Файл: Блім Сз жне оны маынасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


289

19 6150
89-сабақ


Бөлім:

Сөз және оның мағынасы

Педагогтің аты- жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Диктант. Елік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу;

1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою

Сабақтың мақсаты

Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазады. Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Шаттық шеңберіне» тұру.

  • Балалар, көңіл күйлерің қалай? Егер жақсы болса, қол шапалақтаймыз.

Интербелсенді тақтаға назар аударып, қыс мезгілі суреттелген бейнекөріністі тамашалайды.

  • Қазір қай ай? Ауа райы қалай? Бейнекөріністен не ұнады? Қандай күйге ендіңдер?

«Шаттық шеңбер

ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.

Таныстырылым тапсырмалары

Ортасы

– Ендеше, қазір сендер «Елік» деген тақырыпта диктант жазасыңдар. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Мұғалім мәтінді бір орында тұрып оқиды. Мәтінді дауыстап, асықпай оқып шығады. Сосын оқушылардан мәтінде кездескен мағынасы түсініксіз сөздер жайлы сұрайды. Оқушы жауаптарынан соң, сөздік жұмысы жүргізіледі. Жазылуы қиын сөз болған жағдайда тақтаға жазып қоюға болады.












290






Мұғалім сөйлемді толық оқып береді. Содан кейін сөйлемнің алғашқы сөзінен бастап сөзді бір рет қана оқиды (бір сөзді екі немесе одан көп қайталауға болмайды). Сөйлем аяқталған соң

балалардың жазып үлгерген, үлгермегенін тексеру үшін сөйлемді бір рет қайта оқиды. Тыныс белгісі қойылатынын хабарламайды. Сөйлем ұғымының ережесі оқушыларға таныс болғандықтан, мұғалімнің дауыс ырғағынан байқап, тыныс белгісін өздері қойып отырулары қажет. Егер кейбір тыныс белгілері өтілмеген ережеге

сәйкес келсе, мұғалім ескертіп айтады. Мәтін аяқталғаннан кейін басынан бастап толық бір рет оқып шығады. Мұнда оқушылар өздерінің жазған жұмыстарын тексеруге мүмкіндік алады.
Диктант Елік

Елік – сұлу аң. Тауда, орманда, жазықта тіршілік етеді. Жүзге жуық өсімдік түрімен қоректенеді.

Лағын құралай дейді. Ол сүйкімді, әдемі болады. (20 сөз)

Түсіндірілетін сөздер: құралай, аң.

Дескриптор:

  • мәтінді бұрмалаусыз жазады (әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету);

  • әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей біледі;

  • оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;

  • жазу кезінде сауаттылықты сақтайды;

  • сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.










Соңы

«Отшашу» арқылы бүгінгі жасаған жұмыстары үшін бір-біріне шапалақ ұрып, баға береді.

Мұғалім қалған сабақ уақытын қосымша

жұмыстар ұйымдастыру арқылы жүргізеді.










Кері байланыс

Бүгінгі сабаққа «Бағдаршам» арқылы кері байланыс береді. Мұғалім сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыны мадақтап, қалған

оқушыларды да белсенділік танытуға шақырады.

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретке жапсырады.




«Бағдаршам» кері байланыс


291


90-сабақ


Бөлім:

Сөз және оның мағынасы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қанша жаңғақ? Заттың санын білдіретін сөздер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;

1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу;

1.4.2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану

Сабақтың мақсаты

Өлеңді мәнерлеп, түсініп, тұтас оқиды.

Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазады. Мәтіннен неше? қанша? нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, орынды қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал.

Мұғалім сыныпқа кіргеннен сабаққа қатысты сұрақтар қояды.

  • Біз нешінші сыныпта оқимыз?

  • Сыныпта неше оқушы бар?

  • Ұл бала нешеу?

  • Қыз бала нешеу?

  • Сыныпта қанша гүл бар?




ҚБ. «Бас

бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.

Таныстырылым тапсырмалары




292



Ортасы

Сабақтың тақырыбымен таныстыру үшін мұғалім

жұмбақ жасырады. Сырты қатты,

Іші тәтті.

Бұл не?

  • Жаңғақ.

  • Ендеше жаңғақ туралы берілген өлең-есепке назар аударайық.

Автор туралы.

Сұлтан Қалиев – ақын. 1943 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған. «Сәлем саған, мектебім» деген кітабы 1983 жылы жарық көрді. 1-жаттығу. Мәтінмен жүргізілетін жұмыстар:

  1. Мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударады.

  2. Мәтінді өзі оқиды.

Түртіп алу. Балалар өздеріне түсініксіз сөздердің үстіне нүкте қойып отырады.

  1. Оқушыларға жеке оқытады.

  2. Мазмұнына байланысты сұрақтар қояды.

  3. Тізбектей оқытады.

  4. Тірек сөздерді табады. Тақтаға жазады.

  5. Оқушылар мазмұнына байланысты қойылған сұрақтарға тақтадағы тірек сөздерді қатыстырып, толық жауап береді.

  6. Оқушылар жеке оқиды.

Дәптермен жұмыс.

Жазылым ерекшелігі: дұрыс отырғызу, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қаламды ұстай білуді қалыптастыру.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазғызады. Мұғалім «Қандай сұрақтар қойдыңдар? Ол сұрақтар арқылы нені білуге болады?» деген сұрақтар қояды. Ережемен таныстыру. Мысал келтіру.


Мұғалімді мұқият тыңдайды. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Орамды – ыңғайлы. Белсенді оқу тапсырма- лары (топта, ұжымда).


Көркем жазу.

Жиырма, тоғыз сөздерін көркем жазады.

2-жаттығу. Жазған сөздеріне сұрақ қояды.


ҚБ. «Бас

бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.

ҚБ. «Бас

бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.







Нейрогимнастикалық жаттығулар. Алақандарын жұмады. Ашады. Әр саусақты жеке-жеке созады.










Алақандарын бір-біріне ысқылайды. Жұдырығын жұмады. Сыртынан екінші алақанымен қысады. 3-жаттығу. Жаңылтпашты QR кодпен тыңдатады.

Мағынасын түсінуге жетекші сұрақтар қояды. Сан есімдерді тапқызады. Сұрақ қойғызады.

Сергіту сәті

Көбелек тұрып ертемен, Күлімсіреп керілді.

  1. дегенде шықпен бетін жуды,

  2. дегенде шыр көбелек айналды. 3 дегенде гүлге қонды,

4 дегенде ұшып кетті.

Шығармашылық жұмыс. Әріптер мен сандарды және сөздерді пайдаланып, жаңа сөз құрастырып жазады. Мысалы: бірлік, жетіген, тоғызқұмалақ, алтыбақан.


3-жаттығу. Жаңылтпашты тыңдап, сан есімдерді табады. Жаттап, үш реттен айтады.

ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.




Соңы

«Ойлан, тап»

Атадан 10 баламыз, Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз, Азайып кейде қаламыз.

  • Қандай балалар туралы айтылған?

  • Математикадағы он цифрды айтып беріңдерші.

  • Сандарды қай жерде қолданасыңдар?










Кері байланыс

Кері байланыс. Смайликтер арқылы

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретке жапсырады.

«Бес саусақ» арқылы бір-бірін бағалау.

Кері байланыс тақтайшасы



293
91-сабақ