Файл: ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Азаны ішкі ортасы. (ан, лимфа, лпа сйытыы) жне оны аза тратылыын стаудаы маызы. Лимфа жйесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 73

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Топ ережесін еске түсіреді.
Топтастыру.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I – Үшбұрыштар тобы

II – Дөңгелектер тобы

III – Төртбұрыштар тобы


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Фигуралар салынған конверт



Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және пікір алмасу жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Білу және түсіну айдарындағы сұрақтарға жауап береді:

1.«Өкпедегі газ алмасу» және «ұлпадағы газ алмасу» дегенді қалай түсіндіресіңдер?

2.Кардиореспираторлық жүйе дегеніміз не?

3. Тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі газ мөлшерін атаңдар?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор:

1.Біз не үшін тыныс аламыз маңызын түсіндіреді

2.Оттектің тіршілікті қолданудағы рөлін сипаттайды.

Презентация




Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Тыныс алу мүшелерінің қызметін сипаттайды

2.Газдардың мөлшері мен қан типтері арасындағы байланысты анықтайды.

3.Қан айналым шеңберлерін салыстырады.

Дескриптор:

1.Қандай органикалық заттар ыдыраған кезде тек көмірқышқыл газы мен су түзілетінін талқылайды

2. «Оттек атомының адам ағзасында саяхаттауы» деген тақырыпқа эссе жазады.


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.




Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Ағзаға газдардың ену және шығу үдерістерін сызба түрінде бейнелейді.

2.Тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйелерінің өзара байланысты екенін дәлелдейді.

Дескриптор:

1.Сызба сызады

2. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.







Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкеттің маңызы. Ауа жүретін жолдардағы қысымның өзгеруі.».


Бөлім:

8.2В Тыныс алу

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкеттің маңызы. Ауа жүретін жолдардағы қысымның өзгеруі.».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Нейрогуморальды жолмен реттелуді түсінеді.

Көпшілік оқушылар үшін:

Тыныс алудың гуморалдьдық реттелуін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Тыныс шығару кезінде өкпе қуысының көлемінің өзгеруін түсіндіреді және сипаттайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.

ә). Топ ережесін еске түсіреді.

б). Топтастыру.

Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.

І-топ:

ІІ-топ

Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Тоқыма жіп


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және пікір алмасу жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Білу және түсіну айдарындағы сұрақтарға жауап береді:

1.Тыныс алу әрекетін жүзеге асыратын құрылымдарды атаңдар.

2. «Кеуделік және құрсақтық тыныс алутиптері»дегенді қалай түсінесіңдер?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор:

1.Тыныс алу және шығару механизмдерін түсіндіреді.

2.Тыныс алу орталығы мидың қай бөлімінде орналасқан сипаттайды.

Презентация




Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Тыныс орталығының қызметін сипаттайды.

2.Тыныс алу әрекеті мен ағзаның оттекті қажетсіңуі арасындағы байланысты анықтайды.

3. Кеуделік және құрсақтық тыныс алу типтерін салыстырады.

Дескриптор:

1.Оттек тыныс алу мүшелеріне емес, тікелей қанға түскенде,адам тіршілігін жалғастыра алама? Өз пікірлерін айтады.

2.Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін жүзеге асырудағы әртүрлі құрылымдардың рөлін бағалайды.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.




Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Тыныс алу және тыныс шығару, механизмдерін сызба түрінде бейнелейді.

2.Тыныс алу, тыныс шығару , жөтелу және түшкірудің себептері, ұқсастықтары мен айырмащылықтары туралы өз пікірлерін айтады.

Дескриптор:

1.Сызба сызады

2. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.








Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Тыныс алудың минуттық көлемі. Әр түрлі жастағы, физикалық дамыған, ер және әйел адамдардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығы. Тынысалу қозғалыстарының жиілігі. .Шылым шегудің өкпенің тіршілік сыйымдылығына әсері. Зертханалық жұмыс «Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу». БЖБ №2».


Бөлім:

8.2В Тыныс алу

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тыныс алудың минуттық көлемі. Әр түрлі жастағы, физикалық дамыған, ер және әйел адамдардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығы. Тынысалу қозғалыстарының жиілігі. .Шылым шегудің өкпенің тіршілік сыйымдылығына әсері. Зертханалық жұмыс «Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау.жәнеқалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Өкпе жұмысының көрсеткіштерін түсінеді.

Көпшілік оқушылар үшін:

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшеуді түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Тыныс алу қозғалыстарының саны және 1 минуттағы көлемін түсіндіреді және сипаттайды.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және пікір алмасу жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Білу және түсіну айдарындағы сұрақтарға жауап береді:

1.ӨТС деген түсінікке анықтама береді.

2.Шылым шегу денсаулыққа не үшін зиян екенін түсіндіріңдер.

3.Тыныс алу көлемі мен қордағы көлем деген терминдерге анықтама беріңдер.



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор:

1.ӨТС-ті арттыруға қандай шаралар әсер етеді сипататйды.

2.Темекі шегу өмір үшін қауіпті ме өз ойларын айтады.

Видеоролик




Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1.ӨТС, тыныс алу көлемі, минуттық көлемі, қордағы және қалдық көлемдерін салыстырады

2.Альвеолалар мен тамырлардың эстетикалық қасиетін жоғалту себептерін атайды.

1.Өкпе жұмысына әсер ететін әртүрлі факторлар туралы эссе жазады.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.




Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Өкпе жұмысының әртүрлі көрсеткіштерін сызба түрінде бейнелейді

2.Талдау айдарындағы есептерді шығарады.


Дескриптор:

1.Сызба сызады

2. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды

3. №8 зертханалық жұмысты талдайды.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.