Файл: Дебат сз додасы пікір сайыс бадарламасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 206

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «А.С.Иванов атындағы Выдриха жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Дебат – сөз додасы»

пікір – сайыс бағдарламасы

(7,8,9 – кластар үшін бейімделген бағдарлама)

Құрастырған:
Керейбаева Гульбану Муратбековна – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «А.С.Иванов атындағы Выдриха жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


тел:87764892192

эл адресы banum70@mail.ru

Бағдарлама 34 оқу сағатына есептелген 13 бөлімнен тұрады. Әр бөлім негізгі тақырыптарды құрайды. Олардың әрқайсысы пікір – сайыс бағдарламасының маңызды тұстарына, ұғымдары мен ережелеріне түсініктеме беретін теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті мемлекеттік білім мен тәрбие беру стандарттары негізінде әзірленді. Пікір – сайыс логикалық, психологиялық, адамгершілік және көптеген басқа да аспектілерді қамтиды. Күнделікті өмірімізде өте жиі кездесетін пікірталаста ақиқатқа жетудің негізін әдеби құндылықтар арқылы беру көзделген. Оқушы қоғамда кез – келген мәселеге біржақты көзқараста болудан арылып, сын тұрғысынан ойлай білу қабілетін игереді. Ерекшелігі – сабақ үстіндегі оқушылардың қарым-қатынас психологиясы өз-өзіне баға беру, сөйлеу тілінің мәдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті де артады.

Бұл бағдарлама – мектептің орта білім беру деңгейіндегі сыныптарға арналған. Яғни, 7,8,9 – сыныптар үшін тиімді.

Мазмұны:



Түсінік хат .....................................................................................................

1–бет

Бағдарламаның мақсаты,міндеттері,

күтілетін нәтиже ........................................................................................


2-бет


Негізгі бөлім

1.Күнтізбелік жоспар ...................................................................................


3-7-бет

2.«Дебат – сөз додасы» оқу курсының әдістемесіне түсініктеме,

сайыс тәртібі .............................................................................................


8-11-бет

3.Глоссарий ....................................................................................................

12-бет

4. Спикерлерді бағалау критерийлері .........................................................

13-бет

5. Сайысқа түсетін тақырыптардың үлгілері .............................................

14-бет

6. Дебат сабақтары ........................................................................................

15-26-бет


7. Қорытынды ................................................................................................

27-бет

8. Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................

28-бет




Түсінік хат
«Дебат – сөз додасы» - білім беру бағдарламасы білімнің гуманитарлық жүйесін нақты көздейтін жаңа әдістемені қолдануға негізделген инновациялық бағдарлама болып табылады. Оқушылар мен оқытушыларды да пікір-сайыстарға араластыруға, өз бетімен ізденуге, білім алу және жалпы шығармашылық белсенділігін арттыруға көзделген. Пікір-сайыстарға дайындық барысында оқушылар белгілі – бір тақырып бойынша мәлімет жинастырып, оларды қарама – қарсы бағыттарды қолдайтын екі түрлі позицияға арналған жоспарға топтастырылады. Олар жақтау және даттау топтарының кейстері. Осының нәтижесінде оқушылар кез-келген мәселеге біржақты көзқараста болудан арылып, терең, сын тұрғысынан оқушыларды, сонымен қатар форум мүшелерін (класс оқушыларын) бөлудің әртүрлі жолдарын қарастыруға болады. Мысалы: психологиялық тренинг, сергіту, ойын элементтері арқылы, екінші СТО элементі жуан, жіңішке стартегиясы арқылы сұрақ жетегімен бөлуге болады.Жалпы пікір талас, талқылау, дискусия, диалог, бір мәселені көпшіліктің талқысына салу ақиқатқа жетудің ең кең тараған және оң нәтиже бере алатын формасы болып табылады.Қоғамымыздың дау тудыратын мәселелері де бастан асады тіл, дін, соғыс, саясат тағысын – тағы. Алайда бұның да өз қыр-сырлары көп. Ең алдымен ол пікір-сайыстыратын мәселенің күрделілігі, кез-келген мәселе бойынша біріміз ақиқат деп білетін нәрсе басқаға мүлде олай емес. Пікір – талас барысында адамдар ортақ мәселе жайлы өз пікірлерін ортаға салады, олардың әр түрлі болуы заңды, пікір сайыстар арқылы тараптар ой бөлуге, өз көзқарастарының кемшіліктерін ашып, оларды ұштауға, кемелдендіруге мүмкіндік алады. Қысқасы, ақиқаттың ең озық таразысы көзқарастар бәсекесі. Бағдарлама әдебиет, тарих пәндеріндегі заман өзгеріснің өзіндік жаңаша көзқарасын сұрап тұратын тақырыптар көптің қасы. Сондықтан оқушы екі түрлі көзқараста кетпеу үшін, бұл бағдарлама тиімді. Әдеби құндылықты меңгерту арқылы адами құндылықты терең меңгерген оқушы моделін жасайтын құрал деп тануға болады. Пікір-сайыс логикалық, психологиялық, адамгершілік және көптеген басқа аспектілерді қамтиды.Үлкен додалар өткізіп, оқушылардың лидерлерін анықтауға тигізер септігі бар.

Өзіндік көзқарасы бар, айналаны сыни тұрғыдан барлап, бағалайтын, шешім шығаруда өзгенің ойын таразылап, өз ойын өткізуге сенімді тұлға қалыптасуына септігі тиеді. Әртүрлі саладағы ғылымның теориясы мен практикасына терең бойлау былай тұрсын, оның тарихы, маңыздылығы, өміршеңдігі, пайдасы мен зиянында таразылай алатын дәрежеге жеткізеді. Білім беру бағдарламасының жан-жақты, тереңдетілген жайын ашады. Бағдарламаны әдеттегі пән олимпиадалары секілді. Жүйемен өткізілетін әр түрлі деңгейдегі пікір-сайыс бәсекелері арқылы жүзеге асыруға болады.



Олимпиадаларда оқушылар тек бір пән бойынша ғана білімдерін көрсете алса, пікір – сайыстарда олар жан – жақты, әр түрлі салалардағы білімдерін көрсетіп, жетілдіре алады. Пікір – сайыстардың әдеттегі олимпиадалардан айырмашылығы да, артықшылығы да осында. Пікір – сайыс бағдарламасының оқу жоспарының вариативті бөліміне енгізсе де болар еді. Оқушының тұлға, азамат ретіне жетілуіне, білім алуға деген қызығушылығының артуына зор ықпал етуі сөзсіз. Сонымен бірге пікір – сайыс бағдарламасы жаңа орта білім беру жүйесінің иядеяларымен толық үйлеседі деуге де негіз бар.

Бағдарламаның мақсаты:

Заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру.


Бағдарламаның міндеттері:


  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру.

  • Өз Отаны Қазақстан, оның басты құндылықтарын құрмет тұтып, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру;

  • Оқушылардың жауапкершілігінің және танымдық қабілеттерін түрлі пікірталастар арқылы ортаға салу;

  • Оқушыларды коммуникативтілікке, сөйлеу мәдениетіне, сөз өнеріне, тұжырымды ойын дәлелдей білуге баулу;

  • Оқушының өзін – өзі тәрбиелеуіне, өзін және өзгені бағалай білуге үйрету;

  • Сұлулықты түсіне білуге, өз Отанына, атамекеніне деген патриоттық сезімін ояту;

  • Білікті, оқу – тәрбие беру;


Күтілетін нәтиже


  • Пікір – сайыстар арқылы белсенді азаматтық позициясы бар, жаңарған қоғамның жаңа азаматтары тәрбиеленеді.

  • Жан-жағына сын көзбен қарайды

  • Басқа адамдардың көзқарастарымен санаса алатын озық ойлы азаматтардың қатары көбейеді

  • Өз бетімен білім алады

  • Жастардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауларына, пікір алмасуына қарым-қатынас диалогі орнайды

  • Өзіндік «мені» қалыптасады

  • Саяси сана сезімі, қоғамға көзқарасы ерекшеленеді

  • Оқулық арқылы берілетін әдеби құндылықты терең меңгереді

  • БАҚ құралдарын, кітапхана оқулықтарынан қажетті мәліметті ала алады

  • Жұрт алдындағы сайыстарға еркін қатысады


«Дебат – сөз додасы» күнтізбелік жоспары

7,8,9 – класстар үшін бейімделген пікір-сайыс бағдарламасы


р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Теориялық бөлім

Практикалық бөлім

Әдістемелік байланыс

Ізденіс, қосымша жұмыстар

Күтілетін нәтиже

1

Кіріспе

2

Пікір-сайыс деген не? (принциптері, сайыс стильдері)

(1 сағат)

Пікір сайыстыру қабілетін байқау, ашу.Этикалық ұғымға (1 сағат)

СТО, зерттеу, тыңдау, жазу

1.Қазақтың би шешендері, олардың тағылымдары

- жұрт алдында еркін сөйлейді

- дикциясын қояды

2

Тақырып (Қарар)

2

Пікір – сайыс үлгісінің негізгі элементтері.

Қарар.Қарардың түрлері, жазу тәртібі, үлгілері

(1 сағат)

Қарар шығару.

Қарар сараптамасы

Қарар (тақырып)

(1 сағат)

1.Қазақ әдебиеті

Тақырыппен идея

2.Топтастыр стратегиясы. СТО

1.Ақын-жазушылардың қанатты сөздері

2.Мақал-мәтелдер

3.БАҚ құралдары, энциклопедиялар

4.Тақырып таңдау кеңесіне жүгіну

-Өміршең тақырыпты еркін ажыратады

-Тақырып таңдау саясатында ой еркіндігі артады.

3

Критерий (мақсат)

2

Критерий – мақсат. Тақырыпқа мақсат қою

(1 сағат)

1.Қарарға арнап критерий шығару мен оған сараптама жасау

2.Критерийді негіздеу.

3. Критерийдің қарар және аргументтермен байланысы (1 сағат)

1.Қарарды сипаттауда критерийдің сәйкестігі, нақтылығы, әдістемесі. К.Поппер пікір-сайыс әдістемесі

2.Топтастыру стратегиясы

3.Ұқсастық пен даралық стартегиясы


1.Құндылық ұғымына көркем әдебиет құралдарын іздеу (түртіп алу стратегиясы)

3.Шығыс ғұламаларының еңбектерін зерттеу

-Идеяның құндылығын ажыратады

-Әр іске мақсат қоюды біледі

4

Деффинициялар (анықтамалар) – негізгі ұғымдарды анықтау

2

Қарардағы негізгі ұғымдарды анықтау.Анықтамалар-ға қажетті шектеулер қойылады.Анықтама -қарарды зерттеу бағытын анықтау құралы. (1 сағат)

-Энциклопедиялық сөздіктермен жұмыс

-Түсіндірме сөздік

-Қазақ тілі грамматикасы

(1 сағат)

Әдебиет теориясы.Қазақ тілі лексикологиясы

1.Кітапхана қорымен жұмыс.

2.Соңғы 5 жылдағы БАҚ құралдарымен жұмыс.

-Сөздің толық мағынасын анықтайды

-Сөздерді орын тәртібі арқылы қолданып, әдемі сөйлейді.

5

Аргументтер

4

1.Аргумент құрастыру, құрылысы, негіздеу түрлері

2.Критерий мен аргумент арасындағы байланыс (2 сағат)

1.Аргумент құрастыру.Ойын барысында 2,3,5 аргумент болған дұрыс

3.Дәлелдейтін дәлелінің негізгі жобасы екенін ұғыну (2 сағат)

Пікір-сайыс парағы.Теледебат үлгілерімен салыстыру.Саяси дебат жұмыстары.

-СТО.Презентация

- Екі жақты күнделі стартегиясы

1.БАҚ құралдары

2.Ғаламтор сауалдары

3. «Мақал сөздің мәйегі» кітабы

-Шешім қабылдап үйренеді

-Жоба, бизнес жоба жасай алады

6

Дәлелдер (факты)

2

1.Зерттеу мен дәлелдер.

2.Мәлімет жасау, статистикалық мәлімет, шолулар, мысалдар мен сұқбат.Ғаламтор мәліметі (1 сағат)

1.Мәлімет алынатын мәтінмен жұмыс істеу

2.Дәлелдер парағын дайындау.Бір аргументке нақты 2,3 дәлел жатады.

(1 сағат)

СТО.Кубизм әдісі.Дәлел күшті болу үшін бір емес, алты қырынан қарап бір мәселесіне келу керек.

Қайнар көздің беделдігі мен объективтілігі

-Әділ шешім шығарады, әділ көзқаас туындайды.

7

Жақтау кейсі

2

Кейс – жұртшылыққа ұсынылатын спикердің сөзі.Ол қарар, критерий, аргумент, факті, қорытындыдан тұрады.Жақтау кейсінің құрылымы, үлгісі

(1 сағат)

-Жақтау кейсіні құрастыру

-Даттау кейсінен өзге екенін түсіндіру

(1 сағат)

Вен диаграммасы

-Ғаламтор мәліметтерін жинақтау, түрлі презентациялар-

ды таңдау

-Сөйлеу мәдениеті дамиды.

- өз «менін» ашады

8

Даттау кейсі

2

Даттау кейсінің құрылымы.Терістеудің 3 деңгейі:қарарды интерпретациялау, критерийді терістеу, аргументтер тізбегін терістеу1сағат)'>(1 сғат)

-Контраргументтер ұсыну

-Даттау кейсінің үлгісі, құрастыру(1сағат)

К.Поппердің терістеу стратегиясы

-Кубизм стратегиясы

-Ғалымдардың пікірі, немесе олардың ойы

- Арнайы мамандармен сұхбат

-Нақты фактілер жинақтау БАҚ құралдары және ғаламтор мәліметтері

-Әрбір істің ақ пен қарасын таниды.

-Ақтап алу әрекетіне жұмыс жасайды

-Оппозиционер ұғымын терең ұғынады.

-Өзінше ойын өткізеді, оны қорғайды

9

Спикерлер-

дің міндет-

тері

2

1Спикерлердің рөлдері

1-спикер – конструктивті,

2-спикер – дамытушы

3- қорытындылаушы

2.Спикерлерді бағалау критерийлері(1сағат)

Кемшіліктер мен қателіктерді іздеу, табу, оны дұрыстау әдістері.Стильмен ұсынылған ба? Спикерлердің сөйлеу уақыты бар.Көз бе,көз байланыс (1 сағат)

-Психологиялық тепе-теңдік

-Ұстамдылық этикасы

- Әдеп айтысы

- ББҮ стратегиясы.СТО.

-Өзін-өзі тәрбиелеу этикасы

-Ырғақ (дауыс)

- Үзіліс

-Дауыстылық

-Дикция т.б. ұғымдарға қосымша мәліметтер жинақтау

Жаңа қоғамның жасөспірім моделін жасап шыға алады


10

Сұрақ - жауап

4

-Сұрақ – жауаптардың мақсаты, міндеті, нәтижелі сұрақ қою әдістері

-Ашық және жабық сұрақтар (2 сағат)

-Сұрақтардың тізбегін құрастыру

-Қарсы сұрақ-жауап кезіндегі спикерлердің өзін-өзін-өзі ұстауды үйрету, ойын этикасын үйрету.

Сұрақтардың ойын барысында

3 минуттың ішіне сыйымдылығын

қарау. (2 сағат)

СТО.

-Жуан және жіңішке стратегиясы

-Бағалау стратегиясы

1.Ғаламтордың әлеуметтік блогіндегі сұрақтарға шолу

2.БАҚ-ғы сауалдарға назар аудару

3.Психологтардың анкета сұрақтарымен танысу

4. «Көненің – көзі, ақылдың – кені».Халық еңбектерін парақтау, түртіп алу

-Орынды сұрақ қойып үйренеді.

-Өмірдің көп бөлігі сұрақтан құралып, сұрақтан жасалатынын ұғады


11

Пікір – сайыс бәсекелері

4

-Бәселердің ұйымдастырылуы

-Пікір-сайыс бәсекелерін өткізудің ережелері мен кеңестері

-Қарарды талқылауға барлық команданың тренерлері болуға міндетті.

-Психологиялық тұрғыдан ойын элементтері (1 сағат)

Пікір-сайыс бағдарламасын ойыннан бұрын сараптау керек.Пікір-сайыс клубтарын құру

(3 сағат)

-Теледебат қарау

-театр сахнасындағы актерлердің сөз саптауын қатерге алып жұмыстану

-Сахна, трибуна мәдениеті

Үлкен сайыстардың өткізілуі сценариймен танысу, талқылау.Тәжіри-

белі ұстаздардан сұрап, білу қажет.Әлемдік тәжірибелерді басшылыққа алу

Өзіндік «мені» толық жетілген тұлға қалыптасады


12

Төрешілік етудің мәдениеті

1

Міндетті шешім шығару сараптамасы.Бағалау тәртібі.Топты бағалау, спикерді бағалау әдісі (1сағат)

Пікір-сайыс парағын (картасын) жүргізу

-Тарих, құқық пәні

-маманмен сұхбат (әртүрлі саладағы төрешімен)

Олимпиада, ғылыми жоба, түрлі – түрлі жобалардың, заң қызметкерлерінің қазылар алқасымен пікірлесу

-Мен біреуге баға беретін, жобаға сараптама беретін әділ шешім шығаратын халге жетемін.

13

Қорытынды

3

1.Бұқараны ойландырып жүрген тақырыптарды жинақтап, резолюциялар тізбегін жасау

2. Қанша резолюция сонша критерий дайындау

Аргумент және фактілер жинақтау

3.Спикерлерді бағалау критерийлерін шығару

4.Төреші міндеттерін дайындау (2 сағат)

Практикалық жұмыс
Практикалық жұмыс

Ізденіс жұмыс
Ізденіс жұмыс
Ізденіс жұмыс

(1 сағат)

Топтық жұмыс стратегиясы


БАҚ құралдары.СТО.Түртіп алу стратегиясы

1.Ғаламторға саяхат

2.БАҚ құралдарына шолу

3.Бұқара халықтан сұрақ-жауап алу

1.Мамандарға жүгіну

2.Саяси, теледебат, түрлі сұхбат хабарларына шолу жасау

Ең үздік спикер атанады.

Үздік сөз майталманы атанады.

Жас қазақ елінің жаңа форматтағы жеке тұлғасы шығады.




«Дебат – сөз додасы» оқу курсының әдістемесіне түсініктеме
Сайыс тәртібі

Пікір-сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 6 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерге, оппоненттеріне, көрермендерге амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі (мысалы: «Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы негізгі ұғымдарды анықтайды – «сайлау», «ақталмайды», «жастар».

Негізгі ұғымдарға анықтама берудің маңызы өте зор. Сол арқылы ойыншылар осы пікір-сайыста қозғала алатын немесе қозғауға болмайтын мәселелер шеңберін анықтап алады. Анықтама берген кезде ойыншылар анықтаманың қайнар көзін (алынған жерін), тіпті бетін көрсетуі тиіс.

Пікір – басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып, олардың бағытын анықтайды (жақтау/даттау), осыдан кейін топтар дайындыққа 15 минут уақыт алады.Бұның сыртында әр топтың ойын барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ-жауаптарға дайындалу үшін 8 минут уақыттары бар, бұл уақытты пайдалану, бөлу мәселелері топтың өз еншісінде. Әр ойында уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі болуы тиіс.

Қарарадың негізгі ұғымдары анықталғаннан кейін, бірінші спикер жақтау тобының критерийін енгізеді. Критерийді әр топтың өз қарарын, өз бағытын қорғаудағы негізгі мақсаты, сол қарарды қолдаудағы мүдделері ретінде қарастыруға болады. Критерийін жариялағаннан кейін, бірінші спикер алғашқы аргументін және оны қолдайтын дәлелдерін енгізеді. Аргументті негіздеу үшін жан-жақты ойластырылған, нақты фактілермен күшейтілген терең тұжырымдар қажет.Дәлел ретінде сол мәселе бойынша белгілі мамандардың түйіндері, статистика, нақты мысалдар келтіре алады. Бұл жерде де спикер мағұлматтар алынған қайнар көзді (кітап, газет-журналдардың шыққан жылы, баспасы мен бетін) көрсетуі тиіс.

Аргументті негіздейтін дәлел: сенімді, ескірмеген, тыңдаушыларға ұғымды етіп жеткізіле алатындай және аргумент мазмұнымен үйлесетіндей болуы тиіс.

Егер топтың бұдан басқа екінші, үшінші аргументтері бар болса, бірінші спикер оларды да дәлелдермен бірге тыңдаушылар назарына ұсынуы тиіс.Бірінші спикер өз сөзін жақтау позициясын толық және нақты тұжырымдаумен аяқтайды. Осыдан кейін даттау тобының үшінші спикері жақтау тобының бірінші спикеріне сұрақ қояды(қарсы сұрақ-жауап).

Карл Поппердің пікір-сайыс үлгісінің жүйесі

Ж 1

Конструктивті сөз

6 минут

Д3 х Ж1

Қарсы сұрақ – жауап

3 минут

Д1

Конструктивті сөз

6 минут

Ж3 х Д1

Қарсы сұрақ – жауап

3 минут

Ж2

Конструктивті сөз

5 минут

Д1 х Ж2

Қарсы сұрақ – жауап

3 минут

Д2

Конструктивті сөз

5 минут

Ж1 х Д2

Қарсы сұрақ – жауап

3 минут

Ж3

Сараптама сөзі

5 минут

Д3

Сараптама сөзі

5 минут



Ж–жақтау жағының спикері

Д – даттау жағының спикері

Алғашқы қарсы сұрақ – жауаптан кейін даттау жағының бірінші спикерінің сөз кезегі. Ол да сөзін төрешілермен, қарсыларстарымен,көрермендермен амандасудан бастап, қарармен келіспейтіндігін білдіреді.Содан кейін қатардағы негізгі ұғымдарды анықтауға көшеді. Қарсыластарының берген анықтамаларымен келісуіне де болады,бірақ әдетте өздерінің, балама анықтамаларын ұсынады. Осыдан кейін жақтау позициясы ұсынған әрбір аргументке қарсы аргумент(контраргумент) пен дәлел келтіру арқылы қақтығыс жасауға тырысады. Жалпы,сөзін ұйымдастырғанда жақтау тобының кейсіне әр тұрғыдан жан-жақты соққы беруді ойластыруы тиіс. Әрине,қарсыластарын терістеумен қатар балама ретінде өз тобының кейісін-даттау қарарын қолдайтын дәйек-дәлелдерін ұсынуы тиіс. Бірінші спикерлер сөздерін «Рахмет,мен қарсы сұрақ-жауаптарға дайынмын» деп аяқтауы тиіс.

3-жақтаушы мен 1-даттаушы арасындағы қарсы сұрақ-жауаптан кейін екінш спикерлердің кезегі келеді. Олардың сөйлеу уақыттары 5 минут. Жақтау тобының 2-спикерінің-міндеті жақтау жағының позициясын күшейту болып табылады.Ол өз тобының қарарын, критерийін, аргументтері мен дәлелдерін даттау тарапынан айтылған сынды ескере отырып, жаңа мысалдар мен дәлелдер келтіру арқылы қайта құрады және даттау кейісіне қарсы шығады.

Екінші даттаушы спикердің міндеті-жақтау кейісін сараптап,оны терістеуге бағытталған пікірлерін ұсынады. Осыдан кейін өз кейісіне оралып,оны жаңа ойлар мен мысалдар қосу арқылы күшейтуге тырысады.

Кезекті сұрақ-жауап сәтінде топтардың бірінші спикерлері қарсылас топтың екінші спикерлеріне сұрақ қояды.

Бірінші спикерлердің сөзі конструктивті болса,яғни,онда қарарды қолдайтын аргументтер ұсынылып,негізделеді. Екінші спикерлердің сөзін дамытатын немесе жетілдіретін сөз деуге болады. Олардың мақсаты өздеріне дейін айтылған ойды дамыту,өрістете түсу болып табылады.

Үшінші спикерлердің екіншісінде қорытындылау сөзі. Жақтау және даттау топтарының үшінші спикерлері ойынға сараптама жасайды, пікір-сайыс барысында қақтығыс тудырған мәселелерді атап,өз тобының артықшылықтарын және қарсыластарының осал шыққан тұстарын көрсетулері тиіс. Олар да жаңа мысалдар мен дәлелдер келтіру арқылы өз позицияларын күшейтуге үн қоса алады. Алайда, екінші және үшінші спикерлерге сөздерінің барысында жаңа критерий, аргумент енгізуге тыйым салынады.