Файл: Дебат сз додасы пікір сайыс бадарламасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 209

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Пікір-сайыстардың басты тұстарына тағы бір тоқталып өтелік:

Пікір-сайыстың мақсаты – төрешіні өзіңіз ұстанып отырған пікірдің дұрыстығына сендіру. Екі қарсылас топ пікір таластырады.Жақтаушы жақ қарарды жақтап сөйлеп, оның дұрыс екенін дәлелдейді. Даттаушы топ қарарға қарсы шығып, қарсы аргументтер мен дәлелдер келтіру арқылы оны терістеп шығуға тырысады. Даттаушы топ пікір-сайыста қақтығыстың болуына жауапты.Егер қақтығыс тумаса, даттаушы топ өз міндетін атқара алмады деген сөз.

Әр топ үш ойыншыдан тұрады, олардың әр қайсысының өзінің сөз кезегі және сөйлеу уақыты бар. Сонымен бірге әр қайсысы өз кезегінде қарсы сұрақ-жауаптарға қатысады.

Сұрақ – жауаптар кезінде қарсыластар бір-біріне сұрақ қойып, алынған жауаптарды қарсы топ кейсін терістеу үшін пайдалана алады.

Критерий- пікір-сайыс барысында топ қорғап шығуы тиіс, түпкі мақсат немесе құндылық.

Пікір – сайыстардың тәртібі бойынша, дәлелдер (фактілер) сенімді, беделді және басылым мерзімі ескірмеген қайнар көздерін алып, оған сілтеме жасалуы тиіс.

Негізгі ұғымдарға берілген анықтамалар нақты, түсінікті, ақылға сыйымды және стратегия тұрғысынан ойластырылуы тиіс.

Негізгі ұғымдарға берілген анықтамалар нақты, түсінікті, ақылға сыйымды және стартегия тұрғысынан ойластырылуы тиіс.

Екі жақтың кейстеріне толығырақ тоқталайық.


Жақтаушы топ кейсі. Пікір – сайыстың құрылымдық негізін құрайтын – осы жақтау кейсі болып табылады. Өз кейсін ұсыну арқылы қарарды қорғап шығу жақтау тобының еншісінде. Бірінші спикердің алғашқы кезектегі міндеті тыңдаушылардың назарын аудару. Сондықтан да, тәжірибелі ойыншылар әдетте сөздерін эпиграфпен, елең еткізер үзіндіден немесе статистикалық мәлімет беруден бастайды.

Қарсы сұрақ-жауаптар. Бірінші және екінші спикерлердің сөздерінен кейін қарсы сұрақ – жауаптарға орын беріледі (3 минут). Сұрақ-жауап алу арқылы тараптар қарсыластарының кейстерін қаншалықты түсінгендерін тексеріп,қажет болған жағдайда оны толықтыра алады. Сонымен бірге сұрақ-жауаптардың қорытындыларын қарсы топтың кейсін терістеу үшін пайдаланылады.

Қарсы сұрақ-жауаптар не үшін қажет?

1. Егер қарсылас топ мүшелерінің сөзі түсініксіз болып немесе әлдебір себептермен бірдеме түсініксіз болып қалса,сұрақ-жауап сәтінде оның барлығын анықтап, сұрап алуға болады.

2. Жақсы ойластырылып қойылған сұрақтар арқылы қарсыластарды әлдебір позицияны қабылдауға мәжбүрлеуге болады.

3. Оппоненттер кейсінің кемшіліктерін әшкерелеу үшін. Қатесіз,ақаусыз кейстер өте сирек кездеседі.Сұрақ қою арқылы сол ақауларды ашып алуға болады. Келесі спикер өз сөзінде алынған жауаптарды пайдалана отырып,қарсыластарға соққы береді. Сұрақ-жауап барысында дау туғызбауға тырысу қажет,сұрақтар «ия» немесе «жоқ» секілді нақты жауап талап ететіндей болып қойылуы тиіс. Сұрақты «Сіз қалай ойлайсыз?», «Сіздің ойыңызша» деп бастау үлкен қателік. Сұрақ – жауап кезінде сыпайы болған жөн, қарсыластарыңызға жеке басына қатысты сұрақтар қою арқылы қысым жасауға тыйым салынады. Өз мүдделеріңіз бен қарсыластарыңыздың көңіл-күйін ұштастыра білу қажет. Қарсыласыңызды «Рахмет, мен өзіме қажетті мәліметті алдым» деп тоқтатып, келесі сұраққа көшуге болады.Қарсыласыңызға сұраққа жауап берумен қатар өз кейсінің артықшылықтары жайлы ұзақ әңгімелеуге мүмкіндік бермеңіз.

Сұрақтарды ойынға дейін, алдын-ала дайындап алған жөн. Ойын тақырыбы бойынша, кез-келген кейске қоюға болатын бірқатар өзара байланысты сұрақтар дайындап алуға болады. Қойылған сұрақтардың тізбегі қарсы топ кейсінің кемшіліктерін ашып, қарсыластарды өздеріне қолайсыз позиция қабылдауға мәжбірлеуі тиіс.Төреші шешім шығарарда сұрақ-жауаптарды ескермейді, алайда сұрақ-жауап нәтижелерінің ойын барысында пайдалануына айтарлықтай көңіл бөлініп, төреші тарапынан бағаланады.Сөзсіз, сұрақ қойып үйренудің маңызы ерекше, сонымен бірге өзіңізге қойылған сұрақтарға ұтымды жауап қайтара білу де қажет.



Егер сұрақ қоюдың орнына, қарсыласыңыз сіздердің кейстеріңіз жайлы пікір айтып кетсе, «Бұл сұрақ па?» деп жауап қайтаруыңызға болады.Осы тұста төрешіге қарсыласыңыз жасаған тұжырымдар мен сізге қойылған сұрақтардың арасында ешқандай логикалық байланыстың жоқ екенін көрсету қажет.

Ең бастысы, қарсыластарыңыз бен төрешілерге өте сыпайы болуыңыз тиіс.

Бұл пікір-сайыстардың басты шарттарының бірі.
Глоссарий (сөздік)


  1. Резолюция – қарар, тақырып. (додаға түсетін тақырып)

  2. Дефинициялық талдау – әрбір сөзге фонетикалық – лексикалық түсінік беру (анықтама)

  3. Критерий – мақсат (тақырыптың негізгі мақсаты)

Ескерту: жақтаушы топтың ортақ бір ғана мақсаты болады. Даттаушы да солай

  1. Кейс – спикерлердің ұсынатын сөзі (баяндамасы)

  2. Спикер – ойыншы (оқушы)

  3. Аргумент – анықтама.(қарарды қолдайтын)

  4. Факт – аргументті өрбітетін дәлел

  5. Оппонент – қарсылас топ

  6. Rebatle – қарсылық (қақтығыс туғызу)

  7. Status duo – шешім

  8. Проект – жоба

  9. Позиция – ұстанымы


Спикерлерді бағалаудың критерийлері



  1. Қарарды дұрыс талдауы

  2. Негізгі термин сөз бен ұғымдарға анықтама беру

  3. Кейсін нақты ашып айтуы

  4. Жақтау, даттау бағытынң философиясын дұрыс ұсынуы

  5. Аргументті дұрыс ұсынуы

  6. Дәлелдерінің қайнар көзі -жаңа, дәлдікті жеткізуі

  7. Өз позициясын дұрыс ұстауы

  8. Шешім шығара алатындығы

  9. Қорытындысының нақты болуы

  10. Төрешіге өз позициясының ұтымды екеніне көз жеткізуі

  11. Мысалдарды таразылай білуі

  12. Сыпайылық көрсету

  13. Оппоненттеріне құрметі деген жоғары болуы керек

  14. Қызу қанды әрекетке берілмеуі

  15. Тәртіп, талапты қатаң сақтау

  16. Уақытты тиімді пайдалануы

  17. Сөз саптауы

  18. Эмоцияға берілмеуі

19 Қарсылас деген сөзді пайдаланбауы

20 Спикерлерге талдау жасау шеберлігі


Сайысқа түсетін тақырыптардың үлгілері



  1. Гуманитарлық ғылымдар нақты ғылымдардан маңызды

  2. Орта мектеп балаларды шынайы өмірге дайындамайды

  3. Бүгін күнде ядролық соғыс қаупі жоқ

  4. Ғылым мен техниканың пайдасынан, келтірілген зияны көп

  5. Дамыған мемлекеттер дамушы елдерге көмектеспеуі тиіс

  6. Мемлекет балалардың құқын қорғауды күшейтеді

  7. Балалар құқын қорғаудың бүгінгі жолда бар механизмдері тиімсіз.

  8. Мемлекет медициналық қызмет көрсетуде медицина қызметкерлерінің құзыреттілік деңгейін көтереді

  9. ҚР-ғы медициналық қызмет көрсетудің тиімді механизімін ұсынады

  10. БҰҰ ғаламдық мәселелерді шеше алмайды

  11. Мектептердегі баға қою жүйесін реформалау керек

  12. Жарнама – нарықтық экономиканың негізгі құралы

  13. Ешқандай саяси ағымға тыйым салынбауы тиіс

  14. Діни ұғымдарды мектеп қабырғасында түсіндіру аз

  15. Қазақстандағы мемлекеттік тілдің бүгінгі мен болашағы ...

  16. Т.Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі, «Атаңның салтын ұмытпа...»

  17. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы жауыздықтың бас айыпкері - «феодалдық заң»

  18. Мемлекет өз азаматтарының денсаулығын қамтамасыз етуге міндетті

  19. М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы» повесіндегі Бақтығұл – әлеуметтік теңсіздіктің құрбаны

  20. Жоғарғы сынып оқушылары өздері оқитын пәндерді таңдап алуы тиіс



Ескерту: Резолюция әрқашан жақтаушы топтың позициясына беріледі.


«Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы»

тақырыбында өткізілген пікір-сайыстың жоспары

Өткізілген уақыты: 2019 жыл, 18 наурыз

Өткізілген орны: «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі»

« А.С. Иванов атындағы «Выдриха «Жалпы білім беретін орта мектеп- балабақша» кешені» КММ

Қатысушылар: Мектеп мұғалімдері, оқушылар
Ұйымдастырушы: «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі»

« А.С. Иванов атындағы «Выдриха «Жалпы білім беретін орта мектеп- балабақша» кешені» КММ


Пікір-сайыстың мақсаты: Жастарды ана тілімізді ардақтауға баулу, халқымыздың болашағы қазақ тілімен байланыстылығын ұғындыру, ана тілімізді дамыту жолында оқушылардың өз көзқарастарын қалыптастыру

Пікір сайыстың барысы:

Аталмыш пікірсайыс түрлі нұсқадағы пікірсайыс түрлерінің оқушы компанентіне негізделген түрдегі нұсқасы арқылы оздырылды.Пікір-сайысқ 9-сынып оқушыларынан құралған топтар қатыстырылады.

«Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы тақырыбында өткізілген пікірсайыстың
Хаттамасы

Өткізілген уақыты: 2018, 8 наурыз

Қатысушылар: Мектеп мұғалімдері, оқушылар

Барысы:

Аталмыш шараның мақсаты жастардың ана тілімізді ардақтауға баулу, халқымыздың болашағы қазақ тілімен байланыстылығын ұғындыру болатын. Осы мақсатта оздырылған аталмыш шара мектеп оқушыларынан жасақталған екі топ арқылы өз мәресіне ұмтылған болатын. 9класс оқушыларынан құралған «Жігер» тобы мен 10 класс оқушыларынан құралған «Айбат» тобы арқылы қазіргі қазақ тілінің жай-жапсары анықталды. Аталмыш пікірсайысқа қатысушы мектеп оқушылар, нақтырақ айтқанда, 9 сынып оқушыларынан жасақталған «Жігер» тобы қазақ тілін дамытуды жоғары биліктен бастау керек, яғни, ең бірінші қазақ тілін білмейтін мемлекеттік қызметкерлер санын азайту керектігін алға тартса, 10 класс оқушыларынан жасақталған «Айбат» тобы қазақ тілін дамыуды төменнен, яғни қарапайым халықтан бастау керектігін мәсле етіп қойды. Аталмыш пікірсайысты жүргізуші Аханов Жарас Иебергенұлы екі топты өзара түрлі форматтағы пікірсайыс түрлерінен ортақ нұсқа арқылы жүргізді. Оздырылған пікірсайыстың барысы:
9 сынып «Жігер» тобы
. Шенеуніктерден бастап «Ұлығың соқыр болса, көзіңді қысып жүр» дің кебін киіп, біздің жағымпаз да, мәңгүрт атқа мінерлеріміз екі көздерінде жұмып алған сыңайлы.Қарапайым халық болса күнделікті кйбең тірліктің етегінде меніңше істеліп жатқан шаралардың бәрі көз бояушылық, тек белгілі бір қағаз бастылықты көрсетуі ғана.

Тіл қазақтың жұлынына түскен дерт, одан арылуға іреудің мәнсабы, біреудің уақыты жар бермеуде. Енді үш тілді боламыз деп жатырған. Ол үшін Қазақстанда қазақ тілін жетік біліп барып өзге тілді үйренуі керек. Ал бұндай ұранмен енді біраздан кейін бойында ұлттық негізі жоқ (ұрпақ болашақта) үш жүзге бөлінген қазақ, үш тілге бөлініп қырық пышақ болмасына кім кепіл.

Қазақ тілінің болашағы өте жоғары. Қазақ тіліндегі жырларды, өлеңдердң, оқулықтарды алп қараңыз, қаншама бай сөздер. Бірақ біз әлі өз деңгейімізде қазақ тілінң мәртебесін көтере алмай жүрміз.

Ол үшін не істеу қажет:

1. Барлық орыс мектептерін тез арада жауып, әуелі аралас, сосын таза қазақ мектептерін құру;

2. Жетімдер үйіндегі балаларды таза қазақ тілінде тәрбиелеу;

3. Жер бетіндегі қазақтар бірігіп кирил, араб, латын әліппесінің біреуін таңдау

Бұл бір «жауыр» болған әңгіме болды.Біздер «төмендегілер» айтып-айтып қоямыз, жоғарыдағылар орыс тілін алып тастаса, Қазақстан құрып кетеді деп ойлайды ма білмедім.

Жоғырадағылар неге талап қоймайды, заң шығармайды:

  1. Іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілсін (толық)

  2. Мемлекеттік органдағы қызметкерлер қазақ тілінде еркін сөйлейтін болуы керек

  3. Орыс мектептері жыл сайын азайып, орнына қазақ мектептері көбейсін

  4. Телеарналар, газет-журналдар тек қазақ тілінде сөйлесін

  5. Т.с.с

Ал бізде бәрі керісінше, орыс тілін білмесең, дұрыс жұмысқа тұра алмайсың. Ағылшын тілін білсең, тіпті ақшаны «күректеп» табуға болады. Қазақ тілін келістіре алмай жатып, үш тілде еркін сөйлеу керек дейді.

Балабақшадан, мектептен үйрету керек, қазақ тілін жоғары бағаласын деп.Бізде 10 қазақ тұрып, арасында бір орыс болса, бәрі орысша сөйлейді. Неге? Біз сонда өз елімізде тұрсақ та, басқалардан неге төмендейміз. Шамасы қазақ тілінің болашағын ойлайтын адамдар қазіргі таңда аз болғаны ма? Тіпті таза қазақтардың өзі шала қазаққа айналып бара жатқанын жасыру мүмкін емес! Жаңалықтардың өзі қазақша және орысша жүреді! Қазақша деп шығарған киноларда орысша және қазақша тілде! Мысалы: Ағайындылар! Меніңше ең бірінші қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін мемлекеттік те ресми де тіл біреу, яғни – ҚАЗАҚ тілі болу керек! Міне бұл аталмыш команданың тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйіні.