ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 237
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тапсырмаларын жазбаша орындау, баяндама, талдау (аналитикалық) шолу жазу, сценарий дайындау, мақалалар жинағын дайындау,әдістемелік құрал дайындау, сабақ жоспарларының жинағын дайындау, т.б.
- Аралық бақылау – курс (жыл) немесе семестр (тоқсан) қорытындысы бойынша емтихан. Емтихан жазбаша өткізіледі. Емтихан сұрақтары Блум таксономиясы бойынша құрастырылады.
- Қорытынды бақылау – диплом жұмысын қорғау немесе мемлекеттік емтихандар тапсыру.
РУБРИКА
Рубрика – шәкірттер орындаған жұмыстардың қандай болуы керектігін (параметрлерін белгілеу) және қандай бағаға тұрарлық екендігін нақты түрде айқындау, бағалаудың дәл талаптарын (критерийлерін) таңдау және тағайындау.
Шәкірттердің жұмыстары субъективті тұрғыдан бағаланбауы үшін, жұмыстарға қойылатын талаптарды алдын-ала айқындап алу оқушылардың өз жұмысында озық үлгілерге сүйеніп, қалай жазу керектігін есте ұстап, жұмыстарды сол тұрғыдан орындауына жол береді. Бұл өз кезегінде шәкірт жұмыстарының сапасын арттырады.
Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс:
- Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.
Критерийлерді алдын-ала жариялап, сонымен бірге сынып қабырғасына іліп қойған орынды.
Төменде қандай да болмасын тақырыпқа жазылған эссенің бағалау критерийлері келтіріледі.
Эссені бағалауға арналған әмбебап РУБРИКА
«Өте жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:
«Жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:
1. Өзіндік пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай).
2. Тезистерді нанымды дәлелдермен растау (мұнда дәлелдер «өте жақсыға» жазылған жұмыстан аздау болуы мүмкін).
«Қанағаттанарлыққа» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:
Төмендегідей болса, эссе «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады:
5. Көлемі белгіленген сөздер немесе белгілерден (беттерден) кем болуы.
Портфолио
Портфолио – білім алушының жыл (тоқсан, семестр) бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио білім алушының даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: білім алушылар өз оқуын бұрынғыдан да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолиода білім алушы өзінің жыл (тоқсан, семестр) бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, оқу мерзімі аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде портфолионы дәлел ретінде қолдана алады. Портфолио - білім алушының оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу процесінің білім алушылар үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио білім алушылардың бірлесе жұмыс жасап, ұстаздармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол шәкірттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына білім алушылардың өздері мен ұстаздың қатысуын талап етеді.
Портфолионың міндетті бөлімдері мен рубрикаларының тізімі келесідей болуы мүмкін:
1. Білім алушы өзі туралы.
- білім алушының өзі туралы мәлімет (қысқаша өмірбаяны, фотолар),
- пән бойынша алдына қойған мақсаттары,
- пәнді игеруде күтетін нәтижелері мен жұмыс жоспары,
- пән игеруде қолданатын әдіс-тәсілдері.
2. Пәннің теориялық мазмұны.
- терминологиялық сөздік (глоссарий),
- оқу материалдары (тірек лекция, конспект, Интернет материалдары, т.б.),
- өзі тапқан қосымша материалдар.
3. Жұмыс үлгілері.
- ғылыми-әдістемелік жұмыстары (баяндамалар, құралдар, мақалалар),
- шығармашылық жұмыстар (эссе, сценарийлер, өзі қойған тәжірибелердің сипаты мен нәтижелері, өзі құрастырған ойсергектер, есептер, сөзжұмбақтар, т.б.), - семестр бойы өзіне ұнаған екі сабақтың жоспарын (құрылымын) келесі үлгі бойынша келтіреді: тақырып, сабақ кезеңдері, сабақта қолданған әдіс-тәсілдер, сабақтың ұтымды жерлері, сабақтың маңыздылығы,
- бірге оқитын жолдастарының озық жұмыс үлгілері.
4. Жетістіктер.
- жаңалықтары (келтірген жаңа ақпараттары, өздігімен анықтаған заңдылықтары),
- ең ұтымды шыққан жұмыстары,
- марапаттаулары.
5. Ой-толғаныс.
- пәнді оқу/игеру процесіндегі өзінің рөлі туралы ой-толғанысы,
- өзінің ой-толғаныстарын көрсететін әрекеттерді сипаттау (сабақ талдау, пікірталас ұйымдастыру, интервью мәтіндерін келтіру, сауалнамаларға жауаптары),
- өзін-өзі бағалау,
- өз жұмысы туралы есептері,
- оқу процесі туралы ой-толғаныстары (эсселер, хаттар, пікірлер).
Портфолионы бағалау критерийлері
«Өте жақсы» - 60 балдан 70 балға дейін
«Жақсы» - 50 балдан 60 балға дейін
«Қанағаттанарлық» - 40 балдан 50 балға дейін
«Қанағаттанарлықсыз» - 40 балдан төмен
Ағымдағы бақылауда (әр сабақта) қолданатын жазу тәсілдері
Жазу дегеніміз жаңа нәрсе құрастыру, ол - конструктивтік әрекет, шығармашылық. Жазу деструкцияға, яғни қиратуға, жоюға, бұзуға қарама-қарсы, ал конструктивизм (жаңаны құрастыру) мүмкін адамның ең басты адами қасиеті шығар. Жазғанда біз шығарушымыз, жаратушымыз, тудырушымыз. Жаңа нәрсені, туындыны дүниеге әкелу бақыты бізге жаратылысымыздан берілген болар. Оның дәлелі ретінде осы әрекеттің ерекше бағаланатындығын келтірер едім. Шындығында да біз шығара білетін адамды қастерлейміз емес пе? Адам қолынан шыққан туындыға тамсанамыз, ол біздің эстетикалық сезімдерімізге мейлінше әсер етеді. Онымен таныса отырып, біз өзімізді бүткіл адамзаттың бір бөлігі ретінде, бүкіл адамзатқа қатысымызды сезінеміз.
«Ойды қорытындылау» тәсілі
Сабақта мәтінді оқып болғаннан кейін немесе лекция соңында студенттердің түсінік және жұмыс жасау деңгейлерін бағалау тәсілі ретінде келесідей тапсырмалардан тұратын жазу жұмысын атқаруға болады:
1. Үзінді.
Мәтіннің (лекцияның) негізгі идеясын ашатын үзінді келтіру керек. Үзінді екі-үш сөйлемнен тұрады, келтірілген сөйлемдер мәтіннен көшірілмей, өзіндік түсінік тұрғысынан беріледі.
2. Дәлел.
Келтірілген үзіндінің неліктен мәтіннің негізгі идеясын ашатындығын 3-4 сөйлеммен дәлелдеу керек. Мұнда басқа ақпарат көздеріне немесе көп таралған пікірлерге сілтеме жасалғаны орынды.
3. Сұрақ.
Мәтін бойынша бір проблемалық сұрақ келтіру керек (жан-жақты ашылмаған, ерекше толғандырған, назар аударған, қызықтырған, т.с.с. мәселе бойынша) – 1 сөйлем.
4. Жауап.
Қойылған сұраққа бірнеше сөйлеммен (2-3 сөйлем) жауап беру керек. Жауапта бұл мәселенің неліктен өзіне назар аударғандығын және оны қалайша шешуге болатындығын көрсету керек.
5. Қорытынды.
Мәтін (лекция) бойынша туындаған ойларды (қорытынды шешім) 3-4 сөйлеммен келтіру керек.
Сонымен бұл жұмыстың көлемі 11-15 сөйлем аумағында болады. Оны бағалауда келесідей критерийлерді ұстануға болады.
«Проблема шешу жолдары» тәсілі
Студенттер сабақ тақырыбы бойынша айқындалған проблеманы шешу жолдарын бірлесе отырып талқылағаннан кейін, оларға өзіндік ұстанымдарын жазбаша келтіруді тапсыруға болады. Бұл жұмысты орындағанда студенттер келесідей мәселелерді жазудың құрамдас бөліктері ретінде қарастыруы керек:
- Проблеманы айқындау (сипаттау) – тұлға аралық немесе өндірістік қатынастарда туындайтын қиыншылықтар, жанжалдар;
- Проблеманың себептерін анықтау;
- Проблеманы шешу жолдарын көрсету;
- Дәлелдер келтіру (негіздеу) – проблеманы мұндай жолмен шешудің пайдасы мен артықшылықтарын сипаттау.
Бұл жұмысты келесідей кесте көмегімен орындауға да болады:
Шығу парағы. Сабақ аяғында студенттер бірнеше сұраққа (2-3 сұрақ) жазбаша жауап береді. Ол сұрақтар (немесе тапсырмалар) сабақты қорытындылап, студенттің алған білімін, сабақтың қалай өткендігін бағалайды:
- Бүгін не үйрендіңіздер?
- Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
- Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару керек?
- Сабақ қызық өтті ме?
- Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?
-Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
- Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?
- Осы тақырып бойынша тағы да қандай ақпарат көздерін оқисыз?
- Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?
- Келесі сабақта бүгінгі сабақпен салыстырғанда, азырақ ... (ұсыныстарыңыз).
- Келесі сабақта бүгінгі сабақпен салыстырғанда, көбірек ... (ұсыныстарыңыз).
Дөңгелек үстел.
Студенттер парақтарына өз ойлары мен идеяларын белгіленген уақыт аумағында (2 минут) жазып, уақыт аяқталған соң оң жағындағы көршілеріне парағын ысырады. Көршілері алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды ары қарай жалғастырады. Белгіленген уақыт өте (2 минут) парақтар тағы да оңға қарай жылжытылады да жазуды толықтыру әрі қарай жалғаса береді. Жазба жұмысы парақтың жазу иесіне қайтып оралғанша жалғаса береді. Бүкіл үстелді айналып өткен парақ қолына тигенде, парақ иесі жазғандардың бәрімен де танысып шығып, қорытынды тұжырым жазады.
Дөңгелек үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды, олар бір-бірінің жазғанына тәуелді болады, сондықтан да бір-бірінің алдындағы жауапкершілікті сезінеді: егерде ол еш нәрсе жазбайтын болса, өз көршісіне қиындық туғызатындығын біледі. Ал оқытушының әрбір топтың қалай жұмыс істегендігін бағалап, олардың ойлары мен идеялары қалай, қандай бағытта, қандай дәрежеде дамығандығын аңғаруына болады.

-
Критерийлер үшеуден кем болмауы керек. -
Критерийлер оқушыларға алдын-ала белгілі болуы керек, яғни критерийлер шәкірттермен бірлесіп құрастырылуы керек. -
Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек. -
Бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер қажет.
- Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.
Критерийлерді алдын-ала жариялап, сонымен бірге сынып қабырғасына іліп қойған орынды.
Төменде қандай да болмасын тақырыпқа жазылған эссенің бағалау критерийлері келтіріледі.
Эссені бағалауға арналған әмбебап РУБРИКА
«Өте жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:
-
Өзіндік, соны пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай). -
Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау (бұл жерде дәлелдердің санын нақты түрде көрсетуге болады). -
Өз тезистеріне қарсы дәлелдерді келтіру және соларды жоққа шығару. -
Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу. -
Ұқыпты және қатесіз жазылу. -
Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы.
«Жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:
1. Өзіндік пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай).
2. Тезистерді нанымды дәлелдермен растау (мұнда дәлелдер «өте жақсыға» жазылған жұмыстан аздау болуы мүмкін).
-
Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу. -
Ұқыпты және қатесіз (немесе Х қатеден аспау) жазылу. -
Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы.
«Қанағаттанарлыққа» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:
-
Нақты тезистерден тұруы. -
Тезистердің тұжырымдармен дәлелденуі. -
Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралуы. -
Таза және белгіленген қате санынан аспай жазылуы. -
Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы.
Төмендегідей болса, эссе «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады:
-
Тезистік тұжырымдары жоқ. -
Өз пікірін растайтын дәлелдер келтірілмеген. -
Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер нақты айқындалмаған . -
Ұқыпсыз жазылған, грамматикалық және орфографиялық қателері бар.
5. Көлемі белгіленген сөздер немесе белгілерден (беттерден) кем болуы.
Портфолио
Портфолио – білім алушының жыл (тоқсан, семестр) бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио білім алушының даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: білім алушылар өз оқуын бұрынғыдан да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолиода білім алушы өзінің жыл (тоқсан, семестр) бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, оқу мерзімі аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде портфолионы дәлел ретінде қолдана алады. Портфолио - білім алушының оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу процесінің білім алушылар үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио білім алушылардың бірлесе жұмыс жасап, ұстаздармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол шәкірттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына білім алушылардың өздері мен ұстаздың қатысуын талап етеді.
Портфолионың міндетті бөлімдері мен рубрикаларының тізімі келесідей болуы мүмкін:
1. Білім алушы өзі туралы.
- білім алушының өзі туралы мәлімет (қысқаша өмірбаяны, фотолар),
- пән бойынша алдына қойған мақсаттары,
- пәнді игеруде күтетін нәтижелері мен жұмыс жоспары,
- пән игеруде қолданатын әдіс-тәсілдері.
2. Пәннің теориялық мазмұны.
- терминологиялық сөздік (глоссарий),
- оқу материалдары (тірек лекция, конспект, Интернет материалдары, т.б.),
- өзі тапқан қосымша материалдар.
3. Жұмыс үлгілері.
- ғылыми-әдістемелік жұмыстары (баяндамалар, құралдар, мақалалар),
- шығармашылық жұмыстар (эссе, сценарийлер, өзі қойған тәжірибелердің сипаты мен нәтижелері, өзі құрастырған ойсергектер, есептер, сөзжұмбақтар, т.б.), - семестр бойы өзіне ұнаған екі сабақтың жоспарын (құрылымын) келесі үлгі бойынша келтіреді: тақырып, сабақ кезеңдері, сабақта қолданған әдіс-тәсілдер, сабақтың ұтымды жерлері, сабақтың маңыздылығы,
- бірге оқитын жолдастарының озық жұмыс үлгілері.
4. Жетістіктер.
- жаңалықтары (келтірген жаңа ақпараттары, өздігімен анықтаған заңдылықтары),
- ең ұтымды шыққан жұмыстары,
- марапаттаулары.
5. Ой-толғаныс.
- пәнді оқу/игеру процесіндегі өзінің рөлі туралы ой-толғанысы,
- өзінің ой-толғаныстарын көрсететін әрекеттерді сипаттау (сабақ талдау, пікірталас ұйымдастыру, интервью мәтіндерін келтіру, сауалнамаларға жауаптары),
- өзін-өзі бағалау,
- өз жұмысы туралы есептері,
- оқу процесі туралы ой-толғаныстары (эсселер, хаттар, пікірлер).
Портфолионы бағалау критерийлері
Критерийлер | Жоғарғы балл |
Барлық бөлімдер келтірілген | 2 |
Өздігімен қосымша бөлімдер кіргізу | 5 |
Портфолионы құрастыруда зерттеу әдістерін қолдану | 10 |
Портфолионы құрастырудағы өзінділік пен дербестік | 10 |
Материалдарды безендіру | 8 |
Портфолионың студент үшін пайдасы, қорытынды жасау | 10 |
Бірге оқитын жолдастарының пікірлері | 5 |
Ой-толғанысқа негізделген материалдар | 10 |
Портфолионы таныстыру (жариялау, презентациялау) | 10 |
Барлығы | 70 |