ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 86
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу
А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау
Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
Білім алушы
• Сөздерді антоним, омоним, синонимдерімен қатар қолданады
• Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады • Жоспарға сай баяндайды
• Нақты ақпараттарды анықтайды
Қолдану
15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Нақты ақпараттарды анықтаңыз, төменде берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып айтыңыз.
Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектерге әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.
(109 сөз) http://www.tarih-begalinka.kz/kk/timetravel/silkroad/ бұрыннан _________________________
бағалы _________________________ жеткізген _________________________ салынды _________________________
10
2-тапсырма
Мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз. Жоспарға сай мәтінді жұбыңызға мазмұндаңыз. Мазмұндау кезінде қарамен берілген сөздерді синонимдерімен бірге қолданыңыз.
Кіріспе бөлім Негізгі бөлім Қорытынды бөлім
_________________________ _________________________ _________________________
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Сөздерді синонимдерімен қатар қолданады | 1 | нақты ақпараттардың синонимін табады; 1-синоним 2-синоним 3-синоним 4-синоним | 1 1 1 1 |
сөздерді синонимімен бірге баяндауда қолданады; | 1 | ||
Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады | 2 | мәтін мазмұны бойынша шағын жоспар құрады; | 1 |
Жоспарға сай баяндайды | жоспар бойынша мәтінді мазмұндайды. | 1 | |
Барлығы 7 |
11
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
12
«Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақаты
О3.Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
Ж5.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Білім алушы
• Әдеби мәтіннің тақырыбын анықтайды
• Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады
Білу және түсіну
15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.
Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз армандары болыпты.
Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:
– Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды, -дейді.
Толағай:
– Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? – дейді. Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.
Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.
Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен.
(kk.wikipedia.org) (167 сөз)
Ақпараттар | + дұрыс | - бұрыс |
Дәулетті елді мекендеушілердің бір ғана арманы болған екен. | + | |
Елінің жағдайын ойлаған Толағай анасынан ақыл сұрапты. | | - |
Қарттың айтуынша, бұл аймақта биік таулар болмағандықтан, жауын жаумайды. | + | |
Толағай Тарбағатайдың етегінде орналасқан тауға бір айда жетеді. | | - |
Толағай тауды ауылына жеткізе алмай қалады. | | - |
13
2-тапсырма
Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз. _______________________________________________
3-тапсырма
Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз.
Мәтіндегі тірек сөздер (5 сөз) | |
| |
| |
| |
| |
| |
4-тапсырма
Тірек сөздерді қатыстыра отырып, «Судың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында шағын мәтін жазыңыз. Тыныс белгі мен орфографиялық нормаға сай жазуға тырысыңыз.
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Әдеби мəтіннің тақырыбын анықтайды | 1 2 | мәтін мазмұнына қатысты 2 дұрыс ақпаратты белгілейді; 1-ақпарат 2-ақпарат | 1 1 |
Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады. | 3 | негізгі тақырыпты анықтайды; | 1 |
мәтіндегі бес тірек сөзді табады; 1 тірек сөз 2 тірек сөз 3 тірек сөз 4 тірек сөз 5 тірек сөз | 1 1 1 1 1 | ||
4 | тірек сөздерді қатыстырып, шағын мәтін жазады; тыныс белгісін дұрыс қояды; орфографиялық нормаға сай жазады. | 1 1 1 1 | |
Барлығы 12 |