ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 83

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


14


«Су-тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

15


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Денсаулық зор байлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

5Т6 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

5. А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау

Білім алушы

Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді Жоспар бойынша баяндайды

Білу және түсіну Қолдану

15-20 минут



1-тапсырма

Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Мұрат лагерьден келген күннің ертеңіне терезенің жанында бірдеңе тасырлаған соң Ұлжан сыртқа қараса, баласы бір орында жүгіріп тұр екен. «Бұнысы несі?» - деп таңданды Ұлжан. Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды. Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды. Тысқа шықты да: «Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?» - деді Ұлжан шешей. «Жаттығу жасап жатырмын», - деді баласы. «Ол не дегенің?». «Лагерьде бізге күнде ертемен жаттығу жасататын. Үйде де жасап тұрыңдар деген. Aпa, бұның пайдасы зор. Үнемі жаттығу жасап, дене шынықтырумен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді». Ұлжан дөңгелек столға шай жасап жатқанда, Мұрат орамал, сабын, тіс порошогын алып тысқа шығып кетті. Үйдің артында өзен бар еді. Бақшадан келе жатқан Батырбай қарт бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді. «Мұратжан-ау, мынауың не?» - деді. «Шынығып жатырмын», - деп жауап берді Мұрат.

Р/с

Сұрақ

Жауап

1

Мұрат лагерьден не үйреніп келді?




2

Жаттығу жасаудың пайдасы бар ма?





2-тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азат жолдар бойынша шағын жоспар құрыңыз. Спорт денсаулық кепілі

Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт.
16


Еліміздің ертеңгі тізгіні - жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз еліміздің дамыған, алдыңғы қатардағы ел екендігін көре аламыз.

Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Ол біздің мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен қомағайлықтың, ұйқышылдықтың күштілігі.

Жоспар

1. _________________________ 2. _________________________ 3. _________________________


3-тапсырма

Жоспарға сүйеніп, жұбыңызға мәтін мазмұнын баяндаңыз.


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді

1

сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді;

1-сұрақ 2-сұрақ



1 1

Мәтін мазмұнына жоспар құрады, соған сүйеніп баяндайды

2

мәтінге жоспар құрады;

1 1 1

3

жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндайды.

1

Барлығы 6


17


Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

18



«Компьютердің тілін табу өнер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

5.О1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу

Білім алушы

Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды

Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру, хат, хабарлама жазады

Білу және түсіну Қолдану
15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жазылған және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасауға әлдеқайда аз уақыт жұмсалады.

Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезденқ ғылыми негізде дәлелдеген.

Сонымен, компьютердің адам ағзасына тигізетін залалы мынадай: - көздің көру қабілетін төмендетеді;

- омыртқалардың қисаюына әкеледі; - жүйкеге салмақ түсіреді;

- шаршағыштық, әлсіздік басады.

1. Мәтіндегі 2 маңызды ақпаратты анықтаңыз.

р/с

Маңызды ақпараттар

1




2