Файл: 1билет Математиканы оыту дістемесі курсыны масаты, міндеттері, пні жне оны баса оу пндерімен байланысы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 52
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-билет
1.Математиканы оқыту әдістемесі курсының мақсаты, міндеттері, пəні жəне оның басқа оқу пəндерімен байланысы.
Математиканы оқыту әдістемесі» курсы болашақ математика пәні мұғалімдерін оқушыларға сапалы математикалық білім беруге дайындау болып табылады. «Білім беру» ұғымы философияда, психологияда және педагогикалық ғылымда жиі қолданылатын ұғым болып табылады. Білім беру-алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа әлеуметтік тәжірибелерді тұрақты түрде жеткізіп отыру үрдісі. Қазіргі заманғы білім беру оқушыға көңіл аударуды, оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тануын күшейтумен, жалпыадамзаттық білімдерді берумен, оқушының қоршаған ортаға және өзіне көңіл аударуымен, оның өмірде өз орнын іздеуімен және табуымен сипатталады.
Курстың объектісі: Математика мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әдістемелік-математикалық білім,білік,дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру барысы.
Курстың пәні: болашақ математика мұғалімінің математиканы оқыту әдістемесінен білім, білік, дағды және құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы.
Курстың мақсаты: білім алушыларды жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың нақты жағдайларында туындайтын оқу-әдістемелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешуде қажет болатын білім, білік, дағды және құзіреттіліктер жүйесімен қаруландыру.
Курстың міндеттері:
-
математиканы оқыту барысындағы педагогикалық үдерістің оқушыларды дамытудың құралы мен факторы ретіндегі мән-мағынасын, заңдылықтарын, тенденденциялары мен даму болашағын оқып-үйрену;
–жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерін оқып-үйрену;
-
математиканы оқытудың педагогикалық үдерістің жалпы әдіснамасынан туындайтын әдістерін, мазмұнын, құралдары мен формаларын іріктеумен байланысты ғылыми түсініктерді қалыптастыру; -
математиканы оқыту үдерісінің мазмұны мен оны ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін оқып-үйрену; -
математиканы оқыту барысында техникалық құралдар мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін оқып-үйрену;
-мектеп математика курсын ізгілендірумен, саралаумен және оқу үдерісін ұйымдастырудың әрекеттік және технологиялық амалдары тұрғысынан алғандағы математиканы оқытудың қазіргі заманғы бағыттары туралы түсініктерді қалыптастыру;
–білім алушылардың математика мұғалімінің кәсіби қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыруда қажет болатын тұлғалық және зияткерлік сапаларын дамыту.
Пәнді оқып-үйренудің әдістері: ғылыми-педагогикалық әдебиетке, Мемлекеттік білім стандарттарына, оқу бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға теориялық талдаулар жасау, озат педагогикалық тәжірибелерді бақылау, оқып-үйрену және жалпылау, әңгімелесу, сауалнама, анализ және синтез, аналогия, классификациялау, т.б.
Математиканы оқыту әдістемесі ғылым ретінде қалыптасу мен даму- дың ұзақ кезеңінен өтті. Оның ғылым ретіндегі даму кезеңдері мектептегі математикалық білім беру ісін реформалаумен тығыз байланысты. Математиканы оқыту әдістемесіндегі маңызды өзгерістер XX ғасырдың 30- ыншы, 70-інші, сондай-ақ 90-ыншы жылдары жүзеге асты. Оның дамуының келесі кезеңі Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер үшін математикадан отандық білім беру стандарттары мен оқу-әдістемелік кешендердің жасалуы мен енгізілуіне байланысты.
«Математиканы оқыту әдістемесі» курсы мынадай оқу пәндерімен тығыз байланысты: 1) философия; 2) психология; 3) педагогика; 4) математика; 5) математика тарихы.
Математика сабақтарының сапасы ең алдымен мұғалімнің кәсіби дайындығына байланысты. Мұғалімнің кәсіби дайындығы деп нені түсінеміз? Ол құрылымы жағынан өте күрделі, көп қырлы және шығармашылық еңбекті талап ететін үздіксіз процесс. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы мұғалімнің математиканы оқыту бағытындағы еңбегі жемісті болуы үшін, оның төмендегідей құрылымдағы кәсіби дайындығы жоғары деңгейде болуы керек.
-
Натурал сандар және олардың қасиеттері.
Күнделікті өмірде санау үшін пайдаланатын сандар натурал сандар деп аталады.
1, 2, 3, 4, 5, ... – натурал қатар немесе натурал сандар қатары деп аталады.
Ең кішкентай натурал сан 1, ең үлкен натурал сан жоқ.
0 – натурал сан емес!
Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын таңба цифра деп аталады.
2-билет
-
Математиканы оқытудың дидактикалық принциптері.
дидактикада оқыту процесін ұйымдастыруға, оның мазмұны,
формасы мен әдістеріне қойылатын маңызды талаптар ретіндегі қағидалар
талданған. Бұл бірыңғай талаптар дидактикалық қағидалар немесе оқыту
қағидалары деп аталады. Оқыту процесін оқыту қағидаларына сай
ұйымдастыру оқытуды ғылыми негізде құруға мүмкіндік береді.
Математиканы оқыту қағидасы оқытудың белгілі заңдылықтарын және
мектептің озық оқу-тәрбие жұмысын білдіреді, ол әркез өзгермейтін
заңдылық емес, оны мұғалімдер басшылыққа алады. Дидактикалық талаптар
мектеп пен қоғам алдына қойылған талаптардың өзгеруіне сай өзгеріп
отырады. Сонымен, математиканы оқыту қағидасы - ғылыми-педагогикалық заңдылықтармен талдаудың нәтижесінде туындайтын жағдайларға негізгі
бағыт беруші ережелер болып табылады. Белгілі орыс дидактиктері
М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин өздерінің зерттеулерінде оқыту
қағидалары-дидактиканың категориялары болып табылады, оқытумен
тәрбие берудің мақсаттарына сай заңдар мен заңдылықтарды қолдану
тәсілдерін сипаттайды. Математиканы оқыту қағидалары - барынша жалпы
нормативті білім туралы оны қалай құрауға болатынын тәрбиелеу мен
оқытуды жетілдіру мен іс-жүзіне асыру жөніндегі қызметтің қағидасы. Бұл
қызметтің заңдылығы-мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының нормасын
жасаудың теориялық негіздері болып табылады.
Дидактикалық қағидалар оқу мен тәрбие жұмысын қалай жүзеге асыруды
және жетілдіруді қамтамасыз ететін нұсқауларды басшылыққа алады.
Математиканы оқытуда басшылыққа алатын негізгі дидактикалық
қағидаларға жататындар :
1) Математиканы оқытудың ғылымилық қағидасы.
2) Математиканы оқытудың тәрбиелеу қағидасы.
3) Математиканы оқытудың көрнекілік қағидасы.
4) Математикадағы саналылық пен белсенділік қағидасы.
5) Математиканы оқытудағы білімнің берік болу қағидасы.
6) Математиканы оқытудың жүйелілік және реттілік қағидасы.
7) Математиканы оқытудың түсініктілік қағидасы.
-
Рационал сандар және олардың қасиеттері
Рационал сан[1] — түріндегі сан, мұндағы m және n — бүтін сандар (n-0). m бүтін санын түрінде жазуға болатындықтан, барлық бүтін сандар рационал сан болып есептеледі. Рационал сандар алгебр. өріс құрайды, өйткені рационал сандарға қосу, азайту, көбейту және бөлу (нөлден басқа бөлгішке) амалдарын қолданғанда рационал сан шығады. Рационал сандарға амалдар қолдану мына формулалар арқылы беріледі:
Рационал Санды ондық бөлшек немесе шекті және шексіз периодты ондық бөлшек түрінде жазуға болады.
3-билет
-
Мектеп математика курсының жалпы орта білім беру жүйесіндегі мəні мен маңызы. Математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
«Математиканы оқыту әдістемесі» курсы математиканың оқу пәні ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, дидактиканы нақтылай түседі, психологиялық-дидактикалық негізде жалпы әдістемелік идеяларды, қағидалар мен нұсқаулықтарды жасайды, сонымен қатар осы білімдерді мектеп математика курсының нақты тақырыптарын оқып-үйренуде қолданудың жолдарын айқындайды. Курс негізінен алғанда, Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептерінің математика пәні мұғалімдерінің кәсіби дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы алғанда, «Математиканы оқыту әдістемесі» курсы болашақ математика пәні мұғалімдерін оқушыларға сапалы математикалық білім беруге дайындау болып табылады. «Білім беру» ұғымы философияда, психологияда және педагогикалық ғылымда жиі қолданылатын ұғым болып табылады. Білім беру-алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа әлеуметтік тәжірибелерді тұрақты түрде жеткізіп отыру үрдісі. Қазіргі заманғы білім беру оқушыға көңіл аударуды, оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тануын күшейтумен, жалпыадамзаттық білімдерді берумен, оқушының қоршаған ортаға және өзіне көңіл аударуымен, оның өмірде өз орнын іздеуімен және табуымен сипатталады. Педагогикада және әдістемелік ғылымдарда «Білім беру» ұғымымен тығыз байланысты оның синонимі болып табылатын
«Оқыту» ұғымы да жиі пайдаланылады.
Курстың мақсаты: білім алушыларды жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың нақты жағдайларында туындайтын оқу-әдістемелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешуде қажет болатын білім, білік, дағды және құзіреттіліктер жүйесімен қаруландыру.
Дәрістер курсы
№1 дәріс. «Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде.
Қарастырылатын мәселелер:
-
Курстың мақсаты, міндеттері, пәні және басқа оқу пәндерімен байланысы. -
Математика пәні мұғалімінің кәсіби дайындығы. -
Математиканы оқытудың дидактикалық принциптері. -
Математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі және оның негізгі компоненттерінің сипаттамасы.
Дәрістің қысқаша мазмұны