Файл: 6зертханалы жмыса тсініктеме. аза аланы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тұран жазығының батысында Каспий теңізімен Үстіртің аралығында құрылымдық денудациялық Манғыстау Үстірті орналасқан. Үстірт эрозиялық – тектоникалық Ақтау, Қаратау сияқты аласа таулармен күрделенген. Бозащы үстірті шығу тегі жағынан Каспий маңы ойпатына жақын. Манғыстау үстіртінде Түпқараған үстірті, оңтүстік Маңғыстау; Кендірлік, Шығыс Маңғыстау үстірті, Ақтау, Қаратау таулары. Красноводск үстірті ерекше ерекшеленеді. Морфологиялық құрылымы неоген төртік дәуірлерде тектоникалық қарқындылықтың әр түрлі болуына байланысты болады.

6) Каспий маңы синеклизасы.

Каспий маңы синеклизасыШығыc Еуропа платформасының оңтүстік-шығыс шетінде, Еділ, Жайық, Жем өзендерінің алқабында, Каспий теңізінің солтүстік шетін қамти орналасқан жазық ойыс. Батыс шегі Еділдің оң жағасымен, оңтүстік шегі Каспий жағалауынан Жем өзеннің сол жағасымен Мұғалжар бөктерінен, шығыста Орал тауының етегінен өтеді. Солтүстікте көптеген флексуралар арқылы Еділ-Орал және Воронеж антиклизаларына ұласады.

  • Ауданы 500 мың км² шамасында.

  • Платформаның кристалдық іргетасы кембрийге дейін қалыптасып қатпарланған тау жыныстардан құралған.

  • Тереңдігі 15 – 16 км. Іргетасты жалпы қалыңдығы 5000 м девон, карбон және пермь кезеңдерінің теңіз шөгінділері басқан. Олар, негізінен, әктастардан құралған. Бұл қабаттардан жоғары қалыңдығы 300 м-ге жететін күрделі құрылымды тұз күмбездерінен түзілген кунгур ярусының тұз шөгінділері орналасқан.




  • Барлық аймағында 1700-ден астам тұз күмбездері мен антиклиналь қатпарлар таралған.

    • Тұз күмбездерінің арасындағы ойыстарды жоғасыр пермь мен триастың қалыңдығы 6000 м-ге жететін қызыл түсті құмтас, саз қабаттары толтырған.

    • Одан жоғары қалыңдығы 3000 м-ге жуық юра, бор, палеоген, неоген кезеңдерінің құмайт-саз-мергельді теңіз шөгінділері жатыр.

    • Олардың үстін қалыңдығы 1000 м-ге жететін плиоцен-антропоген дәуірінің теңіз, көл, құрлық жағдайында түзілген құм-сазды жыныстары басқан.

  • Негізгі кен байлығы – пермь, тирас, юра, бор қабаттарының тұз күмбездерінде шоғырланған мұнай мен газ кендері.

  • Тұз күмбездері жер бетіне шыққан аудандарда Басқұншақ, Елтон, Индер, Шалқар көлдері пайда болған, олардан әр түрлі тұздар алынады. *Юра, бор жыныстарында фосфорит кездеседі.

7) Республиканың оңтүстік және оңтүстік шығыс өңірлеріндегі эпиплатформалық орогендік белдеу.

Эпиплатформалық орогендік белдеу - Бұрынғы жас платформа орнында тектоникалық қозғалыстардың кенет қарқынды түрде жандануы нәтижесінде қалыптасқан, ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын, ұзындығы мындаған км-мен өлшенетін қазіргі таужаралу аймақтары. Эпиплатформалық орогендік белдеудін мысалы ретінде Альпы-Гималаи жалпы планеталық

жанышталу белдемін атауға болады.

Республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы эпиплатформалық орогендік белдеу Тянь-Шань Алатауларын, Жоңғар Алатауын, Алтай тауларын біріктіреді. Бұл аймақ қарқынды қатпарланған каледондық және герциндік құрылымдардың кайнозой эрасының неоген кезеңінен бері жаңадан басталған тектоникалық белсенділік нәтижесінде биік-биік тау жоталарына айналуымен сипатталады.