Файл: ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Азаны ішкі ортасы. (ан, лимфа, лпа сйытыы) жне оны аза тратылыын стаудаы маызы. Лимфа жйесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 72

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Иммунитет. Иммунитеттің түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Екпенің (вакцин) түрлері және оның жасанды иммунитетті қалыптастырудағы маңызы. Жұқпалы аурулардың алдын алу.».


Бөлім:

8.2А Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Иммунитет. Иммунитеттің түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Екпенің (вакцин) түрлері және оның жасанды иммунитетті қалыптастырудағы маңызы. Жұқпалы аурулардың алдын алу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.6 аурудың алдын алудағы вакцинацияның ролін бағалау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет туралы түсінік қалыптасады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Екпенің (вакцина) түрлерін біледі.

Кейбір оқушылар үшін:

Жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын біледі.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Топ ережесін еске түсіреді.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.


Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма:Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

3.Оқушыларды топтарға біріктіру.

Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді.Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және пікір алмасу жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Білу және түсіну айдарындағы сұрақтарға жауап береді:

1. Иммунитеттің қандай түрлері бар?

2.Сарысуды не үшін енгізу керек түсіндіріңдер.

3. Өздеріне белгілі иммунитет түрлерін атаңдар.

3. Жасанды және табиғи иммунитет арасында қандай айырмашылық бар.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор:

1.Табиғаттағы табиғи иммунитет түрлерінің маңызы туралы түсіндіреді.

Видеоролик көру




Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Адам ағзасында жұқпалы аурудың бастапқы сатысы жүріп жатқан кезде оған не енгізу керек аңықтандар.

2.Емдік вакцина қалай жұмыс істейтінің сипаттайды

3.Емдік сарысу қалай жұмыс істейтінің сипаттайды

4.Табиғатта туа және жүре пайда болған иммунитетті салыстырады.

Дескриптор:

1. Өздеріне белгілі вакцина мен сарысуға мысал келтіреді.

2. Қандай вакцина енгізуге болмайды және себебін дәлелдейді.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.




Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1.«Иммунитет түрлері» деген сызба сызады.

2. Табиғи жүре пайда болған иммунитеттің қалыптасу үрдісін талдайды.

3. Иммунитет түрлері арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Дескриптор:

1.Кестені сызады

2. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.








Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор. Агглютинация. Резус – конфликт.».


Бөлім:

8.2А Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор. Агглютинация. Резус – конфликт.».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.7 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Адамдағы 4 қан топтары туралы түсінік қалыптасады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Агглютинация құбылысын біледі.

Кейбір оқушылар үшін:

Резус – фактор және Резус – конфликтті ажырата алады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Топ ережесін еске түсіреді.
Топтастыру.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I – Үшбұрыштар тобы

II – Дөңгелектер тобы

III – Төртбұрыштар тобы


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Фигуралар салынған конверт



Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және пікір алмасу жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Білу және түсіну айдарындағы сұрақтарға жауап береді:

1.Қандай қан топтары бар?

2. Әмбеббап донор және әмбебеап рецепиент деген түсініктерге анықтама беріңдер.

3. Гемолиздік сарысу дегеніміз не?

4. Неліктен екінші қан тобын үшінші қан тобына құюға болмайтынын түсіндіріңдер.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор:

1. Неліктен қан құю керек екені туралы өз пікірлерін айтады.

2.Пікірталас: Аглютинация кезінде не болады және оның салдары қандай?

Презентация




Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Қан плазмасындағы нәруыздар қызметін сипаттайды.

2. Резус фактор неден тұрады анықтайды.

3. Егер қан тобы төртінші, резусы оң адамға резусы теріс, үшінші қан тобын құйса, не болатынын болжайды. Жауаптарын негіздейді.

Дескриптор:

1. Қан топтарының құрамы мен қызметіне толық анықтама береді.

2. Критерилер бойынша жүйелейді.

3. «Қан топтары» деген тақырыпқа эссе жазады.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.




Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Қан топтарының ерекшеліктерін сызба түрінде бейнелейді.

2.Неліктен ертеде адамдар қан құюды сәтті жүзеге асыра алмаған талдаңдар.

3.Резус-конфликт кезінде заманами медицина көмектесе ма? Мысалдар келтіріп дәлелдейді.

Дескриптор:

1.Кестені сызады

2. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды.




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.







Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Буылтық құрттардың (жауын құрт), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалылардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі.».


Бөлім:

8.2А Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Буылтық құрттардың (жауын құрт), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалылардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.8 жануарлар жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің маңызын сипаттау

8.1.3.9 қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Қанайналым жүйесі туралы түсінік қалыптасады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Жүрек пен қантамырлардың құрылысы мен қызметін біледі.

Кейбір оқушылар үшін:

Түрлі жануарлардың жүрек құрылысының ерекшеліктерін айта алады..


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.

ә). Топ ережесін еске түсіреді.

б). Топтастыру.

Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.

І-топ:

ІІ-топ

Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Тоқыма жіп


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және пікір алмасу жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Білу және түсіну айдарындағы сұрақтарға жауап береді:

1. Жүрек не үшін керек екенін түсіндіріңдер.

2. Перикард, миокард, эндокард териндеріне анықтама беріңдер.

3.Қан тамырларының қабырғаларын сипаттаңдар.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады

Дескриптор:

1. Буылтық құрттардың, ұлулардың, буынаяқтылар мен сүтқоректілердің қан айналым мүшесін сипаттаңдар

Видеоролик




Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Омыртқасыздардың ішінде қандай ағзаларда жүрегінің қуыстары болады ? Талдау жасайды.

2. Омыртқалы жануарлардың әтүрлі кластарының жүрегінің құрылысын салыстырады.

3. Қан тамырлары қабырғаларының әрқайсысының маңызын түсіндіреді.

Дескриптор:

1.Артериялармен веналардың арасындағы айырмашылықтарды атайды.

2. Төрт қуысты жүректің артықщылығы неде? Түсіндіреді.

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.




Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1. «Омыртқасыз жануарлар жүрегінің эволюциясы» сызбасын сызады.

2. «Омыртқалы жануарлар жүрегінің эволюциясы» сызбасын сызады.

3. Қан тамырларының атқаратын қызметі мен құрылысының бір-бірімен байланысын талқылайды.

Дескриптор:

1.Кестені сызады

2. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды.

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.