ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 82
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде емес)
5-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткі
зуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 4 «Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау ........................................................................................ 4 «Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» бөлімі бой
ынша жиынтық бағалау............................................................................................................................................. 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 10 «Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .................................... 10 «Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ......................................................... 13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 16 «Денсаулық – зор байлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............................................. 16 «Компьютердің тілін табу – өнер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.................................. 19
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 22 «Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............................. 22 «Ер есімі – ел есінде!» бөлімі бойынша жиынтық бағалау...................................................... 25
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
1-тапсырма
Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
Білім алушы
• Ақпараттардың мәтінге қатысты дұрыс-бұрыстығын ажыратады
• Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды
• Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді
Білу және түсіну Қолдану
15-20 минут
Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» - деп ұрысты.
Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті.
Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап.
Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.
Ақпараттар | + дұрыс | - бұрыс |
Мақсаттың әкесі әбден қартайды. | | - |
Ұлы мен келіні атасына тамақты бөлмесіне апарып берді. | + | |
Қарт ыдысты сындырып алды. | + | |
Мақсат темірмен ойнап отырды. | | - |
Ұлы мен келіні атасына қамқорлық жасайтын болды. | + | |
4