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР | 4 |
«Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография» | 4 |
«Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика», «Әлемнің жеті кереметі.
Лексикография» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау | 7 |
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР | 10 |
«Астана - мәдениет пен өнер ордасы. Лексика» | 10 |
«Тарихи тұлғалар. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау | 13 |
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР | 16 |
«Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен, көлдер. Морфология» | 16 |
«Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология», «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология» | 19 |
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР | 22 |
«Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология» | 22 |
«Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация» | 25 |
1-тоқсан бойынша бөлімдік жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»
Оқу мақсаты | 6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқыбөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Тапсырма
Оқжетпес туралы аңыз Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын нәрсе - табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек, атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді: ____________________________________________________________________ Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз.
|
Бағалау_критерийі__Тапсырма__Дескриптор'>Бағалау критерийі | Тапсырма | Дескриптор | Балл |
| № | | |
| Білім алушы | | |
Мәтіннің ататуын талқылайды Алғашқы бөлігін тыңдап, мәселені болжайды | 1 | мәтіннің атауынталқылайды; мәтіннің алғашқыбөлігінің мәнін ашады; үзілген жерден болжаммен жалғастырады; | 1 1 1 |
2 | Сұрақтарға мәтіннендәлелдер келтіріпжауап береді: 1-сұрақ; 2-сұрақ; 3-сұрақ; 4-сұрақ. | 1 1 1 1 | |
| | | |
Барлығы | 7 |
«Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні____________________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Мәтіннің ататуын талқылайды Алғашқы бөлігін тыңдап, мәселені болжайды | Мәтіннің атауын талқылауда,көтерілетін мәселені болжауда, сұрақтарға мәтіннен дәлелдер к елтіріп, жауап беруде қиналады | Мәтіннің атауын талқылауда,көтерілетін мәселені болжауда, с ұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп,жауап беруде қателіктер жібереді | Мәтіннің атауын талқылайды, көтерілетін мәселені болжайды, с ұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп,жауап береді |
Бөлім «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика», «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография»
Оқу мақсаты | 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру 6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау | |||||
Бағалау критерийі | Білім алушы
| |||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |||||
Орындау уақыты | 15-20 минут | |||||
Тапсырма
Келіннің тапқырлығы Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне «Шапқыау шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білемеге жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», депті.Ертеректе бір қарианың балаларының аты қамыспай қасқырбай қойбай қубай қубай қайрақпай пышақбай баубай балтабай екен. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтағансып жүгіріп келіп: «Келін ау келін судың ар жағында қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. тез ауылға бар да, хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, қойды адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім. Шүу», - депті. 2. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша 4 нақтылау сұрағын құрастырыңыз.
|
Бағалау критерийі | Тапсырма | Дескриптор | Балл |
| № | | |
| Білім алушы | | |
Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді | 1 | Мәтіндегі орфографиялық қателерді түзетеді; | 1 |
Мәтіндегі пунктуауциялық қателерді түзетеді; | 1 | ||
Мәтінге құрылымдық түзету жасайды; | 1 | ||
Мәтінде көтерілген мәселеге, негізгі және қосымша ақпараттарға бағытталаған нақтылау сұрақтарын құрастырады | 2 | Мәтінбойынша 4 нақтылау сұрағын құрастырады: 1-сұрақ; 2-сұрақ; 3-сұрақ; 4-сұрақ. | 1 1 1 1 |
Барлығы | | | 10 |
«Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика», «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография»бөлімі бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика