Файл: С.бдіжаппаров атындаы жалпы орта мектепинтернатында 11 сынып оушыларыны атааналарымен ткен жиналысты хаттамасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 118
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал.
Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.). Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет.
Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескерсек, бүгінде қосымша ақша табу мақстанында жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мейрамханаларда жұмыс істеуі әрбір ата-ананы алаңдатуы абзал. Себебі түнгі уақыттағы бала өмірінің қауіпсіздігі үшін өзімізден басқа ешкімге кіна арта алмайтындығымыз анық.
Иә, бала – сіздің көзіңіздің нұры, көңіліңіздің қуанышы! Дүниенің бар алтынына айырбастамайтын қымбатыңыз! Біздің көңіліміз балада болғанымен, баланың көңілі далада екені рас. Бала болған соң ойнайды. Білуге құштар болып, әр нәрсені бір түртетіні де әу бастан белгілі. Алайда жаза деген аяқасты. Балаларды қайғылы оқиғалардан қорғау үшін қарапайым ережелерді жадыңызда ұстау артықтық етпейді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сынып жетекші сөз алып көктем келді деп оқушылар өзара табиғат аясына шықпуын қатаң ескертіп айтты. Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.
Кү тәртібіндегі төртінші мәселе ҚР-ның 2015 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы бойынша, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер мен оған теңестірілгендерге жұмыс бабы кезінде сыйлық алу мен беру жемқорлыққа теңестіріледі.
Сонымен қатар, құны 2 АЕК-тен асатын сыйлық – қылмыстық құқық бұзушылық болып есептелсе, құны 2 АЕК-ке жетпейтін сыйлық – әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болып есептеледі екен. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы кодекстің 676-бабында Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi жайында былай делінген: «Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».
Күн бесінші мәселе бойынша түрлі мәселер қозғалды. Жыл қорытындысы, оқушының сабақ үлгерімі, сабаққа қатысуы, онлайн тапсырмалары орындалуы,сабаққа дайындығы, кешке беймезгіл көшеде жүрмеуі жөнінде, т.б. туралы ескертілді.
Жарыс сөз:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ата-аналар жарыс сөзге шығып, өз ойларын ортаға салды, қаралған мәселелердің бәрін құнды деп тауып, ата-аналарды жауакершілікке шақырды. Ата-аналар айтылған ұсыныстарға келісті. Қарсылық білдірген ата-ана болған жоқ.
Қаулы:
-
Күн тәртібіндегі қойылған мәселелер басты назарға алынсын. -
Қауіпсіздік шараларын үнемі балаға ескертіп, қадағалап отыру ата-анаға міндеттелсін.
Жиналыс төрайымы:
Хатшысы: