Файл: Тас дуірі Ежелгі азастан тарихына жатпайтын тарихи деріс Ислам дініні таралуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 1328

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
: 5

Мәтінде сипатталған халықаралық ұйыды анықтаңыз: «1996 жылы 26 сәуірде... бес мемлекет –Қазақстан,Ресей,Қытай,Қырғызтан,Тәжікстан шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісімшартқа» қол қойып...негізін қалады...бұл әскери одақ емес ,ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар,экономика саласындағы байланыстарға ұмтылатын ұйым болып табылады:ШЫҮ

Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары 1998ж бас қосқан қала: Алматы

Халықаралық ұйым мен оның құрылған жылын сәйкестендіріңіз:

1.ҰҚШҮ

2.ТМД

3.ШЫҮ

А)2000ж

В)1994ж

С)2002ж

D)1991ж
E)2005ж

F)1996ж

Жауабы:1-С,2-D,3-F

Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы көлемі 1000шаршы шақырым болатын даулы жердің мәселесінің шешімі: 57%-ы Қазақстанға 43%-ы Қытайға

«Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп , бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1997ж: «Жалпыұлттық татулық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»

«Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп , бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1998ж: «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы»

Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заң күшіне енді:1998ж

ҚР Президентінің жарлығымен «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы» деп аталған жыл: 1998ж

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңның мақсаты:Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен қорын құру

«Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп , бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1999ж: «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы»

Республика үкіметі «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» мақұлдады: 1995ж

1998ж бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты шығара бастаған жаңа журнал: «Отан тарихы»

1999ж жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі: «Тарих толқынында»

Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы шыққан жыл: 1999ж

ХХғ соңында ЮНЕСКО-ның шешімімен 150ж мерейтойы тойланған қазақтың ұлы ақыны: А.Құнанбаев

Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев 150ж мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтті: 1995ж

«ХХ ғасырдың Гомері» атанған ақын: Ж.Жабаев

1997ж дүниежүзілік және жоғары интеллектуалдық деңгейде 100ж мерейтойы тойланған ғұлама ғалым: М.Әуезов

1999ж ЮНЕСКО-ның шешімімен 100ж мерейтойы тойланған ғұлама ғалым: Қ.Сәтбаев

ЮНЕСКО-ның шешімімен ғалым Қ.Сәтбаев 100ж мерейтойы атап өтілді
: 1999ж

1999ж сәуірдің 13-і мен 23-і аралығында Парижде өткен «Қазақстан ғылымы-кешегіден бүгінге» деген көрме арналды: Қ.Сәтбаевқа

Астана қаласы ЮНЕСКО бойынша «Әлем қаласы» «Бейбітшілік қаласы» деп аталды: 1999ж

Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы қоғамдық бірлестік болып құрылды: 2003ж

2005ж 5 томы жарық көрген Ұлттық энциклопедия: «Қазақстан»

Қазақстан тәуелсіздігінің 10ж орай екі тілде жарық көрген энциклопедиялық анықтама: «Қазақстан Республикасы»

Халық жазышусы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі: «Жазу тілі»

Дүниежүзі тілдерінің дамуы заңдылықтарын талдаған «Жазу тілі» еңбегінің авторы: О.Сүлейменов

«Жазу тілін» жазған : О.Сүлейменов

Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың кітабы: «Өркениеттің адасуы»

«Соңғы парыз» романының авторы: Ә.Нүрпейісов

«Қызыл жебе» романының авторы: Ш.Мұртаза

«Мен» атты толғауды жазған: М.Мағауин

Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың диалогиясы: «Дарабоз»

«Абылай хан» операсының авторы: Е.Рахмадиев

Авторлар мен туындыларды сәйкестендір:

1.Ә.Нұрпейісов

2.О.Сүлейменов

3.Р.Ибрагимбеков

А) «Көшпенділер» фильмі

В) «Сталинге сыйлық» фильмі

С) «Соңғы парыз» фильмі

D) «Жау жүрек мың бала» фильмі

E) «Жазу тілі» кітабы

F) «Мұстафа Шоқай» фильмі

Жауаптары:1-С,2-Е,3-А

Республика Парламенті «Білім туралы заңның» өзгерген редакциясын қабылдады: 1999ж

Елімізге жаңа буын оқулықтары енгізілген жылдары: 2004-2005ж

Қазақстан Республикасы 2015 ж дейінгі білім білім беру тұжырымдамасы қабылданған жыл: 2004ж

Қазақстан Республикасы 2015 ж дейінгі білім білім беру тұжырымдамасында неше жылдық білім беру енгізілді: 12жылдық

ХХ ғ-ң басындағы Республикадағы мектептердің саны : 8 мыңнан астам

Қазақстандық студенттер шетелдердің оқу орындарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алған бағдарлама: «Болашақ»

Қазақстан жастары «Болашақ» бағдарламасы негізінде білім алған мемлекеттер:АҚШ,Германия,Франция

Президент Н.Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы: «Қазақстан 2030»

«Қазақстан 2030» даму стратегиясының қоғамының ұзақ мерзімді жеті басым мақсаттарының біріншісі: Ұлттық қауіпсіздік

«Қазақстан 2030» Жолдауы жарияланған жыл: 1997ж

«Қазақстан 2030» бағдарламасындағы бағыт саны:

7

Н.Назарбаевтың жеке басшылығымен салынған қазіргі заманның ірі геосаяси жобасы : Астана

Ел астанасының Ақмолаға көшетіндігі туралы Республика Президентінің Жарлығы жарық көрді: 1995ж

Астана Ақмолаға көшірілді: 1997ж

Астананың салтанатты жағдайда тұсаукесері өтті: 1998ж маусымда

Астана қаласының 1998ж дейінгі атауы: Ақмола

Астананың 10 жылдық мерейтойы аталып өтті: 2008ж

Қазақстан Республикасы конституциясына өзгеріс енгізілген жыл: 1998ж

1998ж 1 қаңтарда күшіне енді: Зейнетақы заңы

1998ж Парламент шешімімен Конституцияға енгізілген өзгеріс бойынша Президенттік өкілдік мерзімі : 5жылдан 7 жылға дейін

1999ж ақпан, наурыз айларында өткізілді: Халық санағы

1989ж халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын республика тұрғындарының саны: 16млн. 199,2мың адам

1999 ж халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын республика тұрғындарының саны: 14млн. 952,7мың адам

1999ж халық санағы бойынша республика тұрғындарының арасындағы қазақ халқының үлесі. 53,4 %

Астана қаласына ЮНЕСКО шешімімен «бейбітшілік қаласы» атағы берілді:1999ж

2001ж үкімет құрамы мен басқа да билік құрылымындағы жас олигархтар ұйымдастырған қозғалыс: «Қазақстанның демократиялық таңдауы»

Қазақстанда Мәдениет жылы деп жарияланды:2000 ж

2002 ж жарияланды: Денсаулық жылы

Қазақстандағы «Денсаулық жылы»:2002ж

Қазақтандағы Республикасының БАҚ туралы заңы қабылданды: 2004ж

2004ж қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелген партиялар саны: 12

Астана қаласы әлемдік және дәстүрлі дін басшыларын алғашқы сьезі өтті: 2003ж

2004ж Президент бастамасымен қабылданған мемлекеттік бағдарлама: «Мәдени мұра»

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған жыл: 2004ж


Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын анықтаңыз: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2004 жылға 13 қаңтарда 2004-2006 жылдары арналған «мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.Бағдарлама қабылданғаннан кейін тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып ,Қазақстан аумағында 39 қалашық ,қоныс,тұрақ,обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді.Қытайға,Түркияға,Монғолияға,Ресейге,Жапонияға,Египетке ,Өзбекстанға,Арменияға,АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып,Қазақстан тарихы,этнографиясы,өнері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалармен басылымдар табылды.»Тың деректер зерттеліп ,ғылыми айналымға енгізілді.

Қазіргі қолданыстағы жаңа әнұран қабылданды:2006 ж 6 қаңтар

Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды:2006ж

Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының екінші сьезі Астана қаласында өтті: 2006ж

2009 ж халық санағы бойынша республика тұрғындарының арасындағы қазақ халқының үлесі: 67 %

2009 ж ылғы санақтың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарының үлесі:45%

2010 ж болған оқиғалар:Қазақстан ЕҚЫҮ-ға төрағалық етті,Асатан қаласында Саммит болды

Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының (ЕҚЫҰ) саммиті болған мерзім: 2010ж желтоқсан

Қысқы Азия ойындары өткен мерзім: 2011ж

2011ж Қазақстанда болып өткен спорттық іс-шара: Қысқы Азия ойындары

Үлкен жетістікке жеткен спорттық ойын шарасы: Лондон – 2012

«Қазақстан-2050» стратегиясы жарияланды: 2012ж желтоқсан

2012ж қабылданған президент жолдауы: «Қазақстан – 2050»

Мәтінге тиісті жылды қойыңыз: «Біздің мақсатымыз _____жылға орай мықты мемлекеттің ,дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру»:2050ж

Тарихи терминдер

Авеста – ертедегі парсылардың діни кітабы

Автономия (грек. өзін-өзі басқару) – 1) мемлекеттің белгілі бір аймағындағы кең көлемді ішкі басқару; 2) бірыңғай Конституцияның негізінде басқарылатын мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі.

Авторитаризм (лат. билік) – қоғамның барлық жақтарын өзі не бағындырған, демократиялық қағмдаларды жоятын; жеке адамның шексіз билігі орнаған саяси билік жүйесі.

Аграрлық дағдарыс – ауыл шаруашылығындағы өнімді артық өндіруден немесе кем өндіруден туатын дағдарыс. Ауыл шаруашылық тауарларының іске аспаған қорларының өсуінен, оларға деген базаның төмендеуінен, сұранысқа ие емес ауыл шаруашылық тауарларының бір бөлігін жоюдан, ауыл шаруашылығындағы ұсақ және орташа өндірушілердің күйзелуінің жылдамдауынан көрінеді.


Аграрлық мәселе (лат. agrius) – 1) жер иелену, жерді пайдалануға байланысты мәселе; 2) өнеркәсіптен гөрі ауыл шаруашылық өндірісінің басымдығын сипаттайтын мәселе.

Адамдар тобы – алғашқы адамдардың бірлесіп тамақ табу мен жабайы аңдардан қорғау үшін әуел бастағы ұжымы.

Адаптация – қалыптасқан жағдайға бейімделу.

Адат (әдет) (араб. Адат – салт-дәстүр) – құқық, ислам таралған елдердің дәстүрлері мен салттарын қамтиды.

Адьютант – әскери бастықтың жанында қызмет бабындағы әртүрлі тапсырмаларды орындайтын офицер.

Азамат соғысы – бір мемлекеттің ішіндегі әлеуметтік күрестің неғұрлым өткір формасы, бір-бірімен жауласушы жақтардың (азаматтардың) үкімет билігі үшін күресі.

Азық-түлік салғырты – «Әскери коммунизм» (1918-1920) кезеңіндегі ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау жүйесі, азық-түлік диктатурасы орнаған соң енгізілді. Шаруалардың күнкөрісі мен шаруашылық мұқтаждықтарына қажет азық-түлік, астықпен басқада өнімдердің артық бөлігін нақты бағамен мемлекетке міндетті түрде өткізу. Азық-түлік салғырты ауыл шаруашылығының дамуына кедергі болды.

Азық-түлік салығы – азық-түлік салғыртының орнына 1921 жылы енгізілген жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) негізін қалаған салық. Мөлшері көктемгі егін себуге дейінгі шаруашылықтың әлқуатына байланысты белгіленді. Азық-түлік салғыртынан анағұрлым аз болып, артық өнімдерін сатуға рұқсат етілді.Бұл шаруаларға өнім көлемін арттыруға ынталылық тудырды. 1923жылға дейін қолданылды.

Айбалта – соғыс қаруы

Айқап журналы – 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби журнал.

Айтыс – суырыпсалма ақындардың ауызша өлең түріндегі сөз жарысы.

Айып – қылмыс жасап, жазады болғандығы үшін заттай не ақшалай төленетін ақы.

Акция – акционерлік қоғам қаржысына белгілі бір үлес қосқанын және соның табысына ортақ екендігін куәландыратын бағалы қағаз.

Акция – құнды қағаз. Ол кәсіпорынға акционердің белгілі мөлшерде үлес-жарнасының қосылғанын куәландырады және оған меншікті иеленуге, түскен табысты бөлісуге құқық береді.

Ақ гвардия – Қазан революциясынан кейін Кеңес республикасына, большевиктерге қарсы күштердің әскери құрамалары. Ақтар қозғалысының әскери күші – Кеңес тәртібіне (Қызыл гвардияға) қарсылардың қарулы бірлестігі.

Ақсақал – аталас туыстар билігін жүргізетін адам.

Ақинақ – қолма-қол шайқаста қолданылған, ұзындығы 40-60 см, қысқа семсер. Скиф-сақ және иран тілді халықтарда кең таралған. Ақинақ қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген.