Файл: Саба жоспары 5 Сабаты таырыбы Геометриялы фигураларды тану жне атау шебер, сопа, тікбрыш, шаршы.гіме Кітап оу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары №5

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигураларды тану және атау: шеңбер, сопақ, тікбұрыш, шаршы.Әңгіме «Кітап оқу »


Педагогтың аты-жөні




Күні:

04.10.2021ж.

Сынып: 2 «Ә»

Жеке сабақ




Сабақтың тақырыбы:

Геометриялық фигураларды тану және атау: шеңбер, сопақ, тікбұрыш, шаршы.Әңгіме «Кітап оқу »

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

  1. Геометриялық фигуралармен танысу

  2. Фигураларды сызып үйрену

Сабақтың мақсаты:

  1. Геометриялық фигураларды тануға және атауын айта білуге үйрету.

  2. Фигураларды заттармен салыстырып айтуға үйрету.

  3. Арнайы педагог оқыған мәтіннің мазмұнын және кім туралы екендігін әңгімелеп беру.

  4. Қойылған сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Математика :

20 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қуанаман мен де, 
Қуанасың сен де. 
Қуанайық достарым, 
Арайлап атқан күнге! 

-Ерсайын, көңіл-күйің қалай?

-Өткен сабақта біз қандай тақырып өттік?

-Ия, біз сандарды салыстырып үйрендік.

-Ерсайын, жан-жағыңдағы заттарға қарашы. Әрқайсысы әр түрлі пішінге ұқсайды. Бүгін біз сол пішіндер туралы айтатын боламыз. Атауын жаттаймыз, дәптерге сызып үйренеміз.



-Ерсайын, суреттегі пішіндердің аттарын білесің бе?

-Сыныпта осы пішіндерге ұқсас қандай заттар бар?

-Берілген пішіндерді дәптерге сызып, боя.
1-тапсырма. Төртінші артық әдістемесі бойынша 4-ші артық суретті тап.


Артық пішін________________________________

2-тапсырма.Геометриялық фигуралардың санын тап


-Жарайсың!

-Біз бұл ақпараттың барлығын кітаптан оқып білеміз. Ары қарай сабағымызды Ж.Аймауытовтың «Кітап оқу» әңгімесімен жалғастырамыз.


Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Пішіндерді атап, дәптерге сыз


Тапсырманы орындайды




Смайликтер арқылы бағалау



Психологиялық ахуал.


Пішіндер

А4 парақағы тапсырма

Сабақтың ортасы

Әдебиеттік оқу: 20 минут

Кітап оқу

  Жазық, кең дала. Жел жоқ. Күн шуақ. Аспанда – ақ сабынның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар. Анда-санда шық-шық еткен торғайдың даусынанбасқа ешбір тықыр не бір үн естілмейді.
  Қартқожа жазық далада. Көйлекшең, жалаңбас. Көк шөпке бауырын төсеп, күнге қарап, қошқыл маңдайынан тері шып-шып шығып, кітабын оқып жатыр.
  Оның кітапқа ынталанғандығы сонша, жан-жағынада қарамайды. Анда-санда мұрнын да тартып қояды. Өзінің айдалада жатқанын да, ауылын да, басқа дүниені де ұмытты. Оқыған сайын ажарланады. Иегін созып, көзін қадап, қағазды жеп қоятын тәрізді.

-Әңгімеде қай жылы мезгілі суреттелген?

-Қартқожа қандай кітап оқып жатыр деп ойлайсың?

-Сен қандай кітапты оқығанды ұнатасың?


– күлдіргі оқиғалы;
– қорқынышты оқиғалы;
– таңғажайып оқиғалы;
– деректі оқиғалы;
– ешқандай оқиғасы жоқ.



Педагогтың оқыған мәтінін тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Әңгіме мамұнын жетек сұрақтар арқылы мазмұндау.



Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.


Оқылым, жазылым тапсырмалары.

Соңы


Төмендегі берілген өлең жолдары арқылы саусақтарымызды көрсетеміз.

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Қолға ине ілікті

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ , жол салсақ

-Жарайсың!

-Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.

-Сабақтан не үйрендің?

-Сабақ саған несімен ұнады?



Жаттығуды бірге қайталап орындайды





Кері байланыс

Үйге тапсырма: Пішіндерді қайталау, мәтіннің мазмұнын айту.


Сабақтан алған әсерлерін айтып беру.

«Рефлексия»

Кері байланыс тақтай

шасы.