Файл: Дебат сз додасы пікір сайыс бадарламасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 207

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

10 сынып «Айбат» тобы. Өкінішке орай тіл мәселесі тек мемлекеттік, атқарушы органның міндеті деп қарайтындар аз емес. Әйтпесе әр азамат, әр мекеме, әр ұжым жоғарыдан нұсқауды күтпей, келетін тексеріске көзбояушы құжаттарды дайындамай-ақ, шын ниетімен көп болып қолға алса алынбайтын қамал бар ма? Әлгінде әкім айтқандай, қоғамдық орындарда, көшеде, қазақ мектептерінде сабақтан тыс кезде орысша сайрайтындардың ата-аналары, ата-әжелері қазақша жақсы білетіні кәміл, бірақ олар неге немқұрайлық танытып отыр? Әлде ондайлардың отбасында тәрбие беріп, баласына немесе немересіне ана тілімізде сөйле деуге дәрмені жетпей ме? Әде баласына қазақ тілін тек мемлекет, атқарушы орган үйретеді деп ойлай ма? Халықпен жұмыс жасайтын коммуналдық мекемелер, қызмет көрсету орталықтары, телекоммуникация-байланыс жүйесі, «Қазпошта», банкілер, мекемелер мен ұйымдар, монополистер мемлекеттік тілге міндетті түрде көшуі туралы мәселе де бұл қосуда жайдан жай айтылмаса керек. Демек, бұл салалардағы тіл мәселесінде шешімін күтер тұстар бар деген сөз.туған тіліміздің қадірін де, қасиетін де білмейтін кейбір қандастарымыз тартыншақтап жүргенде шетелден келгендер олардан басып озуда. Соңғы екі жылда Атыраудағы мемлекеттік органдарды айтпағанда, шетелдік бірлескен кәсіпорындардың мемлекеттік тілді қолдана бастауы осының дәлелі. «Аджип Қазақстан Норт Касипиан Оперйтинг Компани Н.В» кәсіпорынының атқарушы директоры Умберто Каррараның тілге арналған осы басқосуда айтқан қазақ тіліне жасалып жатқан қамқорлығы да көпшілікке ой салғаны анық. «Теңізшевройл», «Аджип» компанияларында қазақ тіліне ерекше назар аударылып отырғаны көңіл қуантады. Қазір олардың мемлекеттік органдармен арадағы құжат айналымы қазақ тілінде бір жүйеге келіпті. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ ілі екенін ұмытпауы керек және олар әр уақытта, айрықша көрініп тұруы керек... Ауылдық жерде де кемшілік бар. Көрнекілікке дұрыс көңіл бөлінбейді. Президенттің салиқали, сарабдал саясаты қайда? Тәуелсіз еліміз, мемлекетіміз, жарқын болашақ, жүргізіп жатқан жұмыстар туралы үгіт-насихаттар қайда? Жоққа тән. Бүгінгі күннің елді елітер көрнекілігі көзге түсіп жарымайды. Елді еңбекке, бірлікке, достыққа шақыратын бабалар сөзі неге ілінбеске? Ол үшін жоғарыдан бұйрық күтіп отырсыздар ма? «Тілге, ұлтқа жаным ашиды» деп айтатындардың көптігі, алайда ар мен намысты оятып, тілді, дәстүрді құрметтеуге баулитын нақты іс тындырып жатқандар сирек, үлкендердің үлгі көрсетуі мен кішілердің ізеті жетіспейді, сонда да мемлекеттік биліктегілер керек пе? Тіл, ұлт, Отанды сүю деген тек өзгеге ақыл айту еместігі, жалпақ жұртты, ұлтты құрметтеу алдымен әркімнің өзі тұрған жерін, тарихын құрметтеуден, табиғатын сақтап, адамдарды ардақтаудан басталатыны, оны санаға сіңіру керектігі күн тәртібінен түспейтін мәселе екендігі көпке ой салары анық. Елбасы ұсынған «Үш тілдің бірлігі» тұғырнамасын басшылыққа ала отырып, өзге тілдерді кемсітпей, өз тіліміздің ой-өрісін кеңейту, мәртебесін өсіру басты мақсатымыз болу керек.Бұл «Айбат» тобының ой тұжырымы.


Қорытынды:
«Жігер» тобы (9 класс)

  1. Іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілуге ұмтылыс жасау (толық)

  2. Мемлекеттік органдағы қызметкерлер қазақ тілінде еркін сөйлейтін болуы керек

  3. Орыс мектептері жыл сайын азайып, орнына қазақ мектептері көбейтілуі керек

  4. Телеарналар, газет-журналдар тек қазақ тілінде сөйлеуі тиіс


«Айбат» тобы (10 класс)

  1. Халық, жастар ана тіліміздің қадір қасиетін білу үшін үгіт-насихат жұмыстарын жасау керек.

  2. Халықтың патриоттылығын арттыру үшін қазақ тілі тақырыбында шаралар көп оздырылуы тиіс

  3. Отанның тек ғана қазақ тілімен алға ұмтылатындығын алға тартып, осы мақсатта жастарды іргелі істерге тарту керек.



(Бұл қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалідеріне арналған семинарда өтті)
Сабақтың тақырыбы:

Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесінен ықшамдалып алынған үзінді

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Әңгіменің кейіпкерлері Ерғабыл қарт пен баласы Сапабекке екі түрлі көз-қараста баға беру.Қызу пікір таласқа қатыса отырып, әр топ (даттаушы, жақтаушы) өз пікірін дәлелдемелеріне сүйеніп, бұлтартпас айғақтар келтіру арқылы және мақал-мәтел, афаризм сөздерді тірек ете отырып өз көзқарастарын қорғап шығу

ә) Дамытушылық: Әңгімені түсініп оқу яғни сөз астарына үңіліп, мағынасын түсініп, өзекті ойды бөліп ала білу, сыни тұрғыда ой қорытындысын жасау, өз пікірін қорғай білу және сөйлеу мәнерін қалыптастыру дағдыларын дамыту.

б) Тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу. «Ата-анаға қарызың, Отан алдындағы борышың» - деген қисынды сөзді санасына ұғындыру
Сабақтың түрі: «Дебат – білімділердің сөз сайысы немесе эрудиттерджің сөз додасы». Пікір-сайыс сабағы.

Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс, пікір айту, қарама қарсы сұрақ қою, сөздіктермен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Тарих, география

Көрнекілігі: 1) буклеттер (жақтаушы топ, даттаушы топ)

2) «Ауыл өміріндегі қарттар бейнесі» сурет – плакат

3) тірек сөздер, схема

Техникалық құрал: магнитафон

Сабақтың барысы: а) 1. Ұйымдастыру кезеңі: «Дебат – пікір - сайыс» сабағының шартымен таныстыру:

Пікір – сайысқа қатысушылар екі топқа бөлінеді.

1. Жақтаушы


2. Даттаушы. Әр топ алдын ала өз дәлелдемелерін, айғақтары мен кілт сөздерін дайындап әкеледі.

Сайыста даттаушы топ бастайды.

Даттаушы топтың қарары, тақырыбы: «Алты жыл аш болсаңда атаңның салтын ұмытпа».

Кілт сөздер:

1. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

2. Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар.

3. Балам – балым, балаңның баласы – жаным.

4.Сақалға ақ түсті, көңілге дақ түсті

Ерғабыл ақсақал 75-те, бәйбішесі жастау болғанымен, оның шалына: «Бала бір жақта, біз бір жақта. Мына қу моладан сүйегімізді табар бір күні. Осы Қаратүбектің басында жұмақ тұрғандай екі елі қия алмайсың... Бүгін келсін балалар, көрерсің, еріп кетемін, қал жалғыз өзің омалып» - деуіне қарағанда, оның да жан тыныштығын жек көрмейін жасқа жеткені байқалады.

Ал, Ерекеңнің ойы мүлде басқа: «Айдалада өлген кәрі қасқырға ұқсамай, ел-жұрттың алдында абыроймен өту осыдан артықтың оған керегі жоқ. Бір сәт: «Бала ешқайда кетпес, оралар... Туған – өскен жері, елі» -деп бәйішесін жұбатпақ болса, енді бірде: «Әй икеипір азды-көпті ғұмырымның ішінде талай бақтан айырылып, талай баққа қолым жетті.Дүние бірде алдын берсе, бірде артын береді.Бірақ әкем көрген, әкемнің әкесі көрген қара орнымнан айырылып көрген күнім жоқ»-дегісі келеді.Бірақ бәйбішесінің жазығы жоқтығы есіне түсіп, өз сырын іште сақтады.

Ерекең ертеректе Бектемір әулеінің жан-жаққа шашырамай отыратын қыстауда, олардың ағайыншылығын есіне алады да, ол дәуірдің келмеске кеткені есіне түскенде, өз ойынан өзі шошынады. Бірақ қарт үмітсіз емес. Оның дертке қуат етері бір бала – Сапабек.» Әйтеуір ортамыздабір жаман бар. Тұяқсыз пенде емеспіз... жылда қолдарына шақырады». Ерекеңнің ойына кемпірінің сөзі түсті. –Уай ақымақ кемпір, қлер шақта тұрмыс қуып, тентіреп жүре алмаспын.Ағайын жұрт, өз еліңдей елді табамын деп отырсыңба басқа жақтан... Айдаладағы бір қаладан.

Міне, бұл – өмір шындығы, Ерекеңнің өмірден түйгені, кәрілік психологиясы әрі ақтық шешімі.

Ерғалы кәрілікке тән әлдебір жайтты қайта-қайта есіне түсіріп, ойға шона береді. Соның бірі – өлгеннің сүйегін шығарғандағыдан, үлестірер киімінің молдығы демесең, мұны жөнелтудің айырмасы болмас. Жұрттың бәрі: «Е-е, қайран дүние кіге опа берген, бұл кісілерде кетті-ау дүниеден, мұндай кісілер енді тумайды, - деп аза тұтып, енді біреулері: - Шіркін, бала деген осы ғой! Сапабек әкесін қалай ғып жөнелтті, ә! Ойпырмай, мұндай ұлы дүбірмен біздің елде ешбір шал аттанбаған шығар» - десіп, таң қалысып бара жатқанға ұқсайды.


Бұл жолдардан өз сүйегін жөнелтер сәтте де жалғыздың мерейі биік болғай деген әкеңнің асыл арманы жатыр. Сонымен бірге осы штрих арқылы жазушының ұмытылып бара жатқан ата дәстүрін кейінгі ұрпақтар есіне салу ниеті де жоқ емес...

Ерекеңнің қытығына тигені Сапабектің көрші – қолаңды ығыр еткен мылжың әңгімесі де емес еді. Немерсінің пәктік, сәбилік пейілмен ата құшағына қойып кетпей, жиылған жұрттың: «Бар-бар, атаңа» - деуімен әзер келгенін, үлкендердің жылы лебізіне Жеңістің ілтипат жасамауынан кәрі жүрек секем алды. Оған Сапабектің келіншегімен, баласымен өзінің ана тілінде емес, бөгде тілде түсінетіні қосылды.Бәрінен де келінінің ауылда орыс мектебінің жоқтығын сылтауратып, ұлын қарттарға қалдырғысы келмегені Ерекеңнің жанына қатты батты. Ертеңіне Сапабек қайтуға жиналды. Әкесіне Жеңісті көрсетіп: «Бір түйір қазақша білмейді. Мұны қалай оқыамын деп отырсыңдар» - ден нем кетті сөзіне Ерекең: - Алып кет өзіңмен бірге... Оқыт, өзіңдей қаңғыбас етіп шығар, - деді.

Сол сәтте машина қарасы үзілгенше қарап тұрып, жан дүниесі: Әлем тапырық қарттардың құлазыған көңілдеріне, мұңына ортақтасқандай күй кешесің...» Міне, осы айғақ негізінде 1 – дәлелдеме бойынша өз көзқарастарын жақтап шығады.

Қарама – қарсы сұрақты жақтаушы топ қояды.

  1. Ерекеңнің жалғыз бала – Сапабекті жек көрмейтіндігі неден байқалады?

  2. Жылма-жыл келіп қолдарна шақырғанда, жан тыныштығын ойласа неге көшіп кетпейді?

  3. Ауылда геолог болып жасауға бола ма?

  4. Еліміздің болашағына геологтардың тигізер пайдасы бар ма?

Келесі кезекті жақтаушы топ алады.

Жақтаушы топтың қарары, тақырыбы: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол».

Кілт сөздері:

1. Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады, еріншек ұйқыдан қирап тұрады

2. Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ, жаман болар жігіттің еш жұмысқа қыры жоқ

3. Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады

4. «Адам бір-біріне қонақ». «Әр адам өз заманының баласы».
1.Айғақтар: Сапабек – геолог. Ол бармаған жер, баспаған тау, араламаған мемлекет жоқ. Әйелі, 6 жасар ұлы бар. Ұяжайы қалада, жыл құрғатпай курортқа барады. Қайтарында ата-анасымен сәлемдесе кетуді ұмытпайды, қарттарға қарайласып тұрады. Жұмысын өте жақсы көреді. Өзіне сөз берсек: «жалпы геология халық тіршілігінің ең басты қажеттілігіне айналды. Мынау тұрған жердің асты тұнған байлық. Біздің Қазақстанда өте сирек кездесетін элементтер бар. Асыл тастар қаншама? Меруерт, маржан, інжу, жақұт, гауһар – не керек, бәрі бар. Гранитке байланысты пайда болатын мөлдір, қызыл көк түсті слюда, ашық қызыл түсті микролин, мөлдіркөк флюорит, қою жасыл турмалин, қан қызыл граниттердің өзі неге тұрады. Бұл жөнінен бар гой, бұл жөнінен біздің Қазақстан бүкіл дүниежүзіне әйгілі.Мәселен, сонау Украина гранитті бізден алады. Оны өңдеу тәсілінде шығарған біздің ғалым. Жалпы мұның маңызы деген тіптен керемет». Бұдан соң Сапабек дүйім жұртты аузына қаратып өзінің Лондонға, Будапешке, Мароккоға, Италияға барған сапарларын әңгімеледі. Бөтен жат халықтардың дәстүрін, мәдениетін, адамдарын мақтады. Италиядағы кедейлердің ауыр тұрмысына аяныш білдірді. Шалдарға бұл әңгімені түсіну тым қиын еді. Тағы да геология жайлы Сапабекке сөз берсек: - «Геологияның болашағы деген керемет қой. Әрине, ешбір қоғам мұнсыз күн көре де алмас...». «Біздің мынау да геолог боламын деп жүр, - деді Сапабек иегімен үлын көрсетіп.


Біраздан соң ет келді. Сапабек жастар жағына чемоданынан югославиялық коньяк алып құйды. Жұртқа бұрандалы тығынан көрсетіп югославиялықтардың коньякты сол тығынға құйып ішетінін айтты. – Ертең жүруіміз керек. Отпускамыз, көке-ау. Онсыз да кешігетін болды. Курорттан қайтарда сіздерге соға алмай кетеміз бе деп әбден састым өзім. Жол бойында самолётке отырудың өзі құдайдың бір азабы, халық көп».

Ертеңіне тұрысымен, Сапабек қайтуға жиналды. Әке-шешесіне алған базарлықтарын, біраз жинаған ақшаларын қалдырды. «Осының бәрі Томаның жинап жүргені.Сіздерге деп осы шыбын-шіркей болып жүреді. Мен болсам, қалтама түскен затты сол күні құртамын гой»,-деп қойды. Осыдан барысымен посылка салатынын айтты. Осы айғақты келтіре отырып, жақтаушы топ өз көзқарасын қорғайды.
Жақтаушы топқа даттаушы жақ қарама-қарсы сұрақтарын қояды.

  1. Сапабек ата-ана алдындағы азаматтық парызын өтеді деп ойлайсыздар ма?

  2. Ата – дәстүрін, ана тілін құрметтеу қайда?

  3. Сапабек туып өскен жермен, ел-жұртпен, ата-анасымен жалпы ауылмен рухани байланысы үзілген жан емес пе?

  4. Ерекеңнің артқаны кім еді, Сапабек тәрбиесіндегі олқылықты кімнің басынан көрмесем деп ойлаушы еді? Ол үшін қарт не істемек ойда, оның үміті неден кесілді, оған кім кедергі болды?


Пікір – сайыс жалғасып, жақтаушы топ өз көзқарастарын мынадай дәлелдеме үлгілерінде қорғай алады.
2. Дәлелдеме: «Геология Қазақстанның болашағы»

3. «Дәлелдеме»: «Кеңестік жүйе талабы өте қатаң болды»

4. «Дәлелдеме»: «Өзі таңдап түскен сол саладағы жұмыс бабы».Даттаушы топпен сұрақ-жауап жалғасады.

ә)Даттаушы топ Жақтаушы топ

Туған жердей жер болмас Еңбекшіге әр күн сәт

Туған елдей ел болмас Еңбексізге бір күн сәт

Ағайынның алтын сарайынан Асығу баланың ісі

Анаңның жыртық лашығы артық Аттандыру анаңның ісі

Әркімнің өз жері – жұмақ Ақыл байлық- аз байлық

Қарғайын десем – жалғызым Темір байлық – тозбас байлық

Қарғамайын десем – жалмауызым Кен байлық - кең байлық

Бір аяғым жерде Көргенді кісі көргенін айтар

Бір аяғым көрде Көргенсізкісі, бергенін айтар

Заман түзелсе, жаман да түзеледі

б) Мәтіндегі түсінуге қиын сөздер:

Сөздік жұмысы:

  1. Слюда –әйнекті өңдеудегі алғашқы түрі

  2. Микролин – тау жынысынң түрі

  3. Флюорит – әр түрлі тау жыныстарының түрлері

  4. Турмалин – түрлі – түсті тау жыныстары

  5. Гранит – құнды тас, құрылыс материалы

  6. Шақша – насыбай қорабы

  7. Мерует, маржан, інжу, жақұт, гауһар – бағалы, құнды тастаръ

  8. Геология – жер қыртысын, тау жыныстарын зерттейтін ғылым (гео – жер, логос - ғылым)