Файл: 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 925

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дулат Бабатайұлы –қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті өткір сынаған реалистік бағыттағы ақын. Өлеңдері ,негізінен, саяси әлеуметтік лирикаға жатады.

Өлеңдерінде ақыл-нақылдық сарын көптеп кездеседі, шыншылдық,сыншылдық , өткір сатира астасып жатады.

Д.Бабатайұлы қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын: «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық », «Қара қарға » т.б.

Д.Бабатайұлы өлеңдері «Өсиетнама » деген атпен Қазанда 1880 ж басылыпшыққан. Дулаттың бүгінге жеткен жыр мұрасы шамамен 1500 жолдай делінеді.

  • ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілі, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған ақын: (Дулат)

  • Абай өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттысы кім деп көрсеткен?


(Дулат Бабатайұлы)

  • Дулат Бабатайұлының өмір сүрген уақыты: (1802-1871(кей деректе 1874); ( 10 сынып .Қазақ әдебиеті.ЖМБ. 1871;ҚГБ.1874)

  • Дулат ақынның әкесі (Бабатай )

  • Семей облысы Аягөз ауданында туған, орыс отаршылардың зымияндық счаясатын әшкерелеген ақын: (Дулат)

  • Д.Бабатайұлының өлеңдері ,негізінен, қай лирикаға жатады? ( Саяси-әлеуметтік лирикаға )

  • Дулат поэзиясының алтын өзегі : (Отарлық езгіге қарсы күрес)

  • Дулаттың автомінездемесі берілген өлеңі: (Айтқызбасымды айтқыздың); Дулат ақынның автопортретін берген өлеңі: (Айтқызбасымды айтқыздың);

  • Д.Бабатайұлының туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қимас сезімін шабыттана жырлаған өлеңі: («Бірінші сөз»)

  • «Ел бүлдірген бегіңді ,

Улы тілмен улаттым,»-деп жырға қосқан зар заман ақыны: (Дулат)

  • Бытырап ,азып-тозған ел,

Бөдене емей немене?-деп береке-бірлікті сақтауға шақырған ақын: (Дулат Бабатайұлы)

  • Д.Бабатайұлының ел әкімдерін уытты тілмен өлтіре сынаған өлеңі: («Тегімді менің сұрасаң»)

  • «Менің атым-Байғыз қарт,

Көзге түсер сиқым жоқ»,- деп жырлаған ақын: (Дулат Бабатайұлы

Айтқызбасымды айтқыздың);

  • Барақ,Кеңесбай ,Сүлеймен сияқтыел әкімдеріне арнап өлең жазған ақын : (Дулат)

  • О,Барақ жас, Барақ жас,

Жегенге тоқ, ішсең мас.

Жақсы болса ұлығы-

Өз елін жаудай таламас...Үзінді авторы: (Дулат)

  • Дулат Бабатайұлының би болыстарға ,әкімдерге арналған өлеңдер тізбесі :

( «Кеңесбайға», «Сүлейменге»)

  • Д.Бабатайұлының ел әкімдерін өлтіре сынайтын өлеңі: («Сүлейменге»)

  • «Жыршының аты жыршы ма,

Әркімнің өлең жаттаса,

Сөз -жібек жіп,жыр –кесте,

Айшығы айқын көрінбес,

Өрнексіз тігіп, баттаса...» Осы үзіндінің авторы: (Дулат , «Сүлейменге» өлеңінде)

  • Дулат Бабатайұлының қожа-молдаларды сынаған өлеңі: («Ешенге»)

  • «Жер кімдікі?»дегенде

Аға сұлтан, қазылар

Не деп жауап береді?- деген жолдардағы Дулаттың ойы: (Орыс пересендеріне қазақ жерін беруге қарсылығын көрсеткен)

  • «Датыңды айтсаң майырға,

Сібірге кеттің айдалып.» Дулаттың осы өлең жолдарындағы дат,майыр деген сөздердің анықтамасы : (Майор және өтініш)

  • «Еркін жатқан қайран ел,

Дәулетің бейне шалқар көл...

Енді келіп қамалдың



Орыс салған қамалға...»- деген өлең шумағының авторы: (Дулат)

  • «Жерге қарай мал бітіп,

Малға қарай құт болмақ.

Қонысынан мал тайса,

Құты кетіп жұт болмақ.»-деген шумақтарының авторы: (Дулат)

  • Д.Бабатайұлының Ресейдің қазақ даласын отарлау саясатын әшкерелеген өлеңі : («Аягөз,қайда барасың ?»)

  • «Аягөз, сенің бойыңда

Несібе ырыс тегіс қой.

Сай-салаң толған жеміс қой.

Қырың –малдың кіндігі,

Ойың-өнім жеміс қой,»-деп жырлаған ақын : (Дулат)

  • Тауды екіге жарасың

Тастың қашап арасын.

Кесіп өтіп кезеңді,

...,қайда барасың?»- деп Дулат жырлаған өзен аты : (Аягөз)

  • «Тауды екіге жарасың,

Тастың қашап арасын,»-деген жолдар Д.Бабатайұлының қай өлеңінде кездеседі? («Аягөз»)

  • «Тарбағатай тауынан

Тоқсан сала қосылып,

Тоғыз өзен түісіп,

Ақтың төмен жосылып...» - деген үзінді алынған өлең : («Аягөз, қайда барасың?»)

  • Дулат Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» өлеңіндегі «сауыр» сөзінің мағынасы : ( Шөбі мол,шұрайлы жер)

  • Дулаттың өлеңі: ( Ақжайлау мен Сандықтас)

  • «Қаларсың бір күн,Сандықтас,

Құлан жортпас бел болып.» Осы үзіндінің авторы: (Дулат)

  • «Аққан бұлақ сай-салаң,

Шытырман тоғай айналаң,

Жоның жайлау ,кең алаң,

Атам қонған кең далам!» -деген үзінді алынған Дулаттың шығармасы :

( Ақжайлау мен Сандықтас)

  • Дулат Бабатайұлының «Ата қоныс арқада» толғауында қандай тарихи тұлғалар кездесетіні : (Ақсак Темір, Әбілпейіз, Абылай)

  • Дулат Бабатайұлының Ақсак Темір, Әбілпейіз, Абылай есімдері кездесетін туындысы: («Ата қоныс Арқада»)

  • Дулат Бабатайұлының өлеңі : («О,Ақтан жас, Ақтан жас» )

  • Жетім бала Ақтанның болашағын қатты толғанып,оның қатарға қосылатынынына ,жетілетініне сенім артып,ел қорғаны болуын аңсайтын өлеңі: («Ақтанға»)

  • «Сен де жетер ме екенсің?

Жетімдіктің белінен

Асып өтер ме екенсің?

Жарық сәуле көре алмай ...»- деген үзінді авторы мен өлең жолдарындағы көркемдік тәсіл: (Дулат , риторикалық сұрау)

  • Ел қорғаны болар ер туса деген идеяны ел зердесіне құю үшін жазылған дастанның авторы : ( Дулат Бабатайұлы «Еспембет»)

  • Дулат Бабатайұлының жетім бала туралы дастаны: («Еспембет»)

  • Еспенбет батыр жас кезінен жетім қалып, кімнің қолында тірбиеленген?


(Нағашысы Қосай)

  • Д.Бабатайұлы жырға қосқан Еспенбет батырдың тұлпары : (Ақбөрте)

  • Ақбөрте қай жарыста оза шауып, бас бәйгені алды? (Сәтімқұл бидің ас берген тойында )

  • «Ер Еспенбет кешегі

Ерекше ер деседі

Тіл біткеннің шешені,

  • Топта бермес есені,» -деген үзінді қай ақынның поэмасынан алынған?

( Дулат Бабатайұлы «Еспембет»)

  • «Ер Қабанбай ту байлап,

Ерекше ер деседі.

Тіл біткеннің шешені,

Топта бермес есені,»- деген үзінді қай ақынның поэмасынан алынған?

( Дулат Бабатайұлы «Еспембет»)

  • «Ер Қабанбай ту байлап,

Арқартаң атты борбайлап,

Қалмақтарға лап қойды.» Үзінді алынған шығарма: ( Дулат Бабатайұлы «Еспенбет»)

  • Қабанбай батыр, Ақтанберді Дулат ақынның қай шығармасында кездеседі? («Еспенбет» поэмасында )

  • Дулаттың «Еспенбет » дастанындағы Еспенбет бейнесі : (Елінің жауын жеңуді мақсат етеді; Опасыз дүние-мүлікке қызықпайды)

  • Д.Бабатайұлының «Еспенбет» дастаны кейіпкеріне жатпайтын қатар: (Қарасай) : (Жататын кейіпкерлер : Ер Қосай, Ақтамберді, Қабанбай , Еспенбет)

  • Дулаттың тұңғыш өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?

( «Өсиетнама» 1880 ж. Қазанда)

  • Жетім баланың бойынан ел тілегін ақтайтын батырды көргісі келетін ақын(дар): (Д.Бабатайұлы «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінде)

  • Дулаттың арнау өлеңдері: ( «Бараққа» , «Ешенге », «Кеңесбайға», «Бараққа»

  • Д.Бабатайұлының шаршы топ алдында атқамінерлердің теріс қылықтарын бетіне басатын өлеңдері: («Ешенге», «Кеңесбайға», «Бараққа»

  • Д.Бабатайұлының өлеңдері : ( Ақжайлау мен Сандықтас, «О,Ақтан жас, Ақтан жас» , «Тегімді менің сұрасаң »)

  • Д.Бабатайұлының туған жер тақырыбындағы өлеңдері: ( «Ақжайлау мен Сандықтас», «Аягөз, қайда барасың?», «О. Сарыарқа ,Сарыарқа»

  • Дулаттың өлеңдері : («Аягөз», «Тегімді менің сұрасаң », «Бірінші сөз»)

  • Дулаттың өзін таныстыратын өлеңі : («Тегімді менің сұрасаң »)

  • Дулаттың атақонысты жырлаған өлеңдері: («Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқада»)

  • Д.Бабатайұлы поэзиясындағы эпитеттер : («Тұнық жырмен жуынам», «Улы тілмен улаттым»)


Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы,Қаратау-Қарнақ жері.

Қайтыс болған жері:
Қарағанды облысы, Шет ауданы.

Шығармалары: «Зар заман», «Тар заман», «Бала зары», «Опасыз жалған», «Заман қайтіп оңалсын?», «Замана» , «Келер заман сипаты », «Осынша азды ел неден?», «Байды құдай атқаны», «Қалықтаған сұңқар ем», «Атамыз адам пайғамбар», «Жарлының жаны берік-ті», «Насихат»,т.б.

  • Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген жылдары: (1818-1881)

Шортанбай Қанайұлының туған жері : (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы,Қаратау-Қарнақ жері).

  • Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарын: (Қазақ даласына келген сауданы айыптау,елдің ақшаға құнығуын сынау)

  • Шортанбай Қанайұлы қазақ халқын тәуелсіздіктен айыра келген қай саясатқа қарсылық білдірген? (Отаршылдыққа )

  • Шортанбай Қанайұлының шығармаларында қатты сынға ұшырайтындар: (Орыс патшасы,жандарлар,майырлар)

  • Шортанбай Қанайұлының билікке таласқан ағайындас адамдарды теңеген: (Бірін-бері талаған ұялас қасқырға)

  • «Атамыз адам Пайғамбар» толғауының авторы: (Ш.Қанайұлы)

  • «Опасыз жалған» өлеңінің авторы : : (Ш.Қанайұлы)

  • Ш.Қанайұлының өлеңі: («Жарлының жаны берік-ті»)

  • «Келер заман сипаты» толғауының авторы: (Ш.Қанайұлы)

  • Ш.Қанайұлының ең танымал туындысы: («Келер заман сипаты»)

  • «Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторы:(Шортанбай)

  • «Бір насихат айтайын» өлеңінің авторы: (Шортанбай)

  • «Арқадан дәурен кеткен соң

Қуғындап орыс жеткен соң

Тіпті амал жоқ қазақтар,

Енді сенің торыңа...

Байлар ұрлық қылады,»- деген тармақтар алынған Ш.Қанайұлының шығармасы: («Зар заман)

  • Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңі неше түйдектен тұрады?

(14 түйдектен)

  • «Мына заман ,қай заман?

Азулыға – бар заман,

Азусызға – тар заман.» Үзінді авторы: ( Шортанбай «Зар заман » өлеңі)

  • «Сауып ішер сүті жоқ,

  • Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты »Үзінді авторы: ( Шортанбай «Зар заман » өлеңі)

  • «Асылық азған заманда,

Алуан-алуан жан шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты,»- деген өлең жолдарындағы айтылған ой: («Қазақ даласына келген сауда»)

  • «Шолақ аттай діңкілдеп,

Бір-біріне жетем деп,