ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 238
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8 - қадам. Жазғаныңызды оқыңыз. Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдыңғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз. 9 - қадам. Қателерді тексеріңіз. Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, әдеби тілдің нормасына нұқсан келтіретін сөздерді қолданбаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.
Бағалау талаптары. Бірінші әдіс: 1.Тақырып, проблеманы ашуда жеке көзқарас, позиция, қарым-қатынас көрініс табуы. 2-1-0.5-0 2.Проблема теоретикалық деңгейде негізделіп терминдер дұрыс қолданылуы. 1-1-0.5-0 3.Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірбиесіне сүйенген фактілі дәлелдер. 1-1-0-0 Екінші әдіс: Жалпы білімі-knowledgeable max 30 Сөздік қор-Vocabulary max 20 Тілді қолдану деңгейі (сан есім, сын есім, етістіктер, т.б.) max 25 Сауаттылық-Mechanicsmax 5 Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.
Мазмұны: 1 Эссенің түрлері 2 Эссе құрылымы 3 Эссенің құрылымдық бөліктері 4 Дереккөздер Эссенің түрлері Салыстырмалы эссе Пайымдық эссе Көркем-әдеби эссе Эссе құрылымы Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссенің құрылымдық бөліктері Эссе тақырыбы эссенің мақсатын,эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын,қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді.
Кіріспе-берілген тақырыптың мәні ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарғажауап істейтіндігімізді анықталады. Неізігі бөлім-негізгі ой мен мәселеге байланысьты аргументтер жинақталған бөлім.Негізгі бөлімде дәлелдер,дәйектемелерді,түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып,тақырыпты ашады,көтерілген мәселені айқындап,оның туу себептерін көрсетеді. Қорытынды тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей,дәлелдемелер бойынша түйін шығарады,шешу жолдарын көрсетеді. Эссе жазудың шарттары Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жазу мәдениетін қалыптастыру» болатын. Сол мақсатыма жетудің бірден бір жолын СТО бағдарламасымен танысқаннан кейін белсенді жүрді деп айтуға болады. Қазіргі уақытта Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді. Сондай-ақ, мұғалімдердің әртүрлі шығармашылық байқауларында да эссе жазу тапсырылады. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс. Автордың өзіне тән ерекшелігіне сай тілі жатық, бейнелі әрі бай, стилі жеңіл болу керек. Яғни, бұл ерте ме, кеш пе әрбір шығармашыл болмыс назар аударатын философиялық, әдеби, тарихи – библиографиялық проза жанры. Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер,дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі.
Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашы-лық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады. Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал. Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар. Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой тол-ғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакция-сын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.
Шәкірттердің білімін бағалау және бағалаудың жазу тәсілдері
Бағалаудың мағыналары
«Бағалау» термині бүгінде үш мағынада қолданылады:
1. Бағалау (Evaluation). Мұнда бағалау - талдау ретінде қарастырылады.
2. Мониторинг (Assessment). Бағалау - құрал ретінде танылады.
3. Баға (Grade немесе Mark). Бағалау - сандық (мөлшерлік) құрал ретінде қарастырылады.
Бірінші мағынада бағалау үйренушілердің жетістіктерін, білімін сандық және сапалық тұрғыдан анықтайды. Бұл тұрғыда бағалау - үйренушілердің оқу жетістіктерін белгілі бір талаптармен (критерийлер, стандарттар, үлгілер, эталондар, идеалдар) салыстыру, сол тұрғыдан нақты өлшемдер (балл, процент) көмегімен оларды сипаттап және тексеріп, соңынан қорытынды шығару. Мұндай түсініктегі бағалау «сыртқа», яғни қоғамға, социумға бағытталады.
Екінші түсінікте «бағалау» үйренушілердің жоспарланған нәтижелерге жету көрсеткіштері ретінде қарастырылады. Мұнда студенттердің дамуы мен өзгерістері олардың әрекеттері (нақты құралдар) арқылы көрсетіледі: тест, эссе және басқа да жазба жұмыстары, жоба, сауалнама, интервью, портфолио, т.б. Мұндай өлшеу (мониторинг) студенттердің өз жетістіктерін бағалау немесе ЖОО-ның оқу нәтижелерін жоспарланған нәтижелермен салыстыру үшін қажет. Өз жетістіктерін басқалардың білімі немесе өзінің кешегі білгенімен салыстыра отырып, үйренуші өзінің қаншалықты дәрежеде дамығандығын айқындап (жетістіктері мен кемшіліктері), өз білімін әрі қарай қалайша дамыта түсу керектігін анықтайды. Мұнда бағалау «ішке», яғни үйренушінің тұлғасына немесе оқу орнына бағытталады.
Үшінші вариантта «бағалау» біздің қолданысымыздағы «баға», «баға қою» ұғымымен байланыстырылады: емтихан, тест, жазба жұмысы, жобаның орындалуы немесе семестр нәтижесі бойынша рейтингтік жүйе, балл мөлшері (мәселен, бес немесе жүз балдық) немесе сандық жүйе (дәстүрлі бес балдық), әріптік жүйе (A,B,C,D,F) негізінде студенттің жұмысына қойылатын баға.
Оқу жүйелеріндегі бағалау ерекшеліктері
«БАҒАЛАУДЫҢ АЛТЫ ҚАҒИДАСЫ»
«Маңыздылық».
Бағалау үшін пәннің (курстың) ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу қажет, өйткені бағалауға уақыт, күш және басқа да ресурстар шығындалады.
«Дәлдік» («Адекваттық»).
Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді қалайша білеміз? Бұл үшін біз оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек.
«Объективтік» («Дәлелділік»).
Объективтікке (тұрақтылық, беріктілік, шынайылық, адал, дәлелділік) бағалаудың нақты талаптарын (критерийлерін) таңдау арқылы жетуге болады.
«Оқудың ажырамас бөлігі».
Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналу керек. Басқаша сөзбен айтқанда, бақылау жұмысының өзі де үйрету әрекеттеріне жатады. Бағалау мен үйрену – біртұтас процесс.
«Жариялылық».
Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын-ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланытындығын білуі керек.
«Қарапайымдылық».
Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста қарапайым және ыңғайлы болуы керек.
Бақылау түрлері
- Ағымдағы бақылау - әр сабақтағы (әдетте сабақ қорытындысы бойынша) студенттердің жазбаша ой-толғанысы. Мұнда олар өздерінің сабақта үйренген (білген) білімі туралы ойларын келтіріп, сабақта қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді.
Ағымдағы бақылаудың жазбаша нысандары (тәсілдері):
- эссе, хат, еркін жазу, бестармақ, акроним, кестелер мен диаграммалар (графикалық ұйымдастырушылар), конспект, интервью мәтінін жазу, берілген атауларды құрастырып эссе жазу, бақылау жұмысы, берілген сұрақтарға жауап беру, топ жұмысы туралы есеп (ақпарат), глоссарий құрастыру, оңай және қиын сұрақтар кестесін дайындау, қиын немесе проблемалық сұрақтар кестесін дайындау, рецензия, аннотация, ғылыми жұмыстарға пікір жазу, өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру, пікірталасқа дайындық есебі, ақпарат көздерінің тізімі, әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру, лекция тезистерін дайындау, сабақ жоспарын дайындау, сауалнама құрастыру, компьютерлік есеп беру, тест сұрақтарын құрастыру, персоналий құрастыру, т.б.
- Межелік бақылау – модуль қорытындысы бойынша (курс, семестр, жыл, тоқсан) студенттердің білім деңгейін анықтау құралдары.
Межелік бақылаудың нысандары (тәсілдері):
- портфолио, жоба (курстық немесе семестрлік жұмыс), реферат, мақала, сase-study

Оқу жүйе- лері Пара- метрлер | Дәстүрлі оқыту | Интербелсенді оқу |
Не бағала-нады | Оқытушы тарапынан берілген білім, білік, дағды. | - Өзіндік көзқарас, пікір, идеялар, дүниетаным; - Білімді игерудегі әрекеттер; - Білімді игеруде қалыптасқан білік, дағды, машықтар, қатынастар, құндылықтар, құзырлылықтар. |
Қандай білім бағала-нады | Алған теориялық білімді жаттығулар орындауда және мәселелерді шешуде қолдана білу | - Бірлесе (топ құрамында) жұмыс жасай білу; - Проблеманы айқындай білу, оның шешу жолдарын қарастыра білу; - Таңдау жасап, шешім қабылдай білу; - Өз әрекеттерін жоспарлау және ұйымдастыра білу; - Өзіндік түсінік, пікір, идея қалыптастыру және құрастыру, оларды дәлелдей білу; - Өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғай білу. |
Қандай тәсілдер арқылы | - Ауызша сұрау; - тестілеу; - курстық жұмыстар; - бақылау жұмыстары; - сынақ, емтихан | - Жазба жұмыстары; - тестілеу; - бақылау; - интервью; - сауалнама; - портфолио; - есеп беру; - өзін-өзі бағалау. |
Не үшін? | - Білім деңгейін анықтап, баға қою; - Ынталандыру; - Жазалау. | - Білім игерудегі жетістіктерді анықтау; - Белгілі бір уақыт аралығында үйренушінің өсу және даму қарқынын анықтау; -Белсенділендіру; - Ынталандыру; - Топ жұмысына қосқан жеке үлесін анықтау; - Алдағы білім игеру әрекеттерінде жетістіктерге жету үшін; - Үйренушінің білімін қалайша әрі қарай дамытуға болатындығын білу үшін; - Үйренушілердің әрекеттері арқылы үйретушінің деңгейін анықтау. |