Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде) жиынты баалауа арналандістемелік сыныстар 6сынып 20192020 оу жылы дістемелік сыныстар малімге, 6сынып білім алушыларына аза тіліі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 84

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________



Бағалау

критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді



М әтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетіп, құрылымын редакциялауда қиналады

М әтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетіп, құрылымын редакциялауда қателіктер жібереді

М әтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетіп, құрылымын редакциялайды

Мәтінде көтерілген мәселеге, негізгі және қосымша ақпараттарға бағытталаған нақтылау сұрақтарын құрастырады


М әтіннің мазмұнына қатысты нақтылау сұрақтарын құрастыруда қиналады

Мәтіннің мазмұнына қатысты нақтылау сұрақтарын құрастыруда қателіктер жібереді

Мәтіннің мазмұнына қатысты нақтылау сұрақтарын құрастырады



2-тоқсан бойынша бөлімдік жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика»


Оқу мақсаты

6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жаңалықта көтерілген мәселені талдайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Орындау уақыты

15-20 минут




Тапсырма

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңдап (оқып), онда көтерілген мәселені «Фрайер» моделіне сүйеніп, талдаңыз.


Жаңа нысанның дизайнын суреттеңіз


Мәтінде көтерілген мәселе




Жаңа нысанның кем дегенде екі артықшылығын көрсетіңіз


Жаңа нысан туралы Сіздің пікіріңіз



Жаңа нысанның пайдасы қандай? Кем дегенде екі пайдалы тұсын көрсетіңіз


Астанада жаңа көпір бой көтерді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тұрғызды.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасына көпірдің саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.

«Егер көпірге жоғарыдан қарайтын болсақ, онда оның пішіні Атырау облысының нышаны болып табылатын балыққа ұқсайтынын көруге болады», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Жаңа көпір Астана тұрғындары мен қонақтарына көп жылдар бойы қызмет ететін Атырау облысының лайықты сыйлығы болмақ.

«Астана тұрғындары осы нысандарды дайындауға қатысқан барлық өңірлерімізге ризашылық білдіруі керек. Астананы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек», – дейді қала тұрғыны Әсима Әлжаппарқызы.

Велосипед жолдары «ақылды технологиялармен» жабдықталған. Онда арнайы үстелдер мен велосипед қоятын орын, Wi-Fi және телефон қуаттайтын құрылғылар орнатылған.

Тексеру соңында Атырау облысының филармония және концерт қызметкерлері ұйымдастырған ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында театрландырылған «Елдің жігері – Астанама» атты концерттік бағдарлама көрсетілді.





Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл















Білім алушы




Жаңалықта көтерілген мәселені талдайды

1

Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;

1







Жаңа нысанның дизайнын суреттейді;

1

Нысанның екі артықшылығын көрсетеді;

2

Нысанның екі пайдалы тұсын көрсетеді;

2




Нысан туралы пікірін білдіреді.

1

Барлығы

7



«Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________


Бағалау

критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары




Жаңалықта көтерілген мәселені талдайды

М әтінде көтерілген мәселені анықтап, нысанның пайдасы мен артықшылықтарын көрсетуде және пікір білдіруде қиналады

М әтінде көтерілген мәселені анықтап, нысанның пайдасы мен артықшылықтарын көрсетуде және пікір білдірудеқателеседі

М әтінде көтерілген мәселені анықтап, нысанның пайдасы мен артықшылықтарын көрсетуде және пікір білдіреді



Бөлім «Тарихи тұлғалар. Лексика»

Оқу мақсаты

6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру

6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстырады

  • Құрылымына сай мәтіндерге қарапайым жоспар құрады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  1. Мәтіндерді мұқият оқып, оларды тақырыбы, мазмұны тілдік ереркшеліктері тұрғысынан салыстырыңыз.

1-мәтін

Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көптеген еңбек сіңірген. Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор. Ол 1904 ж. 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Əкесі - Хақан, шешесі - Нұрила. Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасында гимназияда оқу үшін Екатеринбургке сапар шегеді, алайда Азамат соғысында опат болып жатқан адамдардың жағдайы балаға әсер етуінің кесірінен оқи алмайды. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, оны бітірген соң туған ауылына оралады да, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Семей техникумына оқуға түседі. Одан кейін Ленинградқа оқуға барады. Ленинградта оқып жүргенде-ақ зерттеушілікпен айналысады.

2-мәтін

Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан.

Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.

1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.

1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды.

1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы





Мазмұны не туралы?







Мәтіндердің сөз қолданыстарында қандай ұқсастықтар бар? Мысал келтіріңіз










  1. Әр мәтінді құрылымдық бөліктерге бөле отырып, жоспар құрыңыз. Әр бөлімге атау беріңіз.


1-мәтін бойынша жоспар:

  1. Кіріспе бөлім

___________________________________

  1. Негізгі бөлім

____________________________________

  1. Қорытынды бөлім

_______________________________
2-мәтін бойынша жоспар:

  1. Кіріспе бөлім

___________________________________

  1. Негізгі бөлім

____________________________________

  1. Қорытынды бөлім

_______________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл















Білім алушы




Ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстырады


1

Мәтіндердің тақырыптарын анықтайды;

Мәтіндердің қысқаша мазмұнын көрсетеді;

Мәтіндердің тілдік қолданыстарынан мысалдар келтіреді;


2
2
2

Құрылымына сай мәтіндерге қарапайым жоспар құрады

2

1-мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады;

1

2-мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады.

1


Барлығы







8







«Тарихи тұлғалар. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________



Бағалау критерийі




Оқу жетістігі деңгейі













Төмен

Орта

Жоғары
















Ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстырады



М әтіндерді тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстары тұрғысынан салыстырып, мысал келтіруде қиналады

М әтіндерді тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстары тұрғысынан салыстырып, мысал келтіруде қателіктержібереді

М әтіндерді тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстары тұрғысынан салыстырып, мысал келтіреді

Құрылымына сай мәтіндерге қарапайым жоспар құрады

Мәтіндердің құрылымы бойынша қарапайым жоспар құруда қиналады

Мәтіндердің құрылымы бойынша қарапайым жоспар құруда қателеседі

М әтіндердің құрылымы бойынша қарапайым жоспар құрады






3-тоқсан бойынша бөлімдік жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология», «Спорт. Белгілі

спорт жұлдыздары. Морфология»


Оқу мақсаты

6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді

  • Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  1. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақ:

  1. Серік Қонақбаевтың Қазақстанның спорт саласын дамытудағы рөлі қандай деп ойлайсың?

  2. Спорт саласында үлкен жетістіктерге жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  3. Серік Қонақбаевтың спорттағы жолы қалай басталды?

  4. Серік Қонақбаев спорт саласындағы қандай атақтардың иегері?

  5. Серіктің атын әлемге танытқан қандай жеңіс болды?

  6. Серік Қонақбаевтың спорттағы жетісіктері бұл салаға қызығушылық танытатын жастарға қалай ықпал етеді?


Былғары қолғап шебері

Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып,коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
2. Дос, туыстарыңыздың арасында бокспен айналысатын адамдар бар ма? Олар туралы не айта аласыз?