Файл: Орта, техникалы жне ксіптік, орта білімнен кейінгі білім беру йымдары шін білім алушыларды лгеріміне аымдаы баылауды, оларды аралы жне орытынды аттестаттауды ткізуді лгілік аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 106

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және қайта оқу жылына қалдырылады.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес анықтама алады

      47. Білім алушыларды "Көркем еңбек", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" және "Дене тәрбиесі" оқу пәндерінен Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте босату олардың үлгеріміне, қорытынды аттестаттауға жіберуге келесі сыныптарға көшіруге әсер етпейді.

      48. 5 – 9 (10)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" болған 9 (10)-сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

      49. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін пәндерден "5" болған және 10 (11) - 11 (12) сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

      50. 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

      1) денсаулық жағдайына байланысты;

      2) бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

      3) халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер болып табылатын жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар;

      4) жақын туыстарының қайтыс болуы.

      51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

      1) осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 026/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;


      2) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;

      3) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 20317 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының оқу үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі – табель) телнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.

      4) жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәлік.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.

      Қорытынды аттестаттаудан босатылған білім алушылардың қорытынды аттестаттауы ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.

      52. Негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларына немесе "НЗМ" ДББҰ-ның білім беру бағдарламаларына сәйкес 5 (6) - 11 (12) сыныптарда білім алған кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5", 10 (11)-11 (12)-сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары "5" болған, жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан "5" бағасына өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты беріледі.

      53. "НЗМ" ДББҰ білім беру бағдарламалары бойынша оқуларын аяқтаған бітірушілерге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "НЗМ" ДББҰ бітірушілерінің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) балдарына ауыстыру шәкіліне сәйкес "НЗМ" ДББҰ бітірушілерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру негізінде ҰБТ сертификаттары беріледі

      54. Осы Қағидалардың 50-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қорытынды аттестаттаудан босатылған, негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларына немесе "НЗМ" ДББҰ-ның білім беру бағдарламаларына сәйкес 5 (6) - 11 (12) сыныптарда білім алған кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5", 10 (11)-11 (12)-сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары "5" болған, тізбесі "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) бекітілген соңғы үш жылдағы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" белгісі беріледі.



      55. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:

      1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;

      2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;

      3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 (12) сыныптың білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.

      Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылар мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді.

      56. Қайта қорытынды аттестаттау өткізу мерзімін білім беру ұйымы белгілейді.

      Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын білім басқармалары әзірлейді.

      Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына №39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.

      Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады.

      Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына №39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

      Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 11(12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманы алады.

      57. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.

      Қорытынды аттестаттау кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен ауырғандармен байланыста болған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды бітіру емтиханын білім беру ұйымы белгілеген мерзімде тапсырады.

      58. 9 (10), 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түскен немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған кезде жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.


      9 (10) және 11 (12) сынып бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауды білім беру ұйымдары жүргізеді. Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткер мерзімінен бұрын аттестаттауды "5" бағаға тапсырған жағдайда білім беру ұйымдары № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат береді.

      Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға арналған емтихан материалдарын білім басқармалары әзірлейді.

      59. Ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) мектеп директорының бұйрығымен мектептер жанында, білім бөлімі басшысының бұйрығымен аудандық, қалалық білім бөлімдері жанында, басқарма басшысының бұйрығымен білім басқармалары жанында және Министрдің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жанында (республикалық мектептер үшін) құрылады.

      60. Мектеп жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері және мектеп директорының орынбасарлары (болған жағдайда), қоғамдық ұйымдардың (болған жағдайда) және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді. Комиссияны мектеп директоры немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

      Мектеп жанындағы Комиссия мүшелерінің саны негізгі және орта мектепте бір бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде бес адамнан және негізгі және орта мектепте екі және одан көп бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде жеті адамнан тұрады.

      61. Аудандық, қалалық білім бөлімі жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім бөлімдерінің, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналар комитетінің өкілдері, сондай-ақ білім бөлімі қызметкерінің арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны білім бөлімінің басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

      62. Білім басқармасы жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім басқармасының мамандары, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім басқармасы қызметкерлерінің арасынан тағайындалған хатшы кіреді. Комиссияны білім басқармасының басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

      63. Министрлік жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, Министрлік және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ Министрлік қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны Министрліктің Орта білім беру комитетінің төрағасы немесе оны алмастырушы адам басқарады.


      64. Халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша білім алушылар олардың білім алу кезеңінде халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша кеткенге дейін оқыған Қазақстан Республикасы мектебінің контингентінде есептеледі.

      Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға кеткен 11 (12) сынып оқушылары 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан шетелде оқуды бітіргеннен кейін білім басқармалары әзірлеген емтихан материалдары бойынша Қазақстан Республикасының мектептерінде өтеді.

      Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін мектеп комиссиясының шешімімен білім алушылар шетелде оқымаған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты компоненті пәндері бойынша аттестаттаудан өтеді.

      Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі педагогикалық кеңестің шешімімен белгіленеді.

      Қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға шетелде оқыған пәндер бойынша бағалары, Қазақстан Республикасының мектептеріндегі алдыңғы сыныптарда алынған жылдық және қорытынды бағалары ескеріле отырып № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

      65. Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға кеткен және шетелде білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізуге жататын пәндер бойынша бағалары "5" болған, 10 (11) - 11 (12) сыныптарда оқу аралығында барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған білім алушыларға № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі

      Ереженің 52-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға кеткен және шетелде білім беру мекемелерін бітірген білім алушыларға № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес "Алтын белгі" жалпы орта білім туралы аттестат және "Алтын белгі" белгісі беріледі.

      66. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға және жеке оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға қорытынды аттесттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді.

      Арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді.

      67. 9 (10) сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.