ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 161
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
D. жедел артрит, қарапайым флегмона, тілмелі қабыну
E. жедел метадиафизарлы остеомиелит, некрозды флегмона
Парапроктиттің локализациясы мен таралуын дәл анықтау үшін қажет:
A. Ректальды тексеру
B. жамбасқа мұқият пальпациялау және тік ішекті тексеру
C. УДЗ+тік ішекті зерттеу
D. жамбасты мұқият пальпациялау + УДЗ
E. ректоскопия
Іріңді омфалитке дифференциалды диагностика қандай аурулармен жүргізіледі
А. өт түтігінің жабылмауы
B. кіндік гранулемасы
C. кіндік жарығы
D. кіндік фунгусы
E. перитонит
Омфалиттің клиникалық түрлері келесідей
А. жергілікті
B. токсикалық
C. адинамикалық
D. септикопиемиялық
Е. флегмонозды
Жаңа туған нәрестеде кіндік жарасы фибринмен жабылған, кіндік аймағын басып қараған кезде ірің бөлінеді. Диагноз
A. өт түтігінің жыланкөзі
B. кіндік фунгусы
C. флегмонозды омфалит
D. некроздаушы омфалит
E. кіндік невусы
Жедел аппендицитке күдіктенген науқасқа қандай аспаптық тексеру жүргізуге болады?
A. лапаротомия
B. лапоростомия
C. лапароскопия
D. ректороманоскопия
E. құрсақ қуысының рентгенографиясы
Мектеп жасындағы қыздарда жедел аппендицитті қандай аурулармен ажыратады:
А. аналық без кистасының бұралуы
B. туа біткен пилоростеноз
C. тік ішек полипі
D. бүйрек коликасы
E. ангина
Қыз бала 11 жаста. Іштің төменгі бөлігінде, оң жақта кеудеде өткір ауырсынулар бар. Ауырсыну оң жақ жыныс ерініне және тік ішекке таралады. Қызда жиі және ауырсынатын зәр шығару, сонымен қатар шырыш пен қан аралас жиі сұйық нәжіс бар. Тік ішекті тексеру кезінде оң жақта ауырсынулы өсінді және инфильтрат анықталады. Ең ықтимал алдын ала диагноз қандай:
-
Дизентерия -
Ішектің инвагинациясы -
Цистит -
Жамбас аппендицит -
Оң жақ аналық бездің кистасы
Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 2 жасар бала ауру басталғаннан кейін бір тәулікте жедел аппендицитке күдікпен түсті. Ауру жедел түрде дене қызуының 38,6°С көтерілуінен, мұрыннан су ағудан, жөтелден басталды. Ентігу байқалады. Тынысы қатқыл, бірен-саран ылғалды сырылдар естіледі. Тілі ылғалды. Пульс минутына 106. Бала тексеруге қарсыласады, жылайды, іші ауырады. Қандай тактика ең қолайлы
A. Жалпы анестезиямен тексереді
B. Баланы динамикалық бақылау үшін үйіне жіберу
C. Ауруханаға жатқызудан бас тарту туралы қолхат алу
D. Жоспар бойынша операцияға дайындалу
Е. Табиғи немесе дәрілік ұйқы кезінде тексеру
Флегмонозды аппендицитке ота жасалған науқаста операциядан кейінгі 6-шы күні гектикалық сипаттағы температураның көтерілуі байқалды . Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Жиі зәр шығару және дефекацияға шақыру байқалады. Келесі тексеруді бастау керек:
А. іш қуысын анестезиямен пальпациялаудан;
B. лапароскопиядан;
C. кеуде қуысының рентгеноскопиядан;
D. құрсақ қуысын ультрадыбыстық зерттеуден;
Е. тік ішекті саусақпен зерттеуден.
Науқаста 4 күнге созылған оң жақ мықын аймағында ауырсынулы ісік тәрізді түзіліс анықталады. Болжамды диагноз:
A. Вильмс ісігі
B. аппендикулярлы инфильтрат
C. мезентериялық киста
D. эхинококк
E. жедел аппендицит
Ерте жастағы балалардағы жедел аппендицит клиникасының ерекшеліктері
А. жалпы симптомдардың жергіліктіден басым болуы
B. құсудың болмауы
C. температураның болмауы
D. нәжістің тоқтауы
E. полиморфты тері бөртпесі
Науқас З. жедел аппендицитке күдікті. Лапароскопиялық аппендэктомия жасалды. Бұл әдісінің негізгі артықшылықтары қандай:
A. Жақсы косметикалық әсер
B. Операцияның ұзақтығының қысқаруы
C. Операцияның төмен құны
D. Жарадан іріңді-септикалық асқынулардың алдын алу
Е. Процестің сипаты мен таралуын бағалау мүмкіндігі
Асқазанның ойық жарасын жедел аппендициттен ажыратудың диагностикалық әдістемесі:
A. асқазан сөлінің анализі
B. асқазанды зондтау
C. фиброгастроскопия
D. компьютерлік томография
E. құрсақ қуысының рентгенографиясы
Науқас жамбас локализациясының жедел аппендицитіне күдікпен түсті. Дифференциалды диагностиканың ең сенімді әдісін таңдаңыз:
A. тік ішекті тексеру
B. Ничепоренко бойынша зәр анализі
C. қынаптық тексеру
D. Жамбас мүшелерінің УДЗ
Е. Лапароскопия
Ерте жастағы баланың ұйқы кезінде анықталатын жедел аппендицитке тән белгісі:
-
Ровзинг симптомы. -
Воскресенский симптомы. -
Ситковский симптомы. -
«Қолды итеру» симптомы. -
Пастернацкий симптомы.
Жедел аппендициттің патогномиялық белгісі.
А. Филатов симптомы.
B. Іш пердесінің тітіркенуі.
C. Іш бұлшықеттерінің жергілікті қатаюы.
D. Воскресенский симптомы.
Е. Пастернацкий симптомы
Жедел аппендицит кезіндегі қабыну процесінің регрессиясы:
А. мүмкін емес
B. қабынудың бастапқы кезеңінде мүмкін
C. флегмонозды аппендицит кезінде мүмкін
D. гангренозды аппендицит кезінде мүмкін
E. перфорацияланған аппендицит кезінде де мүмкін
Жедел аппендицитпен ауыратын науқастың төсектегі қалпы?
А. арқасымен
Б. ішімен
C. оң жақ бүйірімен, аяқтарын ішке бүгіп
D. сол жақ бүйірімен
E. отырған
Жедел аппендициттің операцияға дейінгі кезеңдегі асқынуларын атаңыз?
A. копростаз
B. жабысқақ ішек өтімсіздігі
C. ішек жыланкөздері
D. жергілікті және жайылған перитонит
E. илеоцекальды инвагинация
Жедел аппендицит диагнозымен хирургиялық бөлімшеге түскен баланы қарау кезінде оң жақ мықын аймағында тығыз аз қозғалмалы, аздап ауыратын аппендикулярлы инфильтрат анықталды. Сіздің тактикаңыз?
A. шұғыл операция
B. жоспарланған операция
C. консервативті емдеу (антибиотиктер, физиотерапия)
D. динамикалық бақылау
Е. амбулаторлық ем тағайындау
Жедел аппендицит кезінде Филатов симптомы тән:
А. пальпацияда оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну
B. іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің белсенді қатаюы
C. іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің пассивті қатаюы
D. тік ішекті тексеру кезінде тік ішектің тесігінің ауыруы және салбырап тұруы
E. науқасты сол жаққа ауыстырған кезде оң жақта ауырсынудың күшеюі
Жедел аппендицит кезінде эпигастрийден оң жақ мықын аймағына қарай ауысатын ауырсыну симптомы қалай аталады?
-
А. Кохер симптомы -
Б.Ортнер симптомы -
Кера симптомы -
Д.Воскресенский симптомы -
Э.Ровзинг симптомы
Балаларда инвагинация қай жаста жиі кездеседі?
А. Жаңа туылған нәрестелерде
B. 4-9 айда
C. 3 жастан кейін
D. 7 жастан кейін
Е. 14 жастан жоғары
6 айлық балада толық тамақтану фонында қатты мазасыздану, тамақтан бас тарту , аяқтарын тепкілеу ұстамалары дамыған. Бір күн бұрын нәжісі қалыпты болған. Ректальды тексергенде «таңқурай желе» тәрізді бөлінділер анықталды. Алдын ала болжам диагноз қандай?
A. Геморрагиялық васкулит
B. Ішек дисбактериозы
C. Ішек коликасы
Д. Ішек инвагинациясы
E. Тік ішек полипы
8 айлық балада бір рет құсу болған. Іште ұстама тәрізді ауырсыну. Пальпацияда оң жақ мықын аймағында домалақ түзіліс анықталады. Ректальды тексеру кезінде көп мөлшерде қан кету анықталды. Аурудың ұзақтығы 10 сағат. Ең ықтимал диагноз:
A. Жедел аппендицит
B. ішек инвагинациясы
C. аппендикулярлық инфильтрат
D. ішек инфекциясы
E. іш қуысының ісігі
Балалардағы перитониттің себебін көрсетіңіз?
А. Меккел дивертикулының перфорациясы
B. кіндіктің толық жыланкөзі
C. толық бітіспеген урахус
D. некрозды флегмона
E. пилороспазм
Төменде аталған жергілікті белгілердің қайсысы жаңа туылған нәрестелердегі перитонитке тән?
-
Тартылған тақтай тәрізді іш, бұлшықеттердің жайылған қатаюы, жиі сұйық нәжіс, жасыл түсті құсық -
Іштің кебуі, құрсақ қабырғасының ісінуі және гиперемиясы, көбінесе төменгі бөлімінде, жыныс мүшелерінің ісінуі және гиперемиясы, іштің көктамырларының ұлғаюы, жасыл түсті құсық, нәжіс пен газдың ұсталуы -
Іш бұлшықеттерінің жергілікті қатаюы, Розвинг симптомы оң, сүзбеленген сүтті құсу, бауыр аймағының ұлғаюы -
Айқын Щеткин-Блюмберг симптомы, айқын Воскресенский симптомы(көйлек), жиі сұйық нәжіс -
Іштің кебуі, іш бұлшықеттерінің жергілікті қатаюы, іштің көктамырларының ұлғаюы, бауыр аймағының ұлғаюы, жиі сұйық нәжіс
Емшек жастағы балалардағы инвагинацияға ықпал ететін себептерге жатады:
А. илеоцекальды қақпақшаның жетілмегендігі;
B. ішек қабырғасының морфофункционалды жетілмегендігі
C. ішек қабырғасының аганглиозы
D. ішектің ангиоматозы
E. рефлекторлы құсу
Нәрестедегі инвагинация типтік белгілермен көрінеді?
А. жедел кенеттен басталуы
B. гипертермия
C. тұрақты мазасыздық
D. тоқтаусыз құсу
E. жасыл нәжіс
Инвагинация кезінде ең ақпаратты зерттеу:
А. пневмоирригография
B. жатқан кездегі рентгенография
C. тұрған кездегі рентгенография
D. барий сульфатымен ирригография
Е. Вангенштейн бойынша рентгенография
Ішек инвагинациясының белгілері қандай?
А. «таңқурай желесі» түріндегі нәжіс
B. нәжістің болмауы
C. жиі зәр шығару
D. кофе тәрізді қою құсық
E. дене температурасының жоғарылауы
Бір жасқа дейінгі балалардағы инвагинацияны емдеудің қандай әдісі ( ауру ұзақтығы 12 сағатқа дейін) емханада қолданылады?