Файл: ылыми жобаны дістері Іздену, салыстыру, талдау, сйкестендіру, тжырымдау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 77
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұсыныс
Ешкі малы тез көбейетіндіктен, еліміздің әл ауқатын көтеруде ешкі шаруашылығын қолға алу. Ешкі сүті емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін өте қолайлы, сондықтан дүкен сөрелеріндегі кішкентай бүлдіршіндеріміздің тамағы тек қана ешкі сүтінен болса, келешекте біздің ұрпақтарымыздың денсаулығы мықты болар еді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. 2. 3. Мақажанова Х..Х., Төлемісова Ж.К., Есқадиева Г.А., Адманова Г.Б., Сүт және сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін жетілдіру жолдары. Жаршы. 2002 № 8 Б 4244 Барақбаев Б., Сүт және сүт тағамдары. Алматы: Қайнар Олконен А.Г., Производство высококачественного молока. Колос 1982 173с. 4. Жубанова А.А., Абдиева Г.Ж., Шөпшібаева Қ.Қ., Биотехнология негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006 5. Шигаева М.Х., Оспанова М.Н. Микрофлора национальных кисломолочных продуктов. Алма Ата: Наука 6. 7. Крусь Г.Н., Тиняков В.Г., Фофанов Ю.Ф. Технология молока и М.: оборудование предприятий молочной промышленности. Агропромиздат Крусь Г.Н., Кулешова И.М., Дунченко Н.И. Технология сыра и других молочных продуктов. М.: Колос 8. Гудков А.В., Гудков С.А., Козловская М.А. и др. Бифидобактерии: биологическая роль в жизнедеятельности человека и животных. Производство бифидосодержащих продуктов. Углич, 1999 г.
Ешкі де емші екен...
Әдетте халқымыз ешкі малын менсінбейді. Төрт түлік деп атау берген ата кәсібінде де ешкіні «ұмыт» қалдырған. Анығында қой малымен қосарлап айтқан. Ертеде, «мал өсірсең ешкі өсір, өнімі оның көл көсірді» айтқан халқымыз бүгінде мұны ұмытқан сыңайлы. Өйткені халқымыз ешкі шаруашылығына әлі көңіл бөлмей келеді. Ал еліміз менсінбей отырған ешкіні Еуропа елі бүгінде «еркелетіп» отыр. Әсіресе бүгінгі күні аналардың сәбиін емшек сүтінен ертерек айыратынын ескерсек, ешкі сүтінің ана сүтімен ұқсастығын адамзаттың игілігіне сай жаратудың қажеттілігі арта түскендей. Бүгінде ғалымдар алдымызға алған асымыздың асқазанды тойдырып қана қоймай, денсаулыққа да аса пайдалы болуына назар аударуда. Осы орайда ешкінің еті мен сүтіндегі ерекшеліктер ғалымдарды қанағаттандырып отыр.
Еуропа елі ешкінің түбітін жеңіл өнеркәсіп бағытында пайдаланса, денсаулыққа пайдасы мол сүтінен сан түрлі тағамдар әзірлеуде. Ешкі сүтінің, әсіресе, ана сүтімен ұқсастығы бүгінде әлем ғалымдарының назарын аударып отыр. Ал, атам қазақ ешкі сүтінің емдік ерекшелігін, ана сүтінің құрамымен бірдей екендігін баяғыда білген. Өйткені әдеби және тарихи кітаптардың көбінде емшектегі күйінде анасынан жетім қалған нәрестеге міндетті түрде ешкінің сүті берілетіні жайында көп айтылады. Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады екен. Бірақ, біздің отандық нарықта ешкі сүті мен одан жасалатын өнімдерге ешкім мән беріліп отырған жоқ. Ешкі сүтінен дайындалатын балалар тағамдарының тоқсан пайызы шекара асып, шеттен ағылып жатыр. Неше ғасырдан бергі ата кәсібіміз мал шаруашылығы болғанымен, әлі күнге қолда бардың қадірін білмей келеміз. Дұрыстап ден қойсақ, бір ғана ешкінің өзінен еселеп табыс табуға болады. Жақында Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Еуропа ғалымдары да ешкінің бұл артықшылығын енді түсініп жатса да өз игіліктеріне жанталаса жаратып, алдымызды орауда.
Ешкі және екі жүз түрлі шөп
Ешкі сүтінің басты артықшылығы оның қорек ететін шөбінде болса керек. Ғалымдардың зерттеуі бойынша ешкі 200-ден астам шөп түрін қорек етеді екен. Тау-тасқа секіріп, қойдың алдында жүріп, әр шөптің басын шалып, таңдап жейтін ешкі енді бір деректерде 500-ден астам шөп түрін пайдаланатыны анықталған. Дәрумендік қасиеті мен микроэлементтік құрамы жағынан ешкінің алдына еш жануар түсе алмайды екен. Өйткені бұл жануардың сүті емдік және аурудың алдын алу қасиетімен ерекшеленеді. Тағамдық аллергия, туберкулез, анемия, диабет, ағзаның қорғаныс қызметін арттыру, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен радионуклидтерді шығаруда ешкі сүті таптырмайтын ем көрінеді.
Көпмахамбет ЕЛЕМЕСОВ, Қазақстан малшаруашылығы қауымдастығының президенті:
– Ешкіні денсаулыққа аса пайдалы сүтіне бола өсіруге болады. Ал шын мәнінде ешкінің басқа да өнімінің көл көсір екені рас. Тек оны өз игілімізге сай жаратып, ешкі шаруашылығын өз дәрежесінде дамыта алмай отырмыз. Ешкі сүтінің басты артықшылығы оның сан түрлі шөп түрін қорек ететінінен болса керек. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады. Сондықтан еліміздің ешкі шаруашылығына көңіл бөлетін кезі жетті. Өйткені ешкінің ерекшелігін түсінген басқа елдер алдымызды орап, пайдаға кенелуде.
Аллергияның жауы ешкі
Бүгінде әлем бойынша жылдам таралып бара жатқан аурулардың бірі – аллергия. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемдегі ересек адамдардың 5% ал балалардың 15% түрлі аллергиялық ауруларға шалдыққан. Бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын үдеп келеді. Аллергиясы бар ата-аналардан туылатын балалардың да аллергиялық ауруларға шалдығу ықтималдылығы жоғары болатыны да анықталып отыр. Аллергия – адам бойындағы иммундық жүйеде «ақау» барын білдіреді. Айналадағы қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарға шыдас бермеген иммундық жүйе сыр беріп, аллергияның қозуына алып келеді. Бүгінде қоршаған ортаның тез өзгеріске түсуі адамзаттың бойындағы аллергияның қозуына алып келуде. Ал ешкінің сүтінің аллергияға бірден бір ем екені дәлелденіп отыр. Керсінше адамзат баласы бүгінде көп қолданылатын сиыр сүтінің аллергияның қозуына тікелей әсер ететіні дәлелденіп отыр. Осыған орай дәрігерлер бүгінде құрамында сиыр сүті бар тағамдардың орнына құрамында ешкі сүті бар тағамдарды пайдалануға кеңес беруде. Аллергиядан басқа ешкі сүті басқа да түрлі ауруларға ем саналады. Сондай-ақ ағзаның қорғаныстық қасиеттерін арттыруға да ешкінің сүті ерекше әсер етеді. Ешкі сүтінің құрамындағы қанықпаған май қышқылдары да деннің саулығына оң әсерін тигізеді. Аталмыш қышқылдар несеп айдау жолдарына таптырмас ем екен.
Қазақ Тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шармановтың айтуынша ешкі сүтінде 12 түрлі дәрумен бар екен. Ешкі сүті адам ағзасында тез қорытылады. Жоғарыда келтірілген артықшылықтарынан басқа ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді. «Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді, бұл анемияның алдын алуда аса маңызды,» – дейді мамандар. Бүгінде Швейцарияның таулық шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды ешкі сүтімен емдеуде. Демек, ауырмаймыз десек, ешкі сүтін тамақ рационымызға міндетті түрде енгізіп қоюымыз қажет.
Ешкіні неге елеусіз қалдырып келеміз?
Ешкінің сан түрлі пайдасына қарамастан еліміз оны елемей келеді. Отандық нарықта ешкі сүті мен одан жасалатын өнімдерге мән беріліп отырған жоқ. Ешкі сүтінен дайындалатын балалар тағамдарының тоқсан пайызы шекара асып, шеттен ағылып жатыр. Неше ғасырдан бергі ата кәсібіміз мал шаруашылығы болғанымен, әлі күнге қолда бардың қадірін білмей келеміз. Дұрыстап ден қойсақ, бір ғана ешкінің өзінен еселеп табыс табуға болар еді. Қазір дамыған шет мемлекеттер холестерині көп майлы еттен гөрі диеталық тағамдарға мән беруде. Осы тұста ешкі етінен бренд жасауымызға да болар еді. Ата-бабаларымыз ешкінің аса өсімтал мал екенін айтқан. Демек, ешкі өсіруді қолға алсақ ұтылмасымыз анық.
Ешкінің біз білмейтін қырлары
Есің кетсе ешкі жи» дейді атам қазақ. Ешкі ежелден-ақ халқымызда ерекеше бағаланған. Ешкі өсірудің басты мақсаты – түлік басын көбейту. Себебі ешкі – өсімтал жануар. Басқа түліктер жылына бір рет төлдесе, ал ешкі екі рет, көбінде егізден лақтайды. Қазақ «сүті ағып тұрған бұлақ, еті тамағыңа бап» деп мақтайтын
«Қойды көсем бастайтын,
Өткелден үркіп саспайтын
Қарағай мүйіз серкелі..
Сексек ата баласы
Ешкі бассын үйіңді»дегендей
Шекшек ата түлігінің біз білмейтін қырлары туралы сөз қозғамақпыз.
Қазақта «Қойлы бай – қоралы бай, ешкілі бай – есепті бай» деген мәтел бар. Бұл ешкіні арнайы бір мақсатпен ұстайтынынын аңғартса керек. Енді ешкіні қандай мақсатпен ұстайды. Осыған тоқталсақ. Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп, жылдам көбейеді. Ешкінің еті детерісі де, сүті де, қылшығы мен түбіті де, тіпті мүйізі де күнделікті
тұрмыс кәдесіне жарай береді.. Ешкінің еті аздау болғанымен ерекше
күтімді қажет етпейді.. Көктем мен жаз айларында көкке жайылған ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер молайып әрі дәмі де өзгереді. Ол 600 ге тарта шөп
түрін қорек етеді. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз
шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен етінде адам
ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады.
1 Ешкінің шығу тарихынан
Ешкі қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын
жұптұяқты мал. Ешкі 11 12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ешкі тоғыз он жыл тіршілік етеді. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл,
құйрығы қысқа келеді.Қазақ ешкіні жасына қарай:• үлкен теке, серке,
дөнен серке, құнан серке, ту ешкі, үлкен ешкі, сақа ешкі,туша шыбыш,
шыбышша,шыбыж,марқа лақ деп атайды.
Ешкі пірі Сексек ата шежірелік деректерде Қазығұрт тауының бауырында Тұрбат деген жерде жерленген Исмайыл атаның баласы делінеді. Аңызға көз жүгіртсек: «Ал Шекшек болса ағасының қатыгездігін айтып, ел-жұртына рахымды болуды, қуып жіберген інілерін тауып әкелуді айтқан екен. Ол:
«Сен мені құртып, орнымды алғалы жүр екенсің»,- деп жазалап, осы маңдағы иен далаға әкеліп тастапты. Қорлыққа шыдамаған Шекшек талай рет өліп алмақ та болыпты. Ақырында қайратына мініп, есін жиып, етегін түріп, қырат-қыраттың тауешкі асатын жолдарын бекітіп, мың бір жапада қыруар тауешкілерді қолға үйретіп алыпты» – деген деректі байқаймыз [50].
Шын мәнінде Сексек атада аз зерттелген дүниелердің бірі. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз қыркүйек айларында
қырқады.Ешкі малы текесі 60 65 кг ға дейін, ешкісі 40 60 килограммға
дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1, 5 кг май алынады. Ешкі тұқымын асылдандыру, күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін
арттырады Ерте заманда Амалфея атты ешкінің сүтімен Зевс құдайын емізген деген
аңыз бар. Сол заманнан бері ешкі сүті ерекше қасиетті деп саналады.
Сонымен қатар, ертеректе ауыр науқастан кейін қалыпқа келу үшін ешкі сүтін ішкен екен. Ежелгі Римде ешкі сүтімен бауыр ауруын емдеген.
Ешкі сүті әлемде кең танымал, бірақ осы сүтті пайдаланудан көш бастап тұрғандар Азия елдері ішіндегі Үндістан, Бангладеш, Пәкістан және Жерорта теіңізі жағалауындағы елдер Португалия, Испания, Франция, Грекия, Италия болып табылады.
3 Ешкі сүтінің қасиеті Жаңа сауылған ешкі сүтінің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын
тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті оның қуаты 4 5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларындаанемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы
балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінің түсі аппақ болады. Ал оның құрамында қырықтан астам биологиялық компонент бар. Ең маңыздылары А, С, В1, В2,В6, В12 витаминдері, аминқышқылдары, ферменттер мен
микроэлементтер. Сиыр сүтінің құрамында аз кездесетін элементтер ешкі сүтінде өте мол. Бір ғана кобальт басқа жануарлардың сүтіне қарағанда
ешкі сүтінде 6 есе жоғары болады. Кобальт ағзадағы қан айналымды жақсартып, зат алмасу процесіне жағымды әсер етеді. Ешкі сүті альбуминге бай болғандықтан, құрамындағы ақуыз ағзаға тез
сіңеді.
Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы. Жаңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын
тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылғансүттің тағы бір қасиеті оның қуаты 4 5 сағатқа дейін
ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады. Сүттің құрамында микроэлементтер, дәрумендер, ақуыздар бар.