Файл: "Банк ісі" пнінен емтихан сратары 1дегей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

"Банк ісі" пәнінен емтихан сұрақтары

1-деңгей



  1. Коммерциялық банктің мәнін олардың тарихи даму тұрғысынан ашып көрсетіңіз

.Коммерциялық банктің мәнін олардың тарихи даму тұрғысынан ашып көрсетіңіз.

Коммерциялық банктер- жеке клиенттердің салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер,кредиттік жүйенін негізгі звеносы

Коммерциялық банктер — банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны. Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі — несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жайттар: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі.

Коммерциялық банк тарихи дамуы: Біркатар алымдардын пікірінше, алгашкы

банктер капитализм дамуынын мануфактуралык сатысында - XIV жане XV асырларда Италияда несие катынасынын кен аукымды дамуымен байланысты пайда болган.

Банк сезі устел матынасын беретін италияндык banco сезінен шыккан.

Х тасырда Италия элемдік сауданын орталытына айналды, сол себепті де ездерінін ерекше банко-устелдері бар айырбастаушы банкирлер ойгілі болады, эрі олар Ежелгі Грецияда,Ежелгі Вавилонда жане баска да елдерде кенінен тарайды.

1619 жылы Венеция каласындаы корамдык серіктестік жиробанк деп аталады. Металдык монеталар телемі мен оны қағаз орынбасарларына ауыстыру олардын айналысатын негізгі операциялары болды. Еуропа мемлекет курган экономикалык

кызметке, банктердін пайда болуына тан акшалай операциялардын туракты ену

орталытына айналды.

Банк ісін жургізудін италияндык тэжірибесі езіндік банктерді курудын тек ынталандырушы факторы тана болды. Амстердамда айырбастаушы банк курылды, содан сон ол депозиттік банкке жане жиробанкке, акыр аятында ссуда банкісіне айналды. Германияда италиандык сауда уилерінін филиалдары негізінде неміс сауда уйі курылып, оданалгашкы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды жане т.б. XVII тасырдын ішінде банктер Еуропанын букіл мемлекеттерінде пайда болып улгерді. Ежелгі банктердін кредит операцияларымен катар трансферит деп аталатын операциянын комегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, ягни акшалай каражатты бір кестеден екіншісіне ауыстыру кезінен колданыла бастады. Банктер клиенттермен озара жоне клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп, сауда момілесінде делдал ретінде алга шыкты. Есеп айырысуды камтамасыз ету ушін ежелґі банктер акшамен тен дорежеде айналыста журетін банк билеттерін (hudu - гуду) шытарды. Осылайша, кредит, акша жене есеп айырысу операциялары бір орталыкка Шотырлана бастады. Акша шаруашылырынын бул даму кезенінде банк секілді аса ірі кредит мекемелері пайда бола бастады. XVII асырдын 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялык операциялар Англияда да жузеге асатын болды жане XIX тасырдын басында отан елдін эмиссиялык банкісі деген атак берілді. Онын банкноттары телемнін эмбебап, занды куралына айналды. 1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялык банктерді біріктірген елдін орталык банкісі ретінде Пруссиялык банк курылды.


  1. Коммерциялық банктің қызметтерін атаңыз: депозиттік, несиелік, төлемдер мен есеп айырысуларды жүргізу, несиедегі делдалдық

Коммерциялық банктердің қызметтерін атаңыз: депозиттік,несиелік,төлемдер мен есеп айырысуларрды жүргізу,несиедегі делдалдық

Есеп-шоттардан төлемдер жасау мен есеп айырысулар кезіндегі делдалдық қызмет клиенттердің тапсырмасы бойынша банктің ақша аударымдарын жасауы кезінде, елде шаруашылық операцияларын жүзеге асыруы жағдайында есеп-шоттар арқылы төлемдер жасаған кездерінде көрінеді. Коммерциялық банктер төлем тетіктерін қамтамасыз ете отырып, есеп айырысу қағидаларын көздейді, есеп айырысу – төлем операцияларын жүргізу кезінде нарықтық қызметтерді дамыту, ақша айналымы саласындағы тәуекелдерді азайтуға мүдделілік танытады.

Несие берудегі делдалдық, банк үшін ең айқындаушы қызмет болып саналады, өйткені уақытша бос ақша қаражаттарын шаруашылық жүргізуші субъектілерге саудаға беру жолымен қайыра бөле отырып, одан ол пайда табады. Банктің осы қызметі «несие категориясын» көрсетуге үлкен әсерін тигізеді. Мұндай кезде несие қаржыны тиімді пайдалануға несиеберуші мен қарыз алушы бірдей мүдделілік танытады. Коммерциялық банк үшін несие төлеуге қабілетті қарыз алушыларға ссудалар беру көп кіріс келтіретін операциялар болып саналады.

Жинақтарды жұмылдыру мен шоғырландыру қызметі жеке адамдардың ұсақ шашыранды ақша қаражаттарын жинақтай отырып, ақша ресурстарының ортақ қорын құру арқылы оларды экономиканың неғұрлым тиімді салаларына бағыттауға болатындығын растайды. Өз ақшаларының жоғары өтімді (ликвидті) формада сақталуына және пайыздық үлес алуға деген салымшылардың қызығушылығы банктер арқылы қамтамасыз етілуі тиіс және ол үшін соңғы жауапкершілікті өзіне алады

Банктердің бағалы қағаздармен операциялар жасау кезіндегі делдалдық қызметі қосымша кірістер алу, өзінің өтімдігін (ликвидтілігін) ұстап тұру мақсатындағы бағалы қағаздарды сатып алу кезіндегі операцияларды жүзеге асыру жағдайында көрінеді. Банк бағалы қағаздарды сатып ала отырып, оларды мемлекеттік билік органдары алдындағы салымдар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету түрінде пайдаланады

  1. Коммерциялық банк қызметінің қағидаттарын атаңыз

Коммерциялық банктер - банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны. Коммерциялық банктер мәртебесі, мақсаты және бағыттары бойынша тендей емес

, бірақ барлық банктердің балансының және оның құрылымының болуы; негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу сияқты орталық негіздері бар.
Коммерциялық банк қызметінің принциптері.
1. Нақты қолда бар ресурстар шегінде жүмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен кредит салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.
2. Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық түрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.
3. Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.
4. Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық әдістермен реттел

  1. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылымы

Банк жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банк жүйесінің құрылымы Нарық жағдайында банк жүйесі екі денгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-салумен де айналысады.Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша

нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді.Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді

  1. Қазақстан Республикасында банк қызметін реттейтін заңды және нормативтік құжаттарды атаңыз және ашып көрсетіңіз

  2. Банктің біріншілікті және екіншілікті капиталына түсініктеме беріңіз

Банк капиталы бірінші деңгейдегі капиталдан және екінші деңгейдегі капиталдан тұрады, ал бұл екі негізгі резервтік тип бірнеше жағынан сапалық жағынан ерекшеленеді (бұрын үшінші түрі болған, ыңғайлы түрде үшінші деңгейдегі капитал болған).
Бірінші деңгейдегі капитал банктің негізгі капиталы болып табылады және банктің қаржылық есептілігінде пайда болатын резервтер мен меншікті капиталды қамтиды. Бұл ақша – банктің тұрақты жұмыс істеуі үшін пайдаланатын және қаржы институтының күшінің негізін құрайтын қаражат.


Екінші деңгейдегі капитал – бұл банктің қосымша капиталы.Бұл қаражатты ашылмаған резервтер, реттелген мерзімді қарыздар, гибридті қаржы өнімдері және басқа баптар құрайды

  1. Меншікті капиталды қалыптастыратын негізгі элементтерді ашып көрсетіңіз

Бұл саясат корпороцияның жалпы қаржылық стратегиясын және оның өндірістік – коммерциялық қызметінің қалыптасу жағдайын көрсетеді. Меншік капиталының қалыптасу саясатының мақсаты бар:
меншік капиталының көлемінен айналымнан тыс активтерді (негізгі меншік капиталы НМК) қалыптастыру

  1. Депозиттік операциялардың мәнін анықтаңыз

Депозиттік операциялар – бұл қайтымдылық және сыйақы төлеу жағдайында заңды және жеке тұл¬ға¬лар¬дан ақша қаражаттарын тарту бойынша жүзеге асы¬ра¬тын банктердің операциялары.

Экономикалық мазмұны бойынша депозиттерді мына-дай 4 топқа топтастыруға болады:

талап еткенге дейінгі депозиттер – бұл қайтарылатын мерзімі көрсетілмеген депозиттер, яғни мерзімі шек¬тел¬ме-ген, депозитордың бірінші талап етуі бойынша толық не¬ме-се жартылай қайтарылады;

шұғыл депозиттер – бұл қайтаратын белгілі мерзімі көрсетілген депозиттер.

Сақтық кассалары – бұл салымшыға сақтық (жинақ) кітапшаларын жазып беру арқылы жүзеге асырылатын, же-ке тұлғалардың салымдары. Сақтық салымдарының мына-дай түрлері бар: бағалы қағаздар салымдары (депозиттік сертификаттар, банктік векселдер, валюталық векселдер).

  1. Талап етілгенге дейінгі депозиттер, олардың сипаттамаларын атаңыз

Талап етілетін депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты əр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын əр түрлі шоттардағы қаражаттар.

• Отандық банктік тəжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады :

 - мемлекеттік, акционерлік кəсіпорындардың, сондай-ақ əр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

 - əр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

 - есеп айырысудағы қаражаттар;

 - жергілікті бюджеттер қаражаттары жəне олардың шоттарындағы қаражаттар;

 - басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

 Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық жəне басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі жəне пайдаланылады.


Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді.

  1. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының түрлерін сипаттаңыз

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар – клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

  1. Банкаралық несиелердің негізі мен олардың ресурстық базаны қалыптастырудағы ролін ашып көрсетіңіз

Банкаралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан корршотындағы қаражат қалдықтары.

  1. Банктік несиелеу жүйесінің негізгі элементтерін тізімдеңіз

  2. Коммерциялық банк активтерін басқарудың экономикалық мазмұнын түсіндіріңіз

  3. Банктік несиелердіңі қайтымдылығын қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепіл мен кепілдіктің мәнін түсіндіріңіз

  4. Банкаралық есеп айырысулар операцияларының негізгі ережелерін айтыңыз

Банкаралық есеп айырысулардың жиынтығы және оларды жүзеге асыру механизмі жүйені құрайды. Бұл жүйе несиелік ұйымдарға келесі операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
• клиенттердің талаптары бойынша олардың контрагенттерінің шоттары басқа банктерде орналасқан жағдайда ақша қаражатын есептеу және есептен шығару операцияларын жүргізу;

• екі және одан да көп банктердің қаржылық талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке алу;
• уақытша бос ақша қаражатын орналастыру мақсатында банкаралық кредиттер беру;
• уақытша бос ақша қаражатын тарту мақсатында банкаралық депозиттерді ашу;
• қайта қаржыландыру тәртібімен орталық банктен кредиттер алу;
• халықаралық консорциалдық кредиттер беру;
• шетел валютасын сатып алу-сату;
• бағалы қағаздарды және борыштық міндеттемелерді сатып алу-сату (меншік иесіне тиесілі болуына қарамастан – жеке немесе мемлекеттік);