ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44729
Скачиваний: 262
241
жиналып қалуынан (ісіну дамуынан) көпке дейін байқалмайды.
Соған қарамай организм тіндерінде құрылымдық бүліністер
дамиды. Бұл бүліністер ұзақ болатындықтан толық ашығу
кезіндегіден де ауыр болады. Дене салмағының 40%-ға жуығы
азайып, адам жарық дүниеден қайтады. Қан плазмасында
нәруыздардың деңгейі азаюдан онда онкотикалық қысым
төмендеуі дененің ісінуіне әкеледі.
Асқа жарымау кезінде тыныстық коэффициент мардымсыз
төмендейді. Қан сұйылып, жиі анемия дамиды. Бұл кезде
жүрек соғуы сиреп, артериалық қан қысымы төмендейді, тыныс
алу әлсірейді, адам мен жануарлардың жыныстық қабілеті
азаяды.
САПАСЫЗ ҚОРЕКТЕНУ
.
Сапасыз қоректену кезінде организмге түсетін тамақтың
қуаттық, калориялық мөлшері жеткілікті болуы мүмкін.
Бірақ, бұл кезде ішетін тамақтың құрамында кейбір маңызды
бөлшектері болмайды. Ішетін тамақта көмірсуларының аз
болуынан бауырда гликогеннің қоры азаяды. Осыдан оның
уытсыздандыру қабілеті төмендейді, майлардың бауырға
тасымалдануы
күшейіп,
онда
олардың
толық
тотығуы
болмауынан кетондық денелердің түзілуі артады. Бұндай
жағдай сирек кездеседі.
Тамақпен майлардың жеткіліксіз түсуінен организмде
алмастырылмайтын май (арахидон, линол және линолен)
қышқылдарының
тапшылығы
болады.
Содан
жасуша
мембраналарының құрылымы бұзылады. Жасушалардың өсіп-өнуі,
бөлінуі тежеледі. Сонымен бірге тамақта май болмаса, майда
еритін витаминдердің ішектерде сіңірілуі болмайды, олардың
организмдегі тапшылығы арта түседі.
Сапасыз қоректенудің ауыр түрінің біріне тамақта
нәруыздардың
тапшылығы
жатады.
Бұл
кезде
тамақпен
организмге енетін нәруыздың мөлшері тым аз болуынан, ол
организмнен шығарылатын азоттың орнын толтырмайды. Осыдан
организмде теріс азоттық теңгерім (баланс) дамиды.
Организмде ағзалар мен тіндердің жасушалары өсіп-өніп,
жаңарып тұруы үшін нәруыздардың түзулі ұдайы болып тұруы
қажет.
Тамақтың құрамында нәруыздардың жеткіліксіздігінен
нәруыздық- калориялық (энергиялық) жеткіліксіздік дамиды.
Ол екі түрде, жиі олардың аралық түрлері, кездеседі. Оның
бірінші түрін квашиоркор немесе үйлестірілмеген, екінші
түрін ауқаттық азғындау (маразм) немесе үйлестірілген
дейді.
Квашиоркор батыс Африка елі Гана тілінде, жас бала
туғаннан кейін оның алдында туған баланың ауруы деген
мағынаны беретін, емшек сүтіне жарымаған баланың ауруын
242
білдіреді.
Емшектен
ерте
шығарылған
бала
анасының
сүтіндегі
сапалы
нәруыздардан
айырылып,
негізінен,
ересектер қоректенетін, көмірсуларынан тұратын тағаммен
қоректендіріледі. Осыдан тым ерте сапалы нәруыздардан
айырылған балалардың ішкі ағзаларындағы нәруыздар тез
ыдыратылады. Сол себепті олардың денесінде қатты ісіну
пайда болады. Организмнің оған бейімделу мүмкіншіліктері
тез арада таусылады. Содан бала ерте шетінеп кетеді.
Ауқаттық азғындау баланың толық ашығуының нәтижесінде
дамиды.
Бұл
кезде
организмнің
ашығуға
икемделу
мүмкіншіліктері
ұзағырақ
болады.
Организмге
қажетті
энергия түзу үшін негізінен май тіні мен бұлшықеттердің
нәруыздары пайдалынады да, ішкі ағзалардың нәруыздары
біршама уақыт қалыпты мөлшерде сақталып қалады. Сол
себепті бұлшықеттер мен май жасушаларының қатты семуі
болады, бірақ дененің ісінуі, ішкі ағзалардың нәруыздары
сақтағандықтан, ұзақ мерзім байқалмайды. Ересек адамдар
толық ашыққанда, оған екіншілік жұқпалар қосылмаса, ашығу
осы жолмен өтеді. Ал жас балалар толық ашыққанда ауқаттық
азғындау дамиды. Бұл кезде глюкокортикоидтық гормондар,
соматостатин мен глюкагон тым көп өндіріледі. Олар
квашиоркор кезінде көбеймейді. Бұл синдром кезінде
негізінен әлдостерон өндірілуі артады және әртүрлі
цитокиндердің (кахексин) әсері күшейеді. Ол тропикалық
мемлекеттер
тұрғындарының
балаларының
арасында
жиі
кездеседі.
Ашығудың бұл келтірілген екі түрлерінде де тапшылықты
анемия, гиповитаминоздар байқалады. Қандағы әлбуминдердің
мөлшері 35 г/л-ден, трансферриннің деңгейі 2 г/л-ден,
ретинолды байланыстыратын нәруыздың 0,03 г/л-ден төмендеуі
ішкі ағзалардың нәруыздарының таусылуын көрсетеді. Сонымен
қатар қанда лимфоциттердің азаюы, теріге аллергиялық
сынамалар жасағанда анергия болуы да жанама түрде осындай
ақпарат бере алады.
Сусынның тапшылығы. 1-2 күн су ішпеген жануарлар тамақ
ішуден бас тартады. Сондықтан оларда сусыз толық ашығу
дамиды. Организмде тіндердің ыдырауы күшейіп, олардың
ыдырау өнімдері организмді уыттандырады.
Витаминдердің тапшылығы. Витаминдердің жеткіліксіздігі
сапасыз қоректенудің ең жиі кездесетін түріне жатады. Олар
экзогендік және эндогендік болуы мүмкін. Мына жағдайларда:
● ішетін тамақта (бір беткей тамақтанудан, тамақты тым
ұзақ сақтаудан немесе дұрыс сақтамаудан, оны тым көп
қайнатудан) витаминдердің аз болуынан;
● ішетін тамақта витаминдердің қалыпты деңгейде
болғанына қарамай, организмнің әртүрлі жағдайларынан
243
оларға мұқтаждығы артуынан, витаминдердің экзогендік
жеткіліксіздігі байқалады. Мәселен, жылдың суық уақытында
организмге
тиамин
жетіспейді.
Солтүстік
аймақтарда
ретинол, кальциферол, В-витаминдері жетіспеуі дамиды. Ауыр
қол
жұмысын
атқарғанда
В-витаминдеріне
организмнің
мұқтаждығы көтеріледі. Қатты терлеу кезінде организмнен
суда еритін витаминдер термен сыртқа көптеп шығарылады.
Жүкті
және
бала
емізетін
әйелдердің
витаминдерге
мұқтаждығы жоғары болады.
● витаминдердің эндогендік жеткіліксіздігі ішектерде
олардың сіңірілуі бұзылудан болады. Ішек сөлінде липаза
ферменті аз болуынан, ішекке өт түспеуінен немесе ішек
қабырғалары арқылы витаминдердің белсенді тасымалдануы
бұзылудан олардың эндогендік жеткіліксіздігі дамиды.
Әртүрлі
витаминдердің
жеткіліксіздігі
кездерінде
белгілі бір жалпылама көріністер байқалуы мүмкін. Көптеген
суда еритін витаминдер әртүрлі ферменттердің коферменттері
болып
келеді.
Сондықтан
олардың
тапшылығынан
зат
алмасуларының әртүрлі бұзылыстары байқалады. Бұл кезде
дене салмағы азаяды, иммунитеттің бұзылуы, бұлшықеттердің
әлсіздігі, бой өсуінің баяулауы байқалады. Сонымен бірге
РР
витаминдерінің
болмауынан
жүйке
аурулары,
Е
витаминдерінің аздығынан жасуша мембраналарында майлардың
асқын тотығуынан көптеген ішкі ағзалардың қызметтерінің
бұзылыстары, РР витаминдерінің тапшылығынан — асқорыту
жолдарының бүліністері байқалады. Сонымен қатар көптеген
жекелеген
витаминдердің
жеткіліксіздігіне
ғана
тән
бұзылыстар да болады (мешелдік, геморагиялық диатездер,
пеллагра т. с. с.).
Сапасыз қоректенудің нәтижесінде микроэлементтердің де
жетіспеуі байқалады (электролиттер алмасуының бұзылыстарын
қараңыз).
ЕМДІК АШЫҒУ.
Бүгінгі күні кейбір ауруларды (аллергиялық, жүрек-қан
тамырларының, асқорыту жолдарының, терінің, буындардың
ауруларын, семіруді т. б.) емдеу үшін ашығу қолданылады.
1-7 күннен 15-35 күнге дейін толығынан ашығу кезінде
организмнің
қорғану-бейімделу
мүмкіншіліктері
жұмылдырылып, әртүрлі ауру туындататын ықпалдарға оның
икемделістік
қабілеті
артады,
көптеген
дерттерге
төзімділігі көтеріледі.
Шамалы ашығудан организмде ыдырау үрдістері артып, зат
алмасу
өнімдерінің
қалдықтары,
майлар
мен
тұздар
организмнен сыртқа шығарылады. Организмге сырттан тамақ
түспеуінен оның өзінің майлары, көмірсулары мен нәруыздары
энергия түзу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге организмде
244
қалпына келу үрдісі артып, ондағы ағзалар мен тіндердің
жаңаруы, организмнің жасаруы болады.
Емдік
ашығудың
нәтижесінде
адамның
көңіл-күйі
жақсарады, тәбеті ашылады, әлсіздік жоғалады. Бірақ бұл
кезде витаминдердің жетіспеуінен сақтану керек. Жүкті
әйелдерде, инсулинге тәуелді қантты диабет кезінде, бүйрек
үсті бездерінің жеткіліксіздігінде, бауыр ауруларында,
созылмалы жұқпалы аурулар кездерінде, қатерлі өспе өсуі
кезінде, жүрек қызметі жеткіліксіздігінде т.с.с. көптеген
аурулар кездерінде оны қолдануға болмайды.
Емдік ашығу 15 тәуліктен аз болуы қажет. Одан кейін
қалыпты қоректенуге біртіндеп көшу керек.
ҚЫЗБА
Қызба
(лат.
fеЬгіs)
-
деп
жануарлардың
даму
сатыларында пайда болған, дене қызымының көтерілуімен
көрінетін, әрі бүліндіргіш, әрі қорғаныстық-икемделістік
құбылыстармен сипатталатын біртектес дерттік үрдістерді
айтады. Бұл кезде пирогендік (грек. ругеtоз — ыстық, ...
ген-туындататын)
заттардың
әсерлерінен
термореттеу
орталықтары
әрекеттерінің
өзгеруі
дене
қызымының
көтерілуіне әкеледі. Қызба кезінде термореттеу тетіктері
бұзылмай сақталып, жоғары деңгейге көтеріледі.
Қызба жануарлардың даму сатыларында қабынуға
қарағанда біршама кеш пайда болатын үрдіс. Ол орталық
жүйке жүйесі жақсы дамыған және термореттеу қызметі
қалыптасқан жануарларда ғана дамиды.
Жаңа туған балалар мен жануарларда химиялық термореттеу
немесе жылу өндіруді реттеу біршама жетілген болса да,
физикалық термореттеу немесе жылуды сыртқа шығаруды реттеу
көпке дейін жетілмеген болады. Сондықтан олар ересектерге
қарағанда тез қыздырылады және жылдам мұздайды. Жаңа туған
нәрестелерде терморетгеу толық жетілмеуінен дене қызуы
біресе көтеріліп, біресе төмендеп тұрады. Өйткені оларда
физикалық термореттеу немесе жылуды сыртқа шығаруды тез
шектеу қабілеті жетілмеген.
Тері тамырларының тез жиырылу қабілеті онтогенезде
қалыптаспай организмде жылу өндірілу көтерілгенмен қызба
пайда болмайды.
Этиологиясы
.
Қызба
пайда
болу
себептеріне
қарай
инфекциялық және бейинфекциялық болып екіге бөлінеді.
Инфекциялық
қызба
бактериялардың,
вирустардың,
қарапайым
жәндіктердің,
майда
саңырауқұлақтардың
әсерлерінен
дамиды.
Бейинфекциялық
қызба
тіндердің
бүлінуіне
әкелетін
сыртқы
және
ішкі
ықпалдардың
245
әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат,
инфаркт, қан қүю, ішке қан қүйылу, аллергия, өспе өсуі,
цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды
орын алады. Олар экзогендік және эндогендік (лейкоциттік)
болып
екіге
бөлінеді.
Экзогендік
пирогендер
деп
микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда
болатын заттарды айтады.
Әртүрлі бактериялардың мембраналарын арнайы химиялық
өңдеу жолдарымен біршама пирогендер (пирогенал, пиромен,
пироксаль т. б.) таза күйінде алынды. Бұл заттар химиялық
құрамы бойынша нәруыздардан ажыратылған липополиқанттар
болады. Бұлардың тым мардымсыз мөлшерінен (0,0001 мг/кг)
адамдар
мен
жануарларда
қызба
дамиды.
Экзогендік
пирогендер организмде дене қызуын эндогендік пирогендердің
өндірілуін күшейту арқылы көтереді.
Экзогендік
пирогендер
қанның
түйіршікті
лейкоциттерімен,
моноциттерімен
және
тіндердің
макрофагтарымен
әрекеттесіп,
олардың
белсенділігін
арттырады, жартылай фагоциттелінеді. Содан бұл жасушаларда
эндогендік пирогендік заттардың түзілуі болады. Олар
негізінен нейтрофильдер мен моноциттер және тіндік
макрофагтарда өндіріледі.
Лимфоциттер өз беттерінше пироген өндірмейді. Бірақ
олар, экзогендік пирогеннің антигендік әсеріне жауап
қайтара отырып, макрофагтардың эндогендік пироген өндіруін
сергітетін цитокиндер бөліп шығарады.
Эндогендік
пирогендік
заттарға
интерлейкин-1,
өспелерді жоятын фактор, аз мөлшерде интерлейкин-6,
интерферондар, катиондық нәруыздар т. б. жатады.
Интерлейкин-1 дене қызуын көтеруден басқа көптеген
биологиялық әсер етеді. Ол организмнің иммундық жауабына
қатысады,
қанда
лейкоциттердің
санын
көбейтеді,
бұлшықеттерді сырқыратады, адамның ұйқысын келтіріп,
тәбетін азайтады т. т.
Эндогендік пирогеннің өндірілуіне энергия анаэробты
гликолиздік жолмен түзіледі. Олар кыздыруға шыдамсыз
болады және жануардың түріне қарамай дене қызымын
көтереді. Жануарларға бұл пирогенді бірнеше қайталап
енгізгенде
өзінің
белсенділігін
жоғалтпайды.
Ал,
экзогендік пирогендердің белсенділігі қайталап енгізгенде
азая береді және олар эндогендік пирогендердің өндірілуін
күшейту арқылы әсер етеді. Сонымен, жұқпалы аурулар
кездеріндегі
ет
ысуы
экзогендік
және
эндогендік
пирогендердін өзара әсерлерімен қамтамасыз етіледі.
Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен