Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 44734

Скачиваний: 262

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

246

 

бірге  организмнің  даралық  реактивтілігі  мен  иммундық 
жүйесінің 

маңызы 

үлкен. 

Кейбір 

аурулар 

кездерінде 

температураның  көтерілмеуі,  ал  кейде  тым  қатты  көтерілуі 
мүмкін.  Мәселен,  қарттарда  және  қатты  жүдеген  адамдарда 
бөліктік  (крупозды)  пневмония  дене  қызымы  көтерілмей-ақ 
ауыр түрде өтеді. Бұндай жағдай: 

● организмнің жалпы төзімділігі төмендеуімен; 
● энергая түзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен; 
● зат алмасу қарқынының аздығымен; 
●  эндогендік  пирогендердің  түзілуі  бұзылуымен 

байланысты  болады.  Қызба  дамуында  пирогендерден  басқа 
заттардың 

да, 

әсіресе 

гормондардың, 

маңызы 

үлкен. 

Тиреотоксикоз  кезінде  жұқпалы  аурулар  тым  қатты  ет 
ысуымен  қабаттасады.  Гипотиреоз  кезінде  қызба  сирек 
дамиды. Глюкокортикоидтар ет ысуын азайтады. 

Патогенезі.  Дене  қызымының  бір  деңгейде  ұсталып  тұруы 

денеде 

орталық 

жүйке 

жүйесінің 

әрекеттерімен 

қадағаланатын 

жылу 

өндіру 

мен 

оны 

сыртқа 

шығару 

үрдістерінің  тепе-теңдігімен  қамтамасыз  етіледі.  Мида 
жылылық  орталығы  алдыңгы  гипоталамуста  орналасқан.  Бұл 
жерде:  

● қызуды сезетін аумақ («термостат»),  
● қызуды орнықтыратын аумақ («орнықтыратын нүкте»),  
●  жылу  өндіру  және  оны  сыртқа  шығару  орталықтары 

орналасқан. 

Қызуды 

сезетін 

аумақтың 

жүйкелік 

жасушалары 

ми 

артерияларымен ағып өтетін қанның қызымын қадағалайды және 
терімен  басқа  тіндердің  терморецепторларынан,  орталық 
жүйке  жүйесінің  бөліктерінен  үдайы  серпіндер  қабылдап 
тұрады.  Осы  серпіндердің  біріктірілуі  мен  талдануларының 
негізінде дене қызымы анықталады. Бұл туралы хабар «қызуды 
орнықтыратын  нүктеге»  беріледі.  Ол,  жылу  өндіру  мен  оны 
сыртқа  шығару  орталықтарының  қызметтерін  қадағалайды  да, 
дене  қызымын  белгілі  дәрежеде  ұстап  тұрады.  Егер 
«орнықтыру  нүктесінің»  нейрондары  дене  қызымының  қалыпты 
деңгейден  төмендеуін  сезсе,  онда  жылу  өндіру  орталығын 
күшейтіп, жылуды сыртқа шығаруды азайтады. Керісінше, дене 
қызымы  көтеріліп  кетсе  «орнықтыру  нүктесі»  жылу  өндіруді 
азайтып, жылудың сыртқа шығарылуын арттырады. 

Жылу  өндіру  мен  оны  сыртқа  шығару  орталықтары  алдыңғы 

және артқы гипоталамуста бөлек орналасқанына қарамай, олар 
өзара  тығыз  байланыста  болады.  Бұл  орталықтар  өздерінің 
әрекеттерін  дербес  (вегетативтік)  жүйке  жүйесі  мен 
эндокриндік  бездердің  (гипофиз,  бүйрек  үсті  бездері, 
қалқанша 

бездер) 

қатысуымен 

жүргізеді. 

Симпатикалық 

жүйкелердің  артқы  гипоталамустағы  орталығының  қозуы  тері 


background image

 

247

 

қан тамырларының жиырылуына, тер бөлінуінің азаюына, қанға 
және 

тіндерге 

адреналин, 

норадреналин, 

тиреиодтық 

гормондардың 

артық 

түсуіне 

әкеліп, 

жылудың 

сыртқа 

шығарылуын  азайтады  да,  тін  жасушаларында  жылу  өндірілуді 
арттырады. 

Парасимпатикалық 

жүйке 

жүйесінің 

алдыңғы 

гипоталамустағы  орталыгы  қозғанда  тері  мен  шырышты 
қабықтардың  қан  тамырлары  кеңіп,  тер  бөліну  артуынан 
жылуды сыртқа шығару көбейеді. 

Қызба 

кезінде 

эндогендік 

пирогендердің 

әсерінен 

гипоталамустағы  «орнықтыру  нүктесі»,  қалыпты  дене  қызымын 
төмен  деңгей  деп  қабылдап,  жаңа  жоғары  температура 
деңгейіне  ауысады.  Енді  ол  симпатикалық  жүйке  жүйесінің 
орталықтарын  қоздырып,  парасимпатикалық  жүйке  жүйесін 
тежеп, жылу өндіруді арттырады да, жылуды сыртқа шығаруды 
шектейді.  Осыдан  ары  қарай  денеде  жылу  өндіру  мен  оны 
сыртқа шығарудың арасында тепе-теңдік жаңа жоғары деңгейде 
қалыптасады. 

Эндогендік 

пирогендер 

гипоталамустагы 

«орнықтыру 

нүктесінің»  нейрондарына  Е

1

 

және  Е

2

  простагландиндердің 

қатысуымен  әсер  етеді  (1-сурет).  Оған  дәлел  ретінде  мына 
деректерді  келтіруге  болады.  Егер  жануарлардың  миындағы 
бүйірлік  қарыншаларға  өте  аз  мөлшерде  простагландин  Е

1

 

немесе Е

2

 енгізсе, онда оларда дене қызымы көтеріледі. Ал, 

простагландиндердің түзілуін тежейтін аспирин, парацетамол 
т.с.с. дәрілерді дене қызымы көтерілген жануарларға немесе 
адамдарға  енгізгенде  дене  қызымы  қалыпты  деңгейге  түседі. 
Сонымен  бірге,  қызба  кезіндегі  дене  қызымы  реттелуінің 
жаңа  жоғары  деңгейге  көтерілуі  нейрон  мембраналарындағы 
кальций  насосының  қызметі  бұзылуына  байланысты  болады. 
Мәселен, 

тәжірибелік 

жануарлардың 

гипоталамусындағы 

преоптикалық  аумағын  мұздатса,  бұл  нейрондардан  Са

2+ 

иондарының сыртқа шығуы артады. Ал, керісінше, көрсетілген 
аумақты  қыздырғанда  жүйке  жасушаларынан  Са

2+

  иондарының 

сыртқа  шығарылуы  тежеледі.  Қызба  туындататын  пирогендерді 
гипоталамустағы преоптикалық аумаққа енгізсе, бұл аумақтың 
жасушаларынан  Са

2+

  иондарының  жасуша  сыртына  шығарылуы 

көбейеді.


background image

 

248

 

Қызбаның сатылары. 

Қызба үш сатыда өтеді: 

● 

температураның 

көтерілу 

сатысы 

(stаdium 

іnсгеmеntum); 

●  температураның  жоғары  деңгейде  тұрақтану  сатысы 

(stadium fastigium); 

●  температураның  қалыпты  деңгейге  түсу  сатысы 

(stadium dесгеmеntum). 

Қызбаның  әр  сатысында  организмде  дене  қызымының 

реттелуі әртүрлі болады. 

Температураның 

көтерілу 

сатысы. 

Қызба 

кейде 

температураның  жоғары  деңгейге  кенет,  бірнеше  сағаттың 
ішінде,  тез  (бөліктік  (крупозды)  пневмония,  тұмау, 
безгек,  бөртпе  сүзек  т.  б.),  кейде  біртіндеп,  бірнеше 
күннің  ішінде  (іш  сүзегі,  қызылша  т.  б.)  көтерілуімен 
басталады.  Бұл  кезде  организмнен  жылудың  сыртқа  шығарылуы 
шектеледі  де,  денеде  жылу  өндірілу  одан  басым  болады. 
Шеткері  қан  тамырларының  жиырылуынан  және  тер  шығудың 
тежелуінен 

жылудын 

сыртқа 

берілуі 

төмендейді. 

Бұлшықеттерде,  бауырда  және  ішкі  ағзаларда  тотығу-
тотықсыздану  үрдістерінің  артуына  байланысты  организмде 
жылу 

өндірілуі 

күшейеді. 

Бұлшықеттердің 

жиырылулары 

кездерінде  өндірілетін  жылуды  жиырылулық  термогенез, 
бауырда  өндірілетін  жылуды  жиырылулық  емес  термогенез 
дейді.  

Шеткері  қан  тамырларының  қатты  жиырылуы,  теріге  ағып 

келетін  қанның  көлемін  азайтып,  онда  температураның 
төмендеуінен 

рефлекстік 

түрде 

дененің 

қалтырауына 

әкеледі.  Жиырылған  қылтамырларда  қан  айналымы  баяулауына 
байланысты  тері  бозарып,  суыйды.  Терінің  температураны 
қабылдайтын  терморецепторлары  қозады,  содан  жүйкелік 
серпіндер 

мидың 

торлы 

құрылымы 

арқылы 

қимылдық 

жүйкелермен 

бұлшықеттерге 

бағытталады. 

Арқаның, 

қолдардың,  кейде  жалпы  қаңқа  еттері  талшықтарының  еріксіз 
жиырылулары  болады.  Бұл  кезде  жиырылған  бұлшықеттер 
пайдалы  жұмыс  атқармайды  және  өндірілген  энергияның 
көпшілігі  жылуға  айналады.  Бұлшықеттердің  жиырылуы  тоңу 
сезімімен,  дененің  қалтырауымен  қабаттасады.  Тері  мен 
ішкі  ағзалардың  температураларының  айырмашылығы  неғұрлым 
көп  болса,  соғүрлым  дененің  қалтырауы  күшті  болады.  Егер 
дене 

қызуы 

температураның 

біртіндеп 

көтерілуімен 

басталса, онда дене қалтырауы болмайды. 

Жануарлардың  жүндерінің  түптеріндегі  тегіс  еттерінің 

жиырылуы  нәтижесінде  ет  ысуы  кезінде  олардың  жүндері 
тікірейеді.  Осының  нәтижесінде  жылудың  сыртқа  шығарылуын 
азайтатын  ауа  жиналған  қабат  үлкейеді.  Сонымен,  қызба 

 


background image

 

249

 

кезінде  дене  қызымы  көтерілуінде  бірінші  орында  жылудың 
сыртқы  ортаға  шығарылуының  шектелуі  тұрады.  Екінші  орында 
бұлшықеттерде зат алмасуларының артуына байланысты жылудың 
артық  өндірілуі  болады.  Сонымен  бірге  жылудың  өндірілуі 
бұл  кезде  басқа  ағзаларда  да  (бауырда)  артады.  Оның  даму 
жолында  пирогендердің  әсерлерінен  тотығу  мен  тотығулық 
фосфорланудың ажырауынан жылу өндірілудің көбеюі жатады. 

Температураның 

жоғары 

деңгейде 

тұрақтану 

сатысы. 

Қызбаның  1-сатысынан  кейін  дене  қызымы  белгілі  деңгейге 
көтеріліп,  сол  деңгейде  біршама  уақыт  (бірнеше  күн, 
сағат)  тұрақтанып  тұрады.  Бұл  кезде  дене  қызымының 
реттелу тепе-теңдігі жаңа жоғары нүктеге ауысады да, жылу 
өндірілуінің  көтері-луіне  сәйкес  жылудың  сыртқа  шығарылуы 
да жоғарылайды; тері қызарып, ысыйды, тыныс алу жиілейді. 
Бұл  сатыда  дене  қызымы  көтерілу  деңгейіне  қарай  қызбаның 
келесі түрлерін ажыратады: 

●  шамалы  (субфебрильдік)  қызба  —  дене  қызымының  38°С-

ға дейін көтерілуі; 

● орташа қызба — 38-39°С; 
● қатты қызба — 39-40°С; 
●  асқын  (гиперпиреттік)  қызба  —  41°С-тен  астам 

көтерілуі. 

Температураның  жана  деңгейі,  оның  тәулік  бойында 

өзгеруі  көптеген  жағдайларға  байланысты.  Олардың  ішінде 
пирогендердің 

мөлшері 

мен 

оларға 

термореттеу 

орталықтарының  сезімталдығы  өзгерістері  маңызды  орын 
алады. 

Температураның  қалыпты  деңгейге  түсу  сатысы.  Қызбаның 

бұл  сатысы  жылудың  сыртқа  шығарылуының  жылу  өндірілуінен 
басым болуымен сипатталады. Осының нәтижесінде дене қызымы 
қалыпты  деңгейге  дейін  төмендейді.  Организмде  жиналған 
жылу тері тамырларының кеңуі, терлеу мен тыныстың жиілеуі 
арқылы  сыртқа  шығарылады.  Температураның  түсуі  екі  жолмен 
болуы ықтимал: 

● біртіндеп (лизистік) (бірнеше тәулік ішінде) түсуі;  
●    күрт  (кризистік)  түсуі.    Соңғысында  тері  қан 

тамырларының  кеңеюі  тым  қатты  болуы  ықтимал,  егер  ол 
организмнің  уыттануымен  қабаттасса,  онда  тіршілікке  өте 
қауіпті коллапс дамуына әкеліп соғады. 

Температуралық сызықтардың түрлері. 

Ет 

ысуы 

кезінде 

дене 

қызымы 

жоғары 

дәрежеде 

тұрақталып,  оның  тәуліктік  ауытқулары  болып  тұрады. 
Таңертеңгі  және  кешкі  температуралардың  айырмашылығы 
бойынша 

бірнеше 

температуралық 

сызықтардың 

түрлерін 

ажыратады (2-сурет). 

●  тұрақты  қызба  (febris    соntinua).  Дене  қызуы  жоғары 


background image

 

250

 

деңгейге  (39-40°С)  көтерілген,  таңертенгі  және  кешкі 
температуралардың  айырмашылығы  1°-тан  аспайды.  Бұндай 
температура  жәншау  (скарлатина),  бөліктік  пневмония, 
бөртпе сүзек т. б. аурулар кездерінде кездеседі; 

● 

босаңситын 

қызба 

(febris 

remittens). 

Жоғары 

деңгейдегі дене температурасы таңертең және кешке 1,5-2°С-
ға 

өзгеріп 

тұрады, 

бірақ 

қалыпты 

деңгейге 

дейін 

төмендемейді.  Бұндай  температура  туберкулез,  жалқықты 
плеврит т.с.с. аурулар кездерінде байқалады; 

●  ұстамалы  қызба  (febris  intermittens)  —  дене  қызымы 

тез бірнеше сағаттың ішінде кешкісін 39-40°С-ға дейін және 
одан  да  жоғары  көтеріледі,  таңертең  қалыпты  деңгейге, 
кейде одан да төмен төмендейді. Бұндай температура безгек 
кезінде  байқалады.  Безгек  күнбе-күн,  әрбір  екінші  немесе 
әрбір үшінпгі күні ұстауы мүмкін.