ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 244
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Табиғаттың тұнып тұрған сырлары
Қыс,аяқ астынан қаталдық орната алатын ең қатыгез әрі ең аяусыз қыс...Қалың қарға көміп тастағаны аздай, күні -түні бір тынбайтын бораны мен ызғырық желін айтсаңшы. Адам төзгісіз жайсыз мезгілдің жыл ретін жаңартатыны болмаса, сірә, бір пайдасы жоқ сияқты. Суықтан қорғанған жұрт қалың киініп, бір- біріне де суық тарта бастайтындай көрінеді маған.Үй ішіне пеш жағылып,тоңып бүріскеннің бәрі жұмысқа да көңілсіз қарайтын секілді. Табиғаттың қаталдығы бұл ғана ма? Отын алуға шамасы келмейтін жер бетінде қаншама жазықсыз жанның жүрегін жаралады екен бұл қатал қыс?..
Ұлттық валюта- мемлекеттіліктің нышандарының бірі
Жоспар:
І Кіріспе
Теңге – еліміздің салмақты нышаны
ІІ Негізгі бөлім
1. Ұлттың валюта тарихы
2.Жаңа келбеттегі теңгеміз
ІІІ Қорытынды
Әлем нарығында жарқырап жүрші, төл теңгем!
Ақшаны жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, бірақ сол ақшаның тарихын білеміз бе? Ұлттық валюта, яғни теңгеміздің пайда болуы Қазақстан Республикасының тәуелсіз екендігінің бір дәлелі болып табылады. Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Қазақстан үшін өзінің ұлттық валютасын енгізудің экономикалық қана емес, үлкен саяси да мәні бар еді. Ұлттық валютаға өту Қазақстанға әлеуметтік жағынан үлес қосады. Қазақстан теңгесі – ҚР-ның ұлттық валютасы, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. 2006 жылы 15 қарашада ҚР-ның Ұлттық банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын, қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді. Меніңше, бұл дұрыс та, себебі қолда жүретін олардағы адамдар еліміздің ұлы тұлғалары болатын. Мемлекет болу үшін оның өз валютасы болғаны дұрыс. Меніңше, бірнеше жылдық тарихы бар доллардан да, Ресей рублінен де біздің теңгеміз өте ыстық, өте қымбат. Оның құны да тұрақты. Сондықтан төл теңгеммен мен де мақтанамын! Жерде жатқан теңгені көтеремін, себебі онда елтаңба бейнеленген. Елімнің болашағының жарқын болатынына сенгенім сияқты, мемлекет нышаны теңгенің де әлем нарығында жарқырап жүреріне үмітім мол. Бірақ теңгенің оңай жолмен келмейтінін және біздің білім алып, еңбек етуімізді ынталандыратын бағалы әрі құнды қағаз екенін естен шығармасақ екен.
Армандар алдамайды
Иә, келесі жылы Жеңіске 70 жыл толғанын тойлаймыз. Осыдан 70 бұрын ата-бабаларымыз елімізді, жерімізді, халқымызды жанын салып қорғаған еді. Міне, қазір сол асқақ ерліктің арқасында бізге Алла бостандық сыйлады, елімізді тәуелсіз етті. Сол бостандықтың арқасында бейбіт өмір сүріп келеміз, бірақ халқымыз мұндай азаттықты сан ғасырлар бойы армандады емес пе?! Мен биыл мектепті бітіргелі жатырмын. Ата-бабаларымыздың асқақ арманы елін, жерін қорғап, халқына тыныштық сыйлау болған еді, менің де асқақ арманым-халқыма және де сүйікті Отаныма халықаралық құқық саласында адал қызмет ету, сондай-ақ еліне пайдасы тиер азамат болу. Әрине, мақсатыма жету үшін көп білім алып, тер төгу керек. Сол үшін де мен мақсатыма жетудегі алғашқы қадамымды жасаудамын, яғни “Алтын белгі” үміткері ретінде 11 жыл алған білімімнің сапалы әрі терең екенін дәлелдемекпін. Халқымызда «Талпынған жетер мұратқа» деген керемет сөз бар. Әрбір адам алдына нақты мақсат қойып, сол жолда ерінбей еңбек етсе, шыдамдылық пен төзімділік таныта білсе, арманы алдамайды. Ауыз әдебиетіндегі ертегілерді шығарғанда халқымыз ұшатын кілем, сөйлейтін арғымақ сияқты құбылыстардың да күндердің күнінде адам еңбегін жеңілдететін, жақсылықты арттыратын, жамандықты қашыратын заттарға айналарына сенген. Ал сол кездегі қиялдан туғанның өзі шындыққа айналды емес пе?! Осылайша мен арман қууға, ғажайыптар әлеміне енуге қорықпау керек дер едім. Себебі Елбасымыз айтып көрсеткен 21-ғасырдың Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына мен де сенемін. Шынында да «Ол бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.»
Сондықтан Отаныма қызмет етуді борышым деп білемін. Қазақстанның алтын ғасырына аяқ басар тұста мектепті «Алтын Белгімен» бітіргелі отырғаным – Қазақстан дамуының алтын болашағына қосар үлесім.
Ең асыл қасиет
Осыдан 70 жылдай бұрын күллі әлемді дүр сілкінткен Ұлы Отан Соғысына біздің аталарымыз қатысып, өздерінен кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін күресіп, бізге Ұлы Жеңісті алып берді. Сол үшін біз ортамызда жүрген, бірақ күннен-күнге азайып бара жатқан ардагерлерге үлкен ризалығымызды білдіріп, мәңгілік бас иеміз! Осы жеңісте, менің ойымша, халықтар достығы маңызды орын алған сияқты. Тіпті бірліктің арқасында жеңдік деп жатқандарды да көптеп естіп жүрміз. Қанша батыр болсын, қандай шебер қолбасшы болсын, бастаған қолы ұйымшыл болмаса, жеңіске жету қиын. Президентіміздің Жолдауында келтірген «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры- алауыздықта» деген нақыл орынды айтылған. Одан басқа халқымызда «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген де бар. Аталған Жолдауда қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті әрі ең басты мәселесі екені айтыла келіп,
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген тоқтам жасалған. Сол себепті осы асыл қасиетті жоғалтып алмасақ екен деп ескерткім келеді. Елбасының айтуынша,
«Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек.Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес.Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген.» Осыны тек Бірлік пен ынтымақ күні қарсаңында ғана емес, әркез жадымызда мықтап ұстап, ел ішінде татулық орнауы үшін бар мүмкіндік жасалса екен деген тілегім бар. Менің болашағым физика пәніне байланысты. Физика – өте керемет, әрі қызықты ғылым саласы. Ол пәнді игеру үшін тек қағаз бетінде есеп шығарып қана қоймай, әр түрлі практикалық жұмыстарды жасау қажет. Бұл пән бізді қоршаған ортадағы құбылыстар қалай жүзеге асатынын және қандай заңдылықтарға бағынатынын түсіндіреді. Тілсіз әрі санасыз құбылыстар Жаратушының заңдылығымен қақтықпай өмір сүріп жатқанда, санасы бар, ақыл-ойы бар адамзат ең асыл қасиетімізді қастерлей білсе екен!
Көшбасшы болғым келеді
Көшбасшы деген ұғымға тоқталар болсам,ол – көшті бастаушы әрі басқарушы.Көшбасшы – ол,біріншіден,барлық адамдар сияқты қарапайым тұлға.Ол өз ортасында басқалардан ерекшеленіп,айрықша көзге түседі.Ол қабілет пен дарынын қолданып , оны шыңдай түсу үшін еңбектенеді.Көшбасшы болу кез-келгеннің қолынан келе бермейді деп ойлаймын.Себебікөшбасшы бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін төзімді, басқалардың ойымен санаса білетін сабырлы,білімді адам болуы керек. Адамның көшбасшылық етуі оның осы ұғымды қалай түсінетіндігіне де байланысты.Астарына көп мағына сыйғызып тұрған «көшбасшы» атауын арқалап жүру және сол атаққа лайықты қызмет ету оңай болмаса да, адам үнемі тек алға ұмтылуы керек. Қазіргі қоғам өте білімді,жан-жақты, ізденімпаз көшбасшыларды талап етеді.Осы тұрғыда мен Елбасын үнемі өзіме үлгі тұтамын.Елін сүйген,елі сүйген Елбасын сөз бастаған шешен,ел бастаған көсем,саңлақ шыққан
сарабдал саясаткер,әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға,қажырлы мемлекет қайраткері деп айтар едім.Алғырлығы мен көрегендігі,ептілігі мен тектілігі,батылдығы мен өжеттілігі,мейірімділігі мен қайырымдылығы қатар жүретін , өз тағдырын халқының тағдырымен үнемі байланыста ұстайтын көшбасшы деп білемін.
Қазіргі заман – білім мен ғылым заманы.Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры.Біз - осы заман түлектеріміз.Ертеңін ойлайтын,болашаққа үмітпен қарайтын ел болғандықтан , Елбасымыз шәкірт біліміне ерекше көңіл бөліп отыр.Еліміздің келешегі біздер болғандықтан, алдымызда үлкен жауапкершілік күтіп тұр.Ендеше,Елбасының үмітін ақтап, сол кісінің жолын жалғастыратын көшбасшы болуға тырысайық.
Мақсат – жетістіктің желкені
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан алынған осы нақыл маған үлкен ой салды. Шынында да, орынды мақсаттар ғана жетістікке жеткізеді. Сол себепті мен болашақ мамандығым ретінде мұғалімдікті таңдадым.Осы арманыма жету үшін ҰБТ-ға аянбай дайындалып жатырмын.”Болашақ жастардың қолында”демекші,біз,жастар, болашақ үшін қадам басып, ата-бабаларымыз аманат етіп кеткен осындай кең-байтақ даланы көркейтіп, қорғауға, елімізге адал қызмет етуге міндеттіміз. Бұған дейін халқымыз көп қиындықты бастан кешіп, ең басты жетістік – тәуелсіздікке қол жеткізді. Халқымызға көп шығын әкелген сұрапыл соғыстың аяқталғанына келесі жылы 70 жыл толғалы отыр. Осынша жыл өтсе де, сұрапыл соғыссалған қайғы-қасірет әлі де санамыздан кетер емес. Ол – үлкен тарих. Тарих болғанда да, ерлік пен асқақ рухтың көрінісі. Төтеннен келген, тажалдай төнген сұм соғыс майдандағы жауынгерлер мен тылдағы тілекшілердің бәрін де сынға салды. Бірақ Әлия,Мәншүк,Нұркен Әбдіров сынды саңлақ ұлан-қыздары бар елдің отаншылдық сезімі орасан күш көрсетіп, жалғызынан айырылған аналардың көз жасы құрғады. Осы соғысқа менің атам да қатысып,елге аман-есен оралды.Отанына оралғаннан кейін талай жыл мемлекетке қызмет еткен.Балалық шағымда менің үлгі тұтар тұлғам болған атамның тілегі «Еліміздің таңы тыныш атсын» еді.Ата-әжелерімнің қызықты әңгімелерін естіген мен де алдыма үлкен мақсат қойып, оған жету үшін елімнің аспанының ашық болуы мен дұшпанының қашық болуын қалаймын. Азғантай жетістіктерімнің желкеніндей болған сол бір мақсат мені осы күнге дейін жетелеп келеді.
Қосымша үшін:
Эссе жазуда практикалық қадамдар: 1 - қадам. Контексті анықтаңыз. Егер сізге эссе берілсе, онда кейбір өлшеуіштер анықталады: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы –эссенің негізгі ойы. 2 - қадам. Тақырыпты таңдаңыз. Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шеттен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет. 3 - қадам. Ақпаратты жинаңыз. Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз, фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар аудармаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады. 4 - қадам. Эссені жоспарлаңыз. Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз. 5 - қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз. Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ойды анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болған соң, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз. 6 - қадам. Қорытынды жазыңыз. Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды? 7 - қадам. Кіріспені жазыңыз. Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болған соң оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Төмендегі қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.