Файл: ылыми жобаны дістері Іздену, салыстыру, талдау, сйкестендіру, тжырымдау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 78

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Микроэлементтер құрамына: кальций, магний, фосфор, марганец, мыс. 

Дәрумендерге: А, В1, С, Д, В12, аскорбин қышқылы бар. Ақуыздың құрамына:Май 4, 4%, белок3, 6%, лактоза4, 9% бар. Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек ­ қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді. Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларындаанемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы 

балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы. Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды  қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, балаүшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас 

қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан  асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады. Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен  ауырмайды.

Біріншіден – сүті. Оның сүтінің пайдасы ұшан теңіз. Ғалымдардың айтуынша, ешкі сүтінің емдік қасиеттері көп. Әсіресе, асқазан ауруына, анемияға, көздің нашар көруіне, диатезде өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамындағы май түйіршіктері ұсақ болғандықтан адам ағзасына, әсіресе кішкентай балаға жұғымды болады. Ешкі сүті төрт түліктің ішіндегі ең құнарлысы. Тіпті ана сүтін алмастыра алады. 

Екіншіден – еті. Оның еті қой етіне қарағанда тез қатады. Әйтсе де ол сіңімді әрі жеңіл, дәрумені де мол тағам. Себебі, ешкі – табиғатынан шөптің шүйгінін, яғни 550-ден аса түрін жейтін, судың тазасын ішетін өте талғампаз түліктің бірі.  

Үшіншіден – терісі. Ешкінің терісінен иленіп, жүні сыртына қаратылып тігілетін тон, ішік жауынды күні таптырмас киім. Ешкі жүні қылшықты. Оған су сырғып тоқтамайды. Таулы аймақта жауын-шашын көп болғандықтан оның жергілікті халқы көбіне осындай ешкі терісінен тон киетін себебі осыдан.

Төртіншіден, жүні мен түбіті үшін өсіреді. Қазақ қыста сыртта тоңазып, суық алып әбден әлсіреген адамдарды жаңа сойылған қара ешкінің терісіне орау арқылы бойындағы суықты алған.  Осылайша  ауруынан құлан-таза айығып кеткен екен.

Халқымыз ешкі өсірумен ертеден шұғылданып келе жатыр десек те, осы істің қыры мен сырын жақсы меңгерген адам қатары қазір сирей түскендей. Аудан көлемінде ешкі бағатын жандарды іздеп біраз әбігерге түстік. Себебі тұрғындардың көбі ірі қара малын қол көреді екен. Ешкі бағатыны сирек. Солардың қатарында Шамші ата бар. Ешкі күтімді көп қажет ете бермейтін, өзге түлікке қарағанда тезірек көбейетін, табиғи жағдайға төзімді мал. Оны күтімге алуға кез келген қора жарай береді. Тек ол құрғақ әрі жарық болуы тиіс. Ешкінің бір әлсіз тұсы қатты желді көтере алмайды. Сондықтан қораның іші желкем болмағандығын ескерген абзалырақ. Ешкінің пайдасы – сүтінде. Дәмі де ерекше. Кішкентай балаға ешкі сүтінің пайдасы мол. Тіпті, ана сүтін алмастыратыны да бар, – дейді.


Ешкіні денсаулыққа аса пайдалы сүтіне бола өсіруге болады. Ал шын мәнінде ешкінің басқа да өнімінің көл көсір екені рас. Тек оны өз игілімізге сай жаратып, ешкі шаруашылығын өз дәрежесінде дамыта алмай отырмыз. Ешкі сүтінің басты артықшылығы оның сан түрлі шөп түрін қорек ететінінен болса керек. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады. Сондықтан еліміздің ешкі шаруашылығына көңіл бөлетін кезі жетті.

Өйткені ешкінің ерекшелігін түсінген басқа елдер алдымызды орап, пайдаға кенелуде.

Аллергияның жауы ешкі

Бүгінде әлем бойынша жылдам таралып бара жатқан аурулардың бірі – аллергия. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемдегі ересек адамдардың 5% ал балалардың 15% түрлі аллергиялық ауруларға шалдыққан. Бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын үдеп келеді. Аллергиясы бар ата-аналардан туылатын балалардың да аллергиялық ауруларға шалдығу ықтималдылығы жоғары болатыны да анықталып отыр. Аллергия – адам бойындағы иммундық жүйеде «ақау» барын білдіреді. Айналадағы қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарға шыдас бермеген иммундық жүйе сыр беріп, аллергияның қозуына алып келеді. Бүгінде қоршаған ортаның тез өзгеріске түсуі адамзаттың бойындағы аллергияның қозуына алып келуде. Ал ешкінің сүтінің аллергияға бірден бір ем екені дәлелденіп отыр. Керсінше адамзат баласы бүгінде көп қолданылатын сиыр сүтінің аллергияның қозуына тікелей әсер ететіні дәлелденіп отыр. Осыған орай дәрігерлер бүгінде құрамында сиыр сүті бар тағамдардың орнына құрамында ешкі сүті бар тағамдарды пайдалануға кеңес беруде. Аллергиядан басқа ешкі сүті басқа да түрлі ауруларға ем саналады. Сондай-ақ ағзаның қорғаныстық қасиеттерін арттыруға да ешкінің сүті ерекше әсер етеді. Ешкі сүтінің құрамындағы қанықпаған май қышқылдары да деннің саулығына оң әсерін тигізеді. Аталмыш қышқылдар несеп айдау жолдарына таптырмас ем екен.
АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫНДА Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. 

Оның  құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын  емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын  ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасының зардабын тартып жүрсеңіз,  онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем 



көмектеседі. Күн сайын  таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке  дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. 

Емдік курс 21 күн жүргізіледі.

ДИАТЕЗ ДЕРТІНДЕ Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола  арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.

ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЫНА Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 

0, 5 стакан  шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет. ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕРТІНЕ Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен  айықтыратын қасиеті де бар. 

Сон дай ақ, ол иммунды жүйені қатайтады.  Оның емдік тәсілі мынадай: шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында  қайнатып ерітеміз. 

Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне 

араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10кг дене салмағына 50 г ­ нан өлшеп, науқасқа беру керек. КОСМЕТОЛОГИЯДА Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер 

мен  дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады.

 Сонымен қоса  теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр 

шашты жуған кезде ешкісүтімен шайып тұру қажет. СҮЙЕККЕ ПАЙДАЛЫ Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағыдәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір 

жастан бастап  рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі

 сүтін беруді ұсынады. Соңдай ­ ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады. Сонымен қатар қолымызға күбіртке шыққанда да ешкінің пайдасы бар,тез жазылады.

 6. Ешкі сүтінен жасалған әртүрлі тағамдар. Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті, сиыр сүті делінеді. Ұзақ жылдар бойы ірімшік, сыр, сүт қанты, қаймақ және басқа да сүт  тағамдары адамның бойында кездесетін түрлі сырқаттардың алдын алып,  емдеп жазу үшін қолданылып келеді. Қазақтың ұлттық сүт тағамдары ­ сүт, уыз, сары май, айран, қаймақ, қатық,  қойыртпақ, қорықтық (тасқорықтық), құрт, ірімшік, сүзбе, іркіт, қымыз,  шұбат, шалап. Сиыр, қой, ешкі, бие, түйе малдарының жаңа сауылған,  пісірілген және шикі сүттерін пайдалана отырып, қолма ­ қол жеп ­ ішуге, белгілі бір мерзімге дейін және ұзақ уақыт сақтауға болатын түрлері  жасалынады. Сүт тағамдары қазақ халқының ерте кезден дайындауында  өзіндік тәсілі бар, дәмді де бағалы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан  құнды тағамдарының бірі. Ешкі сүтінен немесе оны қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол.



Өзге түліктердің сүтіне қара­ғанда ешкі сүтінің құра­мындағы темір ағзаға жақсы сіңеді. Сондық­тан да ешкі сүті сұранысқа ие. Мәселен, 1 литр ешкі сүті орташа есеппен 250 теңге тұрады. Демек күніне 1 ешкіден 1-2 литр сүт алсаңыз, ол 500 теңгені құрайды.

Сонда 1 ешкінің сүтінен айына 15 000 теңге, ал 6 айда 90 000 теңге кіріс келеді. Егер 10 ешкі сауып сатсаңыз, пайдаға кенелдім дей беріңіз. Пайданың көзін тапқан адамға ешкі өсіріп, оның өнімін саудалау – бизнес көзі десек те болады.

Иә, мал баққанға бітеді.  Жо­ғары­да ешкі малын бағудың бір­неше тиімді тұстарын сөз еттік.  Қандай малды бағып-күтетіні әркім­нің өз еркінде, әрине. Төзімді әрі көп күй талғамайтын ешкі өсірудің мықтап неге қолға алмас­қа?